[:kz]
Алабай шабуыл жасаған қызға пластикалық ота қажет. Полиция баланы тістеген алабайдың иесіне қатысты қылмыстық іс қозғаған. Қайғылы оқиға Алматы облысында болған еді. Иттер жеті жасар қызға шабуыл жасаған, — деп хабарлайды tengrinews.kz
Туыстарының айтуынша, қызға медициналық әрі психологиялық көмек қажет.
«Екі алабай оны сүйреген. Барлық киімі қан жоса әрі жыртылған. Бала жылап келді. Ол сіңлісін қорғағысы келді. Қазір ол ауруханада жатыр, бетін көрсетуге ұялады. Сірә, енді ұзақ уақыт бойы далаға шығуға қорқатын шығар. Қыздар далада ойнап жүрген, көрші қақпадан екі үлкен ит шыққан. Алабайлар бірден балаға шауып, бетіне, қолдары мен аяқтарына жабысып, сүйреген. Біраз уақыттан кейін көршісі шығып, иттерді үйге кіргізуге тырысқан, бірақ олар қашып кеткен. Ол бүгін ауруханадан шығарылды. Жарақаттарын тігу қажет болды. Балаға пластикалық хирургия және психологиялық көмек қажет. Отбасы иттердің иелерінен жазалауды, қызды емдеуге және одан әрі оңалтуға ақы төлеуді талап етіп отыр», — дейді зардап шеккен қыздың жеңгесі Гүлжан Білманова.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында бүлдіршінге шабуыл жасаған алабайдың иесі жауапкершілікке тартылуы мүмкін екені хабарланған болатын.
[:]