Мазмұны:
Кіріспе…………………………………………………………………………………..
Негізгі бөлім
І-тарау. Тұран жазығының физикалық географиялық орны.
Тибиғатының қалыптасу тарихы.
- Тұран жазығының физикалық географиялық орынының
ерекшеліктері. Зерттеу тарихы геологиялық құрылысы………..
- Тұран жазығының геологиялық құрылысы табиғатының
даму тарихы……………………………………………………………………
- Жер бедерінің жалпы ерекшеліктері.Геоморфологиялық
типтері……………………………………………………………………………..
ІІ-тарау. Тұран жазығының климатының.Органикалық дүниесі.
2.1. Тұран жазығының климатының жалпы ерекшеліктері………….
2.2. Ішкі сулары, топырағы……………………………………………………….
2.3. Тұран жазығының органикалық дүниесі………………………………
- Шөлдін негізгі түрлері шөлді игеруге байланысты туындаған
түйінді экологиялық мәселелері…………………………………………
Қорытынды.……………………………………………………………………………
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.………………………………………………
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі.
35-53°с.е аралығында дүние жүзілік мұхиттан шалғай құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орынының ерекшелігіне сай Каледон Герцин, Альпі қатпарлықтарында түзілген биік және аласа тау жүйелерімен шектескен Тұран жазығының табйғатының алуан түрлілігінің негізгі себебін ашып көрсету еліміздің аумағының батыс оңтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінің жер бедерінің,климатының, топырағы мен өсімдіктер жамылғысының қалыптасу заңдылықтарын
әсер ететін негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
Тұран ойпатының құрылықтың ішкі аймағында орналасуы Шығыс Европаның өзі орналасқан ендіктеріне қарағанда қысы суық, жазы ыстық болып климаты шұғыл континентілігін;келуімен ерекшеленетін климатының шұғыл континеттілігінің; желдің,температураның әсерінен жүретін үгілу үрдісін,жер бедерінің эолдық пішініндерін,құрғақ климат жағдайында топырақ пен өсімдіктер жамылғысының шөлге тәң түрлерін таралуын анықтайды. Шөлді шөлейтті Тұран жазығының жан -жақты оқып үйрену табиғат байлықтарын шаруашылық мақсатта игеру барысын қоршаған ортаның тепетеңдігін сақтау мәселесін шешу мен қатар, табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктерінің терен меңгеруге мүмкіндік береді.
Бітіру жұмысының мақсаты:
- Тұран жазығының геогфиялық орынының ерекшелігінің климаты мен арганикалық дүниесінің таралуына ;түзетін әсерін;
- Аумақтың табиғатының қалыптасу тарихындағы әртүрлі геологиялық кезендердегі палео климаттық, палеоэкологиялық, және палеогеографиялық жағдайларының негізгі ерекшеліктерін;
- Геотектоникалық құрлысымен жербедерінің геоморфологиялық типтерінің арасындағы өзара байланыстарды;
- Аумақтық табиғат кешендерінің қалыптасуына әкелетін негізгі факторларды анықтап,табиғи тепетеңдіктің бұзылу, себептерін ашып көрсету.
Жоғарыда көрсетілген мақсатқа сай Бітіру жұмысын жазу барысында төмендегі мәселелерді шешу көзделген:
- Физикалық ,географиялық орынының негізгі ерекшеліктерін;
- Аймақтың зерттеу тарихын;
- Геологиялық даму тарихымен геотектоникалық құрылысының негізгі ерекшеліктерін;
- Жер бедерінің түзілу жолдары мен аумақта таралуын;
- Климаттың түзілу зандылықтарынымен ішкі суларын;
- Топырағымен өсімдіктер жамылғысының негізгі ерекшеліктерін;
- Табиғат қорғау мәселелерін жанжақты талдап,ой қорытындыларын шығару;
Бітіру жұмысының әдістемелік методологиялық негіздері:
Бітіру жұмысының теорялық негізі ретінде М.Н Давидова мен Э.М Раковскаяның физическая география СССР Жанашеваның редакциялық басшылығымен шыққан Қазақстан Республикасының физикалық географиясы, В. Чупахиннің отпустын до снежных вершыин оқулықтары басшылыққа алынып, салыстыру, талдау, синтездеу әдістері қолданылады.
Бітіру жұмысының практикалық манызы: Бітіру жұмысының нәтижесінде жинақталған дәлекті матерялдар ֵГеография мамандығының студенттері,орта мектептің мұғалімі мен оқушылар Тұран ойпатының табиғатын жан-жақты оқып үйрену үшін, туристік фирмалармен өңдірістің жеке салаларының мамандары білім көзі ретінде пайдалана алады.
Бітіру жұмысының құрылымы мен мазмұны:
Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан, падаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда Тұран ойпатының географиялық орыны, Геотектоникалық құрылысы, жер бедері мен климатының негізгі ерекшеліктері жан-жақты ашып көрсетілген.
Екінші тарауда ішкі сулары, топырағы мен органикалық дүниесі, табиғат байлықтарын игеруге байланысты туындаған түйінді мәселелермен оны шешу жолдары көрсетілген.
Бітіру жұмысының мазмұныны ашу үшін, географиялық карталар, графиктік кестелер пайдаланылған.
І-тарау.Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны, қалыптасу тарихы.
1.1.Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны, зерттеу тарихы.
1.1.1.Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны.
Тұран жазығының шекарасы айқын ажыратылған табиғи шептер мен өтуі мен ерекшеленеді.Солтүстік-батысында үстүрттің кемерлері мен Оңтүстік Ембі үстүртері арқылы Шығыс Европа платформасының бөлігі болып табылатын Каспи маңы ойпатымен, Мұғалжар тауының оңтүстік шығыс шетімен, Солтүстігінде Торғай үстіртінің оңтүстік шетіндегі кемерлері мен шектеседі. Тұран ойпатын батыс сібір жазығынан Қостанай Қазан шұнқыры бөліп жатыр оларды бір-бірімен ежелгі теңіздердін аралығындағы бұғаз болған Торғай қолаты жалғайды. /1/
Физикалық-георафиялық аймақты шығысымен Солтүстік-шығысында, каледон қатпарлы белдеуіне жататын қазақтың ұсақ шоқылы ауданы Сарарқа орналасқан оңтүстік-шығысындағы Шу-Іле таулары Тұран ойпатын Балқаш-Алакөл крпитодепресияларынан бөліп тұр.Оңтүстік шекарасы каледон, герцин қатпарлығында түзілген Тянь-Шань тауларының солтістік және оңтүстік тізбектері, Альпі қатпарлығына жататын Памир Капетдаг тауларының етегі батыс шекарасы шартты түрде Каспий теңізі арқылы өтеді Аймақтын еленді бөлігі батыстан-шығысқа 2500, солтүстіктен-оңтүстікке 2000 шақырымға созылып жатыр. Ірі тектоникалық құрылымдарымен шектесетін шекарадағы тектоникалық жарықтарды бойында орналасқан Торғай үстірті, Үстүрт сияқты жербедерінің көтерінкі пішіндері басқа аймақтан бөлініп жатыр. Жазық 53°-35° солтүстік ендіктермен 51°-70° шығыс бойлықтың аралықтарында орналасқан.Аймақтын басым бөлігі 48°-35° солтүстік ендіктердің аралығында орналасқан Қазақстанның аумағында 41°-53°. Ендіктің аралығындағы Солтүстік, орталық және оңтүстік шығыс бөлігі кіреді. Ауданы екі милион шаршы шақырымға жуық.Арал теңізіне қарай еңіс, шеткі бөліктері көтерінкі үстірті болып келуімен ерекшеленеді. Арал теңізінің жағалауында теңізденгейінен 51 метрден шеткі аймақтарында 200-300 метрге дейін бірдіндеп көтеріледі./2/
Географиялық орынының ерекшеліктеріне сай Тұран ойпатының өзіне ғана тән ерекшеліктері бар.Олар:
— Материктің ішкі бөлігіндегі 35-53 гр. арасы С.е аралығындағы орынының;
— дүние жүзілік мұхиттан бірнеше мың шақырым қашықта орналасуы;
— оңтүстігінде биік таулы белдеулердің қоршап жат
— мұхиттан қашықта орналасуына орай ауа массаларының трансфориациялануына байланысты климатының аридтілігі мен жауын-шашынның аздығы;
— Тропиктік жоғарғы қысымды белдудің солтүстік шетімен Воекоов білігінің оңтүстік бөлігі арқылы өтуінің климатының шұғыл континентігін арттыруы;
— транзитті Сырдария мен Амудариядан басқа өзен торларының болмауы;
— Құрғақ дала және шөл зоналарына тән өсімдіктермен жануарлар дүниесінің таралуы.
Тұран ойпатының жоғарыда аталған ерекшеліктері климаты мен табиғатының барлық компоненттерінің қалыптасуына тікелей әсеретеді.
Тұран ойпаты бұл ортасында Арал теңізі орналасқан біртұтас ірі ағынсыз тұйық аймақ болып табылады. Жербедерінің ерекшеліктеріне сай жаң жағын қоршап жатқан таулардан орасан зор мөлшерде бос жыныстары шөгеді. Ағынсыз тұйық алқапқа жатуымен теріс радиациялық баланс жағдайнда көп мөлшердегі тұздың жинақталуы үрдісінің жүруі байқалады.Географиялық орынымен климатының ерекшеліктеріне сай Евразияның қоңыржай белдеудегі ең аз мөшердегі жауын-шашын жауады. (100-150 мм. шамасында) тұтастай алғанда тұран жазығының табиғатына аридтілік тән осыған орай шөлдерде жыл бойы ашық күнді құрғақ ауарайы басым болып, жербедерін түзуде желмен температураның әсерінен жүретін физикалық үгілулер жетекшіл орын алады./3/
1.112.Тұран жазығының физикалық-геоеграфиялық тұрғыдан зерттеу тарихы.
Тұран ойпаты туралы алғашқы тарихи жазба деректер ежелгі грек ғалымдары Герадоттың, ортағасырдағы араб саяхатшылары Аль-Идриси мен Аль-Истрахидің, Абдулафтың, Қазақ жерінен шыққан ғұлама ғалым Аль-Фараби мен Бабырдың еңбектерінде кездеседі. Тұран ойпатымен Орта Азияның физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу XVlll ғасырдың бірінші ширегінде І Петрдің Ресей мен оған шектесетін аймақтардың табиғатын жанжақты зерттеу мақсатыда ұйымдастырған ғылыми экспедициясынан басталды.
1714 жылы Астраханнан шыққан А.Черкасскидің экспедициясы Каспий теңізінің Шығыс бөлігі мен Амудария өзеніне сипаттамаларын орыс саяхатшыларының ішінде алғашқылардың бірі болып ,құрғап қалған ескі арнасы узбойларды тауып бұрын Каспийге құйғанын анықтады.
1731жылы Сырдария ,Амудария,Жел,Орал өзендері және тоқсан елді мекен кескіндеген картасын жасады.П.И.Рычков1762 жылы
“Орынбор өлкесінің топографиясы атты еңбегінде Арал теңізіне құятын өзендермен Орал маңының жербедері жөнінен сол кездегі жазба дерек көздерін жинақтап біржүйеге келтіріп,алғаш рет Тұран ойпатына ғылыми тұрғыдан сипаттады.
XVlll ғасырдың соңы мен XlX ғасырдың басында сол кездегі белгілі болған керуен жолдары арқылы Орта Азиядағы таукенісінің мамандары, геодезистермен әскери топографтар, елшілер келе бастады. Олардың Орта Азия табиғатына жасаған сипсттамалары XVlll ғасырдағы саяхатшыларына қарағанда біршама толық болды.
Арнайы білікті мамандар қатысқан саяхаттар нәтижесінде Тұран ойпатның жербедері, өзен, таулары, климаты жөнінде ғылыми деректердің ауқымы біршама кеңейді. Сол кезеңнің өзінде Амудария,Сырдария өзендері аңғарының Бетпақдала мен Мойынқұмның өсімдіктер ,жануарлар дуниесі жөнінде маңызды ақпараттар жиналды.
XlX ғасырдың 40-50 жылдары Тұран ойпатының табиғатын кешенді оқып үйрену мәселелеріне баса назар аударылып арнайы ғылыми экпедиция ұйымдастырыла бастады.
Амудария мен Сырдарияның Арал теңізінің, Қызылқұмның табиғатын жанжақты оқып үйренуде 1840-1850 жылдар аралығында А.И.Бутаковтың экспедициясы ерекше орын алды.Ол өзі болған аймақтың органикалық дүниесін оқып үйренуге баса назар аударды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Тұран ойпатының табиғатын оқып үйрену ісінде Ресей ғылым академиясымен орыс география қоғамы жетекші рөл атқарып ғылыми экспедицияны ұйымдастыруды қолға алды.1870 жылдары Хиуа хандығымен Түрікмендердің жеке тайпалары Ресей патшалығының бодандығын қабылдамағансон аймақты ғылыми тұрғыдан жаңжакты зерттеу ісі оданәрі жанданды.
1873, 1874, 1875 жылдары Орыс география қоғамы ұйымдастырған Амударья экспедициясы ауқымымен ғылыми зерттеулерінің нәтежиесі жөнінен Ресейдің жазық аймақтарында жүргізілген саяхаттардың ең маныздылары болып табылады.Бұл экпедиция Қарақұм шөлінің ірі бөлігін Амударя өзенінің аңғарынын табиғатының ерекшеліктерін, батыс узбой мен Каспи теңізіне апаратын керуен жолдарын зерттеді; Нәтежиесінде Амудария мен Сырдарияның аралығындағы Қызылқұм шөлі арқылы Самарқант мен Ташкентті жалғайтын жол бағытының негізі қаланды. Экспедицияның құрамына арнайы мамандырылған бес топ кіріп онда жиырмадан астам Ресейге белгілі ғалым жұмыс істеді. Каспий теңізі мен оның шығыс жағалауын, Үстірт пен Маңғыстау түбегін оқып ұйрену мақсатында Петербургтың жаратылыстану қоғамы 1874 жылы Арал – Каспий экспедициясын ұйымдастырды. Жоғарыда аталған екі экспедицияда алдарына Арал-Каспий ойыстарының табиғат жағдайларымен байлықтарын оқып үйреніп, геологиялық құрылысының жербедерінің, климатымен органикалық дүниесінің ерекшеліктерін аңықтау мақсатын қойды. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері ғылымға орасан зор үлес қосты.ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде орыс ғалымдары Узбойлар арқылы Амударияның суын Каспийге құйып Орта Азияға баратын су жолын ашу, теміржол салу, пайдалы қазбаларды барлау мәселелерімен айналысты.
1886-1888 жылдар аралығында В.А.Обручевтің экспедициясы Узбойлар мен Қарақұмды зерттеу мен айналысып, Қарақұмның теңіз табанында шөгуден емес аккумулятивтік жолмен түзілгенің аңықтады. Лестті шөгінділерді оқып ұйрене отырып оның пайда болуының желдін ғылыми болжамын қолдады. 1900-1906 жылдар аралығында белгілі географ Л.С.Берег Арал теңізінің алқабын кешенді зерттеулер жүргізді. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері 1908 жылы жарық көрген, Арал теңізі атты монографиясында жинақталып сол кездерде Северцев болжаған Аралдың құрғап қалуы жөніндегі ғылыми болжамның негізсіз екеніне және алғы шарттарының жөнінде өзінің ой қорытындысын шығарды.
1895 жылы Орта Азияға Каспи сырты теміржолының салыну жұмысы бастаыну жұмысы баста Ресейдің орман департаменті қарақұммен қызылқұмды бекіту жұмыстарын жүргізу мақсатында орманшы В.А.Пасецкийді жіберді. Ол жергілікті өсімдіктерді отырғызу арқылы құмды тоқтатуға болатының іс жүзінде дәлелдеді. 1912 жылы география қоғамы құмды шөлдерді тұрақты зерттеу мақсатында қарақұмда тұрақты жұмыс істейтін репетке бекетін ұйымдастырды ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдын басында Сырдария аңғары мен Жетісуда көші-қон басқармасының Түркістан бөлімшесі экспедициялық зерттеулер жүргізу жұмыстарын қолға алынды. Кеңестік дәуірде Тұран ойпатын жан-жақты оқып үйреніп кешенді зерттеу жұмыстары қолға алынып, арнайы мамандандырылған экпедициялар ұйымдастырыла бастады.1912 жылы Н.Л.Карженевскийдің экспедициясы мойынқұмды жаң-жақты оқып үйренудін негізін қалады. 1925 жылы Қарақұмдағы күкіртті төбелерді зерттеу жұмыстарын белгілі геолог А.Е.Ферсман мен Д.И.Щербаковтың экспедициясы жүргізді. Осы жылдан бастап В.А.Дубенский мен Н.А.Димнің экспедициясы Қарақұм каналын салуға қолайлы дерлерді таңдау мақсатында кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізуді бастады. Олар көпжылдық қарақұм және Түрікмен экспедицияларын бөлінді. Тұран ойпатының табиғатымен табиғат байлықтарын Ұлы Отан соғысына дейін белгілі ғалымдар Б.А.Федорович, И.П.Герашмов, А.Г.Доскач, С.Ю.Гемер, А.Е.Ферсман, Д.И.Щ.рбаков, А.С.Кель, В.Н.Кунин, Е.В.Лобова, Э.М.Мурзаев, М.К.Граве зерттеді.
Тұран ойпатының табиғатының ерекшелігін Орта Азия мемлекеттік Университетінің экспедициясы айналысты. Экспедиция құрамында жұмыс істеген белгілі ғалымдар Д.И.Кашкаров пен Е.П.Коровин орта Азия шөлдерінің типтері жөніндегі Л.С.Берег пен А.И.Красновтың зерттеулерін одан әрі жалғастырып, сазды, тасты, құмды, сорлы шөлдерді экологиялық топтарға бөлді. Ұлы Отан соғысы жылдары оның өзінде Тұран ойпатында зерттеулер жүргізу оданәрі жалғастырылып ғылыммен іс-тәжірбиенің бір-бірімен одан-әрі жақындай түсті. Шөлді игеруге байланысты Тұран ойпатының суармалы жерлері мен малазықтың тән минералды байлықтарын зерттеу ісіне 1960-1980 жылдар аралығында КСРО ғылыми академиясының, Қазақстан, Өзбекстан ғылым академиялары мен Түрікмен КСРінің шөл институты зор үлес қосты.
Қазіргі кезенде Тұран жазығының табиғат жағдайлары мен байлықтары біршама жақсы зерттелген. Жинақталған материалдар ғылымдағы бірқатар даулы мәселелерді шешуге мүмкіндік бере отырып жаңа түйінді мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Олардың қатарына Амудария мен Сырдария өзендерінің суын шаруашылықтың мақсатта шектен тыс пайдалану нәтежиесінде туындаған Арал мен Қарабұғаз-Голдың тартысуына байланысты Арал маңының шөлденуі мен топырақтын сортаңдану, судың ластану, өзен суларын тиімді пайдалану сияқты түйінді мәселелер жатады.
1.2.Тұран жазығының геологиялық құрлысы табиғатыының
даму тарихы
Тұран жазығы тектоникалық тұрғыдан таскөмір,пермь, дәуіріндегі герцин қатпарлығында түзілген эпипалеозойлық жас платформа болып табылады. Оның ірге тасыда герцин қырылымы басым. Олардың арасында кембриге дейінгі байкалдың массивтер қазақтың ұсақ шоқылы ауданының батыс бөлігімен (Сарыарқаның) Солтүстік Тянь-Шань мен шектесетін аумақтарында көмілген коледондық құрылымдарда кездеседі.
Тұран плитасының ірге тасы бірқатар тектоникалық жарықтарға бөлшектенген солардың ішінде жербедерін қалыптастыруда субмеридианальды бағытта созылып жатқан Орал-Оман, Гиссар-Маңғыстау тектоникалық жарықтары жетекші орын алады. /5/
Тектоникалық жарықтар арқылы тұран плитасының ірге тасы төрт ірі блокқа бөлінеді. Сарыарқа мен шектесетін солтүстік шығыс блок мезозой мен кайназой кезендерінде көтерінкі күйінде қалғандықтан кристалды ірге тасы 1000 метр терендікте жатыр. Тек біршама терең крисьалды ойыстарда ғана 2000 метрден астам тереңдікте жатыр. Солтүстік Тянь-Шань мен шектесетін оңтүстік шығыс блок мезозойда көтерілгенімен Кайназойда Мантяға терең батқандықтан іргетасы 8-10 шақырым тереңдікте жатыр. Оңтүстік батыс блокта жербедерінің үш оң пішінді формалары кездесетіндіктен іргетасы 1-3 шақырым терңдікте орналасқан./2/
Кристаллды іргетасын түзетін тау жыныстары Сұлтан-Уаыс, Орталық Қызылқұм мен Маңғыстау көтерілулерін қамтыған шектеулі аумақтағана жербетіне шығып жатыр.Олардын негізгі бөлігін орта және төменгі палеозойдың метаморфтанған тақта тастары,әктастары юра мен кремниленген диабаздар құрайды. /6/ Тұран плитасының кристалды ірге тасының бетін шөгінді жыныстардың жабуы таскөмір дәуірінің басы мен соңындағы теңіз трансгрессисының нәтежиесінде басталды.
Палеозой эрасының девон дәуіріндегі каледон қатпарлығының жүруіне байланысты Тұран ойпатына көршілес жатқан таулы аймақтарда тау түзілу үрдісі жүріп, құрлықтын ұлғаюына байланысты континентті климат басым болды. Таскөмір дәуіріндегі тектоникалық қозғалыстардың әсерінен қозғалмалы тұрақсыз аймақтарқалыптасты кәзіргі Тұран ойпатының орынында геосиклинальды жағдай саұталып теңіздің орыны болды. Таскөмір дәуірінң климаты біршама жұмсақ ылғалдылығы мен ерекшеленеді. Таскөмір дәуірінң екінші жартысынан бастап құрылықтын көлемі ұлғайып теңіз біртіндеп тартылып құрғай бастады. Тұран ойпатынындағы теңіз табанына әктастар мен қабаттасқан ашық сұртүсті құмтастар, сазды жыныстардың қалын қабаты шөкті. Пермнің климаты ылғалдылығымен ерекшеленді Маңғыстау мен Үстіртте континентік жағдай сақталып қызыл түсті саздар түзілді. Мезозой эрасының триас дәуірінде тұран ойпатының аумағының іргетасының біртіндеп баяу мантяға батуына байланысты оңтүстігіндегі жерорта теңізі геосинклиналынан теңіз суы еніп ол Торғай бұғазы арқалы батыс сібір плитасымен жалғасып жатты. Триастың теңіздік шөгінділерінің қалындығы бірнеше мың метрге дейін жетті.Олар қазіргі кезде Маңғыстаудағы Қаратауда жер бетіне шығып жатыр. Олардың негізін әктастарымен қабаттасқан құм тастар конгомераттармен саздар құрайды.Триас дәуірінің соңында Тұранның сары-арқа, мұғалжар, Тянь-Шаньмен шектесетін бөліктерінде тектоникалық жарықтар пайда болып жер қыртысының баяу шөгуі оданәрі жалғасты. Триастын климаты құрғақ және ылғалды кезендер мен алмасып отыруымен ерекшеленеді. Юра дәуірінің Тұран ойпатының басым бөлігін теңіз алып жатты климаттағы өзгерістерді саяз теңіздердін табаныңда кәзіргі кездегі Торғай, Жыланшық қоныр көмір алабының Торғай, Шу – Сарысу Маңғыстау Үстірт Қызылқұм мұнайлы газды алыптарының пайда болуына қолайлы әсер етті. Ылғалды және құрғақ климаттық жағдайының алмасуы өсімдіктердің кеңінен тарауына қолалй әсер етті. Бор дәуірінің басында жер қыртысының біртіндеп көтерілуінің әсерінен Тұран ойпатының аумағындағы теңіздер біртіндеп тартыла бастады. Бордың соны мен палеогеннің басында жер қыртысының матяға батуының нәтежиесінде теңіз трансгрессиясы жүріп көлемі ұлғайды. Сол кезенде теңіз суы Тұран ойпатымен Батыс Сібірді басып олардын аралығын Торғай бұғазы жалғап жатты. Бор дәуірінің сонында казір жазуға қолданылатын бор теңіз табанына шөгіп қалың қабат тұзеді. / 7/
Бор дәуірінің климаты аридті және ылғалды климаттарының бірін – бірі ауыстырып отыруымен ерекшеленеді. Палеоген дәуірінде теңіз трангессиясы арал маңынан жаңжағына таралды ежелгі теңіз табанына батысында нуконитті саздар мен құмдар солтүстік бөлігіне кремнилі құмдар, оңтүстігінде және сазды жыныстары шөкті, ерте палеогеннің өзінде ланшафтардың зоналық айырмашылықтары байқала батады. Тұран ойпаның оңтүстігінде құрғақ тропиктік климат жағдайында мәнгі жасыл ұсақ жапырақты ормандар өсті. Орталық бөлігінде су баспаған жерлерде ылғалды климат жағдайында мезофитті ормандар басым болды. Сол кезенде тұран мен батыс қазақстанда секвойя, эфкалипт, емен, лаврлармен пальмадан тұратын ерекше полеобатаникалық полтава провинциясы басым болса, солтүстік бөлігінде шамшаттан тұратын жапырағын түсіретін ормандар басым болған. Торғай полеобатаникалық провинциясы тарады. Неогенде казіргі қара және Каспий теңіздерінің орындағы Сармат теңізінің трасгрессиясы жүріп ол казіргі Тұран Каспий маңы ойпатарын басты. Палеоген дәуірінң тартылған теңіздерінің орындарында кең көлемді аумақты алып жатқан құрлыққа айналды оңын бетіне біртіндеп тұран ойпатымен шектесетін Сарыарқа, Мұғалжар, Тянь-Шань тауларынан ысырылған көлдік, батпақтық және өзіндік аккумулиативттік жыныстар, біршама көтерінкі бөліктеріне магний, калций, гипс карбанатты тұздарға қаныққан қоныр, қызыл қоныр түсті саздар шөге бастады. Қызыл қоңыр топырақ пен сол кезенге тән флорамен фауна миоценде тұран ойпатында аясыз жылы құрғақ су тропиктік климаттын басым болғаның айғақтайды. Палеонтологиялық қазба деректері қазіргі Тұран ойпатының солтүстігіндегі саванна, орталығымен оңтүстігінде субтропикттік шөл болғанын көрсетеді. Оны терең бұрғылау кезінде табылған гипсті шөгінді қабаттар айғақтады. Сол кезенде каспий теңізі екі алапқа бөлініп оңтүстік каспий ойысы Палео-Амудария, Орта – Каспий ойысы Палео-Еділ өзенінің суымен коректенеді./8/
Палеоценде аталған аумақты құрғақ субтропикттік шөлді климат сақталды. Қазіргі Балқаш пен Каспийдің солтүстік жағалауында, торғай өзенінің атырауында субтропиктік дала мен саванна плоценнің соңында Тянь-шань Памир тауларының көтерілуіне байланысты табиғат жағдайы күрт өзгеріп субтропиктік саванна Тұран ойпатының оңтүстігіне қара ығыстыырылып біртіндеп субтропиктік жағдай мүлдем жойылып қоңыржай белдеудің шөлдерімен шөлейттері қалыптаса бастады. 1,65 милион жылға созылған сонғы төрттік дәуірінде климаттағы бірнеше өзгерістер болып Тұран ойпатының табиғатының казіргі жағдайы мен пішіні қалыптасты. Қорыта айтқанда неоген – төртік дәуірлердегі Тұран ойпатының казіргі жер бедерінің қалыптасуы тау түзілу үрдісімен теңіз регрессиясы, аридті климат жағдайында жүрді. Тұран ойпатының батыс блогында неоген – төрттік дуірлеріне дейін ұзақ уақыт бойы теңіздік режим сақталғандықтан терең теңіз түбінде түзілген әктасты- мергельді борлы карбонаты шөгінділер саяз сулы жағдайда тұзілген құмды – сазды шөгінді жыныстарымен кезектесіп отырады. /8/
Оңтістік – шығыс блокта терең сулы теңіздік шөгінділердің үлес салмағы кеміп оның есесіне құрылықтық шөгінділермен кезектесіп келетін саяз сулы лагуналық әктасты, гипсті сұр түсті саздар басым болады. Кристаллды ірге тасы биік Сары арқамен шектесетін солтік – шығыс блоктағы шөгінді қабаттар біршама жұқа әрі қызыл түсті құрлықтын сазды, құмды, шөгінділер мен конгомераттар гипсті құм тастармен гипстер басым болады. Шөгінді жыныстардың қабаттардың литологиялық құрамы тек күшті трансгрессия кезінде ғана бұл аумақты теңіз суы аз уақыт басқанын көрсетеді. Плиоценде теңіздік жағдай тек қыйыр батыс бөліктегі шеткі иіндерде сақталып саяз сулы шөгінділер жинақтала бастады. Неоген мен төртік дәуірдегі неотектоникалық қозғалытардын нәтежиесінде Альпі қатпарлығына жататын Кавказ, Копетдаг, Памир тауларының түзілуіне байланысты кайназой эрасының екінші жартысында Тұран ойпатының аумағында ежелгі саяз теңіздер тартылып толығымен құрлыққа айналды. /7/
Төртік дәуірінде жүрген мұз басулар кезеніңдегі Флювиальды климатпен мұз басу аралық кезендегі құрғақ ксеротермальды (ыстық әрі құрғақ) климатпен алмасып отыруымен ерекшеленеді. Мұз басулар кезеніңде жабын және жартылай жабын мұздықтардың типі тау етектеріне дейін түсіп орасан зор су тасқыны жазықтарға ұсақ түйршікті тау жыныстарын шөктіріп кәзіргі кездегі орасан зор алқапты алып жатқан қара құм қызыл құм Арал маңы қарақұмы, үлкен және кіші Борсық құм, Мойынқұм сияқты кәзіргі құмды шөлдердін қалын қабаттары түзілді. Жоғары қысымды төменгі температуралы таулар мен жазықтардағы төменгі қысымды, жоғары температуралы аймақтық арасында қысым мен температура айырмасының әсерінен жел эрозиясы күшейіп тұран жазығының көршілес жатқан таулы аймақтан өте ұсақ тау жыныстарының түйіршіктері шөгінлесті сазды жыныстардың қалын қабаты түзілді.
1.3. Тұран ойпатының жер бедерінің жалпы ерекшеліктері.
Жер бедерінің геомарфологиялық типтері.
1.3.1. Тұран ойпатының жер бедерінің жалпы ерекшеліктері.
Оңтүстік Ембі үстірті арқылы Шығыс Европа платформасының Каспий маңы синиклизасының, солтүстігінде Арал алды шеткі иіні арқылы герцинк қатпарлығында түзілген Мұғалжар (Орал) тау жүйесімен шектеседі. Тұран ойпатының солтүстігіндегі батыс Сібір плитасынан торғай үстірті бөліп оларды бір-бірімен Торғай Қолаты жалғап тұр.
Шығысында Тұран плитасын колендон қатпарлығына жататын Сарыарқа аласа таулы алқабы қоршап жатыр. Оңтүстік – Шығысы мен оңтістік шекарасы және оңтістік Тянь-Шань, Памир, Копедаг тауларының етегіндегі шеткі тектоникалық иіндер арқылы өтеді. Батыс шекарасы шартты түрде Каспий теңізінің шығыс жағалауы арқылы өтеді. /3/
Геотектоникалық құрылысының ерекшеліктеріне сай кристаллды ірге тасы әртүрлі терендікте орналасуына байланысы кең көлемді үстіртермен терең құрғақ ойыстар кезектесіп келуімен ерекшеленеді орталық бөлігін арал теңізіне қарай еңіс болып келетін тұран ойпаты алып жатыр. Каспий теңізіне ұласатын батыс бөлігінде теңіз деңгейінен төмен орналасқан Қарақия (-132м) Қарныжарық (-70м) Қауынды (-57м) ойыстары бар. Тұран ойпанының оңтістігімен оңтүстік бөлігіндегі Тянь-шань, Памир, Копетдаг тауларына қарай біртіндеп көтерілетін үстірттерге ұласады . Солардың ішіндегі ең биігі аймақтың оңтүстік бөлігіндегі Бадхызбен Қарабел үстірттері (400-800м) Торғай Үстірті (150-400м) үстірт (100-350м). Амудариямен Сырдари өзендерінін аралығында Қызылқұм таулары, “Бұқантау” “Тамдытау” “Құлжықтау” сияқты қалдық атулы алқаптармен үстіртер бар “Қызылқұм тауларының абсалют биіктігі (922м) Шу – Іле тау сілемдерінікі (972м) Қарабел үстіртінікі (984м) жетеді.
Теңіз денгейінен ең биік және ең төмен орналасқан нүктелерінін биіктік айырмасы 1000 метрден асады. Биіктік айырмасының ауытқуы әсіресе жазықтың солтүстік- батыс бөлігінде жоғары /3/.
Тұран плитасының ірі орографиялық элеметтерінің таралуына кристалды іргетасының әркелкілігі әсер етеді ірге тасының көтерінкі бөлігіне көбінесе зангуз (орталық қарақұм көтерілулері) Торғай үстірті, Маңғыстау үстірттері жатады ойыстары іргетасы теренде жатқан тектоникалық құрылымдарға сай келеді олардын қатарына солтүстік арал маңы немесе оңтістік Торғай ойысы, оңтүстік-шығыс Қарақұм (мургаб иіні), Шу ойысы жатады кейде ірге тасы теренде жатқанымен үстірт сияқты қабатты тұғырлы үстіртті жазықтарда кездеседі. Оларда пайда болу жолдарына қарай төменде көрсетілген топқа бөледі.
Тұран ойпатының жер бедерінің пайда болу жолдарына қарай топтастыру.
Тұран ойпатының Арал маңы бөлігінің жер бедері геоморфологиялық – геологиялық тұрғыдан алғанда әркелкі. Мұнда денудациялық құрылымды қабатты жазықтар мен теңіздік, көлдік алювиальді – пролювиальді құрылымды қабатты жазықтармен көлдік, теңіздік көлдік алювиальді – пролювиальді және эолдық жазықтар төртік дәуірге дейінгі аласа қалдық таулармен үстірттер мен терең ағынсыз ойыстармен күрделенген. Морфо- Генетикалық тұрғыдан алғанда Қызылқұм, Қарақұм, солтүстік-шығыс және арал маңынын жер бедері ерекшеленеді. Арал маңынын солтүстік және шығыс бөлігіне бірнеше оңдаған метрден жүз метрге дейін тілімденген төбесі текшелі дөнесті көтерінкі жер бедері тән.
Геоморфологиялық тұғыдан Арал маңының солтүстігінде Шағырай көлбеу жазығы, Ырғыз –Шалқар жазығы, Үлкен және Кіші Борсық құм, Арал маңы қарақұмы орналасқан. /2/
Шағырай көлбеу үстірті қиыр солтүстігінде орналасқан үстіртің тікілей жалғасы болып табылады. Оңын абсолют биіктігі 150-200 метрден аспайды. Негізінен палеогеннің әктасты жыныстарынан тұрады. Оның бетіндегі жоғарғы және төменгі олигоценнің құмтастары әктастарды шайылудан қорғап тұрады. Жер бедері сыртқы күштердің бұзушы әрекетінен қатты тілімденген. Батысында Шағырай үстірті биіктігі 100-150 метрге жететін тік беткейлі кемерлермен шектеледі. Етегінде шағын өзеннің құрғақ арнасы бар. Солтүстігімен шығысында Торғай Үістіртімен шектеседі оның оңтүстігінде қатты тілімденген Ырғыз-Шалқар тұғырлы қабатты жағы орналасқан. Ол бор, палетген, неоген дәуірінің шөгінділерінен тұрады. Бойлық бағытта созылған жылдармен қалдық үстірттердін аралықтарын тередігі бірнеше оңдаған метрден екіжүз метрге дейін жететін жыралар, терең сайлармен құрғап қалған ескі өзен арналарымен тілімденген Мұндай жазықтардың солтүстік беткейі жатық оңтүстік беткейі терең тілімденген жыралы әрі тік беткейлі болып келуімен ерекшеленеді. Қалдық үстірттердің ішіндегі ең биігі Жақсы Бұташ (343 м.) ол абсолют биіктігі 37 метрден аспайтын депрессиялық Арал, Сарықамыс (45м) ойыстарымен көршілес орналасқан. Қабатты қалдық жазықтардың жолдарының аралықтарын бөліп тұрған ойыстарды борпылдақ жыныстардың жоқ болуын белгілі ғалым И.П. Геросимов плиоцен-төрттік кезенде аритті климат жағдайында жел үрлеп әкетуінен казіргі үлкен және кіші борсыққұм алқаптары түзілген.Көне Шағрай үстірттерінің аралығырдағы ежелден анғарда орналасқан Үлкен Борсық құм алқаптын ұзындығы 200 метр, ені 10-30 шақырымға дейін жетеді.
Арал маңы құмды денудациялық жазықтары.
Арал маңында 2-60 шақырымға дейін артады. Кіші борсыққұм субмредианальды бағытта 100 шықырымға созылып жатыр ені 10-40 шақырым аралығында ауытқиды.Арал Каспий теңізіне қарай беткейрлері көлбеу болып келеді.Абсалют биіктігі солтүстігінде 160 метрден оңтүстігінде 80 метрге дейін ауытқиды. Жазықтын бетін жоғарғы плиоцен мен төменгі және орта төрттік жасындағы жыныстарды жел ұрлеуінің әсерінен түзілген құмдар жауып жатыр.Жел әрекетінен тілімденген құм жолдарының аралығындағы ойыстардың терендігі орталық бөлігінде 20, шетінде 5-10 метрге дейін жетеді. Үлкен және кіші Борсыққұм өсімдіктерімен бекіген. Белесті, белді, төбелі құмдардың қатарына жатады. Кейбір құмды төбелердің шыңының биіктігі150-170 метрге дейін жетеді. Адамның шаруашылық әрекетінен жалаңаштанған құм төбелердің сусып жылысу үрдісі артып келеді. Арал маңы құрылымды – денудациялық жазығының шығыс бөлігін арал маңы қарақұмы алып жатыр. Өзінің құрлысы жағынан ол өзінің құрылымы жағынан неоген – төрттік дәуірдін шөгінділерін желдің үрлеуінен түзілген белесті – жалды, төбелі – жалды құмдардын қатарына жатады. Соңғы жылдары аралдын тартылуына байланысты теңіз табанындағы құмнын үрлеуінің есебінен аумағы артуда. Жел ұшырған жалаңаштанған сусымалы құм жолдарының аудаңы кәзіргі кезде 2000 шаршы шақырымға жетті. /6/ Арал теңізімен солтүстік арал маңы құрылымды денудациялық жазығының оңтүстік шығысы мен шығысын Арал-Сырдария аккумулятивті жазығы орналасқан – оңтүстік батысымен батысында құзылқұммен шектеседі.
Оңтүстік –шығысында Қазақстаннан тысқары аймақта Тянь-шань мен шектеседі.Оңтүстік шығысында биіктік айырмасы 332 метрден арал теңізі жағалауында 39 метрге дейін төмендейді. Сыртқы пішіні тегіс биіктік айырмасы, жасы, шығу тегі жағынан әркелкі болып келеді. Осыған орай көтерінікі төбелі құмды Қызылқұм шөлін, аккумулятивті сырдария өзені аңғарын қаратаудын оңтүстік-батыс бөлігінің тауалды көтерінкі төбелі жазықтарын бөліп көрсетуге болады.
Қызылқұм құмды шөлі біршама биік гипсометриялық жағдайға ие болуымен ерекшеленеді. Ол жоғарғы плейстоценде көлдік алювиальді шөгінділермен оңтүстік шығысында Бор палеоген жасындағы жыныстарды желдін үрлеу есебінен түзілген. Эолдық құмдардың биіктігі 10-20 метрге ең биік жері 30 метрге дейін жетеді. Құмды жазықтын беткі төбесі текшелі аласа қалдық таулармен (абсалют биіктігі 764 метрге жететін Бұқан тау) соңымен қатар жаңа дария қуандария, ескі дария сияқты Сырдарияның ескі арналарымен күрделенген. Ескі өзен арналарының есебінен біршама аумақты алып жатқан сазды шөлдер түзілген. Қызылқұмда солтүстік шығысқа бағытталған біршама тілімденген жалды – төбелі, белді – белесті, сусымалы төбелі жалды жер бедері басым. Тектоникалық тұрақтану плиоценнің соңынан басталады /1/.
Сырдария алювиальді жазығы Сырдария мен Шығыс Арал синиклизасының аралығында орналасқан. Сырдария өзенінің аңғары ірі жеке құрылымдарды кесіп өтеді. Сырдария жұқа шөгінді жыныстар жауыпжатқан атырауын түзді. Шардара су қоймасынан оңтүстікте өзен аңғарында айқын ажыратылатын екі жайылма үсті текшелері бар. Өзеннің жайылмасының ені 10 шақырымға дейін жетеді. Шиелі мен Жусалының маңында жайылмасы 20-40 шақырымға дейін артады. Жайылмасында қазіргі және ескі арналар ескі арналы көлдер бар. Қазіргі кезде бөгеттермен арық қазылғандықтан кейбір құрғақ тереңдетіліп каналдарға айналдырылған. Су басатын жайылма негізінен ірілігі орташа құмды, сазды алевритті шөгінділерден тұрса көтерінкі жайылма құмды алевритті, сазды және құмды сазды шөгінділердін қабаттарынан тұрады.
Арал теңізінің жағалауын бойлап әр түрлі түйіршікті құмдардан тұратын жел әрекетінен өзгеретінн белесті – белді құм жолдарымен сортан кезектесіп келетін теңіздік жазықтар созылып жатыр. Сонғы жылдары аралдың тартылып деңгейінің төмендеуіне байланысты казіргі кезде ашыққұм жолдарымен сортандар басым болып келетін алғашқы теңіздін жазық пайда болды. Соңғы кездері құм беті тұздардың артыуана байланысты алғашқы теңіздін жазықтардың бетіне табиғи өсімдіктердін өсу үрдісі байқалуда.
Қарату мен Сарыарқаның, Шу-Іле тауларында Жалайыр – Найман тектоникалық жарықтарымен шектелетін Шу – Сарысу ойысы орналасқан. Ойыс оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа 600 шақырымға созылып жатыр. Оңын орташа еңі 300 шақырымға дейін жетеді.
Геологиялық тұрғыдан Шу-Сарысу ойысы салыстырмалы түрде тегіс синиклинальді алып жатыр. Кристалды ірге тасынын негізін төменгі палеозойдын күшті жіктелегн жыңыстары құрайды.Оның бетін жоғарғы палеозойдын сазды құмды, жыныстарының қалын қабатты, оның үстін палеозой, кайназой жасындағы қалың сазды құмды, құмды-сазды шөгінді қабаттар жауып жатыр. Орталық бөлігінің жер бедері талас тасты көтерулерімен жамбыл фрианов иінділерімен күрделінген. Ойыстын тектоникалық құрылысының ерекшеліктері жер бедерінде әсер еткен неоген – төртік дәуірінде іргетасынын матияға батуы 500 және 100 метрге дейінгі тереңдікті қамтыйды. /9/
Шу — сарысу ойысы.
Шу – Сарысу ойысынын шөгінді көлдік, — алювиальді және эолдық аккуммуляцияның негізінде қалыптасқан, көлдік және көлдік – аккумулятивтік жазықтар негізінен аумақтың оңтүстігі мен Сарысу өзенінің анғарында таралған. Олар негізінен әртүрлі түйіршікті құмдармен көл түбіне шөккен ұсақ түйіршікті қайрандардан тұратындықтан беті тегіс немесе сәл еңіс болып келеді, желдің үрлеуінен түзілген дефяциялық ойыстарды қазіргі кезде сорлармен сортандар алып жатыр. Шу өзенінің солжақ жағалауын эолдық мойын құм үстіртімен шағысылып жатыр. Құмды алап көлденен қимасы баспалдақ тәрізді болып келуімен ерекшеленеді. Бірінші сатысына еңтөменгі абсалют биіктігі 180-240 метрден аспайтын әлсіз бекіген, тілімдену терендігі 2-10 метрден аспайтын құм жасалдары тән. 250-280 метрге дейінгі абсалют биіктер аралығын қамтитын екінші сатысына 20-30 метрге дейінгі жететін терең тілімденген күрделі құм жолдары тән. Мойынқұмның ең биік жері 300-420 мертге дейінгі абсалютті биіктердің аралығын қамтиды. Төбелі сызықша жалды құмдар өсімдіктермен нашар бекіген олар солтүістік батыстан оңтүстік шығысқа бағытталып созылып жатыр. Жекелеген құм жолдарының биіктіг 100 метрге дейін жетеді. /2, 4/
Шу мен Сарысу өзендерінің аңғарында еңі 2-6 шақырымнан 10-30 шақырымға дейін жететін. Окумулятивті жазықтар тізілген Сарысу өзеңінің аңғарында екі жайылма үсті текшелері бар. Екінші биік жайылма үсті текшесінде тақырлардың сорлар мен сортандардың көп болуымен ерекшеленеді.
Шу өзеңінің аңғарында үш жайылма үсті текшесі, биік және аласа жайылмалары бар. Үшінші жайылма үсті текшесі жел үрлеген құмды – сазды жыңыстардың қабатынан тұрады. Ол жоғары гипсометриалық деңгейімен ерекшеленеді Мойынқұмдағы абсалют биіктігі 330 метр. Екінші жайылма үсті текшесі өзен арнасынан 180 метр биіктіктен шығысында 30-40 метрге дейін төмендейді. Шу- Сарысу ойысының жер бедерінің дамуы жер бедерінің денудациялануы жүріп үгілу қабаты түзілген мезозой эрасының ор дәуірінін екінші жартысында басталды. Көршілес жатқан Сарыарқамен Шу, Іле, Тянь-Шань тауларының көтерілуі эрозияны күшейтіп, ежелгі өзен торлары арқылы ойысқа мезозой – каназой жасындағы тау жыныстарының шөгуін күшейтті. Жоғарғы борда теңіздік жағдай ойыстың батыс жағында сақталғанымен палеоген ірге тасының матяға батуына байланысты палеогенде бүкіл ойысты теңіз суы басып жатты. Төменгі олегоценнен бастап Шу-Сарысу ойысынын көтерілуі басталғандықтан біртіндеп құрғай бастады. Лагуналы көлдік жағдай мен аритті климаты оңтүстігінде қызылтүсті саздың, солтүстігінде ылғалды жылы климат жағжайында ашық сары түсті саздардын шөгіуне қолайлы әсер етті. Шумен Сарысу өзендерінің сағасы тектоникалық ойыстағы Арттырауға айналып бірнеше салаларға бөлініп көлдер түзілген. Жер бедері дефиациялық шұнқырларға бөлініп көлдер тұзілген.Жер бедері дефляциялық шұнқырлармен, көтерілген төбесі текшелі қалдық дөңдермен эолдық түзілістердін алқаптарымен күрделенген.
Тұран ойпатының батыс бөлігін құрылымдық – денудациялық Үстірт алып жатыр. Үстірт Арал теңізімен Каспий маңы ойысы мен тік беткейлі кемерлер арқылы шектеледі. Оның беткі қабатын қалындағы бірнеше оңдаған метрге жететін қалын әктас қабатты бостау жыныстар бұзылудан сақтайтын қалқан қызметін атқарып тұрады құрымдылық денудациялық үстірттін беті біршама тегіс әрі әлсіз көлбеу болып келеді. Сирек жағдайда солтүстік – батыста бағытталған ірі жолдармен терең ағынсыз ойыстармен күрделенген жондардың беті тегіс. Абсалют биіктігі 22 метрден (солтістік жон) 314 метрге дейін (мұзбел) артады жондардын аралығындағы ойыстардын табанының абсалют биіктігі 63 метрден (барса келмес ойысы) 100 метрге дейінгі аралықты ауытқиды. Үстіртін беті астау тәрізді кристалды ойыстарда күрделендіріледі. /5/
Мұндай ойыстардың көбінің табанында құмды-сазды делювиальды-элюальды материальдар жинақталады. Шайылған топырақтарда қалың шөптесін өсімдіктер өседі. Солтүстік батыс бөлігіндегі Солтүстік Үстіртіне қарай тілімденген. Иіннің біліктік бөлігін Қос бұлақ, Асыман сай,Сам және Қаратөлей сяқты сорлы ойыстар алып жатыр. Тегіс беткейлі қалдық дөңдер ойыстарға қарай еңіс болып келеді еріген қар, жаңбыр суларының әрекетінен терең тілімделген эрозиялық жыралар жүйесі қалыптасуы Үстірттің бедерінің толқынды болып келуіне әсеретті, Сам, Асамтай ойыстарының табаны жел әрекетінен өнделгендіктен жартылай бекіген аласа құм жалдары түзілген су өткізетін әктастардың қалың қабаты үстірттің барлық бөлігінде жер бедерінің Карсталы пішіндерінің дамуына әсер етті. Мысалы Өтебай қонысуында терендігі 120 ұзындығы 190 метірге дейін жететін карстылы үнгір табылған. Қарны жарық ойысында гипсті карстлар табылған. Үстірт көршілес жатқан жазықтармен тік беткейлі кемер жасал шектеседі. Солтүстігінде шағырай Үстіртімен шектесетін бөлігінде кемерлердің биіктігі 50 метрден Солтүстік- батысы, батысымен шығысында 200 метрге дейін жетсе, қарны жарық ойысында кетерлердін биіктігі 370 метрге дейін жетеді. Келердің биіктігі артқан сайын көлденен қимасы күрделене беруімен ерекшеленеді.
Үстіртін қазіргі жербедерінің қалыптасуы төменгі плиоценде басталады. Жер бедері әр түрлі жыныстардың қабатасып шөгіунен түзілген қабатты жазықтардың қатарына жатады плиеценде солтүстік, оңтүстік үстірт және оңтүстік Маңғыстау иіні арқылы Ақшағыл, Абшерон алқаптарының шығанақтары енеді. Үстірттің орынына көлдік ойыс пайдаболып онда бос таужыныстары шөге бастады. Көл түбінде шөккен матерялдар көршілес жатқан көтеріңкі жерлерден жинақталды. Климаттын аритенуіне байланысты бұл жердегі төрттік дәуірдін шөгінділері өте жұқа. Үстіртте жер бедерінің қарастылы пішіндерінің кең таралуы приоценмен төрттік дәуірлердін белгілі бір кезенініңде ариттік климаттын ылғалды плювиальды климатпен алмасып отырғаның көрсетеді. Бірақ тау жыныстарының тасымалдануы көбінесе жел эрозиясының әсерінен жүрген.
Тұран жазығынын батысында Каспий теңізімен Үстіртің аралығында құрылымдық денудациялық Манғыстау Үстірті орналасқан. Үстірт эрозяилық – тектоникалық Ақтау, Қаратау сияқты аласа таулармен күрделенген. Бозащы үстірті шығу тегі жағынан Каспий маңы ойпатына жақын. Манғыстау үстіртінде Түпқараған Үстірті, оңтүстік Маңғыстау; Кендірлік, Шығыс Маңғыстау үстірті, Ақтау, Қаратау таулары. Красноводск үстірті ерекше ерекшеленеді. Морфологиялық құрылымы неоген төртік дәуірлерде тектоникалық қарқындылықтың әр түрлі болуына байланысты болады. Манғыстау үстіртінің 80% алып жатқан оңтүстік бөлігі екі сатылы денудациялық Үстірт болып табылады. Оның бетінің қалыңдығы 5-10 метрден 40-50 метрге дейін жететін қалың ұлы тастыәк тасты қабат борпылдақ жыныстарды бұзылудан сақтайтын қалқан қызметін атқарады. Басқа Үстірттерден Манғыстауды ерекшелендіретін белгілерінің бірі Маңғыстаудың біліктік құрылымдарына бағыттас субендік бағытта созылып жатқан екі ірі тектоникалық депрессиялардын болуы. Солтістік Маңғыстау антиклинориін бойлай қаралаңдыбас, қорғаной, Асар, өзен, түнқарақшы ойыстары шоғырланса оңтістік Маңғыстау иінінің жекелеген анти клинорин бойлай ұзындығы 85, ені 10-20 шақырымға жететін абсолют белгісі – 132 метрде жатқан Қарақия, — 57 метрге жететін Қауынды, ойыстары орналасқан. Қарақия өлі теңізбен египетмаңындағы Каттар депресияларынан кейінгі ең тередерінің бірі Ойыстардың барлығы тұйық болғанына қарамастан Каспий теңізіне қарай ашық болып келеді. Ойыстар төртік дәуірдегі трансгресия кезінде суға толған. Ойыстардың шегінде хвалын трангерсиясынын аккумулятивті және абразиялы жазықтары қалыптасқан.Біршама иілген табанында жербедерінің мұсінді пішіндері сорлар алып жатыр. Манғыстау үстіртінің казіргі жер бедерінің қалыптасуына тектоникалық агенттермен қашар аритті климатта әсер етуде. Неотектоникалық қозғалыстар денудациясының қарқынды жүруіне әсер етсе аритті климат сорлы дефлеция үрдісін күшейтті.
Маңғыстаудын кәаіргі жер бедерінің қалыптасуы ерте плиоценнің соңынан басталды. /3/
Қаратау тауынын бір бөлігі плестоцен палеоцендегі теңіз трангрециясы кезінде құрылық болып қалды. Тұран плитасының неотектоникалық қозғалыстын әсерінен көтерілуінің нәтежиесінде Маңғыстау тұғырлы жазыққа айналды. Таулы бөліктерінің қазіргі бедерінің қалыптасуы плиоценнің соңындағы жеклеген денудациялық үрдістердін әсерінен жүрді, бұл кезенге дейін Маңғыстаумен үстіртін келерлері түзілген. Ерте төрттік дәуірде оңтүстік Маңғыстаудың ірі тұйық ағынсыз ойыстары пайда болып, оңда көлдік режим сақталды. Уақыт өте келе көл түбіне шөккен шөгінді тау жыныстары жел әрекетінен оңделді. Төрттік дәуірдін соңындағы екі хвалын трангрссиясынын әсерінен бүкіл Каспий жағалауында жер бедерінің екі аккумулятивтік және абразиялық пішіндерін қалыптастырды.22 метр абсалютбиіктіктің белгісінде жаңа Каспи теңіз абразиялы жағалауы бойлай созылып жатыр. Маңғыстау Үстіртінде аридті континентті климат жағдайы жоғарғы плиоценнен бастап сақталғандықтан содан бері ежелгі өзен торларының іздері жоқ болғанымен Ақтау, Қаратау, тауларының беткейлері мен Қарақя Өзен, Қарныжарық оиыстарында уақытша ағынсулардың әсерінен түзілген ескі арналармен жайылма үсті текшелерінің іздері байқалады.
Тұран жазығының оңтүстік қарақұм оңтүстік-батыс бөлігін қарақұм алып жатыр Қарақұм түрік тілінде қара түсті құм немесе құмды жер мағынасын білдіреді. Жер бедерінің ерекшелігіне сай екі үлкен бөлікке бөлінеді. Солтүстік шағын бөлігін Зангуз қарақұмы немесе Зангуз үстірті бійіктігі 60-80 метірге жететін тік беткеилі кемер арқылы сорлы унгуза оиысына ұласады. Ол тектоникалық қозғалысынын әсерінен өзгеріске ұшырап шөлдік континенті климат жағдайында өнделген ежелгі құрғап қалған өзен арнасы болып саналады Өзен аңғарынын барлық морфологиялық елементтері жақсы сақталған Амудариянын Каспийге құйған ескі арнасы узбой қарақұмнын солтүстік батыс шеті арқылы өтеді. /5/
Унгуздың оңтістігіндегі орталық, оңтүстік шығыс және оңтүстік қарақұм орналасқан зангуз қарақұмына қарағанда аласа болғандықтан орталық қарақұмды ойпатты қарақұм деп атайды. Оның оңтүстігімен оңтүстік шығысы біртіндеп көтеріледі. Оңтүстік және оңтүстік шығыс қарақұм зангуз қарақұмына қарағанда теңіз деңгейінен биік. Екеуінде беті тегіс әрі біртіндеп батысқа қарай аласарады. Оңтүстік- шығыс қарақұмында ежелгі өзен арнасы кемф узбойы бар. Оның көп бөлігін қазір қарақұм каналы алып жатыр. Зангуз үстіртінің беткі қабатын плеоценде мен плеоценде аққан плео Амудариянын құмды және құмды – сазды шөгінділері жауп жатыр. Зангуз үстіртінің кемерімен копетдагтың шығысынын аралығымен батысқа қарай төрттік дәуірде аққан оның алювиальды шөгінділері орталық және оңтүстік-шығыс Қарақұмының бетін жауып жатыр. Қарақұмның оңтүстік бөлігінің беткі қабаты Теджен, Мургаб өзендерінің сағасында шөккен алювиальды шөгінділерден тұрады. Еңбасым бөлігін қарақұм шөлі жел әрекетінен тұзілген құм жолдары алып жатыр. Ол оңтүстігінде аласа белесті – белді сусымалы құмдарда ұласады. /1/
Олардың аралығындағы кеңістікте тегіс сазды тақырлар кездеседі. Құмның басым бөлігі өсімдіктермен бекіген. Сусымалы құлаш құм жолдары барқандардын негізгі бөлігі оңтүстік шығыс Қарақұмда таралған.
ІІ-тарау. Тұран ойпатының климаты, ішкі сулары, органикалық
дүниесі.
2.1. Тұран жазығының климатының жалпы ерекшеліктері
Тұран ойпатының климатының жалпы ерекшіліктері факторлары. Тұран жазығынын климатының қалыптасуына төмендегі факторлар әсер етеді.
— біршама төменгі және орта еңдіктерде отналасуына байланысты раациялық баланстың мөлшерінің жоғары болуы;
- атмосфералық циркуляциясының үрдістеріне әсер ететін жер бедерінің тегіс болуы. Құрлықтың орталық бөлігінде орналасуына дүниежүзілік мұхиттардан қашық болуына байланыстыклиматты шұғыл континентті болып келеді:
— Орта және төменгі еңдіктерде орналасуына сай күн радияциясының қарқыны жоғары әрі аумақтың мол жылу алуына аридті шөл ланшафтысының қалыптасуына ықпал етеді. Жер бедерінің тегіс болуына орай трансформатцияланған қоңыржай ауа массаларының кедергісіз өтіп кетіп жауын шашынның аз түсуіне климаттың шұғыл кантинентті болып күшеитіледі.
Географиялық орынының ерекшелігіне сай жазы өте ыстық ашық әріқұрғақ, қысы суық аязды болып келеді, температураның жылдық амплетудасы 87-85 0С, орташа айлық температура 42-30 0С, құрайды.
Тұран жазығының климатына жауын шашынның жылдық орташа мөлшерінің аздығы мен жыл мезгілінде әркелкі таралуы,температура ауытқуының тәуліктік және жылдық ауытқуының жоғарылығы, атмосфера ауасының құрғақтылығы бұлтсыз ашық күндердің көптігі тәң.
Тұран оипатында ашық бұлтсыз күндердің ұзақтығы 2400-3000 сағатқа дейін созылады. Жылдық жиынтық күн радиациясы оңтүстігінде 160 ккал /см² тең солтүстігінде 120 ккал/см² аралығында ауытқыйды. Оңтүстіктегі географиялық орыны қыстың өзінде белгілі мөлшерде күн радиятциясының енуіне мүмкіндік береді. Ашық күннің көптігі мен жылудың мол түсуі күн энергиясын пайдалануға мүмкіндік береді .
Тұран оипатының басым бөлігіне қыста Азия максимулының ықпалы күшті болатындықтан төменгі температура мен жоғарғы атмосфералық қысым бұлттың түзілуіне мүмкіндік бермейді. Жазда мол жылуасатындықтан жердің ауамен әрекеттесетін беткі қабаты құрғап кетеді. Осыған орай ауа массаларыда құрғақшылығымен ерекшеленіп ауаның конвекциялық ағынын тудырып су буының конденсациясын күшейтеді. Табиғи кедергілер болмағандықтан қатпарлы бұлттар өте биікте түзіледі. Сондықтан жазда жауын шашын өте аз түседі:
Тұран жазығындағы бұлтсыз ашық күндер саны солтүстігінде 180 күннен оңтүстігінде 260 күнге дейін артады. Ашық күндердің көп, тура радиацияның жыл бойы басым болуына сай мүмкіндік береді .
Қыста жиынтық күн радиациясының мөлшері азайып жазда күннің түсу бұрышы көтерілуіне сай шілде тамыз айларында артады. Шілде тамыз айларында тұран жазығының орталығы мен оңтүстігі 19-20 ккал/см² дейін жетеді.
Көп жылдық метеорологияалық бақтаулардың деректеріне сүйенсек жиынтық радияцияның мөлшері күзде 16 ккал/см²,көктемде 14 ккал/см² деиін кемиді
Жиынтық күн радиятциясының мөлшері мен жылу балансы температураның жылдық және айлық орташа мөлшерінеде әсеретеді.
Тұран оипатының солтүстігінде қаңтардың орташа температурасы 16ºс оңтүстігінде + 4ºс дейін артады шілдеде солтүстігінде +22ºс оңтүстігінде.
Тұран жазығының аумағындағы қаңтардың изотермасы субендік бағытта оңтүстіктен солтүстікке қарай жылжыған сайын біртіндеп кемиді оңтүстігінде әр 100 шақырым жылжыған сайын 1,3-1,5ºс артады.
Қыста Сібірден суық ауамассасы енгенде солтүстігінде-35º-40ºс, оңтүстігінде -20º-25ºс дейін төмендедейді.
Кіші Азия мен Иранның оңтүстігіндегі түзілген циклон енгенде температураның көтерілуі байқалады . Тұран жазығының оңтүстігінде жылы циклонның қайталауы 45-55℅ дейін жетеді.
Жазықтың оңтүстігінде қыс қоңыржай жылы,солтүстігінде қоңыржай суық.
- Тұран жазығындағы атмосфера циркуляциясының үрдістері.
Тұран жазығының үстінде жүретін атмосфера циркуляциясының урдістері жылумен ылғалдың таралана әсеретіп, ауарайының анықтайтын манызды факторлардың бірі болып табылады.
Жазда аймаққа азор максимумының солтүстік шығыс тармағын, (1025 мб) қыста Азия (сібір) максимумының батыстарларға әсеретеді. (1030 мб) меридианальды бағытағы циркуляцияның Қыста солтүстік- батыстан және солтүстіктен ауа массалары енетіндіктен адвекциясының әсерінен аумақ біршама суынады. Суық фронтың енуінен күшті желдер тұрп қарлы боран болады. Батыстық еңдік бағыттағы церкуляция кезінде анти циклондық жүйелердін шығысқа қарай ығысуы байқалып төменгі қысымды жылға тұзіледі.
Ендік бағыттағы циркуляция кезінде Тұран жазығының аумағында жауын – шашынның жетіспеуінен, температураның көтерілуі байқалады. Қиыр оңтүстік батыс бөліктен азор максимумының шығыс тариағынан жылы ауа массалары енеді суық ауа массалары солтүстікке қарай ығысып температураның көтерілуі байқалады. Желдін соғылуына церкуляция ұрдісімен тығыз байланысты.
Батыстан шығысқа қарай қысымның артуына байланысты жел шығыстан батысқа бағытталып соғады. Оның айлық орташа жылдамдығы 4-8 мин дейін жетеді. Тұран ойпатында жауын-шашынның таралуына атмосфера церкуляциясы тікелей әсер етеді.
Полярлық фронттын Иран тармағы Тәжікстанмен Түркменстанның, Ауғаныстанмен шекарасында орналасқанымен озінің негізгі жолынан ауытқып, тұран ойпатының оңтүстік бөлігіне таралатындықтан суық және жылы ауа массаларының араласуына байланысты жауын-шашын түзіледі. Қыстын соңында Азия максимумы әлсіреуне байланысты жазыққа солтүстіктен арктикалық суық ауа ағыны енедіде суық ашық ауарайы қалыптасады.Каспий теңізінің солтүстік-батыс бөлігінен ылғалды жылы ауа еңгенде бұқлтты жауын-шашынды ауарайы қалыптасады. Тұранның солтістік бөлігінде қыста жауын шашын қар түрінде түседі. Оңын қалындағы 20 сантиметрден Арал теңізінің еңдігінде 10 сантимертге дейін кемиді.
Оңтүстігінде жауын-шашын сұйық күйінде түседі. Катты түрінде түсетін жауын-шашынның мөлшері солтүстігінде 61 мм оңтүстігінде 1 мм дейін кемиді.
Көктемде теріс және оң радиациялық баланстың бір-бірімен алмасатын кезеңінде ауа –райының режимі жылдам өзгереді. Оңтүстігінде ақпанның екінші жартысында біртіндеп солтүстікке қарай тарала бастайды. Бұл кезенде ауа мен топырақтың температурасы жылдам көтерілуі байқалады Полярлық фронттың Иран тармағы солтүстікке қарай ығысады оның бойында салқын қоныржай және жылы тропиктік ауа массалары бірбірімен араласқанда қалыптасқан қарқынды циклогенез үрдісі жүріп жауын-шашынды ауа-райы қалыптасады.
Жазғы бұлтылық шамалы әрі биік қатпарлы болатындықтан күн сәулесін ұстап тұра алмайды.
Тұран жазығы.
Географиялық орны. Тұран – Қазақстанның оңтүстігін батысынан шығысына дейін созылып жатқан кең жазық. Оған Манғыстау, Үстірт, Торғай үстірті, Арал маңы, Сырдария бойы Қызылқұм, Бетпақдала, Мойынқұм, Балқаш Алакөл аймағы түгел кіреді. Жер бедері мен оның пайда болу тарихы жағынан біркелкі емес.
Жер бедері мен геологиялық құрылысы.Аймақтың негізгі тұғырын палеозойда қалыптасқан эпигерциндік платформалық құрылым-Тұран тақтасы құрайды. Оның жер бедері мен топырақ жамылғысы палеогендік карбонаты терриген жыныстарымен неоген –антропоген дәуірлерінің құмды,малта тасты моласса үгінділерінен түзілген.
Манғыстаудың аласа таулы өлкесі мезозой дәуірінде пермь-триас құмтастары мен әктастарынан,тағы басқа жыныстардың қосындыларынан түзілген. Ең биік тауы-биіктігі 350-450 м, ұзындығы 130 км болатын Қаратау. Оның ең биік нүктесі Бесшоқы (556м). Қаратау беткейлері шатқалдарымен, жыралармен тілімделген толқынды қырат түрінде көрінеді.Тау жотасы ғана тік, жалаңаш, жартасты. Қаратаумен қатарласа оның солтүстігі мен оңтүстігінде солтүстікжәне оңтүстік Ақтау созылып жатады.Олар жоғарғы бор дәуірінің әктасынан тұрады.Ақтау деп аталуы да осыдан.Биіктігі 300 м шамасында.
Ақтаудан оңтүстікке қарай қыратты жартылай шөлді дала басталады. Ол түгелдей ұлу тасты-олитті әктастардан, Каспий жағасына таяу беті саз балшықтарынан түзілген. Олардың астында пермь-триас және одан да ежелгі дәуірлердің қатпарлығы жатыр (терендігі 2-3 км).Олардан төмен теңіз денгейінен аласа бірнеше тұйық қазаншұнқырлар ұшырасады. Олардың ең үлкені-Қарақиа ойысы теңіз денгейінен 132 м төмен орналасқан.Маңғыстау түбегіндегі суларының көбі өте ащы, тіпті тұзды (минералдылығы 10-200 г/л) болып келеді. Маңғыстаудан Арал теңізіне дейін Үстірт қыратты жазығы жатыр. Оның биіктігі 200-300 м. Аудан 170 мың км². Ұзындығы 600 км, ені 300-400 км. Үстірттің Қазақстанға батыс бөлігі ғана кіреді. Үстірттің жер бедері тегіс, ұлутасты-оолиттік әктасы мен тұзды мергель және саз араласқан ашық түсті әктастан түзілген. Әр жерінде көлді ойысты қазаншұңқырлар кездеседі. Олар құрғап,айналасынқұм (Сам, Асмантай-матай құмдары) басқан. Мұнда да өзендер жоқ.
Торғай үстірті Сарыарқа (Қазақстанның қатпарлы өлкесі) мен Мұғалжар аралығына орналасқан. Орташа биіктігі 200-300 м. Оның орталық бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла жатқан кең ойыс бар.Оны Торғай қолаты деп атайды.Бұл кайназойда Батыс Сібір теңізін Торғай теңізімен жалғастырып тұрған бұғаз болған.
Ойыстың батыс және шығыс беттері едәуір тілімделген жазық.
Үстірт негізінен,теңіз шөгінділері мен континенттік жыныстардан тұрады.Олардың қалындығы 5000 м-ге жетеді.Қазіргі жер бедері саздақты құмды жыныстардан құралған.
Арал теңізі маңында ірі құмды аймақтар бар. Арал теңізі мен Шалқар көлі аралығында жатқан Арал маңы қарақұмы биіктігі 100 м,
Бұйраты төбелі жазық болып табылады. Бұл құм жасы жағынан басқа құмдарға қарағанда салыстырмалы түрде ежелгі ішін аражел әрекетінен өзгерген. Арал теңізінің солтүстігінде орналасқан үлкен және Кіші Борсық құмдары жер бедері жағынан Арал маңы Қарақұмына ұқсайды. Олар неогеннің құм шөгінділерінен құралған. Сырдария аңғары мен Арал теңізіне қарай көлбеу жатқан жазықты Сырдария аллювилі жазығы деп атайды. Ол құмтасты және сазды,кей жерлерінде құмды шөгінділерден тұрады.
Қызылқұм. Орта Азияның ең үлкен құмды шөлі Қызылқұмның Қазақстанға солтүстік бөлігі кіреді.Ол эолды,ішінара аллювийлік палеогеннің құмдарынан құралған.Жер беті құм төбелі, қырқалы боп келеді де,кен сайлармен кезектесіп отырады.
Мойынқұм-Шу мен Сарысу өзендерінің төменгі ағысында жатқан құмды жазық. Ол оңтүстіктен солтүстікке қарай еңіс жатыр.Биіктігі оңтүстікте 500-600 м, орталық бөлігі-400 м, солтүстігі-300 м. Аллювийлі, эолды құмдардан құралған.
Ал Сарысу өзені мен Балқаш көлінің аралығындағы үстіртті шөл Бетпақдала деп аталады. Орташа биіктігі 300 м. Көтеріңкі келген оңтүстік және шығыс бөліктерінде биіктігі 700 м, ең биік жері – Желтау жотасы 974 м-ге жетеді. Жер бедеріне қарай оңтүстік – батыс және солтүстік- шығыс болып екіге бөлінеді. Оңтүстік – батыс бөлігінің беті тілімделген тегіс жазықтық. Ол құмтас,саз және құм араласқан теңіз бен континенттің палеоген шөгінділерінен құралған. Солтүстік-шығыс бөлігі қыратты келеді. Кей жерлерде мүжіліп аласарған,тау қалдықтары (Жамбыл, Байқара және т.б.) кездеседі. Бұл жер палеозои тақтатасынан,құмтас пен магма жыныстарынан, сұрғылт және қызыл граниттен тұрады.Бетпақдаланың бұлт бөлігінің Сарыарқаға ұқсастықтары бар.
Балқаш-Алакөл қазаншұңқыры Балқаш көлінің оңтүстік жағалауы мен Алакөл көлдері тобын, Жоңғар Алатауы мен солтүстік Тянь-Шань жоталарынан аралығындағы құмды жазықты қамтиды. Қазаншұңқыр геологиялық құрылысы мен жер бедері жағынан Мойынқұмға ұқсас. Бұл да неоген дәуірінің аллювийлі, эолды құмды шөгінділерінен құралған. Ол өзен аңғарлары бөліп жатқан бірнеше жалды құмды массивтерден тұрады.
Климаты. Климаты жағынан Тұран жазығы құрғақ континентті өлкеге жатады. Жазы ыстық, қысы суық. Қаңтардың орташа температурасы солтүстікте -18°С, оңтүстікте -5°С. Қыста бұл аймаққа артктикалық ауа массасы мен Сібірдің суық ауасы жиі кіреді. Бұл кезде ауа температурасы -30°-40°С-қа жетеді, шілденің орташа температурасы солтүстікте +22°С,оңтүстікте+29°С. Аңызақ желдер жиі соғады.Көктем мен күз ылғалдырақ келеді. Жалпы жауын –шашын мөлшері аздау, жылдық мөлшері 80-100 мм. Климаттыңқуаншылығы Тұран жазығының шөл, шөлейтті табиғатымен тығыз байланысты.
Өзендері мен көлдері.Тұран жазығында өзен жүйесі нашар дамыған. Сырдария өзені басын Қазақстаннан тысқары жерден алады да, жолшыбай суын Орта Азияреспубликаларының шексіз мақта плантациаларына тартып алынып, Арал теңізіне мардымсыз су барады. Сырдария кейінгі жылдары теңізге жетпей қалып жүр.
Шу мен Талас өзендерінің жағдайы да осыған ұқсас оларда Қазақстан жеріне талмаусырап жетіп (суының көп мөлшерін Қырғыстан елі бөгеп алады), Мойынқұм мен Бетпақдаланың қажетін өтей алмай отыр. Торғай үстіртінің өзендері Торғай, Ырғыз, Жыланшық жазда қарасуларға,ұсақ көлдерге бөлініп тартылып қалады. Бұл өлкеде Обаған, Шалқар, Шалқартеңіз, Алакөл, Қопа сияқты көлдер бар. Бірақ олардың көбі тұзды. Жетісу өзендері- Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек қана тұщы. Бірақ олардың да жылдық ағыны жылдан-жылға кемуде.
Тұран жазығы өзендері суының азаюы Арал теңізі мен Балқаш көлінің экологиялық жағдайын шиеленістіруде. Арал теңізі тартыла бастады. Балқаштың деңгейі де төмендеуде. Тұран жазығының су проблемасын шешуде жер асты суларының маңызы үлкен. Мұнда еспе су 20-50 м терендікте ғана жатыр. Ал, артезиан суы одан тереңдеу қабаттарда. Шөлді аймақтарда ауыз су да,шаруашылық үшін қажетті су да жер астынан өндіріледі.
Арал теңізі.
Арал теңізі-жас Тұран тақтасының үстінде орналасқан көл. Геологиялық тарихына қарағанда, Каспий теңізінен едәуір жас. Неоген дәуірінің аяғында құрғақ тектоникалық ойыс түрінде пайда болған.Антропогеннің аяғында алғашқы рет суға толған. Сол кезде Амударияның ескі арнасы арқылы бірнеше рет Каспий теңізімен жалғасып, үзіліп отырған. Сөйтіп қазіргі Арал теңізінің жасы 8-10 мың жыл шамасында.
Арал теңізі суының көлемі жағынан Қазақстанда ,тіпті бүкіл ТМД елдерінде екінші,ал дүние жүзінде төртінші (Каспий,Солтүстік Америкадағы Жоғарғы көл, Африкадағы Виктория көлінен кейін)орын алатын көл. Қазақстан мен (Қызылорда, Ақтөбе обылыстары) Өзбекстан елдері арасында, Үстірттің солтүстік-шығыс шетінде орналасқан. 1961 жылға дейін Арал теңізі мұхит денгейінен 53 м биіктікте жатқан. Ауданы 66 мың км², суының көлемі 1064 км³ болатын. Ұзындығы 428 км,ені 235 км еді.Теңіз суы антропогендік әрекеттің нәтижесінде, шаруашылық мақсатына үздіксіз суды пайдалану барысында 2002 жылы теңіз деңгейі 20 м төмендеді. Өйткені теңізге құятын басты өзендер –Сырдария 1974 жылдан және Амудария 1982 жылдан мүлдем сарқылды.Арал теңізінде ірілі –ұсақты 1100 аралдар тобы болатың, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылып кетті. Кезіндегі ең ірілері: Көкарал, Барсакелмес аралдары келмеске кетті. Ұзақ уақыт аралында КСРО-ның бактериологиялық қаруын сынау алаңы болған.
Арал теңізінің Қазақстанға қарайтын бөлігінің жағалауы әр түрлі.Батысы Үстіртке тірелетің жағалауы жарқабақты, биік (190 м) және аз тілімденген. Теңіздің Қазақстандық солтүстік жағалауы өзен-жылғалардың құрғақ аңғарлармен, ішке кіріп жатқан шығанақтармен тілімделген, Арал маңы Қарақұмы мен Үлкен, Кіші Борсық құмдарына жалғасады.Қалған бөлігінің жағасы ойпатты, құмды, жазық, ұсақ аралдар мен шығанақтардан тұрады.
Арал теңізі орналасқан өңірдің климаты шұғыл континентті, құрғақ, шілде айының орташа температурасы +24°+26°С, ең жоғарғы температура +45°С. Қаңтар айының орташа температурасы оңтүстік батыста -6°-8°С, солтүстік және солтүстік-шығыста -11°-12°С, төменгі температура -38°С. Қыста теңіздің солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігі қатып жатады. Жылдық жауын-шашын оңтүстік-батыста 100 мм, солтүстік шығыста 125-130 мм.
Арал теңізінің тұздылығы табиғи жағдайда 9-11% болатын. Соңғы 40 жылда суармалы жер ұлғайды, Шардара, Арнасай, Сарықамыс бөгендері пайда болды. Соған байланысты теңіздің тұздылығы 35%-ге жетті.
Теңіз суының түсі қара көк, мөлдірлігі 25м. Теңіз суы тұнық. Арал теңізінде органикалық дүние Каспий теңізіне қарағанда әлқайда кедей. Теңізде балықтың 20-дай түрі бар. Кәсіпшілігі жөнінен неғұрлым құндылары: бекіре, сазан, қаяз, шабақ, ақмарқа ауланады. Жерсіндірілген балықтардан каспий шоқыры мен балтық салақасын атауға болады.
Қазақстан мен Өзбекстанның мақта және күріш егістігіне өзендердің суын қарқынды пайдалану себебінен Арал теңізінің денгейі едәуір төмендеді. Алып жатқан ауданы 40 мың км²-ге кеміді. Теңіз Үлкен Арал және Кіші Арал болып екіге бөлінеді. Теңіз жағалауы 100-150 км – дей шегінді.Теңіз түбі сор,сортанға айналуда. Тартылған теңіз жағалауын тұз бен құм жауып жатыр.
Арал теңізінің тартылуына байланысты экологиалық жағдай асқына түсуде, егістік жерлер мен мал жайылымдарын құм мен тұз басып пайдаланудан қалды. Бұл жерлерде 1950-1990 жылдар арасында шаңды дауылдардың жиілігі 60 есе көбейді. Кеуіп кеткен теңіз түбінен жылына 200 млн тонна көтерілген улы-тұзды шаң-тзаң ауаға таралады. Егістік жер мен жайылымдарды уландырды, біраз жерді сортанға айналдырды.Табиғи ортаны азып-тозуы жергілікті халықтың денсаулығына біраз зардабын тигізіп отыр. 1994 жылы Орта Азия мемлекеттері Аралды құтқару қорын ұйымдастырды. Қазақстанның «Байқоңыр» аэроғарыштық экологиялық аймағының басшылығымен бірінші рет «Арал өңірінің экологиялық картасы» жасалды (1992).1998 жылы Амстердамда 22 мемлекет қатысқан «Қоршаған орта және балалар» проблемасына арналған Халықаралық конгресте Арал балаларының денсаулығы мәселелері қаралды.
Арал теңізі туралы күн тәртібінде тұрған мәселенің бірі-егістерді суландыруға жұмсалатын суды үнемдеу. Тұздың ұшуын азайтатын, топырақты бекітетін өсімдіктер егу, бірыңғай мақтадан басқа да мәдени дақылдарды өсіру,жергілікті халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері де өткір қойылып отыр.
2.2. Ішкі сулары, топырағы
2.2.1. Торғай үстірті.
Торғай үстірті оңтүстік Орал мен Мұғалжардың шығысында Сарыарқаның батыс бөлігімен шектеседі. Ол палезой іргетасы жер бетіне жақын жатқан эпигерциндік платформаның шеткі бөлігі болып табылады. Тектоникалық тұрғыдан Батыс Сібір мен Тұран плиталарын бір – бірімен жалғастыратын Торғай синиклизасы күрделендіреді. Оның ені 40-50 шақырымнан аспайды. Солтүстіктен оңтүстікке меридианальды бағытта созылып жатыр. Оңтүстігінде кеңейіп біртіндеп Торғай ойысына ұласады. Торғай қолатының абсалюттік биіктігі 100-125 метр аралығында ауытқиды. Қолаттағы обаған, Торғай өзендерінің алабында құсмұрын шошқалы сияқты көптеген көлдер жүйесі бар. Қолаттың табаны ежелгі алювиальды және көлдік алювиальды шөгінділерден тұрады. Торғай қолатының батысы мен шығысында абсалют биіктік біртіндеп 200 кейде 300 метрге дейін көтеріледі. Торғай үстіртінің іргетасының бетін көлденең түзу қабаттасып жатқан палеогеннің теңіздік тұзды – сазды және неогеннің көлдік – албвиальды құмды шөгінділері жауып жатыр.
Торғай үстіртінің солтүстік бөлігі нашар тілімделгендіктен аласа төбелі жонды, саяз көлді ойыстар мен төбесі текшелі дөңдер тән. Үстірттің дөңесті қалдық төбелерінің араларын бөліп жатқан ежелгі ескі өзен арналары болып табылатын сайлар мен жыралар тобымен тілімделген. Тегістелген ойыстарында тұзды көлдер мен сорлар пайда болған.
Торғай үстіртінің Атлант мұхитынан алыс жатуына байланысты климат шұғыл континентті. Қысы суық әрі қатал, жазы ыстық, көктем мен күзі қысқа температураның тәуліктік және жылдық ауытқу амплетудасы жоғары. Жауын – шашынның орташа мөлшері солтүстігінде 300-350мм, оңтүстігінде 200-250мм аралығында ауытқиды. Температураның солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп артуына орай жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері кеміп булану артады. 50° с.е. аралығында қыста Азия антициклонының батыс тармағы өтетіндіктен қыста температура күрт төмендеп ашық аязды күндер қалыптасады. Осыған орай қаңтардың орташа температурасы – 17 — 18°С кей күндері температура – 30 — 40°С төмендейді. Жазда температура + 20…+24°С дейін +35°С дейін көтеріледі. Жазда Торғай үстіртіне Орта Азиялық тропиктік ауа массалары енгенде ыстық құрғақ ашық ауа райы қалыптасады. Жазда жауын – шашын қоңыржай және тропиктік ауа массаларының аралығында қалыптасатын полярлық фронтық әсерінен түзіледі. Сәуір мен қазан аралығындағы жылы кезеңде 200-2500мм дейін жауын – шашын түседі. [2;3]
Жаздың екінші жартысында ашық ыстық антиарттикалық ауа массалары енгенде үсік жүреді. 10°С жоғары жылы кезең 110-120 күнге дейін созылады. 10°С жоғары температураның жиынтығы 2200-3000. Торғай үстіртіндегі температура жағдайы жаздық бидайдың қатты сортын, тарыны, арпаны, зығыр мен күнбағысты өсіруге қолайлы. Торғай үстіртінің тобыл ырғыз өзендерінің алабына жатады. Еріген қар жаңбыр суымен қоректенеді. Ылғалдық жетіспеуіне байланысты өзендер аз сулы болып келеді. Ағынының 80-90% көктемде ағып өтетіндіктен жазда көпшілігі кеуіп қалады. Тасыған кезде өзен сулары минералдық құрамы жағынан гидро корбанатты – кальцитінде жатса, ағыны азайған сайын құрамындағы минералдары артып хлоридті – натрилі ащы – тұздыға айналады. Өзендері кеме қатынасына қолайсыз болғанымен ауыз суымен қамтамасыз етуде маңызы зор.
Өзендері мен көлдері негізінен көктемгі еріген қар жаңбыр суларының есебінен қоректенеді. Жазда олардың деңгейлері күрт төмен түседі. Көлдердің деңгейлерінің ауытқуы жауын – шашынның мөлшерінің ауытқуларымен тығыз байланысты.
Торғай үстіртінде жарық шақты және қабат аралық жерасты сулары кең тараған. Жарық шақты сулар палеозой эрасының тау жыныстарындағы тектоникалық жарық шақтарда шоғырланған. Судың мол қоры гранитцидтар мен әктастардағы дарықтарда кездеседі. Әсіресе жоғарғы девонның кремниленген әктасты жыныстарында жарық шақты — карстлы жерасты суы кең тараған. Олардың қоректенуі көктемгі еріген қар суының тау жыныстарына сіңуінің есебінен жүреді. Негізінен пайдалануға жарайтын тұщы сулар басым. Қиыршық тасты жыныстардан өткенде олар тұздануы да мүмкін.
Қабат аралық сулар палеоген, неоген және төрттік дәуірлерінің ысырынды шөгінділері басып жатқан ежелгі аңғарларда тараған. Олардың қоректенуі мен шығыны жарық шақты сулардыкімен бердей.
2.3.2. Маңғыстау таулы үстірті және Тауқыр.
Маңғыстау таулы үстірті және Тауқыр Тұран эпигерциндік платформасының шеткі аймағының қатпарлы негіздерінің көтерілуі нәтижесінде түзілген Мезокайназойдың жабын қабаты болып табылады. Қатпарлы негіздің тау жыныстары Маңғыстау таулы үстіртінің орталық бөлігі Қаратау мен оның оңтүстік шығысындағы Тауқыр жүйесіне кіретін Қызылқияда жер бетіне шығып жатыр. таулы үстірті ядросы жоғарғы пермь, тряс, юра дәуірлерінің тау жыныстарынан тұратын антиклинальды қатпарлы құрылым болып табылады. [2;3]
Қатпарлану аймағында көтерілулер мен төмен түсулер қатар жүруіне байланысты герцин көтерілуінің нәтижесінде түзілген Шығыс Қаратау, Батыс Қаратау және Қаратаушық таулары қатар жатыр. Олардың аралықтарын синклинорилер бөліп жатыр. Батыс Қаратаудың солтүстігі мен оңтүстігінде антиклинальдың қанаттарында түзілген бор дәуірінің жыныстарынан тұратын моноклинальды солтүстік және оңтүстік Ақтау жоталары орналасқан. Маңғыстау тауларының ең биік нүктесі Бесшоқы. Оның абсалюттік биіктігі 556 мерт.
Қаратау мен Ақтаудың аралықтарын бөліп жатқан тауаралық аңғарлар төменгі бордың саздары мен құм тастары жер бетіне шығып жатыр. Олар диаметрі 2 кей жерлерде 3 метрге дейін жететін шарлы құралымдар түзеді. Құмтастардың үгіліп, құрамындағы құмның бөлінуі нәтижесінде конкрециялар жер бетіне шығып үрленген шар тәрізді құрылымдар түзді.
Маңғыстау тауларының сыртында абсалют биіктігі 150-175 метрден аспайтын терең әрі тұйық сорлы ойыстар түзетін әктасты үстірттер алып жатыр. Онда дүние жүзіндегі терең ойыстардың бірі Қарақия (- 132м) орналасқан. Маңғыстау тауларының оңтүстігінде Жетібай, Өзен кен орындарында мұнай мен газ табылған. Маңғыстау тауларының солтүстігі біртіндеп бозащы мойпатты түбегіне ұласады. Онда да мұнай мен газдың мол қоры бар.
Маңғыстау таулыүстірті солтүстік шөл зонасына жатады. Оның біршама бөлігін сазды, сортаң, тасты және құмды шөлдер алып жатыр. Түбектің солтүстік бөлігін жусанды сазды шөлдер алып жатыр. Өсімдік жамылғысында жусанның солтүстік Тұран түрлері мен сортаң шөптер, бұйырғын мен бпялыштар басым болып келеді. Оңтүстік бөлігінде сазды шөлдермен үйлесіп отыратын сортаң шөлдер басым. Олардың аралығында өсімдіктер жамылғысы жоқ Қарақия, Қауынды қырлы жарық ойстары бар. Негізгі өсімдіктері сортаң тұзды топырақта өсуге бейімделген сары сазан, сортаң шөп. Маңғыстау тауларының басым бөлігін тасты субстратта қалыптасқан тасты шөлдер алшып жатыр. Онда биіктік белдеуліліктің заңдылықтары да байқалады. Біршама биік бөлігі Бесшоқы маңында шөлдер біртіндеп шөлейтке ұласады. Тауқыр жүйесі өзінің құрылысы жағынан Маңғыстау тауларына ұқсас. Онда антиклинальды ірге тасының негізі ортапалеозойдың, пери мен триастың тау жыныстарынан тұратын қатпарлы құрылым болып табылады. Маңғыстау тауынан айырмашылығы қатпарлы солтүстік шығыс тармағы палеоген мен неогеннің сазды жыныстарынан құралған.
Торғайдың далалы және шөлейтті жазығы.
Торғай жазығы батыста – Мұғалжар мен Оңтүстік Урал және шығыста Қазақтың ұсақ шоқылығы арасында орналасқан. Солтүстікте жазық Батыс Сібір жазығымен, ал оңтүстікте Тұран ойпатымен ұласып жатыр. Торғай жазығы – аса көлемді Тұран және Батыс Сібір ойпаттарына қарағанда көтеріңкі жазық. Жалпы алғанда тегіс алқаптың аясында беткейлері тік, қысқа, жайпақ төбелі қалдық таулар – «сандық таулар» айрықша көзге түседі, сол қалдық таулардың арасында түбі кең, жайпақ құрғақ аңғарлар созылып жатыр, үлкен тегіс учаскелерге барып тірелетін текшелер де жиі кездеседі. Жаз кезінде өсімдік қурап кетеді, жазық ашық, құқыл сарғыш, қоңырқай реңге енеді. Рельефінің текшелілігі жақсы байқалады.
Торғай жазығының бүгінгі бейнесі, оның көптеген құрғақ аңғарлар мен қолаттары, толып жатқан үзік – үзік сандық таулары бар шайынды жер беті қазіргі климаттың жағдайларына сәйкес келмейді, қайта қалдық түзілім түрінде көрінеді. Торғай жазығы бетінің шайылуы төрттік дәуірде, артық ылғалдылық пен Батыс Сібір жазығы жағынан, солтүстіктен келетін еріген мұздық суларының мүмкін болған ағысы кезеңінде болған. Міне, сол кезде Торғай жазығының бетін тілімдеген аңғарлар жүйесінің тарамдалуы болды. Алайда үзік – үзік сандық таулар ландшафтысының қалыптасуы жызықтықтың эрозиялық тілімделуінің үштік жыныстардың горизонталь жатқан қабаттарының шайылуымен бірге жүргендігімен түсіндіріледі. Торғай жазығы аумағындағы қатпарлы палеозой фундаменті төмен түскен алқапты Арал – Торғай ойысы алып жатыр.
Торғай жазығының оңтүстік бөлігінде бетегелі – жусанды шөлейт, ал солтүстігінде бозды – бетегелі алқап басым. Жазық, әрі тұзды болып келуінің салдарынан бүкіл территорияда галофиттер кең тараған. Оңтүстік бөлігінде жусан – ақ, қара және боз жусан өте көп. Бұл бөліктегі сортаңдар территорияның жартысына жуығын алып жатыр. Бұларда сораң шөптер – көкпек, бұйырғын және басқалар басым. Солтүстігінде Лессингтің бетегесі, сарептский, көптеп ақ жусан, бидайық кездеседі.
Маңғыстаудың аласа таулы шөлі
Маңғыстау түбегі Каспий теңізінің шығыс жағасының аумақты тұмсығы болып табылады. Орталық бөлігі – Маңғыстау – бір ғана антиклинальды қатпарлықтан құралған шағын таулы үстірт; оның шығыстан солтүстік – батысқа қарай созылып жатқан оң қанаты қосымша қатпарлықпен күрделене түскен. Таулы қырат жоталардың жай ғана жүйесінен тұрады: орталығында Қаратау жотасы созылып жатыр, ал Қаратауды бойлап солтүстіктен және оңтүстіктен Ақтаудың Солтүстік және Оңтүстік жоталары созылып жатыр.
Қаратау жотасының үсті ені 3-9км, кей жерлерінде қалдық шоқылары сақталған, толқындалып жатқан үстірт тәрізді болып келеді. Үстірт толып жатқан тік, кейде шаншылған тік беткейлі жыра – сайлармен тілімделген. Қаратаудың оңтүстік беткейіне параллель оңтүстік Ақтау – батыс пен солтүстікке қарай шұғыл бұрылыс жасайтын енсіз жота созылып жатыр; оны жыра – сайлар тіке кесіп өтеді.
Солтүстік Ақтау Қаратаудан солтүстікке қарай созылып жатыр; Оңтүстік Ақтау сияқты мүның да кейбір жерлерін жыралар тіке кесіп өтеді. Жотаның үсті жон тәрізді, беткейлері тік; солтүстік беткейі жайпақтау келеді, оңтүстігіне қарағанда көбітек тілімделген. Оңтүстік беткейі тым тік, ұсақ жыралар ғана кесіп өтеді, ал солтүстік беткейі терең жыралар жал – жал етіп бөліп тастаған. Солтүстік Ақтаудың беткейлерінде желдің әсерінен пайда болған неше түрлі қызық пішіндер – бағаналар, үңгірлер мен қуыстар жиі кездеседі.
Маңғыстау түбегінің рельефі жыныстардың геологиялық құрылысы және петрографиялық құрамымен тығыз байланысты. Маңғыстау антиклиналының ядросында тік қатпарларға жиналған триастын шөгінділері жатыр. Осылардан орталық жота – Қаратау құрылған. Антиклинальдың қанаттары юра және бор жыныстарынан түзілген, онда да юра құмтасты – сазды жыныстар, ал бор қатты, тығыз ізбес тастар түрінде болған. Бор жасындағы ізбес тастар антиклинальдың қанаттарына ойысып, жоталар – Оңтүстік және Солтүстік Ақтауды құрады, ал оңай бұзылғыш құмтасты – сазды юра шөгінділері рельефтің ойыс формаларын – Ақтау мен Қаратау жоталары арасындағы «аңғарларды» құрайды.
Маңғыстауда құрылымы өте нашар, көбінесе түйіршігі ірі, сұр топырақ дамыған. Өсімдік жамылғысында жусан басым, рельефтің ояңдарында сораңдар кездеседі. Маңғыстаудан солтүстікке қарай каспийлік төрттік шөгінділерінен құралған Бозашы түбегінің кең, аласа және тегіс алқабы орналасқан. Түбектің беті қыраңды, сәл толқындалған, солтүстікке қарай біртіндеп аласаратын жазық болып келеді.
Үстірттің шөлді жотасы
Маңғыстаудың түбегі мен Қарабұғаз шығанағынан шығысқа қарай ауданы 200000 км²-ге жуық кең байтақ Үстірт үстірті созылып жатыр. Үстірт барлық жағы дерлік кемерлермен – шыңқылармен бөлінген, ал шығыс жары көп жерінде Арал теңізінің батыс жар қабағын құрайды. Жонның біркелкі жер беті кей тұста ендік немесе меридиан бағытында созылып жатқан толқынды көтерілулермен бұзылады. Бұл жалпақ көтерілімдер арасында ояңдар орналасқан. Мысалы, үстірттің солтүстігінде ендік бойымен Солтүстік Үстірт қырқасы солтүстік шыңқыны бойлай созылып жатыр. Оның абсолюттік биіктігі 200-210м-ге жетеді. Оңтүстікке қарай бұл қырқа жазаңдалып аласарады. Қырқаның өркештері ояң учаскелермен салыстырғанда 25-40м биік болады. Қырқалардың оңтүстігінде Солтүстік Үстірт иіні орналасқан, ол солтүстік қырқаны орталық Үстірт көтерілімінен бөліп тұрады. Осы қазаншұңқырдың бойында Қосбұлақ, Асмантай, Матай, Сам және басқа да сорлар тізбегі бар.
Биіктігі 240 м-ге жететін әжептәуір қырқа Арал теңізінің батыс жағалауын бойлай созылып жатыр. Арал теңізінің оңтүстік – батысына қарай кең ойыс орналасқан, Барсакелместің соры сонда.
Үстірт үстіртінің солтүстік шыңқысы Қайдақ сорынан басталып, оңтүстікке қарайй терең, көбінесе ұзын жыралармен тілімделген ирелеңді тік кемер жасап созылады. Кей жерлерде Үстірттен оқшау үстірттер бөліп шығады. Шығыста шыңқы Шеген өзенінің сағасына қарай созылып барады да, Үлкен Борсық құмдарына жетпей жоғалып кетеді.
Үстірт құрылымы – тектоникасы жағынан көне теңіздер мен көлдер басып жатқан ойыстармен қоршалған үштік таған тау болып есептеледі. Тік жыраларды – шыңқыларды – кей жерлерде үстірттің ежелгі жағалары деп те қарауға болады. Үстірттің шығыс шетінде террасалар табылды. Үстірттің кеңістігі тым құрғақ, жауын – шашынның жылдық мөлшері 100мм-ден аздап қана артады. Үстірттің топырағы солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгереді. Солтүстік, қыратты бөлігіне шөлейттің белгілері тән және көбінесе карбонатты қоңыр топырақпен жабылған. Оңтүстікке таман созылып жатқан «сор» алабының топырағы кеуек, жетілмеген, оны ішінара әр түрлі сұрғылт топыраққа ауысатын топырақ болып жатыр. Орталық және оңтүстік аудандар – сортаңдау гипсті қиыршық тастылау сұрғылт топырақ басқан шөл. Үстірт үстіртінде сораңқы және жусанды шөл тараған, онда жартылай бұта өсімдіктер көп те, бұта және ағаш өсімдіктері – қара сеуілдер өте аз. Микрорельеф өсімдіктердің таралуына тікелей әсер етеді.
Мойынқұм мен Сарыесік атырау шөл жазықтары
Тянь – Шань мен Жоңғар Алатауынан солтүстікке қарай, тау алдындағы жазықтан төмен үлкен құм алқаптары – Мойынқұм, Тайқұм және Сарыесік атырау орналасқан. Мойынқұм Қаратау мен Шу – Іле тауларының арасына жатыр, олар солтүстікте Шу өзенінің аңғарымен шектеседі. Тайқұм құмдары Шу – Іле таулары мен Іле өзені аңғары арасында, ал Сарыесік атырау шығысқа таман орналасқан және таулар мен Балқаш көлінің арасындағы өңірді алып жатыр. Бұл жазықтар шөл зонасының солтүстік аралық зонасын қамтиды.
Мойынқұм бірқатар текшелер жасай отырып, солтүстік бағытта ылдиланады. Шөл қырқалы – төбелі, ұсақ қырқалы және құм төбелі болып келеді. Мойынқұмның солтүстік шетімен Шу өзенінің аңғарына қарай сазды жазық жалғасады. Жазықтың бетін ендік бағытындағы толып жатқан ескі құрғақ арналар кесіп өтеді.
Мойынқұм Шу – талас ойысының аумағында орналасқан. Солтүстікке қарай платформаның қатпарлы палеозой фундаменті тұмсығының оңтүстік беткейінде үштік дәуірдің жыныстарынан құралған Бетпақдала жазығы орналасқан. Мойынқұмның шегінде қатпарлы палеозой фундаменті тағы да тереңдей түсті. Солтүстьік – батыс бөлігінде қатпарлы фундамент Шу өзенінің аңғарында жер бетіне шығады да, тас көмірлі ізбес тастар өзеннің арнасында сарқырамалар жасайды. Шу – Талас ойысы бордың саздақ қабатты және төрттік құмдарымен жабылған төменгі үштік жыныстарының қалың қабаттарымен толтырылған.
Мойынқұм құмдары бетін жел үріп, рельефтің эолдық формаларының комплексін жасаған ежелгі аллювийлік және флбвиогляциальдық шөгінді болып табылады. Құмның пайда болуы және жиналуы төрттік дәуіріндегі тауларды мұз басуымен байланысты. Сол кезеңде көптеген өзендер Тянь – Шаньның солтүстік жоталарынан ағып түсіп жатты. Олардың суы қазіргіге қарағанда өлшеусіз мол болды, әрі олар Талас пен Шу өзендеріне келіп құятын. Талас өзені Шу өзеніне құйды, Шу өзені Сарысу өзенімен қосылып, содан кейін Шу Сырдарияға барып құйды. Төрттік дәуірінен кейін өзендердің бұл жүйесі өзгерді де, өзендер торы біртіндеп қазіргі қалпына келді. Шу өзенінің қазіргі аңғары жақсы жасалған және беткейлерінде террасалар сериясы бар. Ағындарының азайып, өзендердің оңашалануына байланысты Шу – Талас ойысының толтырылуы жалғаса берді, оның үстіне өзендер шегіне келе, аңғардың ішінде бірқатар атыраулар қалдырып кетті. Балқаш маңындағы құмтасты шөлдер – Тайқұм, Сарыесік атырау мен Аяққұм – Мойынқұм секілді пайда болды. Балқаш маңындағы шөлдер ойысты – Балқаш – Аалакөл опырынды ойысын алып жатыр. Бұл ойыс Шу – Талас ойысынан Шу – Іле тауларын құрайтын қатпарлы палеозой фундаментінің біршама жіңішке мойнағы арқылы бөлінген. Балқаш – Алакөл опырынды ойысы да Шу – Талас ойысы сияқты және онымен бір кезеңде борпылдақ аллювий және флювиогляцаль жыныстарымен толтырылған.
Тянь – Шань және Жоңғар Алатауы жоталарының мұз басуы кезеңінде Балқаш көлі ерекше үлкен болған, Алакөл көлі соған қосылып жатқан. Мұз дәуірінен кейін көлдің көлемі күрт кішірейді, өйткені оның оңтүстік бөлігіндегі қазаншұңқыры шөгінділерге толып қалды, судың деңгейі төмендеп, көл бөліктерге – осы күнгі Балқаш көлі, Сасықкөл және Алакөлдерге бөлініп кетті.
Топырақ жамылғысында қоңыр топырақ мол. Олар өздерінің құрылысы мен құрамы жағынан сұр топыраққа жақын. Қоңыр топырақтың қара шірік қабаты қоңырқай реңді, әрі қуқыл түсті карбонат қабатымен алмасады. Қоңыр топырақтар жеңіл майда топырақты, минералды тұзға бай аналық жыныстарда түзіледі, бұл олардың құнарлылығын қамтамасыз етеді.
Өсімдік жамылғысы өте сирек, 50%-ке жетпейтін жерді жауып жатыр. Мұның өзі топырақтарды аласа өсімдіктердің – қынаның, балдырдың және мүктің өсуіне қолайлы жағдай туғызады. Өсімдіктердің құрамы рельеф пен грунтқа байланысты өзгеріп отырады. Интрозоналық өсімдіктер өзен аңғарларына тараған. Өзен жайылымдарын тоғайлар алып жатады.
Мойынқұм мен Балқаш маңы шөлдерінің жануарлар дүниесі құмтасты шөлдерге тән жануарлардан тұрады. Бұларда қарақұйрық, қарсақ, түлкі, қасқыр, көптеген кеміргіштер, бауырмен жорғалаушылар кездеседі.
2.3. Тұран жазығының табиғат зоналары мен провинциялары.
Тұран жазығының табиғат зоналары. Тұран жазығының қиыр солтүстігінен басқа бөліктері толығымен шөл зонасында орналасқан.
Торғай үстіртінің ені 100-150 шақырымнан аспайтын жіңішке алқабы ғана дала зонасына енеді. Дала зонасының ауданы 150 мың шаршы шақырым шөлейт зонасының ауданы 40-45 мың шаршы шақырым. [1]
Дала зонасы Торғай үстіртінің оңтүстік шеті мен Торғай қолатының Торғай өзенінің ендігіне дейінгі шағын жіңішке алқапты алып жатыр. Зонаның шегіндегі қаңтардың орташа температурасы -16…-18°С шілденікі +21…+23°С, жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері 300-500мм. Оның 70% жылдың жылы кезеңдерінде түседі. Торғай дөңесті – қалдық үстірті мен Торғай қолатының беткі қабатын палеогеннің гипсті және тұзды сазды шөгінділері оның үстін төрттік дәуірдің жұқа шөгінділері жауып жатыр. Судың нашар сіңуіне байланысты сортаңды далалық ландшафтлар кешені кең тараған. Олар әсіресе Торғай қолатында көп кездеседі. Олардың негізін бетегелі – тарлаулы, Жусанды – бетегелі өсімдіктер бірлестіктері құрайды.
Құмды сазды жыныстардағы күңгірт қызыл қоңыр топырақта Бетегелі – бозды дала өсімдіктері тараған. Олардың ішінде мезоксерофитті және ксерофитті әртүрлі шөптесін өсімдіктер де кездеседі. Құм шауыт және Құмды жерлерде далаға тән псамморфитті қызыл бетегелі әртүрлі шөптесін өсімдіктер бірлестігі тараған. Зонаның басым бөлігі жыртылған. Торғай қолатында құмды алқаптағы реликтілі Қарағайлы орманды қорғау мақсатында Наурызым қорығы ұйымдастырылған.
Шөлейт зонасы Торғай, Ырғыз өзендерінің орта және төменгі ағыстарын алып жатыр. Қаңтардың орташа температурасы -15…-16°С шілденікі +24…+25°С құрайды. Жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері 250-300мм. Зонаның аумағын дала зонасындағыдай палеоген мен төрттік дәуірлердің шөгінді жыныстарынан тұратын белесті – жонды, жонды жазықтар алып жатыр. Аумақтың басым бөлігін Сортаңды – сорлы жерлерде өсетін жусанды – сортаң шөпті галафитті өсімдіктер бірлестіктері құрайды. Сортаңды ашық қызыл – қоңыр топырақта ақ, сұр жусаннан, Лессинг бетегесінен тұратын жусанды – астық тұқымдас өсімдіктер өссе, сортаңды қоңыр топырақта Қаражусан, Құмшауыт топырақтарда жусандар мен бұйырғындар таралады. Шөл зонасы 48°С солтүстік ендіктен Тянь – Шань, Памир, Копетдаг тауларының етегіне дейін собтүстіктен оңтүстікке 1500 шақырымға созылып жатыр. Зона қоңыржай және субтропиктік климат белдеулерінің шегінде орналасқан.
Шөлге ылғалмен ылғалдың диспропорциясы құрғақ ыстық жаз бен суық қар аз түсетін қыс тән. Жазда құрғақ жауын – шашынсыз ауа райы басым болады. 0°С жоғары аязсыз күндердің саны 160-230 күнге дейін созылады. +10°С жоғары қарқынды температураның жиынтығы 3400-5600 жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері солтүстігінде 150-200мм, оңтүстігінде 100-150мм аспайды. Жауын – шашынның бір жыл ішіндегі таралуы Қоңыржай және субтропиктік белдеулерде әркелкі болуымен ерекшеленеді. Субтропиктік белдеуде қысы жұмсақ және қоңыржай жұмсақ әрі тұрақсыз қыста. Қаңтардың орташа температурасы — 4°Сдан +2…+4°С аралық тарында ауытқиды. Қоңыржай белдеуде қыс біршама тұрақты және ұзақ әрі салыстырмалы түрде суық. Қаңтардың орташа температурасы — 15°Стен 0°С аралығында ауытқиды. Жазғы температура субтропиктік шөлге қарағанда біршама төмен болады. Қоңыржай белдеуде + 26…+ 30°С субтропиктік белдеуде +30…+ 32°С. Климатының ерекшеліктеріне сай табиғат шөл табиғатындағы топырақ пен биокомпоненттерінің дамуында айырмашылықтар байқалады. Бұл солтүстік және оңтүстік зона тармақтарына бөлуге мүмкіндік береді. Кейбір ғалымдар Тұран ойпатының шөл зонасын Қоңыржай және субтропиктік белдеудің шөлдері деп екі бөлікке бөліп қарастырады. [2, 15]
1983 жылы жарық көрген КСРО – ның үлкен атласында Мильков пен Гвоздецкий Тұран жазығының қоңыржай және субтропиктік белдеулерінің шекарасын Қарабұғаз – Гол мен Қаратау жотасының солтүстік бөлігі арқылы жүргізеді. Жылу ресурстарының молдығымен ылғалдың жетіспеуіне байланысты шөлдің аумағындағы экологиялық жағдай климаттың зоналық ауысуына ғана емес, жердің беткі қабатын түзетін тау жыныстары субстраттық ылғалды сіңіргіштігі, Капиллярлығы, ауадағы аз ылғалды жұта білу қасиеттері айқындайды. Сондықтан субстраттық сипаты шөлдің аумақтық табиғат кешендерінің орналасуымен таралуында ерекше орын алады. Белгілі ғалымдар Г.И.Борщов, А.Ф.Мидендорф, А. Н.Краснов, Л.С.Берег Тұран жазығының шөлдерін құмды, сазды, тасты (қиыршық тасты) сортаң және Лессті деп бес топқа бөледі. Кейіннен 1934 жылы Е.Л.Коровин ботаникалық белгілеріне қарай эфемерлі, псаммофитті, гифсофитті және галофитті деп төрт топқа бөлді. Жоғарыда аталған екі топтастыруды бір – бірімен салыстыра отырып, субстраттың әрбір түріне үш немесе төрт түрлі өсімдіктер тобы басым болатыны айқындалды.
Лессті сазды шөлдерде – ксерофитті эфемерлі, құмды шөлдерде – псаммофитті, тасты шөлдерде – гипсофитті, сорлар мен сортаң шөлдерде – галафитті өсімдіктер бірлестіктері тарайды. Ұсақ түйіршікті Лессті жыныстардан тұратын жазықтарда (субстраттарда) оңтүстік зона тармағында эфемерлі және жусанды эфемерлі, солтүстік зона тармағында жусанды – сортаң шөпті, сортаң шөпті – жусанды шөлдер қалыптасады. Тұран жазығының аумағында басқа шөлдерде геоботаникалық провинция негіздегі өсімдіктер бірлестіктерінде аздаған ауытсулар болғанымен сол қалпында сақталады. Солтүстік зона тармағында болғанымен оңтүстік зона тармағында эфемерлер мен эфемеройдтар басым болады.
2.3.1. Лессті Эфемерлі шөлдер.
Батхиз Қарабел үстірті мен Мырза шөлдегі Лессті, Лессті – сазды және сазды жазықтарда эфемерлі шөлдер таралған. Шөлдің бұлтинының шегінде оңтүстік субтропиктік шөлге тән барлық белгілер сақталған. Эфемерлі шөлдер бір жыл ішінде жауын – шашынның біркелкі таралмауының нәтижесінде түзіледі. Жауын – шашын мол түсетін наурыз – сәуір айларында жіңішке жапырақтың қоңырбастың, көкнәрдің, жауқазынның сарғалдақтардың жиі өскен шүйгін шөпті кілемі жабады. Бұл кезеңде температура + 10…+18°С аралығында ауытқитындықтан булану онша жоғары емес. Жауған жауын – шашын суы топырақтың беткі қабатына сіңіп жақсы ылғалдандырады. Топырақтың бетіндегі жеңіл еритін тұздар мен корбинаттар сілтісізденіп немесе шайылып кетеді. Жоғарыда талған сазды, Лессті сазды шөлдерде сұр топырақ қалыптасады. Өсімдіктердің өсіп өнуі жақсы байқалатын көктемде шөл жануарларының да қарқындылығымен артады. Көптеген кемрушілер мен тасбақалар қарқынды тіршілік әрекетіне көшеді. Жыл құстары ұшып келеді. Эфемерлі шөлдерге тән жануарлардың қатарына сарысұртышқан, дала тасбақасы, Эверсманның құмтышқаны, дикобраз әртүрлі кесірткелер мен жыландар термиттер мен қоңыздардың жекелеген түрлері жатады. Эфемерлі шөлдердің көктемгі қарқындылығы 2-2,5 айдан аспайтын қысқа болады. Мамырда жауын – шашын тоқтайтындықтан эфемерлер мен эфемеройдтар күн қызуының артуына байланысты қурап қалады. Жауын – шашынның 95-98% көктемде түсетіндіктен жазда топырақ қатып қалады. Кейбір эфемерлер мен эфемеройдтар күзгі жаңбырдан соң қайта өсіп өне бастайды.
2.3.2. Сазды – Жусанды және Сортаң шөпті – жусанды шөлдер.
Солтүстік зона тармағына тән шөлдердің қатарына жатады. Олар үстіртте, Арал маңының солтүстік бөлігі мен Бетпақдалада таралған. Онда оңтүстік тармағындағыдай көктемгі жауын – шашынды кезең айқын байқалмайды. Маусым мен қыркүйек аралығындағы жылы кезеңде айына 10-15 милимертден жауын – шашынның біркелкі таралуы оңтүстік шөлге қарағанда буланудың біршама аз болуымен температураның аздап төмен болуы вегатациялық кезеңде топырақта аздаған мөлшерде ылғалдың сақталуы өсімдіктердің өсіп — өнуіне қолайлы жағдайлар тудырады. Саздан жусанды, сортаң шөпті – жусанды шөлдерге жусан, бұйырғын көкпек байалыш итсигек сияқты құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер тән. Онда жусандар басым болғандықтан жиырмадан астам түрі өседі. Камфосма және алабота тұқымдас өсімдіктерде кездеседі. Қар еріген кезде температура төмен болып топырақтың беті қызып үлгермейтіндіктен эфемерлер мен эфемеройдтар аз болады. Жауын – шашынның аздығы топырақтың қимасында карбонаттардың мөлшерінің шамалы болуына қарамастан беткі қабатының шайылуына, жылдам қозғалатын суда жақсы еритін тұздардан арылуына онша әсер етпейді. Сазды шөлдерде аз карбонатты қоңыр – сұр топырақ басым болады. Суды нашар өткізуі мен капиллярлығының жоғары болуы топырақ қабаттарының тұзданып, сортаңдар мен сорлардың дамуына қолайды жағдай тудырады. Бұл шөлге тән басты ерекшелік топырақ — өсімдік жамылғысының бір – бірінен айқын байқалатын кешенділігінде.
Сазды шөлдерге тән жануарлардың қатарына жылдам жүгіретін бөкен, қарақұйрық сияқты тұяқты жануарлар мен кеміруші тышқандар басым болады. Құстардан бұлдырық, қырғи, баурымен жорғалаушылардан тақыр және торлы дөңгелекбас кесіртке кең тараған.
2.3.3. Құмды псаммофитті шөлдер.
Құмды шөлдер Тұран жазығының басым бөлігін алып жатыр. Оған Қарақұм, Қызылқұмның басым бөлігі, Арал маңы Қарақұмы, Үлкен және Кіші борсыққұм, Мойынқұм кіреді. Құмды шөлдердің өсімдіктер жамылғысында эндемиктердің үлесі үлкен роль атқарады. Өсімдіктер жамылғысының таралуы мен дамуына субстраттың қозғалғыштығымен басқа шөлдерге қарағанда ылғалды жақсы ұстайтын екі қасиеті әсер етеді. Ол құмның сулы – физикалық қасиетімен тығыз байланысты. Құмның сусымалы болуымен борпылдақтығына байланысты атмосфералық ылғал құмға толығымен сіңіп кетеді де 1-1,5 метрге дейінгі қабатын сулайды. Капиллярлығының аздығына байланысты құм қабаттарына жиналған ылғалды тамыры арқылы өсімдіктер транспирациялайды. Температураның тәуліктік ауытқуы жоғары болғандықтан түнде ауадағы су буы конценсацияланып құмға сіңеді. Аталған белгілердің барлығы 100-140 см-ге дейінгі құм қабаттарының тұрақты түрде ылғалды болуына тікелей әсер етеді.
Жоғарыда көрсетілген құмды шөлдердің ерекшеліктері шөлдің басқа типтеріне қарағанда өсімдіктер жамылғысының мол болуына әсер етеді. Құмды шөлдердің өсімдіктерін жүзгін, құм қарағайы, тамарикс сияқты бұталар, Сексеуіл, эфемерлер мен эфемеройдты шөптесін өсімдіктер құрайды. Эфемерлердің кең таралуына сазға қарағанда құмның жылдам жылынуы әсер етеді. Құмды шөлдердің өсімдіктері субстраттың қозғалғыштығына жақсы бейімделген. Мұндай қасиеттерге ие болған құм сүйгіш өсімдіктер ерекше псаммофиттер тобын құрайды. Олар тез өсіп қосымша өркендер түзуге, сабағында қосалқы тамырдың болуымен ерекшеленеді. Құмды жел үрлегенде жер бетіне шығып қалатындықтан күн сәулесінің тіршілікті жоятын әсерінен сақтайтын тамырларында арнайы жабын қабығы болады. Тұқымдары мен жемістерінде құм көміп қалудан сақтайтын қабыршықты қанаттары болатындықтан желмен жеңіл таралып, құмның бетіне бекіп қалуға бейімделген. Тұран жазығындағы құмдардың беку дәрежесіне сай өсімдіктер дамудың әркелкі сатысында болады. Желдің үрлеуі күшті байқалатын құм жолдарының төбесінде шым түзетін астық тұқымдас өсімдік семн, құм қарағайы, жүзгін өседі. Құм жолдарының бекіген ұсақ сазды жыныстардың бөлшектері кездесетін беткейлерінде ақ немесе құм сексеуілі, ағаш тәрізді шеркез, жүзгіннің кейбір түрлері, құм қоңырбасы басқада эфемерлі шөптесін өсімдіктер өседі. Жаларалық ойыстарда құмдар біршама тығыз әрі жалаңаш болып келеді. Онда көптеген бір жылдық шөптесін өсімдіктер өсіп, тамырлары шым түзеді.
Құмды шөлдердің жануакрлар дүниесі алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Әрі басқа түрлеріне қарағанда түр құрамына бай болады. Олардың көпшілігі эндемиктер. Олардың қатарына жіңішке саусақты сұртышқан аяғы түкті тышқан, үлкен құм тышқаны, құлақты кірпілер, ешкілердің бірнеше түрі жатады. Құмдар құлақты және домалақбас құм кесірткесі, агама, ескек саусақты геккон, сұр варан, құм эфасы, құм айдаҺары, оқ жылан сияқты баурымен жорғалаушыларға бай. Жыландар мен кесірткелердің санының көп болуы құмды шөлдерге тән басты ерекшеліктердің бірі. Ірі бұталар мен аласа ағаштардың болуы сексеуіл торғайы, сексеуіл сойкасы, басқада құстардың ұя салуына қолайлы жағдай тудырады. Мұнда шөл бүркіті, үкі Қыран бөктері сияқты жыртқыш құстар да көптеп кездеседі.
2.3.4. Тасты Галофитті шөлдер мен тақырлар.
Тасты шөлдер Қызылқұм мен Маңғыстаудың орталық бөлігі мен Бетпақдаланың шығыс бөлігінде, Сармат әктастарынан құралған үстірт пен Маңғыстау үстіртінің батыс бөлігінде тараған. Өсімдіктердің таралуына әсер ететін басты жағдай топырақ қабаттарында гипстің жинауы. Топырақтың арнайы қабатындағы гипс топырақ құрамындағы саз бен құмды жыныстардың ұсақ бөлшектерін желімдеп қатырып тастайды. Топырақ құрамындағы гипс көптеген өсімдіктердің өсіп өнуіне мүмкіндік бермейтіндіктен өте сирек болатындықтан біртұтас бірлестік түзбейді. Тасты шөлдерде сұр, тұран, майкара жусандары, жапырағы етженді суккуленттер сияқты гипсофиттермен қатар қылшалар, теріскендер өседі. Тасты шөлдерде 100-120 тарта эндемик өсімдіктер өседі. Тасты шөлдердің бетін қиыршық тастар мен бір – бірімен желімделген сазды жыныстар алып жатады. Тығыз қабыршақты тасты шөл топырағында кең тараған өсімдіктердің қатарына баялыш пен көкпекті тасбұйырғынды жатқызуға болады. Шөлдің бұл түрі жануарлар дүниесіне өте кедей.
Сортаңды – Галафитті шөлдер тұзданған жерасты суы жер бетіне жақын жатқан шағын ойыстарда басқа шөлдердің арасында кішігірім Арал немесе дақ түрінде таралады.
Каспий теңізінің жағалауы мен Аралдың оңтүстігін Қарабұғаз – Голдың айналасын ұнғұз бен узбойдың ескі қолаттарының біршама аумағын сорлар алып жатыр. Бұл шөлдердің субсратын сорнар құрайды. Өсімдіктердің өсіп өнуіне субстраттың белгілі дәрежеде тұздануі мен топырақтың жерасты еспе суымен ылғалдану қолайлы жағдай тудырады. Қатты тұзданған топырақта өсуге өсімдіктердің аздаған түрлері ғана бейімделгендіктен түр құрамы аз. Тұзды жерлерде өсуге бейімделген өсімдіктердің ерекше тобын Галафиттер құрайды. Олардың қатарына сабағы мен жапырағы етженді бойына су жинап құрғақшылық кезеңде үнемдеп пайдаланатын суккулянттар жатады. Оларға сарсазаң сортаң шөп сияқты бірқатар өсімдіктер жатады. Сортаң шөлдер жануарларға өте кедей болады.
Тақырлар шөлді алқаптардағы амовиальды, пролювиальды шөгінділерде уақ түрінде шағын аумақты алып жатады. Олар Қарақұм мен Копетдагтың аралығындағы жіңішке белдеуде, Амудария мен Сырдарияның Мургабтың басқада өзен аңғарлары мен олардың атырауларында таралған. Көктемгі қар еріген кезде сазды жыныстардың бетіне су сіңіп ісінеді де ылғалға қанығады. Бұл кезде көлшіктерде балдырлар, жазда құрғаған кезде қыналар дамиды. Онша тығыз емес тақырларда Қара сексеуілдер, сортаң шөп пен томаристер өседі. Жазда құрғаған кезде тақырлар жарылып қабыршықты тор түзіледі. Тақырларда бес саусақты тышқан, көр тышқан тақырдың домалақбас кесірткесі мекендейді.
Тұран жазығының шөлдерінің әрбір типінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Табиғат компоненттеріндегі өзара байланыс әрбір шөлге тән ландшафтларды айқындайды.
2.4 Табиғат байлықтары және оларды пайдалануға байланысты
туындаған түйінді экологиялық мәселелер.
Кеңді және кеңсіз пайдалы қазбалары Тұран жазығының геологиялық құрлысының ерекшелігіне сай тұздар мен отын, мұнай мен табиғи газдың, Қоңыр көмірдің мол қоры бар. Тұран ойпатындағы жанғыш табиғи газдың маңызды кен орындарының қатарына Қарақұмдағы Дарбаза, Загеш, Ақшың, Шатлық Газли, Шу-Сары су газды алабындағы Амангелді кеніштерін жатқызуға болады.
Мезазой қабаттарында кездесетін мұнай кен орындары Маңғыстаудағы Жетібай, Оңтүстік базалуы, Оңтүстік торғай, Солтүстік үстірт, Теңге өзені, Тасболат Қаражамбас, Торғай ойысындағы құмкөл, Түркіменстан аумағында Шелкен, Небит –даг, Құм – даг, Қотырдене, кен орындарында шоғырланған. Мұнай кеніштер негізінен тұз күмбездерінің астындағы Карбанатты шөгінділерде кездеседі.
Миоцендегі қарқынды тектоникалық қозғалыстардың әсерінен болған үзілмелі қозғалыстардың нәтижесінде. Юра бор қабаттарындағы мұнайдың гипергенді өзгеріске ұшырауынан түзілген Қарашайыр кен орындарының қатарына Маңғыстау түбегіндегі Қарамұрат, Ақши, дөңгелексор кеніштері жатады.
Мұнай кендерімен бірге емдік мақсатқа пайдалануға мүмкіндік беретін жоғары дәрежеде мениралданған бромды, күкірт – сутекті, иодты басқада су көздері мен жоғары қысымды қабат аралық Тұшы су көздері кең таралған. Олар Палезой, мезазой қабаттарында 200 – 500 метр терендікте шоғырғанға ірі алқаптары Маңғыстау,үстір, Арал маңы, Қарақұмы, Шу – сарысу Торғай ойысында, Қарақұм мен Қызылқұм шөлдерінде таралған. Еспе сулар 1-25 метр тереңдікте Арал маңы Қараққұмында Арыс, Шу, Сырдария, Амудария, Мургаб өзендерінің аңғарында кездеседі. Маңғыстау түбегінде биогендік жолмен түзілген қоры 10 млн. тоннадан асатын. Біртіндеп тас көмірге ұласатын күлі аз қоңыр көмір кен орны бар.
Өздігінен шөккен тастұзы миробалит пен гашт кен орындары Арал теңізінің маңындағы Арал сульфат, Қарабұғазголда, Қарақұмда қыш және ас тұзы кен орындары шоғырланған.
Аралдың солтүстігі мен Солтүстік –батысында өзендік және көлдік тастәрізді шөгінділерден Қуатбұлақ, Талды есеп, Көкбұлақ темір кен орындары бар.
Маңғыстау түбегіндегі жоғарғы триастық Қараболатты шөгінділерінде Бескемпір темір, Ақтау мен Қаратауда құрамында сульфиттер басым мыс түзілістері, сирек кездесетін металдар полиметалл. Марганец кендері шоғырланған.
Торғай үстертінде бокситтің, (қызылоктябрь) ұзындығы 100 шақырымға созылған шөгінді жол мен түзілген Лисаковскі темір кен орыны Қызылқұмдағы алтынның Талды тау кен орыны бар.
Маңғыстау түбегінде құрылыс материалдары ретінде қолданылатын Ұлутас, цемент шикізаты меңгеріледі, әктастың мол қоры шоғырланған.
2.4.2. Климат және су ресурстары және жер ресурстары.
Тұран ойпатының географиялық орынының ерекшеліктеріне сәйкес. Жылу мен жарық мол, жаз маусымында ашық күндердің үлесі 80-94% құрайды. Жиынтық күн радияциясы 140 – 160 ккал/ см² аралығында ауытқиды. Жылу мен жарықтың мол болуы, күн энергиясын техникалық мақсатта ащы суларды тұщыландыру, бөлме ауасын салқындату мен жылыту үшін кеңінен қолданылады.
Геморесурстар жөнінен Тұран ойпаты ТМД елдерінде бірінші орын алады. Жылу ресурстары пісіп жетілуі ұзаққа созылатын мақта, күріш, көкөніс, жеміс-жидек, бақша дақылдары өсіруге мүмкіндік береді.
Су байлықтары.
Табиғат жағдайлары ерекшеліктері мен жауын-шашынның аз түсуіне орай тұщы су көздеріне тапшы. Жер үсті суының жылдық қоры 127 текше шақырым. Өзен торы сирек болғандықтан тұщы су ресурстары да кентаралған, көп бөлігінде мүлдем жоқ. Жер бетіне таяу жатқан еспе сулары барлық құмды алқаптарда таралған.
Қарақұм мен Қызылқұмның пайдаланылатына 10 г/л дейін жететің әлсіз минералданған еспе сулар да кіреді. Қарақұм мен Қызылқұмды жерасты суының тәуліктік шығыны 450-500 текше метрге жетеді. Оның ішінде бүгінгі таңда 65 текше метрі қолданылады. Еспе сулар үстірттерде 245 –260 метр терендікте орналасқан.
Жер асты сулары жазықтағы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық нысандарына қажетті сумен қамтамасыз етуде маңызы зор.
Тұран ойпатындағы жер асты суының сапасына сай жайылымды немесе егіс алқаптарын суғаруға қолданылады. Қамтамасыз етілуімен халықтың қоныстануы тікелей байланысты. Жер ресурстары тұран ойпатының табиғат жағдайларының ерекшеліктеріне сай құрғақ, ащы, тұзды болып келетін қатты сабақты шөптесін өсімдіктері мен қамтамасыз етілген, олардың мөлшері жылдық әр маусымында әр келкі таралған. Олардың өнімділігі 0,7 – 3,0 ц/га аралығында ауытқиды.
Жайылымдар түр құрамы мен жылдық жеуі жағында айырмашылығы бар. Жусанды, сортаң шөпті – сазды шөлдердің өсімдіктері күзгі – қысқы жайылымға, астық тұқымдас әртүрлі шөптесін өсімдікті құмды шөлдер жазғы, эфелергі шөлдер көктемгі жайылым ретінде пайдалануға қолайлы. Тұран ойпатының шөлдерін шаруашылық мақсатқа пайдаланылу жағынан қысқы – күзгі, көктемгі – жазғы және жыл бойы қолданылатын жайылымдар деп үш топқа бөлуге болады.
Бетпақ дала, үстірт қысқы – күзгі, көктемгі және күзгі, Мойынқұм, Шуаңғары, Қызылқұм қысқы – жазғы жайылым ретінде қолданылады. Тұран ойпатының басым бөлігін өнімділігі төмен жайылымдар алып жатыр. Су аралық егіс көлемі небары 7 млн-ға тең, олардың ең өнімділері Сырдария, Амудария өзендерінің аңғарларымен Памир, Тянь-Шань тауларыныі етегінде шоғырланған. Суғармалы егістіктің көлемін артытыратын жер қоры жеткіліксіз Сырдария мен Амудария, Арыс, Шу өзендерінің тұщы суының 95% -ің суғармалы егіншілік, 5% өнеркәсіп кәсіпорындары мен тұрмыстық мақсатта қолданылады. Өсірілетін негізгі дақылдар: мақта, күріш, темекі, жүзім, жеміс-жидек, көкөніс.
Қазіргі кезеңде суғару жүйесі ескіргендіктен 50% жөнсіз шығындалады.
Арал мен Арал маңының шөлдену мәселелері. Сырдария, Амудария, алабында суғармалы егіс алқаптарының ауданың ұлғайтып Қарақұм каналының салынуы Тұран ойпатының тепе – теңдігін бұзып 1970 жылдардан бастап арал деңгейінің күрт төмендеуіне әкеп соқты. Өзен суын егін суғаруға байланысты. 1961 – 1977 жылдар аралығында аралға келіп құятын сулардың жылдық көлемі 27,7 к текше шақырымнан 22,6 текше шақырымға дейін келіп жетті. Аралдың суының деңгейі күрт төмендеп аумағының 2 есе кішірейуі құрғап қалған қайраңындағы тұздардың көтеріліп аймақтын экологиялық тепе-теңдігін бұзып, антропогендік шөлдену үрдісін арттырды. Арал теңізінің ауданының 2 есе кемуі Қарақалпақстан мен Қызылорда облысының температура режиміне нұқсан келтіріп, қысы қатал әрі суық, жазы біршама ыстық құрғақ болуына әкеп соғып тұзды шаңды дауылдарды күшейтіп, топырақтың тұздану үрдісіне әкеп соқты.
Алдын ала жүргізілген есептеулерге сай Арал маңының жылына 15 – тең 75 млн. тоннаға дейін тұзды шаңдар ауаға көтеріледі.
Қазіргі кезенді Аралдан 75 шақырым қашықтықтағы үстіртің шығыс бөлігіне шөккен тұзды шаңдардың қалындығы 2-3 мм асты.
Шөккен тұзды шаңдар жоғары сатылы өсімдіктердің тіршілігіне кері әсер етіп олардың жойлу қаупін тудыруда.
Қорытынды
Бітіру жұмысын қорыта келе Тұран жазығының қазіргі ланшафтыларының қалыптасуына физикалық географиялық орынының,геологиялық құрылысымен жер бедерінің,климаты мен ішкі суларының әрекетін анықтап,табиғат байлықтарын пайдалану барысында табиғи қоршаған ортаның тепетендігін сақтау,шөлдену топырақ эрозиясы,мен құм көшкінділерін болдырмау мәселесін жолға қою.
Бүгінгі тақырыптың ең өзекті мәселелерінің бірі екеніне көз жеткіздім.
Тұран жазығының 35-53°с.е. аралығында орналасуына байланысты шөлейттермен,шөлдер кең тараған.Жылу менылғалдың таралуына сай шөлдердің өзі солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінеді.Тұран жазығының 45-48°с.е. аралығындағы солтүстік бөлігінің қоңыржай белдеудегі шөлдері салыстырмалы түрде біршама ылғалды жағдайда қалыптасатындықтан жусанды-әртүрлі шөптесін өсімдіктерге біршама бай жусанды-біртүрлі шөптесін өсімдікті сазды, астық тұқымдас әртүрлі шөптесін өсімдікті құмды және баялысита, көктекті әртүрлі шөптесін өсімдікті тасты шөлдерқалыптасқан. Тұран жазығының оңтүстік бөлігіндегі субтропиктік шөлдері қысы жылы,жазы ыстық өте құрғақ болуы мен ерекшеленетіндіктен көк нәрлі, сарғалдақты, әртүрлі шөптесін өсімдікті эфенерлі шөлдер басым болып келуімен ерекшеленеді: Қатаң әрі шұғыл кантинентті климат жағдайында ылғалдың сақталуында Тұран жазығының шөлдерінің субстраты ерекше орын алады.Тұран жазығының беткі қабатының литологиялық құрамына сай.
Жусанды сортан шөпті сазды,астық тұқымдас әртүрлі шөптесін өсімдікті құмды псаммофитті баялыситы-көкпекті тастти гифсофитті жәнесортан шөпті сорлы-галофитті шөлдер қалыптасқан,солардың ішіндетау жыныстарыныңер екшеліктеріне,ылғалдану жағдайына сай құмды псаммофитті шөлдер тіршілікке өте бай болып келеді: Ылғалдану мүмкіндігішектеулі болуына байланысты типсофитті тастышөлдер өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне өте жұтаң болып келеді.
Қазіргі кезенде ғаламдық жылыну үрдісіне табиғат байлықтарын пайдалануға байланысты Арал маңының шөлденіп құрғап қалған көл табанынан ұшқан шаңды тұздардың бұлтпен араласып орта Азиямен Қазақстанның топырағын,жер асты суларымен ауаны ластап,қоршаған ортаның тепе тепетеңдігін бұзып адам өміріне қауіп төндіруде.
Суармалы егіншіліктің жедел дамуы Сырдария мен Амударияның суында тыңайтқыштармен еріген концентрация сының мөлшері шектен тыс артып кетуі Арал маңы халқын ауыз су мен қамтамасыз ету мәселесін шешіп,көлдің биологиялық байланыстарын орасан зор нұқсан келтіруде.
Осыған орй ортаталық Азия республикалары Сырдариямен Амударияның суын үнемдеп пайдаланып суды көп қажет ететіндақылдардың егіс көлемін азайтып өзен суының Аралға жеткілікті мөлшерде құйылуын қамтамасыз етіп қазіргі денгейін сақтап қалу мәселесін шешу қажет.
Құм көлдің мұнайын,Бұхараның табиғи газын,басқада табиғат байлықтарын игеру барысында табиғи тепе-теңдікті сақтау мәселесіне зор мен беру қажет.
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Чурахин. Физическая география Казахстана. Алматы: Мектеп, 1968. 83-90 стр.
- Физическая география Республики Казахстан /под. ред. К.М.Джаналиевой – Алматы: Қазақ университеті, 1998. – С.11 -18.
- Бейсенова А.С. Қазақстанның физикалық географиялық тұрғыдан зерттелуі. 2002 ж. 25 б.
- Николов Н.И., Гвоздецкий Н.А. Казахстан. Алма – Ата: Наука, 1969. — С. 100-115.
- . Бейсенова А.С. исторической основы географического иследование Казахстана. Алматы; Казтос ИНТИ, 2001г.
- Бейсенова Ә.С. Қазақстан аумағының физикалық-географиялық тұрғыдан зерттелуі. –Алматы: Мектеп, 1990.79-100 б.
- Бірмағамбетов А.А. Қазақстанның физикалық географиясы.-Алматы: Рауан, 2004. 16-25 б.
- Гвоздецкий Н.А., Михайлов Н.И. Физическая география СССР. –
М: Высшая школа, 1986. – С. 250-255.
- Абдуллин А.А. Геология Казахстана.-Алма-Ата: Наука, 1981. -С.34-45.
- Беспалов В.Ф. Геологическое строение Казахской ССР.-Алма-Ата: Наука, 1971. — С. 100-115.
- Абдуллин А.А. Геология и минералогические ресурсы Казахстана. – Алма – Ата: Ғылым, 1994. — С.115-130.
- Физическая география Республики Казахстана /под ред. Жаналивой. –Алматы: Қазақ Университеті.1998.33-36 стр.
- В.М.Чупхин от пустынь до степных вершин Алма- Ата: Казахстан, 1966. 50- 55 стр.
- Ә.Бірмағамбетов. Қазақстанның физикалық географиясы.Алматы: Рауан, 2004. 75-83 б.
- Савричевская З.А. Геоморфология Казахстана и Средней Азий – Л: 1965. – С.120 – 132.
- . Альпатев А.М., Архангельский А.М., Позонлелов Н.Я., Степанов А.Я. Физическая география СССР. – М: Высшая школа, 1976. – С. 153-191.
- Савричевская З.А. Геоморфология Казахстана и Средней Азий – Л: 1965. – С.148 – 161
- Чупахин В.М. Физическая география Казахстана. Алматы: Мектеп, 1968. 83-90 бет.
- Физическая география Республики Казахстан /под. ред. К.М.Джаналиевой – Алматы: Қазақ университеті, 1998. – С.135-140
- Николов Н.И., Гвоздецкий Н.А. Казахстан. Алма – Ата: Наука,
- — С. 120-27.
- Гвоздецкий Н.А., Михайлов Н.И. Физическая география СССР. –
- М: Высшая школа, 1986. – С. 256-260.
- Климат Казакстана / под. ред. Утешева А.С. – М: Наука, 1975. —
- Альпатев А.М., Архангельский А.М., Позоплелов Н.Я. , Степанов А.Я. Физическая география СССР. М.: Высшая школа 1976, 153-191с.
- .Н.А.Гвоздецкий, Н.И.Михайлов Физическая география СССР. М.: Высшая школа 1986, 250-311с.
- .Николов Н.И., Н.А.Гвоздецкий Казахстан. Алма-Ата: Наука, 1969. 110-155 с.
- Климат Казахстана (под. ред. Утешева А.С. М., Наука, 1975. 110-115 с.
- Флиьнец П.П. Очерки по географии внутренных вод Центрального, Южного, Восточного Казахстана. Алма-Ата, Наука, 1981, 75-94 с.
- Казахстан природные условия и естественные ресурсы СССР. – М.: Наука, 1969, 128-139 с.
- . Давыдова М.И., Раковская Э.М. Физическая география СССР. – М.: Просвещение, 1990, 204-211 с.
- Равнины и горы Средней Азии и Казахстана. – М.: Наука, 1975, 139-158 с.
- Соколов А.А. Основные почвообразования и почвы Восточного Казахстана. Повышение плородия почь Казахстана. – Алма-Ата, Наука. 1984, 39-60 с.
- .Усманов У.У. География генетическая исследования и качественный учет земель Казахстана // Успехи почвоведения в Казахстане. Алма-Ата, Наука, 1975, 55-64 с.
- Формозов А.Н. Животный мир Казахстана Алма-Ата: Наука, 1987, 110-125 с.
- Молдағұлов Н.М. Ландшафттану негіздері және Қазақстанның ландшафтысы. Алматы: — Мектеп, 1990, 115-122 б.
- М.И. Давыдова, Э.М. Раковская физическая география СССР –М: Просвещение, 1990г. 203-207 с.
- Казахстан природные условие и естественные ресурсы СССР. М; Наука, 1969г.
- . Сваричевская З.А. Геоморфология Казахстана и средней Азии
- Казахстан. Природные условие и природные ресурсы СССР. М; Наука, 1969г., 68-78 стр.
- Климат Казахстана, // под ред. Утешова А.С. Гидрометеойздат 1959г., 89-93стр.
- Львович М.И. Реки СССР М; Мысль, 1971г., 131-141стр.
- Альпатив А. М., Архангельский А.М., Подоплелов Н.Я., Степанов А.Я. Физическая география СССР, М; Высшая школа, 1976г., 96-117стр.
- Атлас СССР. М., 1983 г.
- Большой Атлас КазССР. С.18-66
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті тарих-филология факультеті тарих-география кафедрасы бойынша «Тұран жазығының табиғатының жалпы ерекшеліктері» атты тақырыбына жазған күндізгі бөлім, 45А топ студенті А.Жүнісовтың бітіру жұмысына
Пікір
Бітіру жұмысы Тұран жазығының табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктерін анықтап Қазақстанның батыс және оңтүстік бөлігіндегі шөлдердің негізгі түрлері мен олардың түзілу заңдылықтарын қоршаған ортаның тепе-теңдігін сақтау мәселелерін шешу жолдарын анықтауымен өзекті.
Бітіру жұмысы кіріспеден,екі тарудан және қорытындыдан тұрады.
Бірінші тарауда Тұран ойпатының географиялық орынынын ерекшеліктері, геологиялық құрылысы,жербедерінің ірі пішіндері климатын түзуші факторлар жөнінде жан –жақты түсінік берілген.
Екінші тарауда Тұран ойпатының ішкі сулары топырағымен өсімдіктер жамылғысы,шөлдің негізгі түрлері табиғат байлықтары мен оларды игеруге байланыстытуындаған түйінді мәселелер қозғалған.
Студент тақырыптың мазмұнын ашу үшін ғалымдардың тұжырымдамаларын өзінің ой пікірімен ұштастырып,тақырыптың физикалық карталарды,сандық деректерді тійімді пайдалана білген.
Тақырыптың мазмұны толық ашылған. Бітіру жұмысындағы жазба дерек көздерінің География мамандығының студенттері,орта мектептің мұғалімдерімен оқушыларды білім көзі ретінде пайдалануда манызы зор.
Құрылымыменкөлемі жоғарғы мектептің барлық талаптарына сай келуін ескере отырып,Бітіру жұмысын қорғауға жіберуге болады.
Бітіру жұмысының мазмұнының толық ашылуын, құрылымының жоғарғы мектептің талаптарына сай келуін ескеріп өте жақсы деген баға қоюға болады.
Бітіру жұмысының ғылыми жетекшісі Кереев Р.М.
Қызылорда облысы
Географиялық орны, жер бедерi, табиғат жағдайы. 1938 жылы 15 қаңтарда құрылды. Аумағы — 227 мың шаршы шақырым. Орталығы — Қызылорда қаласы. Халқы — 596,2 мың адам.
Қызылорда облысының жерi негiзiнен Туран ойпатында орналасқан. Сырдарияның сол жағалауын төбешiктi, белестi Қызылқұм массивi алып жатыр. Сырдарияның оң жағалауында Егiзқара қыратты массивi бар. Қызылорда облысының оңтүстiк-шығыс бөлiгiнде Қаратау жотасының (1419 м.) солтүстiк-батыс бөлiгi енiп жатады.
Облыстың солтүстiгiнде Кiшi Борсық, Арал маңы Қарақұм массивi бар.
Табиғат ресурстары. Пайдалы қазбалардан ас тұзы, гипс, әк, шипалы балшық тағы басқалары кездеседi.
Климаты жазы өте қуаңшылықты, ыстық және ұзақ, қысы бiршама жылы, қар жамылғысы жұқа келедi. Шiлденiң орташа температурасы солтүстiк-батыста +250С +90С, оңтүстiк-шығысында +280С +20 С, қаңтардың орташа температурасы солтүстiк-батысында -3,50 С, солтүстiк-шығыста -190 С. Жауын-шашынның жылдық мөлшерi солтүстiк-батысындағы Арал теңiзiнiң жағалауында 100 мм, оңтүстiк-шығысындағы Қаратау жотасының етегiнде 175 мм-ге дейiн жетедi.
Халқы. Қызылорда облысында Республика халқының 3,8%-ы-i тұрады. Олардың 70%-ы қазақтар, сонымен бiрге орыстар, украиндер, кәрiстер, белорустар, татарлар, немiстер қоныстанған.
Орташа тығыздығы 1 шаршы шақырым 2,3 адамнан. Барлық халқы дерлiк Сырдария аңғарында, темiр жол бойында және Арал теңiзiнiң жағалауында тұрады. Мұнда қала халықының 54%-ы тұрады.
Өнеркәсiбi. Қызылорда қаласында темiр-бетон зауыты, целлюлоза-картон комбинаты, күрiш тазалайтын зауыт, сүт комбинаты, аяқ-киiм фабрикасы жұмыс iстейдi. Басқа кәсiпорындар Қызылорда мен Арал қаласының маңында орналасқан.
Қызылорда облысы Арал ауданындағы Құмкөлде мұнай өндiру өнеркәсiбi дамып отыр. Қызылорда қаласында құрылыс материалдары өндiрiстiк бiрлестiгi бар. Облыс ауыл шаруашылығының негiзгi салаларын — өсiмдiк (күрiш, жидек, көкөнiс), мал (қаракөл өндiру, биязы және жартылай биязы жүндi қой, сүттi iрi қара, шошқа өсiру) және құс шаруашылықтары жатады.
Қызылорда облысында күрiш егу, мал өсiру жөнiнен республика экономикасында маңызды орын алады.
Ауыл шаруашылығының басты саласы суармалы егiншiлiк, оның iшiнде күрiш егiсi басым. Сонымен бiрге ет, қаракөл елтiрiсiн беретiн қой өсiруге бейiмделген. Облыста күрiш өнiмiн алуда дүние жүзiнде рекорд жасалды. Ыбырай Жақаев жылына гектарынан 160—162 ц. өнiм алған.
Облыс өңiрiнде тәттi, шырынды әрi хош иiстi “торлама” қауын өсiредi. Малдан мүйiздi iрi қара, қой-ешкi, жылқы, түйе, шошқа өсiрiледi.
ЖЭС-лары сырттан тасылатын Ангрен (Өзбекстан), Ленгер, Қарағанды бассейiндерiнiң көмiрiн пайдалануға негiзделген. Облыс аумағында 1215 мемлекеттiк, 4147 жеке, 18 бiрiккен, 24 шетел кәсiпорны бар.
Көлiгi. Облыстың аумағынан Орынбор-Ташкент темiр жолы өтедi. Автомобиль жолының ұзындығы 3376 шақырым.
Қызылорда (157 мың тұрғыны бар) — облыс орталығы. ХIХ ғасырдың басында қоқандықтар тұрғызған бұрынғы шағын Ақмешiт бекiнiсi. Оны орыстар жаулап алған соң 1855 жылы Перовск қалашығы деп атады. Революциядан кейiн қала өзiнiң бұрынғы атымен Ақмешiт деп аталады, ал 1925 жылы қазақ Автономиялы Республикасының астанасы Орынбордан осында көшiрiлдi. Қаланың жаңа аудандары, орталық және бекет маңындағы бөлiктерi көп қабатты үйлерден тұрады, соңғы жылдары мұндай үйлер Қызылорданың оңтүстiк және солтүстiк бөлiктерiнде де бой көтердi.
Қала төңiрегiнде айтарлықтай маңызды қазба байлықтар жоқ. Сондықтан Қызылордада, негiзiнен, жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнiң салалары дамыған. Күрiш тазартатын, былғары, сыра зауыттары, ет және сүт комбинаттары, аяқ киiм фабрикасы — қаланың iрi кәсiпорындары. Қалада күрiш сабаны мен Сырдария өзенiнiң ағарындағы құрақты пайаланатын целлюлоза картон комбинаты салынған.