АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]«Қостанайда Ресейдің әскери техникасы қаптап кетті»: министрлік мәлімдеме жасады (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қазақстанның орталығында Ресей әскері орналасқандығы туралы ақпарат таратылуда. Онда Қостанайда жүрген ресейлік әскери техника көрсетілген бейнероликке сілтеме тіркелген. ҚР Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді деп хабарлады turkystan.kz.

«Қостанай облысында жүрген ресейлік техниканың қозғалысына қатысты, бейнежазбада іздеу-құтқару командаларын қамтамасыз ету бөлімшесінің легі құрамында Байқоңырдан Ресей Федерациясындағы тұрақты орналасу пункттеріне кету барысы көрсетілгенін хабарлаймыз. Бөлімше Қостанай облысының Арқалық ауданына қонған ғарышкерлер капсуласын іздеу мақсатында ағымдағы жылдың 14 наурызынан бастап Қазақстанда болды. Бұрын хабарланғандай, Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-21» ғарыш кемесі ұшырылды, сондай-ақ «Союз МС–19» кемесі қонған болатын», – деп хабарлады ведомстводан.

[:]