[:kz]
Қазақстандық әйелдер Қытай азаматтарына суррогат ана қызметін көрсеткен. Оқиға Ресейдің Краснояр қаласында болған. Үш әйелдің үстінен де бала саудалағаны үшін қылмыстық іс қозғалды, деп жазады Аzattyq-ruhy.kz.
«Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылдың тамызында 34, 32 және 27 жастағы қазақстандық үш әйел 1 миллион рубль сыйақы үшін Қытай азаматтарымен келісімге отырып, оларға бала туып берген. Балалардың биологиялық әкесі – Қытай азаматтары. Дүниеге екі ұл, бір қыз бала келгеннен кейін, аналары оларды күтушіге беріп, өздері Қазақстанға кетіп қалған», — делінген Ресейдің Тергеу комитеті таратқан хабарламада.
Қазіргі таңда үш сәби де балалар үйіне орналастырылған. Ал, олардың биологиялық аналары мен әкелері іздестіріліп жатыр. Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 127.1-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Әйелдерді босандырып алған акушерлер тергеуден өтуде.
[:]