АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Қолындағы тапаншамен қайыр тілеп жүрген әйел ақтаулықтардың зәресін ұшырды (видео)[:]

[:kz]

Ақтауда қолына тапанша ұстап алып, қайыр сұрап жүрген әйел жұрттың назарын аударды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Полиция мәліметінше, оқиға 15 шілдеде болған. Түстен кейін Маңғыстау энергетикалық колледжі маңында қолына тапаншаға ұқсас зат ұстап алған әйел, көлік жолына шығып, қайыр тілеп жүрген. 

 

Куәгердің айтуынша, қайыршы әйел тапаншаны артына жасырып жүріпті. 

«Оқыс оқиға болмасын деп терезелерімді жауып алдым. Мұндайды бірінші көріп отырмын. Сонда жүргізуші ақша бермесе, әйел оны тапаншамен бопсалай ма?», — дейді ол. 

Құзырлы органдар өкілдері видеодағы әйелдің қолында ойыншық тапанша болғанын анықтаған. Бұған қоса, оның қанғыбас екені белгілі болған. 

«Әйел полиция бөліміне жеткізіліп, онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Оған қатысты шағым полицияға келіп түспеді. Десек те әйелге қатысты әкімшілік кодекстің 449-бабы бойынша хаттама толтырылды», — деді ПД өкілдері. 

 

 
 

[:]