АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Шаштары желбіреген Айбек пен Айқын көпшіліктің ықыласына бөленді (видео)[:]

[:kz]

Фейсбук әлеуметтік желісінде Ақжігіт Әлібекұлының парақшасындағы ауылда ән айтқан ағалы-інілі балалардың ауыл туралы әні желіні шулатты. «Ауылды сағынып жүргенде ауылдағы інімнің екі ұлы Айбек пен Айқынның шаштары желбіреп айтқан мына әні көңілімді толқытты» деп жазыпты Ақжігіт.
Әлібек Айбек Дәуренұлы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Ащыбұлақ ауылындағы Қалқабай Сартбаев атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы. Аудандық, облыстық бірнеше байқаулардың жеңімпазы. 2019 жылы Тәуелсіздік мерекесі құрметіне ұйымдастырылған Республикалық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық әндер байқауында ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Н.Ермекбаевтың қолымен марапатталған (Нұр-Сұлтан қ.). Інісі Әлібек Айқын Дәуренұлы да аталған мектептің 3-сынып оқушысы. Екеуі де мектептегі музыка пәні мұғалімі Күлипа Түйіншековадан дәріс алады. Әкелері Дәурен жеке мал шаруашылығымен айналысады. Аналары Назгүл Көштаева бастауыш сыныптың мұғалімі. Жоғарыдағы әнді әкелеріне көмектесіп, мал бағып жүріп өздері түсірген.

Бұл видеоға 2 мыңға жуық адам лайк басып, 1.5 мың адам бөлісіп, 500-ге жуық кісі пікір білдірген. Бұл балалардың әні қалада карантинде қамалып отырған жұрттың нәзік тұсын тап басқандай.

«Адырна» ұлттық порталы

Төменнен ағайынды екеудің әндерін тыңдаңыз.

 

[:]