[:kz]
Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар флягаға кіріп, кептеліп қалған кішкентай баланы құтқарды, деп хабарлайды өңірлік төтенше жағдайлар департаменті Instagram парақшасында.
Ведомствоның мәліметінше, 4 жасар інісіне құтқарушылардың көмегі қажет екенін оның әпкесі хабарлаған. Анықталғандай, балалар жеке тұрғын үйде жалғыз қалған. Аулада ойнап жүрген балақай флягаға кіріп, ішінен қайта шыға алмай қалған. Айқайлап, көмекке шақырған оның дауысын әпкесі естіп, бірден «112» қызметіне хабар берген. Оқиға орнына ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келген.
Алдымен олар баланы ақырын тартып шығаруға тырысқан, алайда бүлдіршіннің аяғы фляганың ішінде қысылып қалған. Ведомствоның хабарлауынша, құтқарушылар арнайы құрал-жабдықтардың көмегімен фляганы кесіп, баланы шығарып алған. Қазір ол қауіпсіз жерде, медициналық көмекті қажет етпейді
Посмотреть эту публикацию в Instagram
. ШҚО ТЖД аға құтқарушы-нұсқаушысы Арнат Қасеновтің сөзінше, мұндай жағдайлар жиі кездеседі. «Мұндай құтқару операциялары жиі болады. Ата-аналар балаларды бір минутқа да қараусыз қалдыру қаншалықты қауіпті екенін жете түсінбеген кезде, осындай төтенше жағдайлар орын алып жатады», — дейді ол.
[:]