[:kz]
Қырғыздар Тәжікстанның Чоркух елдімекенін ойрандап кетті. Осыдан біраз уақыт бұрын қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыстан кейін айыр қалпақты ағайындар осылайша есе қайтарып жатқанға ұқсайды.
Сенбіде кешкісін бір топ қырғыз азаматтары Чоркух елді меніндегі бір үйді өртіп кеткен. Аталған елді мекен Хайрабад ауданына қарайды. Шекарадан бар-жоғы 100 метр қашықтықта орналасқан.
Тәжікстан жағы қырғыздар қаскүнемдік жасады деп отыр. Өйткені тәжіктер шекарашылармен бірге өртенген үйді өшіріп жатқан кезде, қырғыздар ауыл маңындағы 230 жеміс ағашын кесіп, сындырып тастаған.
Ал қырғыз шекарашылары бұл кезде болған оқиғаның бәріне қарап отырған, ешқандай әрекет жасамаған көрінеді. Тәжік билігі болған оқиғаның екі ел арасындағы үкіметаралық келісімге қайша келетінін мәлімдеді. Қазіргі уақытта оқиғаның анық-қанығы тексеріліп жатыр.
Ресми мәліметтер бойынша, 29 сәуірде екі ел шекарасында болған қақтығыстардан Тәжікстан жағынан 19 азамат қаза тауып, 87 адам жарақат алған. Ал Қырғызстан жағынан 36 адам қайтыс болып, 200 адам зардап шекті. Бір қызығы, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон арада екі апта өткеннен кейін барып, осы оқиға кезінде қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтты.
[:]