[:kz]
Шығыс Қазақстан облысында ауыл тұрғыны әйелге оның қалауына тыс интимдік видео жіберген. Осы әрекеті үшін ер адам жазаланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Аягөз аймағындағы ауылдардың бірінде тұратын 58 жастағы ер адам 49 жастағы әйелге порнографиялық видео жіберген. Алғашында әйел ауылдағы көршісінің оғаш қылықтарын елемеген, бірақ кейін полицияға шағымданған.
Ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 311-бабы (порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оған 5,8 миллион теңгеге дейін (12 200 доллар) айыппұл төлеу, не қоғамдық жұмыстар, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру қаупі төніп тұр.
Бұған дейін БҚО тұрғыны бейтаныс адамның телефонынан қалаған нөміріне видео арқылы қоңырау шалып, жыныс мүшелерін көрсеткені хабарланған.
[:]