АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Путин Ресейді Қытайдың «ығына » жығып берді [:]

[:kz]

Көптеген демократиялық елдердің, бірінші кезекте ЕО, АҚШ, Канада және Жапонияның санкцияларына байланысты Ресей Қытайдың «інісіне» айналды. Ресей президенті Путин өз елін Бейжіңдегі «үлкен ағасына» толық тәуелділікке әкелді. 

Бұл ретте Қытай Ресейге көмектесуге асықпайды, деп жазады америкалық Politico.

Мәселен, енді ЕО-да сатылмайтын мұнай, қытайлық компаниялар тек үлкен жеңілдікпен сатып алуға дайын. 

Бұған қоса, Қытай билігінің өзі де санкцияға іліккісі келмейді және өз тауарларын ЕО мен АҚШ-тың бай мемлекеттеріне сатуға ұмтылады. Сондықтан олар Ресеймен қарым-қатынаста арақашықтықты сақтайды. 

«Қытай Ресейге өзіне қарсы санкциялар салмай, Солтүстік Америка мен ЕО-ның бай елдеріне тауар сату мүмкіндігіне қауіп төндірмейтін дәрежеде ғана көмектеседі», — деп жазады басылым.

Қытай — тарихи қорлықтарды түзетіп, әлемдік көшбасшы ретіндегі ұстанымын сақтап қалуға құмар ел. 

Кеңес Одағының коммунистік Қытайдан идеологиялық және экономикалық жағынан жоғары тұрған заман артта қалды. Huawei Technologies ресейлік 5G желілерін құруда, ал Ресейге Қытаймен ұшақ бөлшектерінен бастап валюта своптарына дейін ынтымақтастық қажет. 

Мысал ретінде журналистер 1949 жылы кеңес диктаторы Иосиф Сталин   Қытай төрағасы Мао Цзэдунды Мәскеуден 27 шақырым жерде кездесу үшін бірнеше апта күтуге мәжбүрлеген оқиғаны еске алады. 

Екі коммунистік көшбасшы жұмысқа кіріскенде, Сталин өте тиімді келісім жасады — Мао Цзэдун ресейлік қару-жарақ пен ауыр техниканы пайызбен несиеге сатып алуға мәжбүр болды», — деп жазады америкалық журналистер. 

Қазір жағдай күрт өзгерді. Ал Қытай емес, Ресей басшысы иілуге ​​мәжбүр. Бұған дейін Киев облысының басып алған қалаларында ресейліктердің қиянаты туралы хабардан кейін Қытайдың Украинаны қолдағаны хабарланған болатын.

ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И украиналық әріптесі Дмитрий Кулебамен әңгімелесуде украин халқымен  ынтымақтастықта екенін айтты .

 

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты

[:]