АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]»Елде қымбатшылық әлі жалғасады»: Ұлттық банк төрағасы мәлімдеме жасады[:]

[:kz]

 

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында әлемдік нарықтағы тұрақсыздық Қазақстандағы инфляция динамикасына теріс әсер етуін жалғастырып жатқанын жеткізді деп хабарлайды Азаттық рухы.

Әлемдік өндірушілер шикізат пен дайын өнімнің тапшылығын, сондай-ақ бағаның өсуі әлі де тоқтамай тұрғанын айтуда. «Контейнерді жөнелту құны 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,4 есе өсті, бұл бағаның алдағы уақытта көтерілетінін білдіреді. Осыған орай өндірушілердің бағасы АҚШ-та 7,7 пайыз, Еуроодақта 12,2 пайыз, Қытайда 9 пайыз ең жоғары мәндерге жетті», — деді Ұлттық банк төрағасы. Бұл ретте тасымалдау жұмыстарында туындаған қиындықтар мен мен шикізаттың қымбаттауына байланысты отандық өндірушілер тауарларының жылдық бағасы 14,2 пайызға көтерілген. Сонымен қатар, Ерболат Досаев. сәуір — тамыз аралығында жылдық инфляция 7,0%-дан 8,7%-ға дейін өскенін атап өтті. Оның сөзінше, бағаның ай сайынғы өсу деңгейі 2008 жылдан бері алғаш рет ең жоғарғы көрсеткішке жеткен.

Одан бөлек, жанар-жағармайдың қымбаттауы әлі де жалғасуда. Бұл киім-кешек және аяқ киім бағасының да өсуіне әкеп соғуы ықтимал.

kaz.nur.kz

 

[:]