АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ТҮРКІСТАН-ОТЫРАР: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН КӨТЕРУ ҮШІН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ[:]

[:kz]

Аудан экономикасының қарқынды дамып келе жатқан саласы — туризм. Сондықтан да ауданда қазіргі заманға сай, тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туризм саласын құру «Nur Otan» партиясының негізгі мақсаты болып табылады.

Бұл туралы бүгін Отырар аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Райхан Құртаева аудан орталығындағы ашық сауда дүкендерінде тұрғындармен өткен кездесуде атап өтті. Кандидат партияның сайлауалды бағдарламасының экономикалық тұрақты және жайлы аудан құру бағыттарына тоқталды.

Бұл бағытта «Nur Otan» партиясы 2024 жылы Шәуілдір ауылынан балалар демалыс, ойын-сауық алаңының құрылысын салуға, 2025 жылы Шәуілдір ауылынан Қызмет көрсету және ойын-сауық кешенінің құрылысын жүргізуге ықпал етеді. Сонымен қатар Шәуілдір-Көксарай-Байырқұм автомобиль жолдарының 18 шақырымын жөндеу мәселесін шешуді, Шәуілдір ауылындағы С.Сейфуллин, К.Сатпаев, Ж.Рустемов, С.Кұрманбеков, А.Молдағұлова көшелеріне 4,3 шақырымдық орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді өз міндеттеріне қосып отыр.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай өңірімізде туристерге қызмет көрсету орталығы, автотұрақ, жанармай бекеті, қонақ үй, тамақтандыру мен сауда орындары салынып, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.

Сөз барысында үміткер: «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігі, елдің гүлденуі мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты үшін жұмыс істеуді жалғастыратын болады»,-деді.

Бағдарламаның мән-жайына қаныққан сайлаушылар ұстанымдары айқын, бағыты анық, нақты істерге жетелеген партияның алдағы саяси додада жеңіске жетуіне тілектестігін білдіріп, сайлауда «Nur Otan»-ды қолдайтындарын айтты.

 

[:]