АЛТЫНОРДА
Сот ісі

[:kz]Үйқамақтағы экс-министр 50 жасқа толған туған күнінде Facebook-ке оралды[:]

[:kz]

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook желісіне қайта оралды. Ол алдымен парақшасындағы басты фотосын ауыстырды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Бүгін Елжан Біртановтың мерейтойы. Ол ердің жасы саналатын 50-ге толды. Экс-министр дәл туған күнінде фотосын өзгертті. Суреттің астында құттықтап жатқандар көп.

Біртанов министр кезінде әлеуметтік желіде белсенді болған. Соңғы рет Facebook парақшасында қызметінен кеткенде пост жазған. Бұл 2020 жылдың 25 маусымы болатын. Одан кейін тек 2-3 өзге қолданушылардың жазбасын бөліскен. Бірақ осы жылдың 17 маусымынан бері парақшасы тынышталып қалған.

Экс-министр 2020 жылдың 3 қарашасында бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынған. 7 қарашада Біртановқа қатысты бұлтартпау шарасы өзгертіліп, үй қамаққа алынған. Мұнан соң үй қамаққа алу шарасы әлденеше рет ұзартылған. Соңғы рет сот отырысы 14 қыркүйекте өтіп, тағы екі айға ұзартты.

[:]