АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Түркістан облысында күйеуі балтамен ұрған әйелдің бір көзі соқыр болып қалды[:]

[:kz]

Түркістан облысында күйеуі балтамен басынан ұрған әйелдің алған жарақатының себебінен бір көзі көрмей қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz  порталына сілтеме жасап. 

«Әйелдің жағдайы қанағаттанарлық. Қазір ол Келес ауданындағы аурухананың травматология бөлімінде жатыр. Бірнеше жерінен жарақат алған: басына, қолына және көзіне зақым келген. Бір көзі көрмей қалды. Әйелге мамандардың психологиялық тұрғыда көмегі қажет. Қазіргі таңда ол дәрігерлердің бақылауында», — деді Түркістан облысы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. 

 

Еске салайық, 46 жастағы әйелдің басынан 50 жастағы ер азамат балтамен ұрған. Жәбірленушінің жанайқайына келіп жеткен екі жігітті көрген күдікті қашып кетіпті. Әйелдің алған жарақаттарының ауыр болғаны сонша басқа аудандардан дәрігерлер шақыртылыпты.

Оқиға орын алған көшеде бейнебақылау камералары бар көрінеді. Алайда сол күні олар жұмыс істемей тұрыпты. 

 

[:]