[:kz]
Желіде қыз баланың соққыға жығылған видеосы тарады.
Алматыда көше ортасында келіншекті соққыға жыққан күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Желіде қыз баланың соққыға жығылған видеосы тарады. Видео сипаттамасында аталған оқиға Төле би және Байтұрсынов көшелерінің қиылысында, Алматы технологиялық университетіне қарама-қарсы бетте болғаны айтылады.
Алматы Полиция департаменті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында әйелді ұрып-соғу дерегі анықталғанын мәлімдеді.
«Алматы қаласының Полиция департаменті бұл дерегі ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін хабарлайды. Жәбірленушінің танысы болып келетін күдікті ұсталды. Қылмыстық іс шеңберінде тиісті сараптамалар тағайындалды. Кінәлі адам заңға сәйкес қатаң жазаланатын болады. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
[:]