АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ҚХП мен «Ақ Жол» партиясы Тоқаевқа «мінез көрсетті»[:]

[:kz]

 

 

«Бүгін өте қызық талқылау болды. Пікірталас өте ашық, анық, айқын болды. Сондықтан мен ризамын», — деп «ақталды» Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ақ жол» партиясы мен Қазақстан Халық партиясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Асқар Маминді премьер-министр етіп тағайындау туралы ұсынысын қолдамады, деп хабарлады paryz.kz.  

Қазақстан Халық партиясының көшбасшысы Айқын Қоңыровтың айтуынша, халықпен кездесулерде қазақстандықтар «президенттің тапсырмалары баяу орындалып жатқанына» наразылық білдіре бастаған.

«Біздің халқымыз өте шыдамды және мейірімді. Егер сіз (Тоқаев) сияқты бәрін ашық айтса, адамдар бәрін түсінеді. Бірақ, өкінішке қарай, Үкімет мұны түсінбеді. Үкімет тиімді табыс тауып, халыққа сенім ұялататын жүйе құра алмады. Пандемия және шикізат бағасының құлдырауы халықтың табысының төмендеуіне әкелді. Азаматтар өз кірістерінің 50%-дан астамын тек азық-түлікке жұмсай бастады. ЕАЭО ішінде оолардың бағасы Қазақстанда ең жоғары болды. Үкімет жай ғана статистиканы түзете бастады. Мұны халық шынымен ұнатпайды. Өйткені сандармен қарын тойдырмайсың, балаларды тамақтандырмайсың, несие төлемейсің», — деді Қоңыров Мәжілістің жалпы отырысында.

Мәжілісмен президентке Қазақстанның Халық партиясының Мәжілістегі және мәслихаттардағы депутаттары Үкімет пен әкімдер қарапайым адамдардың сөзін естуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынына уәде берді.

«Президент мырза, бүгін Қазақстанның Халық партиясының фракциясы, өкінішке қарай, сіздің премьер-министр Асқар Ұзақбайұлы Маминді, оның министрлер кабинетінің мүшелерін сақтап қалу туралы ұсынысыңызды қолдай алмайды және дауыс беруден қалыс қалады», — деді Айқын Қоңыров.

Сонымен қатар «Ақ жол» партиясының Мәжілістегі депутаттары да Маминнің кандидатурасын қолдаудан бас тартты.

Осылайша, Мәжілістің бірінші жалпы отырысында премьер-министрдің кандидатурасына дауыс беруден 21 депутат қалыс қалды. Алайда 99 депутаттың 78-і Маминнің кандидатурасын қолдады. Ал президент партиялардың қалыс қалуын Маминнің кандидатурасына қарсылық деп түсінбеу керектігін айтып отыр.

 

«Бүгін өте қызық талқылау болды. Пікірталас өте ашық, анық, айқын болды. Сондықтан мен ризамын. Күтілгендей, «Ақ жол» мен Қазақстан халық партиясы фракциялары қалыс қалды. Менің түсінігімде, бұл олардың президент ұсынысына қолдау көрсетпейтінін білдірмейді. Қалыс қалу – мемлекет басшысының ұсыныстарына қайшы келмейтін ұстаным. Бұл – тек қалыс қалу», — деп «ақталды» Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соған қарағанда, «сценарий» сәтті орындалғанға ұқсайды…

[:]