[:kz]
29 желтоқсан күні Бадамша ауылында «Nur Otan» партиясы ғимаратында аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Надежда Заглядова , Айнұр Қартбаева, Жанна Мустафина Бадамша агротехникалық колледжі ұжымымен онлайн кездесті. Кездесу барысында ауыл тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басым бағыттарына тоқталып өтті.
«Nur Otan» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында ауданды дамытудың нақты 7 басым бағытын айқындады. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау. Жайлы ауыл бағыты бойынша «Nur Otan» партиясы азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды, әр тұрғынның таза суға, ауаға және сапалы инфрақұрылымға қол жеткізуін қолдайды. «Nur Otan» партиясы жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй – коммуналдық саланы жаңғыртуға, сондай-ақ қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Құтты мекен», «Ауыл-ел бесігі» жобаларын іске асыратын болады. Айта кетерлік жағдай, «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасында Қарғалы ауданы бойынша алдағы бесжылдықта атқарылатын нақты жоспар құрылды.
«2020 жыл бәріміз үшін үлкен сынақ жылы болды. Коронавирустық Пандемия біздің өмірімізді, басымдықтарды өзгертті, көптеген мәселелерге басқаша қарауға мәжбүр етті және біздің мемлекетіміздің басты құндылығы-адам өмірі мен денсаулығы екенін тағы да дәлелдеді. Осы сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканы дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыспен қамтуды сақтау және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін, біздің ауданымызды өмір сүру үшін қауіпсіз әрі жайлы ету үшін барлық күш-жігерін салатын болады. Біз білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға күш саламыз» — деді Н.Заглядова өз сөзінде.
Келесі кезекте сөз алған Ж.А.Мустафина: «Nur Otan» партиясы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық сананы жаңарту идеясын, қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді қолдайды. Бүгінгі таңда ауданда 10-нан астам ұлт және 10 этномәдени бірлестік өкілдері тұрады, олар бірлікті, конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайтуға елеулі үлес қосуда. Біз Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры»бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыруды жалғастырамыз» — деп партия бағдарламасын қуаттаса.
А.Қартбаева: «Партия барлығына ашық! Біз Сіздің сындарлы ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз.
Біз Сіздің сеніміңізді бағалаймыз және бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдіміз! Біздің ауданның одан әрі дамуы бойынша Сіздің пікіріңіз біз үшін өте маңызды!» — деп жиынды қорытындылады.
Үміткерлерге тұрғындардың тарапынан сұрақтар болмады, тек колледж басшысы К.Карагулов партия жұмыстарына аудан бойынша өзінің көңілі толатыны және 10 қаңтарда өтетін сайлауға бару баршамыздың парызымыз дей келе «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Үміткерлер аталған істерді атқаруда аянбай еңбек ететіндерін айта келе барша қатысушыларды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге үгіттеді.
«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыс Қарғалы
ауданының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.
[:]