АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Қазақстандық келіншек 60 мың теңгеге баласын сатып жіберген[:]

[:kz]

 

Осыдан алты жыл бұрын Түркістан облысының тұрғыны қаржы мәселесіне байланысты сәбиін сатып жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.

Баласын сатқан келіншек жеті жылға бас бостандығынан айырылған. Ал нәресте балалар үйіне жіберілді.

 

Камиланың (жалған есім) айтуынша, ол күтпеген жерден жүкті болып қалған, ал мұндай жаңалықты естіген жігіті оны тастап кеткен.

«Мен қорқып, баламды қалай тәрбиелейтінімді білмедім. Мен құрбыма жүгіндім, ол баланы басқа отбасына жіберуге кеңес берді. Құрбым балама ата-ана болатын адамдарды тапты. Содан кейін мен баламды босандым және сол кісілерге бердім. Мен шағымым жоқ деп қолхат жазып, одан кейін 60 мың теңге (140 доллар) көлемінде көмек сұрадым. Қарыздарым болғанықтан және кепілдегі жеке куәлігімді алу үшін ақша сұрадым», — деді сотталған әйел.

Камила сәбиді сатқысы келмегенін түсіндірді. Камила полицияға өзінің әрекетін мойындаған. Оның құрбысы жоғалып кетті. Ал қыздың өзі темір торға қамылды. 

«Мен баладан бас тартқаннан кейін полицияға бардым, бірақ ол жерде маған ештеңе істей алмайтындарын айтты. Содан кейін сот болды, мені 7 жылға соттады. Мен қатты өкінемін”, – дейді ол. 

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айының соңында дәл осындай оқиға Қазақстанның батысында болған еді. Онда мәміле жасап, жаңа туған нәрестені бейтаныс адамдарға берген 28 жастағы әйел ұсталды. Ол бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

[:]