АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Гүлнара Каримова бостандығы үшін 700 млрд долларға жуық ақша беруге дайын

[:kz]

Гүлнара Каримова өзбек көшбасшысына өзіне қатысты қылмыстық істі тоқтатып, бостандыққа шығу туралы өтініш жасады. Қарымта ретінде Каримова 686 миллион доллар болатын барлық активін бермек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

гульнара

Фото: zimbio.com

Хаттың суреттері Гүлнара Каримованың қызы Иманның Instagram парақшасында жарияланған. СentralАsia басылымының жазуынша, бұл парақшаны кәсіби адвокаттар жүргізеді.

Сонымен, Каримова өз хатында бір түзеу мекемесінен екінші бір түзеу мекемесіне тоқтаусыз тасымалдауға шағымданған.

Әйелдің хабарлауынша, отбасынан тәркіленген мүліктер мен активтер келтірілген залалдың қайтарымы ретінде тіркелмеген. Ол барлық мүлік пен автиктердің жалпы құны — 1,2 млрд долларға тең екенін атап өткен.

Оның сөзінше, мәселе дұрыс шешілген жағдайда мемлекет ұтады. Ал Каримова беретін ақшаны білім, медицина және басқа да салалардың дамуына жұмсауға болады.

Сондай-ақ, Ислам Каримовтың қызы өз денсаулығына шағымданып, ота жасатуы керек екенін айтқан. Гүлнара Каримова хатты көпшілікке жариялауға мәжбүр болғанын, бұған дейінгі ресми өтініштері Өзбекстан президентіне жетпегенін мәлімдеді.

Еске сала кетсек, Ұлыбританияның ірі алаяқтыққа қарсы күрес басқармасы (SFO) Өзбекстанның экс-президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнараның мүлкі мен активтері туралы материалдар жариялаған еді.

 

[:]