[:kz]
Қазақстан көші-қон саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz жазуынша, соңғы екі жылда ІІМ бастамасымен көші-қон саласында 23 халықаралық келісімге қол қойылды. Олардың бесеуі көші-қон саласындағы ынтымақтастықты реттейді (Әзірбайжанмен, Беларусьпен, Қырғызстанмен, Тәжікстанмен, Өзбекстанмен), 15-і — адамдардың реадмиссиясы мәселелері (Беларусьпен, Венгриямен, Германиямен, Қырғызстанмен, Латвиямен, Литвамен, Молдовамен, Норвегиямен, Польшамен, Ресеймен, Тәжікстанмен, Өзбекстанмен, Чехиямен, Швейцариямен және Бенилюкс елдерімен) және үшеуі азаматтардың тараптар аумағында болу тәртібін айқындайды (Әзірбайжанмен, Қырғызстанмен, Тәжікстанмен).
Келісімдер арқылы заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл саласында ақпарат алмасу тәртібі, көші-қон заңнамасын бұзушыларды басқа елдерге беру туралы мәселе, сондай-ақ шетелдіктердің Қазақстанда болу мерзімдері реттелді.
Мысалы, ІІМ көші-қон қызметінің жұмыс нәтижелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстанда жыл басынан бері пысықталған алгоритм бойынша 284 бұрынғы азамат анықталды, олар қос азаматтығы үшін жауаптылыққа тартылған.
Азаматтығынан айырылған адамдар бола тұра, тәртіп бұзушылар Қазақстанға келу және тұру үшін қазақстандық құжаттарды пайдаланған. Олардың бірқатары шет мемлекеттің азаматтығын қабылдау туралы уақтылы хабарламағаны үшін де жазаланды.
Осы бұзушылықтар үшін 266 адамға (277 800 теңгеден 555 мың теңгеге дейін) айыппұл салынып, 18 адам қуғынға ұшырады. Жаза тағайындау туралы шешімді сот органы қабылдайды.
[:]