АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстандық жеңілатлет тағы бір қазақ қызы шетелдік спортшыға тұрмысқа шығып кетті[:]

[:kz]

Қазақстандық жеңіл атлетші Жанна Мамажанова франциялық спортшы Марко Туриге тұрмысқа шықты, — деп хабарлайды  Tengrinews.kz

Марко Тури жеңіл атлетикадан Франция чемпионатының жүлдегері, сонымен қатар, триатлонмен айналысады.

Айта кетейік, Жанна Мамажанова жақында Токиода өтетін Олимпиадаға лицензия ұтып алған болатын.

 

Спортшы марафонда жеңіске жетті. Ол Австрияда өткен жүгіруде топ жарған болатын. Мамажанованың көрсеткіші — 2:29.01. Олимпиадалық норматив 2:29.30 болған.

 

[:]