АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматы әкімдігінің асханасындағы бағалар Қазнетті таң қалдырды[:]

[:kz]

Қазақстандық блогер Аида Жексен өзінің Телеграм-арнасында Алматы әкімдігінің асханасындағы бағалары жазылған менюдің фотосын жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
 

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

«Иә, Байбек (Алматының экс-әкім) дұрыс айтқан, 500 теңгеге түстенуге болады екен. Рас, ол үшін Алматы әкімдігінде жұмыс істеу керек немесе айбарлы күзетшілер арқылы кіру керек», — деп жазды ол.

Расыменде, 18-қыркүйекте жазылған бағалар тізімі таңғалдырады.

Асханаға келушілер бірінші тамақты 180-200 теңгеге, екінші тамақты 290-510 теңгеге ала аласа, салқын тағамдар 50 мен 200 теңгенің арасында.

Фото: t.me/JEXENNEWS

Фото: t.me/JEXENNEWS

Сондай-ақ, қонақтарға арзан пісірілген нандар мен десерттер ұсынылады. Ал гарнирлер, соустар мен диеталық тағамдар одан да арзан тұрады.

Сусындар ғана орташа бағада сатылады екен.

Айта кетсек, Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбек 2017 жылы оңтүстік астанада бар-жоғы 500 теңгеге тсүтенуге болатынын айтқан еді.

 
  

[:]