[:kz]
Ресей президенті Владимир Путиннің орнына Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы
Николай Патрушев келуі мүмкін. Украинадағы соғыс басталғаннан кейін ол Кремльдің
«қозғаушы күшіне» айналды және оның көпшілік алдында сөйлегені болашақта Ресей
президентінің орнын басқысы келетінін көрсетеді, деп жазады The Washington Post
ақпарат көздеріне сілтеме жасап.
Американдық басылым Патрушевтің Путиннің ұзақ мерзімді одақтасы екенін, олар Кеңес
Одағының Ленинградтағы КГБ-да бірге қызмет еткенін атап өтті. Ал жаппай
басқыншылық басталған кезден бастап Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ресейдің
милитаристік саясатының бір ауыз сөзіне айналды. Путин соғысты бастағанда
«Патрушевтің сәті келді», — деді басылымға сұхбат берген ресейлік саяси кеңес беру
R.Politik агенттігінің негізін қалаушы Татьяна Становая.
«Оның идеялары Путин қабылдайтын шешімдердің негізінде жатыр. Ол Путин тыңдайтын
санаулы тұлғалардың бірі», — деді ол. Басылым Путиннің денсаулығы және оның қатерлі
ісікке шалдыққаны туралы қауесетті еске түсірді.
Ал, Патрушев саяси салмағын арттырып, «бұрынғы Кеңес Одағының территориясын
аралап жүр». Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков The Washington Post газетіне
берген сұхбатында Патрушевтің рөлі өзгерді деген болжамды «ойдан шығару» деп
мәлімдеді. Песковтың айтуынша, Патрушев әрқашан «кең билік аясына» ие болған адам.
Асқар Жұмабаев
[:]