[:kz]
Елімізде наурыз, сәуір, мамыр айларында коронавирус жұқтырғандар саны 3500-ден аспауы мүмкін. Бұл туралы елдегі коронавирус инфекциясы бойынша ағымдағы жағдай жайлы онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Ең бастысы, карантин шараларын сақтау керек. Коронавируспен ауырған адам оны тағы 3-4 адамға жұқтыруы мүмкін. Сол себепті, теориялық тұрғыда халықтың басым бөлігі ауру жұқтыруы ықтимал. Бірақ, қабылдаған карантин шарасы бұл қауіпті 50%-ға азайтты. Қазіргі қабылданып жатқан шаралар болжамдарға әсер етеді», — дейді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Оның айтуынша, жалпы алғанда наурыз, сәуір, мамыр айларында елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 3500-ден аспайды екен.
«Біз осы болжам негізінде шешім қабылдаймыз, яғни осыншама адамға арналған төсек-орын дайындалды. Қосымша төсек-орын да бар. Осы санға сәйкес, дәрі-дәрмек дайын тұрады.
Сәуір айында эпидемияның шарықтау шегінен өтеміз. Ары қарай инфекция тасымалдаушылар санын азайту мақсатында карантин шараларын жалғастыра береміз», — дейді Елжан Біртанов.
Еске сала кетсек, санитарлық дәрігеріміз Жандарбек Бекшин: «По нашему прогнозу, где-то с 11 по 16 (марта) у нас должен все же наконец-то появиться коронавирус в стране», — деп «айдаладағы ауруды шақырып алған» еді.
Енді міне, еліміздің бас дәрігері сол «уақытында келген қонақты» сәуірде «төбемізге көтеріп» барып (шарықтау шегінен өту), содан кейін ғана шығарып салу қамын (инфекция тасымалдаушылар санын азайту) жасамақ екен. Сондай-ақ, қазақ «жататын орнын» алдын ала қамдамаушы еді, анау 3500 науқас үшін деп төсек-орын дайындап қоюдың өзі жақсы ырым емес-ау…
[:]