[:kz]
Қарағандыда сәбиін қоқысқа лақтырып кеткен көкек ана іздестірілуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Қыз баланы жедел жәрдем бригадасы тексеріп, медициналық мекемеге орналастырылды. Дене жарақаттары жоқ. Аталмыш дерек полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта сәбидің анасын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде», — делінген ресми хабарламада.
Дәрігерлер баланың бір айлық екендігін айтып отыр. Нәресте 3 сәуір күні Қарағанды қаласының Октябрь ауданында орналасқан үйдің жанындағы қоқыстан табылған.
[:]