АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Режиссер Рүстем Әбдірашевтің ұлы қайтыс болды[:]

[:kz]

Режиссер Рүстем Әбдірашевтың ұлы оқыс жағдайда қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ «Қазақфильм» киностудиясының Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

 

«Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы белгілі кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рүстем Әбдірашевке және оның отбасына ұлы Ақназардың оқыс жағдайда қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Періштенің жаны пейіште шалқысын», — делінген хабарламада.

KAZ.NUR.KZ редакциясы да режиссер мен оның отбасына, туған-туыстарына көңіл айтады.

Айта кетсек, Рүстем Әбдірашев елімізге танымал режиссер, суретші, бірнеше кинотуындылардың авторы. Ол «Қаладан келген қыз», «Құрақ көрпе», «Сталинге сыйлық», «Елбасы жолы. Менің балалық шағымның аспаны», «Елбасы жолы. Теміртау», «Елбасы жолы. От-өзен», «Елбасы жолы. Тығырықтан жол тапқан», «Қазақ хандығы» көп сериялы телехиясының, «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» сынды кинолардың сценаристі әрі режиссері.

«Сталинге сыйлық» туындысы Францияда өткен 15-халықаралық Азия фильмдерінің «Синемас Азия» фестивалінде Гран-приді жеңіп алған.

 

[:]