[:kz]
Алматыдағы Балалар білім беру орталықтарының бірінде бір жарым жасар қыз соққы жеген. Бұл туралы «НеМолчиKz» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі мәлімдеді. Қалалық полиция департаменті жағдайға қатысты түсінік берді, — деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Дина Таңсәрінің айтуынша, балада соққы іздері бар, миы шайқалған.
«Директор мұны басқа бір бала жасады дейді! Оған сену қиын», — деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Полиция департаменті істің тергеліп жатқанын хабарлады.
«Аталған факт ҚК-нің 141-бабы «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Істі Жетісу аудандық ПБ қарап жатыр. Тергеу аясында тиісті сараптамалық зерттеулер жүргізіледі. Олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады», — деп хабарлады ПД баспасөз қызметі өкілдері.
[:]