АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]42500 теңге жәрдемақыны алу үшін өтінім беруге арналған жаңа бот іске қосылды[:]

[:kz]

Қазақстанда 42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол үшін Telegram мессенджеріне кіріп,  https://t.me/Help42500Bot сілтемесі арқылы өтіп, «Start» батырмасын басу қажет.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат үшін:

  1. Өзін-өзі жұмыспен қамтушы» батырмасын басу;
  2. Өзінің ЖСН енгізу;
  3. Электронды пошта адресін енгізу;
  4. Телефон нөмірін енгізу;
  5. Банктік шот нөмірін енгізу (IBAN);
  6. Өтінішті растау;
  7.  Бұдан кейін келесі мазмұнда хабарламалар келеді:
  • сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы;
  • сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;
  • сіздің өтініміңізді өңделгені туралы жауап.

Қызметкер үшін:

  1. «Қызметкер» батырмасын басу;
  2. Өзінің ЖСН енгізу;
  3. Жұмыс істейтін ұйымның БСН-ын енгізу;
  4. Электронды пошта адресін енгізу;
  5. Телефон нөмірін енгізу;
  6. Банктік шот нөмірін енгізу (IBAN);
  7. Өтінішті растау;
  8. Бұдан кейін келесі мазмұнда хабарламалар келеді:
  • сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы;
  • сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;
  • сіздің өтініміңізді өңделгені туралы жауап.

 

[:]