[:kz]
Қазақстандық танымал тележүргізуші Аша Матай 31 жасқа толды. Жыл сайын туған күнін достарымен дүркірете тойлататын өнер иесі биыл жаңа жасын тек жолдасымен бірге атап өткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Аша Матай 31 жасқа толып, желіде барша жұлдызды достары мен оқырмандарынан құттықтаулар қабылдауда. Белгілі тележүргізушінің жақындары оған жүрекжарды жазбаларын арнап, ақ тілектерін жарыса жолдап жатыр.
Өнер иесін жолдасы Арман Қоңырбаев та ерекше құттықтаған. «Mysterions» тобының мүшесі жарының туған күніне орай Instagram парақшасында оның фотосын жариялап қойған. Қызығы, әдетте жаңа жасын жұлдызды достарымен шулатып, атап өтетін Аша Матайдың бұл дәстүрі биыл жалғасын таппаған. Осы жылы тележүргізуші туған күн кешін тек күйеуімен бірге өткізуді жөн көрді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ерлі-зайыптылар Алматы қаласында 30 қабатта орналасқан бағалы мейрамханаларының біріне барып, атаулы күнді тойлаған. Оған қос өнерпаздың Stories бөлімінде жариялаған видеолары дәлел болмақ. Айта кетейік, Аша Матай мен Арман Қоңырбаевтың қарым-қатынасы соңғы екі-үш айда қызу талқыға түскен болатын. Көпшілік жұлдызды жұптың бір-бірін желіде өшіріп тастағанын байқап, бірден дабыл қақты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Олар ерлі-зайыптылардың ел алдына бірге шықпай жүргенін байқап, жұлдызды жұптың ажырасып кеткенін болжады. Аша Матайдың әлеуметтік желідегі мұңға толы жазбалары ел күдігін одан бетер ушықтыра түсті. Алайда, Аша Матай да, Арман Қоңырбаев та бұл мәселеге қатысты нақты мәлімдеме жасаған жоқ. Олар айырылысып кеткенін ресми түрде растамады.
[:]