АЛТЫНОРДА
Cпорт жаңалықтары

[:kz]Махмұд Сабырханның інісі өзбекстандық қарсыласын нокаутқа жіберіп, чемпион атанды (видео) [:]

[:kz]

Иорданияның Амман қаласында бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтуде. Жасөспірімдер арасындағы сында Қазақстан командасы төрт алтын иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан құрамасының сапынан Айдар Қадырхан (52 келі), Төрехан Сабырхан (57 келі), Ахмет Үсен (63 келі) және Санжар-Әли Бегалиев (66 келі) чемпион атанған. Айта кетелік, Төрехан Сабырхан финалда өзбекстандық Фаррух Тулағановты нокаутпен жеңді. Төреханның соққысынан соң төрешілер екінші раундта жекпе-жекті тоқтатқан. Төрехан бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Махмұд Сабырханның туған інісі. Одан бөлек, бұл Төреханның жастар арасындағы Азия додасында жеңіп алған екінші алтын медалі. 

 

[:]