АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Айжан Есмағамбетова жаңа қызметке тағайындалды[:]

[:kz]

 

Қазақстанның бұрынғы бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеген.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Айжан Серікбайқызы
Есмағамбетова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы қызметіне
тағайындалды. 

Естеріңізге сала кетейік, Есмағамбетова 20 наурыздан бастап еліміздің бас санитарлық дәрігері және денсаулық сақтау вице-министрі қызметтерін атқарды. 16 қыркүйекте оның орнына Ерлан Қиясов келді.

Айжан Есмағамбетова 1972 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
1997 жылы Алматы мемлекеттік медицина университетін гигиенист-дәрігер,
эпидемиолог мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласы №7 емханасында фельдшер-
зертханашы болып бастаған. 1997-2004 жылдары республикалық
санитарлық-эпидемиологиялықстанцияның аса қауіпті инфекциялар
бөлімінде дәрігер-эпидемиолог, дәрігер-бактериолог, зертхана меңгерушісі
болып жұмыс істеген. 2004-2014 жылдары мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің құрылымында
жетекші маманнан бастап төрайымға дейін түрлі лауазым атқарған.
2014 жылы ҚР тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігі эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры – бас мемлекеттік
санитарлық дәрігердің орынбасары болды.

2014-2017 жылдары — ҚР ҰЭМ тұтынушылардың құқығын қорғау
комитетінің эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы.  2017
жылы ҚР ДСМ стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің директоры. 2017-2020 жылдары ҚР қоғамдық денсаулық
сақтау саясаты департаментінің директоры.

2020 жылғы 23 маусымнан бастап бүгінге уақытқа дейін ҚР ДСМ
тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау
комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

[:]