АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматы облысында итті көлікке байлап, жолдың бойымен сүйреген жүргізуші жұртты ашуландырды[:]

[:kz]

Полиция Алматы облысында итті жүк көлігінің артына байлап, сүйреткен жүргізушіні ұстады.  Ер адам өзінің қатыгез әрекетін себебін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде жануарға жасалған қатыгез әрекет түсірілген видео пайда болғаннан кейін полиция көлік жүргізушісін іздей бастады. Аймақтың ПД-нің мәліметінше, оқиға 20 тамызда таңертең Құлжа тас жолының бойында болған.

«

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кто его знает? «Объясните» ему, что так делать нельзя.

Публикация от Иссык | Енбекшиказахский район (@kris_p_issyk)

Нәтижесінде Еңбекшіқазақ ауданының 37 жастағы тұрғыны ұсталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, айыпталушының қоқыс шығарумен айналысатыны анықталды. Ер адамның айтуынша, жол бойында иттің өлексесін байқап, оны көлікке байлап, оны адамдар жоқ жерге апарып тастағысы келген»,-деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

Дегенмен, аталған дәлелдердің шынайылығы тексерілуде. 

Сондай-ақ, осы факті бойынша Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасында 316-бап — «Жануарларға қатыгездік» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 
 

[:]