[:kz]
Ақтөбеде мал шаруашылығымен айналысуды енді ғана бастаған фермерлер жаһанды жайлаған вируспен күреске үлес қоспақ. Олар ел басына күн туған шақта дәрігерлерге көмек ретінде 750 мың теңге қаржы аударды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Жүзден аса фермерден 700 мың теңгеден аса қаржы жиналды. Екі мың теңгеден бастап, 50 мың теңгеге дейін аударғандар бар. Табысы несиеден артылмағандар көмектерін малдай беруде.
«Қазір шаруалардың көпшілігі несиемен отыр. Қаржылай көмек бере алмағандар қорасындағы ірі қарасын беруде. Ол малдарды 21-22 наурыз күні сойып, қарттар үйі мен мүгедектер қоғамына таратып бергіміз келеді»,- дейді Руслан Шүйіншалин.
Коронавирус — экономикадағы түрлі салаға ауыр соққы. Десе де, бұл қиындықтан ел болып шығамыз деген шағын және орта бизнес өкілдері алдағы уақытта осындай көмекті тағы да қайталамақ.
[:]