АЛТЫНОРДА
Шетел жаңалықтарыШоу бизнес жаңалықтары

[:kz]Украина тағы бес елді мекенін қайтарып алды[:]

[:kz]

 

Украина Қарулы күштері Ресей басқыншыларынан Донецк облысына қарасты Лиманға жақын 5 елді мекенін азат етті. Бұл елді мекендердің қатарында  Ямполь, Новоселовка, Шандриголово, Дробышево, Ставки ауылдары бар. Қазір аталмыш мекендерде ішкі тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр деп хабарлайды   sn.kz  ақпараттық порталы 

Сонымен қатар, тәулік ішінде Ресей армиясының 530 солдатынан, 16 танкісінен айырылғаны да белгілі болды. Оккупанттар жалпы осы кезге дейін 59 610 жауынгерінен айырылды.

Сарапшылар соңғы уақыттардағы Украина Қарулы күштерінің батыл қадамдары Путиннің ісжүзінде толықтай жеңіліс тауып жатқанының дәлелі екен айтады. Журналист Нұргелді Әбдіғанидың айтуынша, мұны орыс шовинистерінің өздері мойындай бастаған. 

«Украина әскері Путинді жер қылды. Кремльдің импершіл басшысы Украина территорияларын әпербақандықпен Ресей құрамына қосқанын жариялаған күні Украина әскері Донецк облысындағы Лиман деген қаланы толық қоршауға алып, артынан жаудан толық азат етті. Лимандағы жеңіліс Ресей үшін жай ғана сәтсіздік емес, стратегиялық жеңіліс болды. Путиннің әр сөзіне көз жасын көлдей қылатын Қадыров бұлқан-талқан болды. Лимандағы сәтсіздік үшін генерал Лапиннің шенін түсіруді, тіпті, Украинаға қарсы қуаты төмен ядролық қару қолдануды ұсынды. Орыс телеэфирлері Лимандағы жеңіліс үшін ақталу сөз таппай, тығырыққа тірелгенін көрдік.

Осылайша, Украина әскері бір күн өтпей жатып, Ресейге күшпен қосып алған аймақты күшпен кері қайтарды. Бұл амператордың кезекті жеңілісі болды. Лиман псевдо-референдум арқылы Ресей құрамына «қосылған» Донецк облысындағы қала. 20 мыңнан астам халық тұратын қала. Облыстағы маңызды стратегиялық нүкте. Ірі теміржол торабы. 26 мамырда қала Ресейдің бақылауына өткен. 27 мамырда Британ барлау қызметі бұл ақпаратты растаған. 28 мамырда РФ Қорғаныс министрлігі ресми түрде қаланы басып алғанын айтты. 1 қазан күні Украина әскері Лиман қаласын кері қайтарып алды»,  деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

 

[:]