АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тасмағамбетов тергеліп жатыр[:]

[:kz]

Қазір жедел тергеу шаралары әлі жүріп жатыр.

Атырау облыстық Кіріс департаментінің басшысы «пара алды» деген күдікке ілінді, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

«Ол облыстық Кіріс департаменті жанама салықтар әкімшілігі басқармасының басшысынан талап еткен 10 мың доллар параның 3 мың долларын алған деген күдікке ілінді. Қызметте өсіруге, қолдап жүруге уәде еткен» делінген хабарламада.

Ал Nege.kz сайтының хабарлауынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жедел-тергеу тобы Атырау облыстық мемлекеттік Кіріс департаменті басшысының орынбасары Ғ. Досмағамбетовті және Кіріс департаменті аудит басқармасының басшысы А. Абдрахмановты ұстаған. Олардың мекен-жайына, жұмыс орнына тінту жүргізген.

Оған қоса, Атырау облыстық Кіріс департаменті басшысының орынбасары Құрманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовті тергеуге әкелген. Қазір жедел тергеу шаралары әлі жүріп жатыр. Жемқорлық бойынша қылмыстық іс қозғалғаны да белгілі болды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі ақша жымқырғандарға қарсы қатаң күресуге пәрмен беріп отыр.

Иманғали Тасмағамбетовтің туған бауырына қатысты басқа дерек әзірге жоқ. Егер оны тергеушінің кабинетіне әкелген болса, ол қылмыстық іс бойынша «қорғануға құқығы бар куәгер» болуы мүмкін. Бұл не деген сөз? Қорғануға құқығы бар куәгер мен күдіктінің арасы – бір-ақ қадам.

Еске сала кетсек, біз кеше ғана Иманғали Тасмағамбетовтің жұмысынан зейнет жасына жеткеніне байланысты өз еркімен кеткенін жазған болатынбыз.

[:]