АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Террористер Алматыдағы полиция департаментінің ғимаратына 6 рет шабуыл жасаған[:]

[:kz]

 

 

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде лаңкестер полиция департаментінің ғимаратына алты рет шабуыл жасаған. Бұл туралы еліміздің мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты. Ерлан Қариннің сөзін Sputnik Қазақстан агенттігі жариялады. «Бұл жаппай тәртіпсіздік емес, біз көріп жүрген әдеттегі тәртіпсіздік емес. Жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлікшілер ойран салып, өрт қояды. Ал мұнда мемлекеттік мекемелерге, құқық қорғау органдарының ғимараттарына шабуыл жасалды. Алматы полиция департаментінің өзіне алты рет басып кірмек болды. Полиция департаменті қорғанып, түнгі 12-ден таңғы 5-ке дейін шабуылды тойтарды», — дейді ол. Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекеттік хатшы еліміздегі жағдай тұрақсыздық пен төңкеріс жасау мақсатында жасалған гибридті лаңкестік әрекет болғанын мәлімдеген еді.

 

kaz.nur.kz

 

[:]