АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Қыздар жоқ»: Алматыда Сейфуллин көшесіндегі «түнгі көбелектер» қайда кетті [:]

[:kz]

«Алматыда Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша 50 мыңнан аса жезөкшелер ұсталды» , «БАҚ: Алматы жезөкшелері көшеден интернетке кетіп қалды» , «Сейфуллин көшесіндегі жезөкшелер мен оларды тасымалдаған такси жүргізушілерін жазалайтын болады»… Осыған ұқсас тақырыптағы материалдарды KAZ.NUR.KZ оқырмандары қала әкімі ретінде Бақытжан Сағынтаев келген сәттен бастап, жиі оқыған болатын. Басылым тілшілері Түрксіб ауданына барып, «түнгі көбелетер» мәселесі төрт айдан кейін қандай өзгеріске ұшырағанын біліп қайтты.

 
 

Көрнекі сурет: nv.ua

Көрнекі сурет: nv.ua

 

Журналистер Сейфуллин көшесінің бойымен Алматы-1 теміржол вокзалынан Рысқұлов көшесіне дейін серуендеп өтті.

Қызығы, жол-жөнекей оларға өз қызметін ұсынатын бірде-бір жезөкше кездеспеді.

«Олар көшеде тұрмайтын болды. Осымен үш бойы көрінбеді. Полиция оларды күнде қудалады. Сол себепті, олар көшелерден кетіп қалды. Сауна, Қонақүйлер мен сыраханалардан іздеп көрсеңіздер болады. Көшеде жайбарақат жүрген жезөкшені кездестірмейсіздер» , — деді жергілікті тұрғындар.

Олардың сөзінше, жаңа әкімнің келуімен жезөкшелерге қатысты мәселе түпкілікті өзгеріп шыға келді. Егер, жергілікті халық бұған дейін өз қызметінашық түрде ұсынған жезөкшелерге шүйліккен болса, қазіргі уақытта оларды көшеден таппайсың.

«Шындығын айтқанда, олардың көпшілігі интернетке кетіп қалды. Түрлі сайттарда өз қызметін ұсынып жүр. Полицияның арқасында енді бұл жер тып-тыныш» , — деді дүкен матушысы.

Басылым тілшілері жергілікті қонақүйлер мен сауналарды да аралап шықты. Алайда, ол жерлерде де «түнгі көбелектер» болмай шықты. Кейбір қонақүйлердің кіреберісінде тіпті «Қыздар жоқ» деген жазуы бар тақтайшалар тұр.

«Кезінде дәл осы кіреберіс алдында клиенттерін күтіп отыратын. Қазір қонақүй иелері оларды қуып шықты. Күнделікті полиция келіп, оларды жезөкшелердің жүргені үшін жауапкершілікке тартады. Сол себепті, мекеме иелеріне бұл жағдай мүлдем пайдасыз. Бұған дейін олар тапа тал түсте көшеде өтіп бара жатқандарға өз қызметін ұсынатын. Қазір ондай жоқ» , — деді бір қонақүйлердің қызметкерлері.

Алайда, тілшілер Сейфуллин көшесінің бойындағы барлардың бірінен жезөкшелерді тапты.

Бірақ, журналистер атышулы бикештермен тілдесе алмады. Себебі, «түнгі көбелектерде» демалыс күні болғандықтан, олар көңіл көтеріп, арақ ішіп отырған.

«Міне олар отыр. Бүгін жұмыс істемейді. Бүгін демалыс. Ішіп демалып жатыр» , — деді мейрамхана қызметкері.

Барша жергілікті тұрғындардың айтуынша, жезөкшелер енді көшелерде бой көрсетпейтін болған. Оған полицияның күнделікті жұмысы септігін тигізген.

 

[:]