[:kz]
Алматыдағы үш медициналық мекеменің қызметкерлері ПТР нәтижелері мен вакцинация төлқұжаттарын қолдан жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық криминалдық полиция басқармасының хабарлауынша, екі жағдайда екі жеке медициналық орталықтың “Достар Мед” және “Сұңқар” қызметкерлері жалған құжаттар жасағаны үшін ұсталды. Сондай-ақ №4 поликлиникада медициналық қызметкерлердің вакцинация паспорттарын сатқаны және вакциналарды заңсыз жойып жібергені анықталды.
Бірінші жағдайда, клиникадағы зертхана қызметкері орталықтың екі мейірбикесінің көмегімен ақшалай сыйақы үшін теріс нәтижемен биоматериалды сынамасыз ПТР тестін ұйымдастырды. Біраз уақыттан кейін – “Сұңқар” медициналық орталығының дәрігер-эндоскописті ұсталды, ол бұрын алаяқтық үшін жауапқа тартылған. Жеке тінту кезінде ПТР тестілерінің нәтижелері, сондай-ақ ақша процессуалдық тәртіпте тәркіленді.
Сонымен қатар №4 қалалық емхананың аға мейірбикесі ұсталды, ол 15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алу үшін вакцина алғандарды белгілеу журналына жалған тіркеумен айналысқанын мойындады.
Бұл фактілер ҚР ҚК-нің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу жалғасуда.
Еске салсақ, Ақмола облысында медициналық қызметкер жалған вакцина паспортын таратқан деген күдікке ілінді. Қазір оның заңбұзушылыққа қатысы болу-болмауы анықталуда.
[:]