АЛТЫНОРДА
Қоғам

[:kz]»Біз әулетімізбен органда істейміз»: Шымкентте оқушыны сыныптасының прокурор болған әжесі ұрған[:]

[:kz]

Шымкентте ақылы мектептің дайындық сыныбына барып жүрген оқушыны сыныптасының әжесі ұрған.Таяқ жеген баланың анасының айтуынша, ұлына қол көтерген әженің отбасы шенді қызметкерлер екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап. 

Оқиға тамыз айында «Жас Дарын-2» ақылы бастауыш мектебінде болған. Алайда полицейлер істі созып жіберген көрінеді. 

 

Соққыға жығылған баланың анасы Жанар Жаппарқұлованың айтуынша, ұлының сыныптасының әкесі полицей, ал анасы түрме бастығының орынбасары. Ал балаға қол көтерген әжей экс-прокурор екен. 

Ол 17 тамызда полицейлерге шағым түсірген көрінеді. Бірақ құқық қорғау органдары істі созып, жүріп алған. Әйео ұлы биыл бірінші сыныпқа баратын болғандықтан айына 40 мың теңге төлеп, перзентін даярлық сыныбына бергенін айтады. Ал оқиғаны кейін біліпті.

«Оқиға 13 тамызда, жұма күні болған. Ұлым үйге келіп, ауырды. Беті көгерген. Айтуынша, сыныптасының әжесі ұрған. Анасы да сонда болған. Ол ұлыма «анаңды қаматып жіберемін» деп сес көрсетіпті. Балам «мені қорғай алмадыңыз» деп маған қатты ренжіп, жылады. Енді қатты есеңгіреп қалған ғой”, – дейді  баланың анасы

 


Әйелдің айтуынша, ол дүйсенбі күні мектепке барып, директорына жолыққан. Ол сыныпта екі бала ренжісіп қалғанын айтқан.

“Сол сәтте ұлымның сыныптасының анасы баласын алып кетуге келген екен. Әжесі де болған. Ұлымды сол кезде ұрып тұр ғой, жәй ұра салмаған, қатты ұрғаны көрініп тұр. Мектеп басшылығына өзімнің де мұғалім екенімді, бала болған соң өзара ұрысып та қалатынын түсінетінімді айттым. Егер ұлымның сыныптасының туыстары келіп кешірім сұраса, ешкімге шағымданбаймын дедім. Ал олар директорға «Біз әулетімізбен органда істейміз» деп айтып, мектепке келмеді. Сонда қарапайым мұғалімнің баласы таяқ жеп жүре беруі керек пе? Қорғансыз баланы қалай ғана ұруға дәті барды? Әже деген мейірімді болуы қажет емес пе?», — деді жәбірленуші оқушының анасы.

Жанар Жаппарқұлова ұлының психологиялық тұрғыда соққы алғанын, әлі күнге дейін түнде мазасы қашатынын айтты.

Шымкент қалалық полиция департаменті бұл оқиға Қаратау аудандық полиция басқармасында Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-2 бабымен (Ұрып-соғу) тіркелгенін айтты. Іс күні кеше ғана сотқа жолданыпты.

 
 
 
 

 

 

[:]