[:kz]
Қоғам қайраткері өзінің төлқұжатын көрсетіп, Түркия азаматтығын алмағанын айтты деп хабарлайды halyq-uni.kz
Бұрынғы мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан азаматтығын ауыстырды дегендердің алдында тағы ақталды. Қоғам қайраткері өзінің төлқұжатын көрсетіп, Түркия азаматтығын алмағанын айтты.
Ыстамбұлдағы Қазақстан елшілігіне барған Бекболат Тілеухан сол жерде отандастарына арнап видеоүндеу жасады.
Көк паспортым қолымда. Жұмысым қалыпша. Ыстамбұлда жүріп жатырмын, – деді ол.
Желі қолданушылары аталған видеоға қатысты «Сенбейміз», «Неге сонша ақталып кетті?», «Түркияда екі елдің паспортымен жүруге рұқсат етілген», «Қайт елге» деген секілді пікір қалдырды.
Еске салайық, бұған дейін Бүкіләлемдік этноспорт федерациясының бірінші вице-президенті Түркия азаматтығын алды деген қауесеттің жалған екенін айтып, өзіне қатысты ақпарат таратқандарды сотқа беретінін жеткізді.
[:]