[:kz]
18 шілде күні кешке белгісіз тұлғалар Талғар орталық аудандық ауруханасының аумағында отшашу ұйымдастырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Видеоны Instagram-да kris_p_talgar парақшасы жариялады.
«Перзентханаға қарама-қарсы жерден ұшырылды. Мұны жаңа туған нәрестенің туыстары жасады деген күдік бар», — делінген видеода.
«Біздің пациенттердің наразылығы мен ашуында шек жоқ. Науқастардың өмірі үшін күресіп жатқан кезде отшашулар атады», — дейді стационардың медицина қызметкерлері.
«Жаңа туған нәрестелер дауыстан қорқып, жылады. Оны жасаған адамды тауып, жазалауын сұраймыз», — дейді ауруханағылар.
[:]