[:kz]
Шымкентте құрғақ кілегей мен қамырға арналған қопсытқыш өндіретін жерасты цехы жабылды. Қоймадан арнайы жабдықтар, қаптамалар және контрафактілік өнімдердің өзі табылды. Онда негізінен кәмелетке толмағандар жасөспірімдер жұмыс істеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.
Жасөспірімдер жұмыстары үшін күніне үш мың теңгеге дейін алып отырған. Сондай-ақ сол жерде тұрған. Қазір кәмелетке толмағандармен ювеналды полицейлер жұмыс істеп жатыр. Енді балалардың ата-аналарын табу керек. Дистрибьюторлардың айтуынша, олар тексеруді сатып алушылардың шағымдарынан кейін жарты жыл бойы жүргізген. Бір апта ішінде цехта 5-6 миллион теңгенің құрғақ кілегейі өндіріледі екен.
Қамырға арналған қопсытқышты шығаруға айына шамамен 10 миллион теңге шығын жұмсалған. Нағыз қаптамаға ұқсас қағазды көршілес елдерден сатып алып отырған. Бұнымен қоса оларға дайын өнімді жеткізген.
Шымкенттен шыққан жалған қопсытқыш тек жергілікті базарлардан ғана емес, көршілес Қырғызстаннан да табылды. Сусымалы өнімдердің құрамы ғана емес, сонымен қатар қоймада сақтау шарттары да дұрыс болмаған. Тіпті өнімді лас еденде өлшеп қаптамаларға салып отырған.
“Қаптаманың ішінде көбінесе сода, натрий хлориді және лимон қышқылы бар. Бәрін қолдан жасап отырған. Базарда қол жетімді заттар. Сатып алып, қолдан жасай салуға болады. Қаптама материалдары ТМД елдерінен, әсіресе Өзбекстан астанасы Ташкенттен әкелініп отырған”, – дейді «CYKORIA» компаниясының экономикалық қауіпсіздік қызметкері Ахмет Аманбаев.
[:]