[:kz]
Алматы қаласының тұрғыны Есбол Отарбаев 6 баласын тастап кеткен әйелін іздейді. 10 айдан бері көп балалы ананың қайда жүргені белгісіз. Аула сыпырып, мардымсыз жалақы алатын әке жұбайының үйінен кетіп қалу себебін білмейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасының «Дау-дамайсыз» бағдарламасына сілтеме жасап
Алты баланың анасы жоғалып кетті деп дабыл қаққан көршісі Күміс Ысқақова. Есболдың әйелі осы жылы қаңтарда кетіп қалғаннан қайта келмеген. Алты баласын тастап, қайда жүргенін өзі де білмейді.
«Осымен үш рет кетті. Алдында 6 айға кетіп қалған. Осы жолы көпке созылды. 9 айдай болып қалды. Жұмыс істеп жүреді. Қылығы жақсы. Ішпейді, шекпейді. Өзінен-өзі кетіп қалады. Неге екені білмеймін. Ауыра ма ол жағын түсінбедім. Қайда барып, не істегенін, айтпайды. Бала-шаға үшін көніп жүрдім. Үйленгелі 11-12 жылдай болды. Арасында осылай кетіп қалады. Ұрыспаймын да, ұрмаймын да көршілерім біледі. Жұмыс істеп, бала-шағаға қарағаннан басқа жазығым жоқ», — дейді ашынған әке.
Осыдан он жыл бұрын шаңырақ көтерген отбасы Күләш, Бибігүл, Роза атты қыздарын дүниеге әкеледі. Үшем туған анаға әкімдік тегін баспана сыйлаған. Үш қыздың сөйлеу қабілеті дамымаған. Қазір арнайы мектеп-интернатта оқиды.
«Таң ертеңнен кешке дейін есік алдын сыпырады. Балаларды қамап қойып кетді. Жарты сағатқа түске балаларына тамақ беру үшін кіреді. Қайтадан есік алдын сыпыруға кетеді», — дейді көршісі Күміс Ысқақова.
Мемлекетткен ешқандай жәрдем ақы алмайтын Есбол алты баласын 59 000 теңге көлемінде алатын айлығымен асырып отыр. Ең кіші баласы 2 жаста.
Әкімдіктегілер де бұл әкенің жағдайынан хабардар. Бірақ баспаналы болғалы бері коммуналды қарыздары төлемегендіктен, қарызың көп, жәрдем бере алмаймыз деп кері қайтарып жіберген.
«Мен өзім бұл жағдай туралы кеше есіттім. Бұл жерде өте қиын жағдай. Есболдың әйелінің қайда жүргенін білмейміз. Балалардың құқығы кімде әкесінде ма, шешесінде ме әлі белгісіз. Ақшаны бөлу үшін алимент болу керек. Тіркеуге алмай біз жәрдемақы бере алмайыз», — дейді аудандық әл-ауқат бөліміндегі өкілі.
Телефон арқылы хабарласып тұрғанмен, қайда, не істеп жүргені белгісіз ананың бұл қылығы Жетісу аудандық полиция басқармасына жақсы таныс.
«Бір емес бірнеше рет үйінен қашып шыққан адам. Арызды ала салысымен арнайы тергеу тобы құрылды. Ізкесушілер жуырда бұл әйелді тауып алғанмен, қайта қашып кетті. Ізкесушілердің мәліметінше, Алматы қаласының төңірегінде жүр. Қайта іздеу шаралары қолға алынды. Үйден кетіп қалуын «кеткім келіп еді кетіп қалдым» деп түсіндіреді. Негізі дені сау адамның тірлігі емес», — дейді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Алты баланың анасы Алматы қаласындағы үлкен базарлардың бірінде әртүрлі жұмыс істеп күн көреді екен. Базардағы сатушылар да оның бұл жүрісінен хабардар. Бақыт деп атын ғана айтқан анадан үйден не үшін кетіп қалатынын сұрағанда:
«Бірге тұра алмаймыз болды. Мен ешкімнен қиыншылық көріп жүргенім жоқ. Қашып кеткен жоқпын», — деген ол үйге барғысы келмейтінін айтты.
Мамандар алты баладан бас тарту туралы қағазға қол қойып бересіз бе деп сұрағанда қарсы еместігін айтты. Қазіргі таңда жалғыз басты әкенің барлық құжаттары қайта реттеліп, қарыздары кешірілді. Келесі жылдан бастап айсайынғы атаулы әлеуметтік көмек алып отыратын болады.
[:]