[:kz]
Қазақ халқының әлі көпшілігі қу пендешіліктен әлі арылар емес. Алматы облысындағы Көктал ауылында кәсібін өзгеден қаттырақ/жылдамырақ «дөңгелетіп» жіберген фермер қару-жарақпен ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Кәдімгідей «ұсталып жатқан» Асылбек Әукенов әлгі бір видеода «қаруды мәшинеме маска киген ана біреу салып жіберді» деп шырылдайды. Ұстау мен тінту операциясы «жанрға сәйкес» «маски-шоумен» жүргізілген.
Қарумен «оңбай» ұсталған фермердің Ардақ Байғабыл деген досы журналист екен. Соның берген сұхбатына зер салсақ, кәсіпкер Әукенов шындығында Панфилов аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Кусембаев деген қазақпен қырқысып қалған.
Әукеновтің сөзінше, Кусембаев бұған «көп сөйлемей ғана 10 мың доллар бере ғой маған» деген. Өйткені 16 қаңтардан 17 қаңтарға қараған түні Асылбек салған спорт кешенінің жанында жергілікті жігіттер арасында атыс болған. Әукеновті бұл атыстың куәгері емес, арандатушысы қылу тым оңай болып тұр. «Істі жаба салу үшін» доллар төлеу керек екенін қазақша жеткізген.
Ақша дегенде көзі бақшаң ететін Әукеновымыз да ақшасын оңай бере қоятын адам емес. Бірақ «ақша алғыш» Кусембаев мини-Құдай емес пе еді, бұл аймақта: мұндай «отказға» өлсе көне ме? Ұлы орыстың ұлы тіліне көшіп, мынадай сөздермен таптап тастапты:
«Я покажу тебе, кто такой «Куся». В своём родном ауле даже до своего поля, скота не сможешь доехать, я тебе житья не дам. Я подложу тебе книгу религиозного толка или оружие, чтобы засудить тебя по делу об экстремизме».
Анығы, ашық, әділ тергеу керек бұл істе. Анау неғылған адам, мынау неғылған кісі?
Кусембаевтікі жөн бе, әлде Әукенов оңбаған кісі ме? Бәлкім, Асылбек адам шығар, Кусембаев сияқтылар құртып жүр ме қазақтың мемлекетін қазақтың өзімен бірге? Кім білген.
[:]