АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс.Үлкен Үштік конференциялардағы АҚШ дипломатиясы

Мазмұны

 

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .    

 

 І – тарау.   Үлкен Үштік  конференциялардағы   АҚШ 

дипломатиясы

 

ІІ.1   Москва  және  Тегеран  конференцияларындағы 

 АҚШ  дипломатиясы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

 

ІІ.2  Қырым  конференциясындағы АҚШ-тың

позициясы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

 

ІІ.3  АҚШ  Потсдам  конференциясында . . . . . .

 

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Сілтемелер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Пайдаланған  әдебиеттер  тізімі . . . . . . . . . . . . .

 

 

Кіріспе

 

        1941  жылы  22  маусым күні   Германия    соғыс  жарияламастан,  Совет  Одағына    қарсы   соғыс  қимылдарын  бастады. Сол  күні-ақ  АҚШ  президенті  Ф.Д.Рузвельт   Кеңес  Одағына    әскери  және  материалдық  көмек  беруге  әзір  екендігін  мәлімдеді. 1941  жылы   күзде   Москвада  АҚШ  пен Кеңес Одағының   делегацияларының  кездесуінде    бұл  көмек  нақтыланды.

1941  жылғы   Москва   түбіндегі  жеңіс,  1942   жылдың   аяғындағы  Сталинград  майданындағы   және  1943   жылғы  Курск   түбіндегі   жеңістер  АҚШ  пен  Англия  басшыларының   Кеңес  Одағымен   Германияға  қарсы   күресте   Одақ  құруға  итермеледі.

            Соғыс  барысында    АҚШ,  КСРО   және  Англия  басшыларының  қатысуымен  болған   Тегерандағы,   Ялтадағы  және  Потсдамдағы  конференциялар  жайлы  айтқанда  олар   қандай  мерзімде,  қандай  тарихи   кезеңдерінде   өткізілгеніне   көз   жүгіртуіміз  керек.

           Осы  конференцияларды  дайындау  және   оны  өткізу  үшін  қаншама  күш-жігер  жұмсалды.  Оған   барудың  қиыншылығы,  үш  елдің:  АҚШ,   КСРО  және  Англия   басшыларының    саяси  және   әскери   мәселелердегі   көзқарастарының   әртүрлі  болуы.   АҚШ,  КСРО   және  Англия   елдерінің  басшыларының  қатысуымен  болатын  1-ші  конференцияны   өткізу  үшін   орын  белгілеу  кезінде  қаншама  бас  қатыруға  тура  келді.  Американдықтар  мен  ағылшындар  бұл  конференцияны   Каирде  немесе    Асмарда,  Жерорта  теңізінің    бір  порттарында,  Бағдат  пен   Басраның  шет  аймақтарының  бірінде  өткізуді  ұсынды. Ал  У.Черчилль   болса  тіпті    Кипрде  өткізуді  ұсынды.

      Сталин   конференция   өткізуге  қолайлы   деп   Иран   мемлекетінің  астанасы  Тегеранды  қалады.  Оған  Тегераннан   телефон  арқылы  соғыс   қимылдарымен  танысып,   нұсқау  беріп  отыру   қолайлы  еді.  Сөйтіп   ұзақ   келіссөздердің   нәтижесінде    конференция   өткізуге  қолайлы   деп  Иран   мемлекетінің   астанасы   —  Тегеран   қаласы   белгіленді. 

      Ялта   мен  Потсдамдағы   конференцияларды  өткізу   орнын  анықтағанда   да  біраз  келіспеушіліктер   болып,    кейін   түсіністіктердің  арқасында    осы  жоғарыда  аталған  қалаларда  өткізу  белгіленді.   Бұған  Кеңес   Армиясының   Шығыс  майданындағы   жеңістері   себеп  болды.   Осы    жеңістер   Кеңес   Одағының     бүкіл  дүниежүзінде   беделін  айтарлықтай   көтерді.  АҚШ   президенті   Рузвельт  пен  Англияның  премьер-министрі    У.Черчилль  оны  мойындауға   тура  келді.  Міне,   осы  жағдайлар  оларды  КСРО-мен  жоғары  деңгейде    келіссөз  жүргізуге  итермеледі.

      Одақтастардың  аса  ірі   талқылаған   әскери  мәселесі — екінші   майданды   ашу   мерзімі   еді.

      Келісім  бойынша   екінші  майдан   1942  жылы  басталуы  керек  еді.  Ал екінші   майдан  1942   жылы  да,  1943  жылы  да   ашылған  жоқ.  Сондықтан  да   Тегеранда   өткізілген  конференцияда  бұл  мәселе    негізгі  мәселе  болып  талқыланды.  Москва   конференциясында  бұл  мәселе   тағы  да   талқыланды.

     Екінші  майданды  1944  жылы  ашамыз   деп  келісілді.  Англияның  премьер – министрі   У.Черчилль   екінші  майданды  ашуға  асықпады,  тек   АҚШ  президентінің  талабымен  екінші   майдан  1944  жылы  ашылды.

     «Үлкен  Үштік»   конференцияларындағы  қаралған   күрделі  мәселелердің  бірі   соғыстан  кейінгі   Германияның  тағдыры  еді.   АҚШ   және  Англия  басшылары   Германияны    бөлшектеп  бірнеше   республика құруды  ұсынды.

      Тегеран  конференциясында   АҚШ   пен  Англияның  басшыларының   ұсынысымен  Германияны   бөлшектеу   күн    тәртібіне   қойылды.

       АҚШ  президенті  Ф.Д.Рузвельт   Тегеран   конференциясында   Германияны  бес  және   жеке  мемлекеттерге   бөлу  керек   деп  ұсыныс   жасады.  Бұл  мәселе  Қырым  және  Потсдам   конференцияларында  да  күн   тәртібіне   қойылды.

        Потсдам   конференциясында   АҚШ  және  Англия  басшылары   Ф.Д.Рузвельт,  У.Черчилль   Германияны   үшке:   Оңтүстік  Германия,   Солтүстік  Германия  және  Батыс  Германия  деп  бөлу керектігін  ұсынды.  Кеңес  Одағы  бұл  ұсынысқа  қарсы  шықты.

       1945  жылы  9   мамыр   Жеңіс   күні  КСРО-ның  басшысы И.В.Сталин:   «Біз  Германияны  бөлуге  де,  жоюға  да  қарсымыз», — деп  мәлімдеді.

      Одақтастардың  әскери   күштерін  топтастыруда  Ялта  конференциясының   атқарған  рөлі  ерекше  болды.  Соның  нәтижесінде   Германия   мен  Жапония   әскери   күштерін    тез арада  жоюдың   сәті  түсті. Кеңес Одағының   Жапонияға   қарсы   соғыс  әрекеттерінің   мерзімі  белгіленді.  Совет  Одағы  өзінің  одақтастарына   адал  екендігін  көрсетіп,  Жапонияға   қарсы   соғысты   белгілеген   мерзімде  бастады.

       «Үлкен  Үштік»  конференцияларында  аса  маңызды    саяси  мәселелер  де   қаралды.  Соның  бірі   соғыстан  кейінгі  Германия  тағдыры  еді.  Қырым  конференциясында  АҚШ,  КСРО   және  Англияның   басшылары   Германияның   сөзсіз  тізе  бүгуінің  шарттарын    белгіледі.

        Конференцияда   ерекше  саяси мәні   бар  «Азат  Европаның   декларациясы»  қабылданды.  Азат  етілген  мемлекеттер   фашистік,   ұлтшылдық  қалдықтарды  жойып,  демократиялық  негіздерге  сүйенген  басқару  жүйелерін  қалыптастыруға  мүмкіндік  алды.

       АҚШ  және  Англия   билеушілері   Герман  фашистерінің   азат  етілген  елдерде   бұрынғы  режимдерді   сақтап   қалғысы келді. Сол  мақсаттарын  жүзеге  асыру  үшін   конференция   мінбелерін  пайдаланды.

      Тегеран   конференциясында   Польшаны  басқаруға  Лондондағы  реакцияшылдар   бұрынғы  Польша  басшыларын   әкеліп  қойғысы келді.  Оған Кеңес Одағы  үзілді-кесілді   қарсы  шықты.

      Тегеран  және  Қырым   конференцияларында  соғыстан  кейінгі  дүниежүзінде  қауіпсіздік  пен  бейбітшілікті  сақтау   өткір  мәселе   болып  қойылды.  АҚШ,  КСРО  және  Англия   делегациясының  басшыларының     көп   күш — жігер  жұмсауының  арқасында  өмірге  қауіпсіздік  пен  бейбітшілікті   сақтайтын   Халықаралық   ұйым   «Біріккен   Ұлттар   ұйымы»    келді.

       Потсдам   конференциясында  Германияны   қарусыздандыру  милитаризм   мен  фашизмді   жою,  сөйтіп   Германия   бұдан   былай көршілеріне  қару  жұмсамайтын болатындығы  талқыланып,  тиісті  шешімдер  қабылданды.  Сөйтіп  тарихқа   Ұлы  державалар  КСРО,  АҚШ  және  Англия  «Үштік  Одағы»  енді.

   Сондықтан диплом жұмысының өзектілігі мынадай

 

           Диплом  жұмысының  мақсаты  —   Үлкен  Үштік  конференцияларындағы  АҚШ   дипломатиясының   алған    маңызды  орны  және   Ұлттар  арасындағы қауіпсіздік  пен    бейбітшілікті  сақтау  мақсатында  белгілі  ұйымның   құрылуына  атсалысуы,  сонымен  қатар  Халықаралық  ынтымақтастықты  сақтау  мен   Халықаралық  техникалық,  әлеуметтік  және   экономикалық  ынтымақтастықты  орнату  барысында  жасалған  еңбектерінің  мәнін,  сипатын  ашу.

 

          Диплом  жұмысында  мынадай  міндеттер  өз  шешімін  табады:

—  Екінші  дүниежүзілік  соғыс  барысында  АҚШ   дипломатиясының  басты бағыттары;

— Үлкен  Үштік   конференциялардың   шешіміне  АҚШ  дипломатиясының  тигізген  ықпалы;

—  Москва  конференциясының  өту  барысы  және  ондағы   АҚШ  дипломатиясы;

—    Тегеран  конференциясы  және  ондағы  АҚШ  позициясы.

—  Қырым  конференциясы  және   оның  шешімдеріне   АҚШ  дипломатиясының   тигізген  ықпалы;

—  Потсдам  конференциясы  және   ондағы  шешімін   тапқан  мәселелердің  мазмұны;

—  Германияның сөзсіз тізе  бүгіп  жеңілуі  және  оның  соғыстан   кейінгі  тағдырының  шешілуіне  АҚШ   дипломатиясының  тигізген  ықпалы.

 

        Диплом  жұмысы   кіріспеден,  1 тараудан  және  қорытынды,  сілтемелер,  пайдаланған  әдебиеттер  тізімінен  тұрады.

Тарихнамалық шолу.

 

 

І-тарау.  Үлкен  Үштік  конференциялардағы   АҚШ  дипломатиясы

 

І.1  Москва  және  Тегеран  конференцияларындағы  АҚШ  дипломатиясы

 

 

    Екінші  дүниежүзілік   соғыс  барысында   АҚШ   көптеген   халықаралық  конференциялар  жұмыстарына  қатысып,  көптеген   келісім-шарттар  қабылдады.

     Америка  тарихында   мухиттың   аржағындағы   мемлекеттермен   мұндай   көп     келісім — шарт    еш   уақытта  қабылданған  емес   еді.  Екінші   дүниежүзілік  соғыс кезінде   АҚШ   президенті  мухиттың   аржағына   Халықаралық   конференциялар   жұмысына   қатынасу  үшін  үш  рет  баруға  мәжбүр  болды.

     1943   жылы  19 қазан —  30 қазан  аралығында  АҚШ,  Совет  Одағы  және  Англия   сыртқы  істер  министрлерінің   қатысуымен   Москва  қаласында  конференция  болып  өтті.

     Москва   конференциясы  АҚШ,  КСРО  және  Англия   үшеуі   бірігіп   Германия  фашистеріне  соққы   беру  және  халықаралық  бейбітшілікті сақтау  үшін   Халықаралық  Ұйым  құру керектігін  айтты. Сондай-ақ  Европа  мәселесімен  айналысатын  «Европалық   консультативтік  комиссия»   құрды.  Италия   және  Австрия   туралы  да  шешім  қабылданды. (1)

       Тегеран  қаласының   1943  жылы   28 қавраша – 1  желтоқсан  аралығында  өткен   Одақтас   үш  мемлекет  КСРО,  АҚШ  және  Англия   басшыларының    қатысуымен  өткен   конференцияның  орны  ерекше.

       Москва   конференциясының   күн  тәртібіне  мына  мәселелер  қойылды:

 

  1. Қысқа    мерзімде  фашистік   Германиямен   соғысты  аяқтау үшін  

                     мүмкіншіліктерді қарастыру.                                                                                

  1.    а)  жалпы  қауіпсіздікті  сақтау  туралы   төрт  ұлт  декларациясы.

                     ә)   біріккен   үш  держава  комиссиясын  құру.

  1.   Алжирде  әскери-саяси  комиссия   құру.
  2. Италия  және  Балкан  түбегі  елдерінің   жағдайлары  туралы 

                     өздерінің  көзқарастарын  білдіріп  отыру.

  1.   Күнделікті  саяси   және   экономикалық   мәселелерді   шешудің  

                әдістері  туралы.

  1. Франция  туралы.
  2. Германия және   басқа  да  жау  мемлекеттермен  қарым-қатынас;
  3. Соғыстан кейінгі негізгі   «Одақтар»  мен кішігірім   Одақтармен   болатын  келісім.
  4. Түркия  туралы   біріккен   саясат.
  5. Ирандағы  біріккен  саясат.
  6. КСРО   мен  Польша  арасындағы   қатынас  туралы.
  7. Польша,  Дунай  және   Балкан   мемлекеттерінің   болашағы  туралы.
  8. Жауласушы   елдермен  қатынасты  бейбіт   жолмен   шешудің   мүмкіншілігі  туралы.
  9. Одақтардың   әскери  күштерімен   азат  етілген   Одақтар  территориясына   байланысты  саясат.
  10. КСРО  мен  соғыстан   кейінгі   экономикалық  қатынас.
  11. Экономикалық  мәселелерді   қайта құру.
  12. Опасыз  әрекеттері  үшін  гитлершілердің   жауапкершілігі.
  13. Әскери  ақпарат   алмасу   туралы.
  14.  Конференция   документтерін  жариялау  туралы (2).

 

    Конференция  барысында  мынадай   шешімдер   қабылдады:

  1. Жалпы қауіпсіздік  туралы  декларация.
  2. Европалық консультативтік  комиссия  құру  туралы.
  3. Италия мәселесі   туралы   консультативтік  кеңес.
  4. Италия жөнідегі  декларация.
  5. Азат Францияны  басқарудың  схемасы.
  6. Австрия туралы  декларация.
  7. Польша және  Дунай   мен  Балкан   болашағы  туралы.
  8. Басқа елдерге   жәрдем   берудегі  біріккен  іс-әрекеттер.
  9. Халықаралық экономикалық  мәселелеріндегі  атқарылатын  іс-жоспарлар.
  10. Өзара  жәрдем   беру  туралы  келісім.
  11. Опасыз  әрекеттері  үшін   Гитлершілердің  жауапкершілігі туралы  декларация.

 

     Бұл  конференцияда  соғыс  және    бейбітшілік   туралы  және  соғыстан   кейінгі   жағдайларға  жан-жақты   баға  беріп,  тиісті   шаралар  белгіленді.  Тегеран  конференциясында   Одақтастардың   Екінші  майдан  ашудың  мерзімі  белгіленді,  сондай-ақ   соғыстан  кейінгі  дүниежүзіндегі болатын  өзгерістері  талқыланып,  халықаралық   қауіпсіздікті   сақтау,   бейбітшілікті   дамыту,  Польша   мәселесін  біржақты  шешу  талқыланып   тиісті  шешім   қабылданды (3).

      Сонымен қатар  Тегеран   конференциясы  мынадай   шешімдер   қабылдады:

  1. Югославия партизандарына  жан-жақты   материалдық–техникалық  көмек  көрсету.
  2.   Жылдың  аяғына   дейін  Түркия  одақтастар  құрамына  соғысқа  кіретін  болуы  керек.                                                                                             
  3. Егер  Түркия   мен  Германия  арасындағы   соғыс  барысында  Болгария  Түркияға   қарсы  соғыс   ашатын  болса, Кеңес Одағы   Болгарияға  қарсы  тез  арада   соғыс  ашады.   
  4.    «Оверлорд»   операциясы  1944  жылы   майда басталады.
  5. Үш  державаның   әскери   штабтары   бір-бірімен  тығыз   байланыста  жұмыс  істейді.

 

      Тегеран   конференциясында   Иран  мемлекеті  туралы   да  мәлімдеме   қабылданды.  Бұл  мәлімдемеде   Иран   мемлекетінің  өзінің   территориясы  арқылы   АҚШ  тауарларының   КСРО – ға   өтуіне   жәрдемдесуіне   орай   Иранға  жан-жақты  көмек  көрсетілетіні  шешілді.

     1943   жылы  29  қараша  АҚШ   президенті Кеңес  Одағына    Қиыр   Шығыстағы   әскери   базаларын  Жапонияға   қарсы  соғысқа  пайдалану   туралы   ұсыныс   жасады.  Бірақ   бұл  ұсынысты   Совет  Одағы  қабылдамады.

      1943   жылы  29 қараша АҚШ  президенті  Ф.Д.Рузвельт   Германия  туралы  Кеңес Одағы   ұсынып  отырған   мәселелерді  талқылай  келіп,  онымен   келісетінін   мәлімдеді.  Атап  айтқанда,  Германияны   бақылап   отыратын  күшті  орган  құру  керектігін  айтты.

       1943   жылы  1  желтоқсандағы  мәжіліске   Ф.Д.Рузвельт    Германияны  бөлшектеу  туралы   ұсыныс  енгізді.   Ф.Д.Рузвельттің    пікірінше   соғыстан  кейін   Германияны   бес  бөлікке   бөлу  керек  деп  мәлімдеді:

  1. Пруссия.
  2. Гановар   және   Германияның   солтүстік   батыс  аймақтары.
  3. Саксония  және   Лейпциг   аудандары.
  4.  Гессен  провинциясы,   Дармштаут,  Кассель  және   Рейн  өзенінің  оңтүстігіндегі   аудандар.
  5. Бавария,  Бауен,   Вюртемберг.  (4)

 

    Бұлардың   әрқайсысы   жеке-жеке  мемлекет  болуы  керек.   Гамбург  және  Киль   аралы   аудандарын   Біріккен  ұлттар   Ұйымы   немесе   төрт   держава  АҚШ,  Англия,  КСРО   және   Франция  басқаруы   қажет.   Рур  мен   Саар  облыстарында   Біріккен  Ұлттар   Ұйымы  немесе  бүкіл   Европа    басқаруы  керек,  Польша  туралы  біржақты   келісімге  келген  жоқ.  АҚШ  президенті   Рузвельт  бұл  мәселеге  араласпайтынын  мәлімдеді.

      И.В.Сталиннің   Кенигсберг  қаласын   КСРО  құрамына    қосу   туралы   ұсынысын   АҚШ,  Англия  қолдады.   АҚШ  президенті  Ф.Д.Рузвельттің  ұсыныс  бойынша  Финляндияның  соғысты   тоқтату  туралы  ұсынысын   талқылады  (5).

     АҚШ    президенті   Халықаралық   қауіпсіздікті  сақтау   ұйымын  құру  туралы   өз  ойын   айтты.   Ол  ұйым   Біріккен   Ұлттар  Ұйымы   болу  керек.  Ол  үш  органнан   тұрады:

    —    Біріккен  ұлттар   ұйымының   біріккен  елдердің  ассамблеясы;

    —   КСРО,  АҚШ,  Англия   және  Қытай   мемлекеттерінің    біріккен   атқару  комитеті;

   —  КСРО,  АҚШ,  Англия   және   Қытай  мемлекеттерінің    полициясы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.2   Қырым  конференциясындағы АҚШ-тың позициясы

 

      Қырым   конференциясы  1945   жылы  4-11 ақпан аралығында   Қырымдағы  Ялта  қаласының    маңындағы   Ливадия   қалашығында   өтті.

     Конференцияға   КСРО,  АҚШ   және   Англия   басшылары  қатысты.   Конференцияда    майдандағы  жағдай  жан-жақты   талқыланып,  Германияға   қарсы   соғыс  операцияларын  бұдан  да  күшейту   мақұлданды.   АҚШ   және   Англия   Қызыл  Армияның   Германияға   қарсы   соғыстағы   жетістіктеріне   қызғанышпен   қарап,   оны  Европаға   тереңдеп  енуіне  қандай   болсын   кедергі   жасамақшы  болды.

      Қырым  конференциясында   Үштік  Германияның   сөзсіз   тізе  бүгетініне  сенді  және   оны  тез  арада   іске  асырудың   жолдарын   белгіледі.  Сонымен  қатар   соғыстан  кейінгі Германияны   қайта   құру   жолдары   және  оны   толық    қарусыздандырып,   демократиялық    қоғам    құрудың    жолдары  қарастырылды (6).

      Одақтастардың   Германияны   оккупациялап,   оған  АҚШ,  КСРО  және   Англияның  бақылау  орнататындығы   айтылды.   Оккупацияның   мақсаты   және   Одақтастардың   бақылау  орнатуы,   Германияны   қарусыздандыру,  Германия     милитаризмі   мен   нацизмін    жою.  Одақтас  державалар  Германияның   барлық   қарулы    күштерін   таратуды   бес   штабты   жоюды,  барлық   соғыс   құралдарын   жоюды,  соғыс  техникасын   шығаратын   өнеркәсіп  орындарын       жабуды  және  барлық   әскери   қылмыскерлерді   жазалауды  ұсынды.  Барлық  нацистік,  милитаристік   ықпалы   бар-ау   деген  қоғамдық    мекемелерді,  өнер   басқа  да    салаларды  тарату   конференция   мүшелерінің    мақсаты   Германия   халқын  жою  емес,    тек   ұлтшылдықты,   милитаризмді   тұншықтыру  екендігін   мәлімдеді. 

      Европалық   Консультативтік   Комиссияның   жасаған   келісім   туралы   жобасын   үш   державаның    мемлекет  басшылары  бекітті.  Келешекте    Германия   үш   зонаға   бөлініп   орналасатыны келісуі.  

     Мемлекеттің    жоғарғы  басқару  функциясы  КСРО,  АҚШ   және  Англия    әскери   күштерінің   бас    қолбасшыларының     билігінде  болатындығын  мәлімдеді.

     АҚШ  мемлекеті   бүкіл   соғыс  барысында    Францияны  Үштік   Одақтың  құрамында   көргісі   келмеді.  Тек  қана   Ливадияда   АҚШ  президенті  Ф.Д.Рузвельт  Францияның  Германия  территориясын    оккупациялауға  қатысуының   мүмкіндіктерінің   бар    екендігіне  келісті және    АҚШ  президенті  Францияны   Бақылау  кеңесіне   кіруіне    қарсы   болды,   бірақ   кейін  ол    ойынан   қайтты (7).

      Конференцияда   Франция   мемлекетіне  Германияда   оккупациялауға   зона   бөлінуіне  келісім  берді.  Сондай-ақ   Францияның    уақытша   өкіметі  өзінің  мүшесін  Бақылау   кеңесіне   жіберілетін   болып   шешілді.

     Бақылау  кеңесінің   қабылдаған  шешімдері   төрттік   бірауыздан       жүзеге  асырылатын    болып  келісілді.

    Ол  Кеңес  Германия   үшін   маңызды   экономикалық   саяси  және   әскери   мәселелерді    шешуге   әр зона    қолбасшыларын    өзара    қарым-қатынаста   болуын   көздеді.

     Одақаралық    келісім    шарты    бойынша  және   Қырым    конференциясының    шешіміне  байланысты   «Үлкен   Берлин»  Шығыс   зона,  Кеңес зонасы  территориясының  құрамындарының     нәтижесінде   Берлин  Кеңес Одағы   әскерлерінің    күшімен    1945  жылы    4 шілде   дейін   асып  алынды.   Ал  АҚШ   және  Англия  әскерлер  Берлинге             4  июльде    басып    кірді.   Ал   Франция   әскерлері   12    тамыз   кірді. 

«Германияны   оккупациялау»   туралы  және    «Үлкен    Берлинді   басқару»  туралы  келісім  бойынша   Бүкіл    Шығыс  зона   Берлиннің  басқасы  Кеңес  әскерлерінің   қармағында  болды.

       Ал   Берлинде   Бақылау  кеңесі    орналасқандықтан,  оны      оккупациялау   төрт   Одақтас   мемлекетке   жүктелді.

      «Үлкен  Берлинді»  басқару   Одақтастар   бірлестігінің   комендаттық     жүйесі   атқаратын    болды.    Оның  қызметі    Бақылау   Кеңесінің   қарамағына    берілді.   Бақылау    кеңесі  т.б.   Германиядағы    басқару   органдарының    жұмысы   уақытша    еді.

     Конференциядағы      келелі    қаралған   мәселе   Германиямен    есеп   айырысу  болды.   КСРО –ның    соғыстан   әкелген    шығынын   Мемлекеттік    төтенше   комиссия   анықтады.  Кеңес Одағы   осы   соғыстың   барысында    20  млн.   адамынан    айрылды.   Мұндай    адам   шығыны   бірде-бір    мемлекетте    болған  емес.

       Неміс-фашист  басқыншылары   1710 қала   және   70  мың   ауыл   мен  селоны   өртеп,  тас  талқанын   шығарды.  6  млн.   Тұрғын  үй   талқандалып   25   млн.  адам   баспанасыз  қалды.

      1950  өнеркәсіп  орындары,    65  мың   км   темір   жол  және    4100  темір   жол    вокзалдары    қиратылды,  98  мың   колхоз,   1876  совхоз  және  2890  машина   трактор   станциялары  жойылды.

     Германияға    7  млн.   жылқы,  17  млн.  ірі   қара,  20  млн.     шошқа,  27  млн.   қой  мен    ешкіні   айдап    кетті  немесе    сойды.   Германияның   Кеңес Одағына   келтірген   тікелей   зияны   679   млрд.   сом  болды.  Бүкіл   шығын   әскери   шығынды    және    халықшаруашығын  қосақоса  есептегенде  2  триллион   569   млрд.   сомға  жетті.  Совет  Одағы   Германияға  осы   шығындардың  кейбір   бөлігін   қайтаруды   сұрады.  Осы  мәселелерді     жүзеге  асыру   үшін   Москвада   АҚШ,  КСРО   және  Англия  елдерінің    өкілдері   тағайындалды. (8) 

       Қырым  конференциясының    барысында   АҚШ  Кеңес Одағына   20  млрд.   сомнан   500   пайызы   төленетінін   қолдады,    ал   Англия   бұл  жобаға   қарсы  шықты.  Кейін  АҚШ  өкіметі  де  бұл  жобаға  көзқарасын   өзгертті. 

       Конференцияда   тағы  да  Германияны  бірнеше   республикаға   бөлу  туралы  мәселе  қаралды.

      1944  жылы  АҚШ-ты    мемлекеттік   секретарының  орынбасары   Уэллес   Германияны   үш   бөлікке  бөлу керек   деп  ұсыныс  жасады.  Ал  Ф.Д.Рузвельттің   ұсынысымен   Моргентау   жасаған   жоба  бойынша   Германияның   Саар  және   Мозель   мен   Рейн  аралығындағы   территория   Франция құрамына   берілетін  болды.  Рур,  Рейн  облысы,  Киль  каналы   және   оның  солтүстік   аудандарын      басқару    «Халықаралық  органға»  жүктелді (9).

      Ал    қалған  жерлерді   екіге   бөлу  көзделді. Солтүстік   Германия  мемлекеті   оның    құрамына   Пруссия,   Саксония,   Тюрингия  және   Оңтүстік  Германия   мемлекеті  оның  құрамына    Бавария,   Вюртемберг,  Баден  т.б. қалалары  енетін   болып  белгіленді.   Бұл   жоспар   көптеген  өнеркәсіп  орындары   мен  ауыл    шаруашылығы   өндірісіне   өте   қолайсыз  болды.

       Германияны  бөлшектеу   мәселесінде   конференция    барысында  бір  шешімге    қол   жеткізудің  мүмкіндігі  болмады. Сөйтіп  оны   іске  асыру    үшін   Германияны   бөлшектеу  туралы  арнаулы  комиссия   құрылды (10).

      Қырым   конференциясы   Польша  мәселесіне  ерекше   көңіл  аударды.  Мұнда  АҚШ,  Англия   және  КСРО   мемлекеттерінің    көзқарастары   сәйкес    келмеді.   Талас   Польша   шекарасын   белгілеу    барысында  өрбіді.  Польша   өкіметінің  құрамы  да   үлкен   дау   туғызды.   Өйткені  АҚШ  және   Англия   Польшаның    бұрынғы   реакциялық   өкіметімен   байланысын   үзген   жоқ  еді.  Ал  КСРО  Польша   өкіметін  басқаруды   демократиялық   негізде   Польшаның  өзінде  құруды  көздеді.

      Бірақ  АҚШ,  Англия   бұл   жобаға   қарсы   шықты.  Конференция   уақытша   өкіметтің   құрамын  өзгертуге  мәжбүр    болды,   оның  құрамын   Польша  демократиялық   күштерімен   қатар  Англиядағы   реакциялық  бұрынғы  өкімет  мүшелерінің  де  өкілдері   кірді.

     Қырым   конференциясы   Югославия   мәселесімен  де  айналысты.   Югославияда   Польшадағыдай    мемлекет  аппараты   демократия   өкілдерінің   ықпалында  болуына   қарамай  АҚШ  пен   Англияның  ұсынысымен  Тито  мен   Шубашич  басқаратын  уақытша   өкімет  құруға  келісті. Кеңес Одағы   Қырым   конференциясында   Жапония  қарсы   соғыс   әрекеттерін   жүргізудің  мерзімін  белгіледі   және   мынадай  үш  талап  қойды.

  1.    Монгол   халық   Республикасының  жағдайы.
  2. Оңтүстік   Сахалинді   қайтару  Дайренді   интернационализациялау, 

       Порт-Артурды   арендалауды  қалпына  келтіру   Қытай  Шығыс 

        және   Оңтүстік  Маньжур    темір  жолын   пайдалану.

  1. Куриль   аралдарын  Кеңес Одағының  құрамына   бөлу.  Сондай-ақ  конференцияда   Біріккен  Ұлттар   ұйымын  құру    туралы  мәлімдеме  жасалды.  1945  жылы  25  сәуір Сан-Франциско  қаласында  Біріккен   Ұлттар   Ұйымының   Уставын  қабылдау  үшін   конференция   өткізу  келісілді. (11)

        Конференция  өткізу  «Азат   Европа  туралы»    декларация  қабылдады.  АҚШ,  КСРО  және  Англия   Европадағы  тәуелсіздік   алған  елдерге  экономикалық,  саяси  және  т.б.   жәрдем   беруге   міндеттенді.  Қырым  конференциясы   демократиялық  құрылыстың   жоспарын  айқындады.

          Қырым  конференциясы  бүкіл  адамзаттың  екінші   дүниежүзілік   соғысты  аяқтауының   кепілі  болды  және  демократияны  дамытудың  алғы   шарттары  жасалынды.

              Конференцияны  1944  жылы   21 тамыз күні  АҚШ-тың  мемлекеттік   секретары   Корделл  Хелл  ашты.   К.Хелл   конференция   делегаттарын  АҚШ  президенті  Ф.Д.Рузвельттің   және  өзінің  атынан  шын  жүректен  ризашылығын   білдіріп,   Вашингтонға   келулерімен   құттықтады (12).

      Халықаралық   ынтымақтың  мақсаты   қауіпсіздікті  сақтау  және   бейбітшілікті  орнату  екендігін  атап  өтті.  Осы  мақсатқа  жету  үшін  Халықаралық  ұйым  құру  керектігіне  тоқталды. Кеңес Одағы  делегацияның  жетекшісі  А.А.Громыко   өз  сөзінде   бейбітшілікті   сақтау  және  қауіпсіздікті   орнату   оңай   шаруа   емес  екендігіне    тоқталды.   Бейбітшілікті   орнату  және  қауіпсіздікті   сақтау  үшін   үлкен  күш-жігер   керек,  ондай  күш-жігер  жеткілікті  екендігіне  баса  назар   аударды.

       Англия  делегациясының  жетекшісі  А.Кадоган  осы   конференцияның   өтуіне   себепкер  болған Кеңес  мемлекетіне   рахметін  жеткізді (13).

       22 тамыз күні   Халықаралық   қауіпсіздік  ұйым   туралы  конференцияның   екі  отырысы  болды. Кеңес делегациясының  басшысы  А.А. Громыко   Халықаралық  қауіпсіздік  ұйымының   меморандумымен  таныстырды: 

      І.  «Ұйымның  мақсаты» -қауіпсіздік  пен   жалпыға  ортақ   бейбітшілікті   сақтау.

     ІІ.   «Ұйымның  құрамы»-Англия  делегациясының  басшысы  Кадоган  Францияны    да   Халықаралық  қауіпсіздік     ұйымын  құрудың   ұйтқысы   ретінде   қарау  екендігін  ескертті,  оны  Кеңес Одағы  мен  АҚШ    делегацияларының  басшылары  мақұлдады. 

     ІІІ.    «Негізгі  органдар».

     ІV.     «Жалпы  жиналыс».

  1. «Кеңес».

     VІ.     «Халықаралық  сот  туралы».

     VІІ.    «Бас  секретариат  туралы».

     VІІІ.   «Агрессияны  басудың  құралы  және  алдын-алудың  құралы  туралы».

   —  Ассамблея  барлық  мәселелерді   талқылауға  құқықты;

   —  Әлеуметтік  және  экономикалық мәселелерді  де   талқылайды (14).

 

     23  тамыз  күні  екі  комитеттің  отырысы  болды.  Конференция  барысында   Біріккен   Ұлттар  Ұйымының  Уставы,  тағы  да   басқа  документтері   жан-жақты  талқыланып,   үш  делегация   мүшелері  мына  текстіге  тоқталды (15).

І.   «Мақсаты»

  1.     Ұйымның  мақсаты  —  қауіпсіздік   пен  бейбітшілікті  сақтау.
  2. Халықаралық   ерегістерді  бейбіт  жолмен  шешу.
  3. Ұлттар  арсындағы  татулықты  сақтау  және  дамыту.
  4.   Халықаралық  ынтымақтастықты  сақтау  және  Халықаралық    

            техникалық,  әлеуметтік  және  экономикалық  ынтымақтастықты 

           орнату.

  1.      Осы  мақсатқа  жету  үшін  ұлттық  әрекеттің  ұйтқысы  болу.

 

ІІ.   «Принциптері»

    Ұйым   өзінің   көздеген   мақсатына  жету  үшін  мынадай  принциптері  қолдайды:

  1. Ұйым бейбітшілікті  сүйетін  мемлекеттердің  теңдігіне   негізделеді.
  2. Мүше  елдер  ұйымының    статусы   бойынша  белгілінген  барлық  міндетемелерді  орындауға   уәде  береді.
  3.  Барлық  елдер  өздерінің  ерегісін  бейбіт  жолмен  шешеді.
  4. Барлық елдер  бір-біріне   күш  көрсету  арқылы  кейбір  мәселелерді  шешуге  тиым  салынады.

 

                                 ІІІ.  «Мүшелік»

    Ұйымның   мүшесі   Біріккен  ұлттар  және  бейбітшілікті  сүйетін  барлық  елдер.

ІV  .   «Негізгі   органдар»

а)  Ассамблея;

ә)   Кеңес;

б)  Халықаралық  сот;

в)   Секратариат. (15)

  30  тамыз  күні   ұйымның   негізгі  органының   функциясы   мен  құрылымын   анықтау    талқыланды.  Олар  төмендегілер:

  1. Қауіпсіздік  пен  бейбітшілікті  сақтау   туралы   Кеңестің  шешімі   ұйымға  мүше   емес   елдерге  қатысты  ма?  Егер   ұйымға   мүше  емес  елдер  қауіпсіздік  пен  бейбітшілікті  сақтауды  өрескел  бұзса,  онда  ол  ел  мүше  болмаса  да  жазаға   тартылады.
  2. Егер   Кеңеске  мүше  емес   елдің   мүддесіне   нұқсан   келтіретін  мәселе  қаралып  жатса,   онда  ол  ел   дауыс   беруге   қатыса  ала  ма? АҚШ   және  Англия  делегациялары   мұндай   жағдайда  ол   қатысуға  мүдделі  болғанымен   дауыс   беруге   құқы  жоқ  екендігі   айтылды.
  3. Кеңес отырыстары  қалай   жүзеге   асырылады?  Кеңес   отырыстары  жүйелі түрде   үзіліссіз   жүзеге  асырылады.
  4. Бас  секретарь  қанша  мерзімге   сайлануы   қажет?  Бас  секретарь  5  жылға  сайланады,   қайта  сайлануға   құқықты.

     31   тамыздағы   отырыста   «Ассамблея»   туралы   өзгерістер  мен  толықтырулар   енгізілді. (16)

 

  1. «Ассамблея»

А)  Құрамы:

    Ассамблея  ұйымға   мүше   барлық   елдердің  өкілдерінен  құралады.

Ә)  Өкілеттілігі  мен  функциясы:

    Қауіпсіздік   пен  бейбітшілікті  сақтау

  1. Мүшелікке  қабылдау.

     Ассамблея   ұйымға   жаңа  мүшелерді   кеңестің   шешімімен  қабылдайды.

  1.    Сайлау   функциясы.

    Ассамблея   Кеңестің   нұсқауына  сәйкес     ұйымның   Бас   директорын,   Халықаралық    соттың   судьясын  сайлайды.

  1.   Бюджет.

    Ассамблея  бекітеді.

  1. Есебін тыңдау.

    Ассамблея   жыл  сайын   ұйым  мүшелері   мен кеңестік  есебін   тыңдап  отырады.

  1. Дауыс беру  тәртібі.

    Қауіпсіздік  пен   бейбітшілікті  сақтаудың   жолдарын,  Кеңес   мүшелерін,   соттың   судьяларын   сайлау  нәтижелерін  бекіту,  бюджетті  белгілеу.  Ассамблея    делегаттарының   2/3   бөлігі   дауыс  берген  жағдайда  қабылданады,  ал   басқа   мәселерде   көпшілік  дауыспен  шешіледі.

  Б)   Ассамблея   сессиясы  жылына   бір  рет   өтеді (17).

 

VІ.   Кеңес.

А)  құрамы:

      Кеңес   11  елдің  өкілінен  тұрады.

Ә)  Кеңестің   функциясы  мен  өкілеттігі:

  1. Кеңеске   қауіпсіздік  пен   бейбітшілікті  сақтау   жүктеледі.
  2. Мемлекет   араларындағы   жанжалдарды  бейбіт   жолмен  шешу.
  3. Барлық  елдер   Кеңестің   шешіміне  бағынуға   және   оны  орындауға  міндетті.

 

   VII.    Халықаралық  сот.

 

   VIII.   Қауіпсіздік  пен  бейбітшілікті   сақтаудың   жолдары:

     А)  ерегістерді  бейбіт  жолмен  шешу;

  1.   Егер   екі  ел  арасында  келіспеушілік  туындысы  оны,  бейбіт   жолмен  келіссөздер  арқылы  шешілуі  тиіс.
  2. 1944  жылы   1 қыркүйекте болған   мәжілісте  тағы  да  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  басқарушы  органы   Ассамблея  туралы   кеңес   болды.

        Ассамблея   Біріккен   Ұлттар  Ұйымының  ең  жоғары   органы  бола  отырып,  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  сессия  аралығындағы   барлық  жұмыстарына  басқару  жасап,  бағыт   беріп   отырады.  Бұл  отырыста  тағы   да  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  жанындағы  Кеңестің  атқаратын  жұмысына  талдау   жасалынды.   Кеңестің   талап   етуімен  барлық   мүше  елдер  қауіпсіздік    пен  бейбітшілікті  сақтау  үшін   өздерінің  қарулы   күштерін  Кеңестің  қарамағына   беруге   міндетті.

       Қарулы  күштерді   пайдаланудың  жоспарын әскери   кеңес   жасауы  тиіс.  Кеңестің   жанынан   әскери  комитет  құрулуы  тиіс.  Оның   міндеті  Кеңеске   жан-жақты   көмек   көрсетіп  отыру.  Әскери   комитет  Кеңестің  тұрақты   мүшелерінің  штаб  бастықтарының  құрулуы  тиіс.(18)

   7  қыркүейкете 1944  жылғы  конференция  отырысында:

   Экономикалық  және  әлеуметтік  байланыстар  туралы  мәселе  талқыланды.  Оның  мақсаттары  мен   міндеттері  айқындалды.    Осы  жоспар   іс  жүзіне   асыру  үшін   Экономикалық   және  Әлеуметтік  Кеңес  құрылды.

      Экономикалық  және   Әлеуметтік  Кеңес   18  мемлекеттің   өкілінен  тұруы    керек.  Оларды   Бас  Ассамблея   3  жылға   сайлайды.  Экономикалық   және  Әлеуметтік    Кеңес  өзінің   мүшелерінен   төраға  сайлайды.

      Экономикалық   және  Әлеуметтік  Кеңестің  тұрақты  аппараты  болуы  шарт.  Халықаралық  ұйымның   негізгі   әкімшілік   тұлғасы  ол  —  Бас  секретарь.  Бас  секретарь   Халықаралық  ұйымның  барлық  жұмысына  тікелей  араласып,  басшылық   жасайтын  бірден-бір  тұлға (19).

     Конференция  делегаттарының  арасындағы   бірден-бір  шешім  таппай    отырған,   ол   —   дауыс  беру  мәселесі.

       АҚШ   пен  Англия   312  деп  келіссе,   КСРО   делегациясы    көпшілік   дауыспен   ұсыныс  жасап  отыр.  Бұл  туралы  АҚШ  президенті   Ф.Д.Рузвельт   өз  ойын  айтты.

      Сонымен Кеңес  мүшелерінің  6  адамы  жақтап   дауыс  берсе  қабылданатын   болып   шешілді.  Тағы  да   Біріккен  Ұлттар  ұйымына   мүше  болатын   елдер   туралы  әңгіме   болды.  Мына  төменде  аталған    елдер  БҰҰ-ға  мүше  болып  тіркелді:

  1. КСРО
  2. АҚШ
  3. Англия
  4. Австралия
  5. Канада
  6. Жаңа Зеландия
  7. Оңтүстік Африка  Одағы
  8. Үндістан
  9. Қытай
  10. Коста-Лика
  11. Куба
  12. Доминикан Республикасы
  13. Сальвадор
  14. Гватемала
  15. Гаити
  16. Нидерланды
  17. Норвегия
  18. Польша
  19. Югославия
  20. Мексика
  21. Филиппины
  22. Эфиопия
  23. Ирак
  24. Бразилия
  25. Боливия
  26. Иран
  27. Колумбия
  28. Либерия
  29. Панама
  30. Бельгия
  31. Чехословакия
  32. Грекия
  33. Гондурас
  34. Никарагуа (20).

     1944  жылы   28  қыркүйек   күні   Думбартон-Окседегі   үштік  АҚШ,  КСРО  және   Англия   өкілдерінің   қатысуымен  болған конференция   өз  жұмысын   аяқтады.

     Конференцияның   ақырғы күні  АҚШ  делегациясының   өкілі   Э.Стеттиниус   Англия  делегациясының   басшысы  Кадоган  және   КСРО  делегациясының   басшысы,  КСРО-ның   АҚШ-тағы   елшісі  А.А.Громыко  қорытынды   сөз  сөйледі.

     АҚШ  делегациясының  басшысы   Стеттиниус   мынадай   мәлімдеме   жасады:   « Алты  апта   бойы  біз  өте  маңызды   проблемалық  келіссөздер жүргіздік.  Осы  қысқа    уақыттың  ішінде  біз  көптеген   жұмыстар  тындырдық.  Біздің   бұл  табыстарымыз КСРО  делегациясының   басшысы  А.А.Громыко,  Англия  делегациясының   басшысы  Кадоган  мырзалардың  еңбектерінің  арқасында  деп   білемін.  Жасалынған  жұмыстарға  өзімнің   қанағаттанғанымды  және  ризашылымды  білдіремін.  Осы  алты  апта  ішінде   тарихи  маңызы  бар  Халықаралық  қауіпсіздік   пен  бейбітшілікті  сақтайтын  ұйым  құрып,  оның   фундаментін  қаладық.  Бейбітшілікті  сүйетін  дүниежүзінің  барлық   халықтары   біздің  бұл  еңбегімізді  бағалайды  деп  білемін.  Олар   біздің   бұл    бастаған   жұмыстарымыздың  тез   аяқталуына  асыға   күтуі   сөзсіз» (21).

          АҚШ   президенті   Ф.Д.Рузвельт   Думбартон-Оксе  конференциясы  туралы   мынадай  мәлімдеме   жасады:

         «АҚШ,  КСРО  және  Англия  делегацияларының  бастамасымен   құрылатын  қауіпсіздікті    және  бейбітшілікті   сақтайтын    Халықаралық    ұйымның  маңызды   екенін   атап   өткім  келеді.  Аз  уақыттың    ішінде  өте  көп  жұмыс   жасалынды.  Бұл  Халықаралық  Ұйымның  негізгі   мақсаты  —  Дүниежүзінде  қауіпсіздік   пен  бейбітшілікті  сақтау.   Мұндай   ұйым    бейбітшілікті  жақтайтын  барлық   халықтарға   керек.  Тарихта  енді  Гитлер  және   Жапония  сияқты  соғыс   өртін  тұтататын  күш  болмауы керек» (22).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.3  АҚШ  Потсдам  конференциясында

 

            Потсдам   конференциясы  1945  жылы   17  шілде – 2 тамыз аралығында  Берлин  маңындағы   Потсдам   қаласында  өтті.

           Берлин  (Потсдам) конференциясы  КСРО,  АҚШ  және  Англия   мемлетттерінің  басшыларының  қатысуымен  (17 шілде-2 тамыз  1945  жылы)   Ұлы  Отан   соғысының   барысындағы   ең  ақырғы  конференция болды.  Бұл   конференцияның   бір   ерекшелігі  ол  соғыс  біткеннен   кейін   өз жұмысын  бастады.

          Гитлерлік  Германия   екінші дүниежүзілік  соғыста  ойсырай  жеңілді. 1945 жылы мамырда  үш  Ұлы  держава  АҚШ,  КСРО  және  Англия  мемлекеттерінің   өкілдерінің  қатысуымен,  Германия  басшылары  сөзсіз  тізе  бүгу  актысына  қол  қойды.  Гитлерлік  Германияны  жеңуге  үш  Ұлы  держава  КСРО,  АҚШ  және  Англия  қатар  басқа  да  елдердің  Армиясы  мен  халықтарының  еңбегінде  атап  өту  керек.  Берлин  конференциясының міндеттері  КСРО,  АҚШ  және  Англия   халықтарының   фашистік   Германияны  жеңуін  бекіту  және  соғыстан   кейін  Европада    бейбітшілікті  орнату  және  дамыту  мәселелерін  түпкілікті  шешу  болды (23).

Соғыс  аяқталғаннан  соң  ең  негізгі  мәселе  Германия мәселесі  болды.  Берлин  конференциясындағы  үш  Ұлы  держава  КСРО,  АҚШ  және  Англия  мемлекетерінің  басшыларының  осы мәселеге  айрықша  көңіл  бөлді.  Германияға  байланысты  экономикалық  және  саяси  принциптерді  айқындау қажет  болды.  Оның  негізгі    принциптері  Германияны  қайта  соғыс  бастау  мүмкіндіктерінен  айыру  еді.  Неміс халқының   демократиялық  және  бейбітшілік  жолмен  дамуына  жағдай  жасау  еді.

Үш ұлы  держава  АҚШ,  КСРО   және  Англия  басшыларына  сондай-ақ  Греманияның  соғыс  шығындарын  өтеуін,  территория мәселелері  және  соғыс  қылмыскерлері  туралы  да  мәселерді  шешу  қажет  болды.

Сондай-ақ  Берлин  конференциясында  үш  Ұлы  Держава  КСРО,  АҚШ  және Англия  басшылары  Германия  құрамында  болған,  кейін  Германияға  қарсы  соғыс  қимылдарын  жүргізген  Италия, Румыния,  Болгария,  Венгрия  және Финляндия  туралы  біржақты  шешім  қабылдау  міндеттері  тұрды (24).

Үш  Одақты  держава  басшыларына  Польша  мәселесін  түпкілікті  шешу керек  болды.  Онда  уақытша  Польша  өкіметін  құру, Англиядағы  Польша  эмигранттық  өкіметін  жою  тән.  Польшаның  батыс  шекарасын   анықтап,  оны  бекіту  керек болды.

Европадағы  соғыс  қимылдары  аяқталған  соң АҚШ және  КСРО арасындағы  Қырым  конференциясындағы  келісім  бойынша,  Жапонияға  қарсы  КСРО  соғыс  бастауға  тиіс  болды.  Бұл  мәселе  Берлин  конференциясында  өз  шешімін  тапты.

АҚШ  және  Англия  билеуші  топтарының  арасында  Берлин  конференциясының  қабылданған  кейбір  шешімдеріне  ашықтан-ашық  қарсы  шықты.  Әсіресе  Англия  премьер-министрі  Черчилльдің  өзі  көптеген  шешімдердің  қабылдауына  қолынан  келгенше  қарсылық жасап  бақты.

Сол  кездің  өзінде-ақ  Лонданда  империялық  бас  штабқа  Россияға  қарсы  соғыс  қимылдарын  бастау  мүмкіншіліктерін  қарастыру  тапсырылды. Соғыстан  кейінгі  кезеңдерде  АҚШ  сыртқы  саясатында  да  КСРО-ға  қарсы «қатты  бағыт»  ұсталғанын  көреміз (25).

Батыс державаларда  Қырым конференциясының  шешімдерін  қайта қарау  тенденциясы  байқала   бастайды (Польша  туралы,  Германияның  құн төлеуі  т.б.).

Европаның  кейбір  билеуші  топтары  өз  тәуелсіздігін  алған  Болгарияны,  Венгрияны  және  Румынияны  мойындағысы келмеді.

Қырым  конференциясынан кейінгі  кезеңдерде  кейбір шешімін таппаған  өзекті  мәселелер  бойынша  КСРО, АҚШ  және  Англия  басшыларының арасында  хат  алмасу  болып   тұрды.  Бірақ  ол  мәлеселер  өз шешімінін  таппады.  Екінші  дүниежүзілік  соғыстан кейінгі  жылдарда  КСРО-ның  бүкілдүние жүзілік  аренадағы  беделі жоғары еді. Сондықтан  оған  қарсы  ашықтан-ашық  күш  көрсету, соғыс  қимылдарын  бастау  мүмкін  емес  еді.  Англия  армиясының  бас штабының  командирі  фельдмаршал  Алан  Брук  өз  күнделігінде    Россияға қарыс  соғыс  ашу  ол  таза  фантазия  және  жеңіске  жетудің  мүмкіндігі  нольге  тең  деп мәлімдеді (26).

Осындай  көзқарастарды  АҚШ  әскери  басшылары  да  қолдады.  АҚШ  билеуші  топтары  Жапониямен  арадағы  соғыстың  тез арада  бітуін  қалады. Ал,  ол  КСРО-ның  көмегінсіз  мүмкін  емес  еді. Сондықтан  АҚШ президенті Г.Трумэн, Англия премьер-министрі  Черчилльдің   көзқарастарын  қолдамады.

Англия  премьер-министрі  У.Черчилльге  жолдаған  хатында  АҚШ  президенті  Г.Трумэнге:  «Барлық  мәселелерді  шешкенде  қазіргі  қалыптасқан  жағдайларды  ескеруіміз  керек», — деп мәлімдеді. (27)

АҚШ  билеушісі  топтар  өкілдері  КСРО-мен  тікелей  байланыс  жасау  әрекеттерін  қарастырды. 1945  жылы  20  мамыр АҚШ  президенті  Трумэн  Сталинге  былай  деп  жазды:  «Біздің алдымызда тұрған  күрделі  және керек  мәселелерді  елшілердің  көмегімен шешу  мүмкін емес екендігін  білемін,  бірақ  қазір жоғары  деңгейде  кездесу  мүмкін емес,  сондықтан  сізге  кейбір  мәселелерді шешу  үшін  Гарри  Гопкинс  және  елші  Гарриманды  жіберіп  отырмын», -деп  жазды (28).

Ал  Англия  премьер-министрі  У.Черчильмен  тікелей  келіссөз  жүргізу  үшін  бұрынғы  КСРО-дағы  АҚШ  елшісі  Дж.  Дэвисті  жібереді.

КСРО  басшылары  мен  Гопкинс  арасында  көптеген  мәселелер  туралы  келіссөз  жүргізілді.  Г.К.Жуковтың «Бақылау  кеңеске»  мүшелікке  сайланғаны туралы  мәлімдейді.

Осы келіссөздердің  нәтижесінде  АҚШ  және Англия  әскерлер  КСРО-ға  қарасты  Германия  территориясынан  шығаратыны  келісілді. Сондай-ақ  Австрия  территориясына  Одақтастар  әскерін  орналастыру  тәртібі  бекітілді.

КСРО  басшылары  мен  Гопкинстің  арасындағы  келіссөздердің  нәтижесінде  Польшада  уақытша  өкімет  құру  туралы  мәселе  шешімін табады.  Сөйтіп  1945  жылы  28 маусымда  Крайова Рада  Народова  Польша  уақытша  мемлекетінің  негізін қалайды.  Оны  бірінші  болып  Совет  Одағы  мойындайды, кейін  29 маусымда  Франция, ал  1945  жылы  5  шілдеде АҚШ  оның  тәуелсіздігін  таниды.

Москвадағы  келіссөздерден кейін  Сан-Франциско  қаласында  конференция  болды.  Ол  өз  жұмысын  26 шілдеде аяқтап  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Уставын  қабылдайды (29).

Москвадағы  келіссөздердің  нәтижесінде  Берлин  конференциясын  15 шілдеде  1945  жылы  бастау  мерзімі  белгіленеді.  Берлин  конференциясының  мерзімін  АҚШ  басшылары  ұсынады.  Ондағы  мақсаты  Америка  атом  бомбасын  сынақтан  өткізіп алу  еді.

АҚШ, КСРО және  Англия басшыларының  конференция  туралы  хат алмасу  кезінде  конференцияны шартты  түрде  «Терминал»  деп  атау  келісілді. Конференцияны  КСРО-ның  ұсынысы  бойынша  Берлин қаласында  өткізу белгіленді.  Бірақ  Берлин  қаласында  конференция  өткізетін  орынның  қаласыз  болуының  нәтижесінде  конференцияны  Берлин  маңындағы  Потсдам  қалашағында  өткізу  ұйғарылды. Делегация  мүшелері  Берлин маңындағы  Бабельсберг  қалашығының  виллаларына  орналасады.  АҚШ  делегация  АҚШ президент  Г.Трумэн және  Англия  делегациясы премьер-министрі У.Черчилль  басқаруымен  Берлинде  1945 жылы  15  шілдеде келеді.(30)

КСРО  делегациясы  Халық  Комиссарлар  Кеңесінің  төрағасы  И.В.Сталиннің  басқаруымен 1945  жылы  16 шілдеде  поездбен келеді.     17 шілдеде  Сталин  АҚШ-тың  жаңа  президенті  Трумэнмен  жеке  кездеседі.

Осы кездесуде  АҚШ президенті  Г.Трумэн  И.В.Сталинге  бұрынғы   АҚШ  президенті  Ф.Д.Рузвельт  сияқты Сталинмен  достық  қарым-қатынас  орнатуға  көздейтінін  мәлімдейді.

Берлин  конференциясында  қаралған  мәселелердің ішіндегі  ең негізгі  мәселе, ол  Германия  мәселесі  болды.

Кеңес Одағының    ұсынысы  бойынша  конференциясының  күн тәртібіне  Германиядағы  барлық  қару-жарақты  жою,  қарулы  күштердің  барлық  түрін  тарату,  әскери  оқуды  қысқарту және  ұлтшыл-социалитсік  партияны  жою туралы  мәселелер  қойылды. Конференция барысында  Германияның  экономикасын  қайта құру   мәселесі  өткір  мәселе  болып қалды.  Бұл  мәселелерді  қарағанда  көптеген  келіспеушіліктер  орын алды (31).

Германияны  басқару  мәселесі де көп  тартыстардан   кейін  оң  шешімін  тапты. Германиядағы  ең  жоғарғы  басқару  органы,  КСРО-ның,  АҚШ-тың, Англияның  және  Францияның  қарулы  күштерінің  бас  қолбасшыларына  жүктелді.  Олар  өз өкілеттігін өздеріне тиісті  оккупацияланған  зонасында  ғана  жүргізуге  міндетті болды.

Үш  держава  КСРО,  АҚШ және  Англия  басшылары  уақытша  Германияда  біріккен  мемлекет  органдарын  құрмайтын  болып  келісті.  Германияда  қару-жарақ  шығаруды  тоқтатумен  қатар  ірі  трестер,  синдикаттар  т.б.  ірі  бірлестіктер  жойылды. Германия  экономикасын  қайта  құрғанда  ауыл шаруашылығын  және  бейбіт  өнеркәсіпті  дамыту  көзделді. Германия  экономикасын  қайта құрғанда  тау-кен,  өңдеу, ауыл  шаруашылығы, орман  шаруашылығы  және  балық  өндіру:  айлық,  баға, импорт  пен экспорт  жоспары, ақша және  банк  системасын дамыту  көзделді.

Репарация туралы  мәселені  қарағанда, ол Германияны қарусыздандыруды және  кейбір  елдердің  соғыстағы  келтірген  шығындарының  орнын  толтыруды мақсат  етті. Мысалы,  Гремания  тарапынан  КСРО-ға  соғыс  жылдарында  2  триллион  600  млрд.  сом  шығын келтірген (32).

Қырым конференциясында  үштік  Одақ  осы мәселе  туралы  біржақты  келісімге келген. Ал  Берлин  конференциясында бұл мәселеде келіспеушілік туындайды. АҚШ  делегациясы және  Англия  басқа ұсыныстарды  алға тартады. Бұрынғы  бекітілген репарация  көлемін  төлеуге  Германияның  мүмкіншілігі жоқ  деген  дәлелдерді  келтіреді. Сөйтіп  АҚШ  және Англия  басшылары Германияның    әскери-экономикалық  потенциялын  әлсіреткісі  келмейді.

Сондай-ақ  Греманияның  өте  ірі  өнеркәсіп  ауданы   Рур  аймағын  басқару  тетігін  белгіленгенде  де  келіспеушілік  пайда болады.

КСРО  басшылары  Рур  облысына  бақылауды   үш держава  АҚШ,  КСРО және Англия бірігіп  атқаруды ұсынады,  бірақ  АҚШ  және  Англия басшылары  бұған  қарсы  шығады. Келісім  бойынша  репарацияны  әр  ел  өз  зонасынан  өндіру керек  болады,  бірақ  КСРО делегациясы Германияның  батыс  аймақтарынан  да  үлес  алуды  талап  етеді.  Берлин  конференциясында  Германияның  әскери-теңіз  флотының  тағдыры да   талқыланды.  Бірақ АҚШ  және  Англия басшылары бұл  мәселеге  көңіл  бөлмеу, оны  кейінге қалдыруды көздейді. КСРО  басшыларының талап  етуі  бойынша бұл  мәселе  конференция мәжілісінде  талқыланып, Германия  әскери-теңіз  флотын  теңдей бөлетін  болып  келісті (33).

Сондай-ақ  германияның сауда  флотында  болу  үшін  үштік  комиссия  құрып, Германияның  барлық  сауда  флотын  есепке  алып, оны  бөлісуді  Жапониямен  арадағы  соғыс  аяқталғаннан  кейін   бітіретін  болып келісті.

Конференцияда  әскери  қылмыскерлерді жазалау, олардың  аты-жөнін  жариялау  мәселесі  де  көп  айтыс  туғызды. Кеңес Одағының  талап  етуімен  әскери  қылмыскерлердің  алғашқы  тізімі  1945  жылдың   1 қыркүйекке дейін жарияланатын болды. Берлин  конференциясында Кеңес Одағының  тарапынан  АҚШ  және  Англия  үкімет  басшыларына  Норвегияда  Германияның  400  мың  әскерінің  қарусыздандырылмағаны  мәлім болып, оны тез арада қарусыздандыру  талап  етілді.

Потсдам  конференциясында КСРО, АҚШ  және  Англия  басшылары, Жапонияға  қарсы соғыс  қимылдарын  жүргізу  мәселесі  де  талқыланды.  Әскери  мәселе  бойынша  үш ұлы  держава  армияларының  штаб  бастықтарының  кездесуі болды.  Потсдам  конференциясында  КСРО басшысы, Қырым  конференциясының  келісіміне  сәйкес  Совет Одағы  Жапонияға қарсы соғысты  1945  жылы  тамыз айында  бастайтынын мәлімдейді. Қызыл  Армияның  бас  штаб бастығы, Совет  әскерлер  Қиыр  шығыста  орналаса  бастағанын  айтып, соғыс қимылдарын  Солтүстік Шығыс аудандарында  бастап,  Ляодун  түбегінде  аяқтайтынын  айтты.

Берлин  конференциясының  шешімдері  баспасөз бетінде                1945  жылы  2  тамыз жарияланды, оның  шешімдерін  басқа елдер де  қызу  қолдады. Берлин конференциясында Батыс Европа  мемлекеттерінің  шекаралары  белгіленді, сөйтіп соғыстан кейінгі  жылдарда Европа және дүниежүзінде бейбітшілікті орнатудың негізі қаланды (34).

Берлин конференциясы әртүрлі қоғамдық формациядағы елдердің бірігіп агрессияға қарсы соғыс жүргізуімен бірге, соғыстан кейін де бейбіт өмір құруда бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігінің бар екендігін көрсетті. Потсдам конференциясының шешімдері тек қатысушы елдердің  ғана мүддесін  қорғаған жоқ, ол бүкіл елдердің мүддесін қорғады.

Потсдам конференциясының табысты аяқталуы, әртүрлі  қоғамдық құрылыста және әртүрлі көзқараста бола тұрып, ортақ  жауға қарсы күресте және соғыстан кейінгі жылдары бірігіп барлық мәселелер бойынша бір шешімге келіп, әрекет жасау мүмкіндігінің бар екендігін көрсетті.

  Конференцияға  төрағалықты  АҚШ   президенті   Г.Трумэн   жүргізді.         

Күн  тәртібіне  мына  мәселелер  қойылды:

  1. Сыртқы  істер  министлер  кеңесінің   құру;
  2. Германия  туралы;
  3. Германияның  келтірген   зиянды   төлеуі  туралы;
  4.  Герман   Флоты  мен  Сауда  кемелері  туралы;
  5.  Кенигсберг  қаласы  мен  маңындағы     аудандық  тағдыры  туралы;
  6.  Әскери  қылмыскерлер  туралы;
  7.  Әскери   қылмыскерлер  туралы;
  8.  Польша  туралы;
  9.  Бейбітшілік   келісім  шарт  жасау   және  БҰҰ жіберу  туралы;
  10. Басыбайлы  территориялар  туралы;
  11. Румыния,  Болгария  және   Венгрия   туралы  Одақтастардың 

        Бақылау   комиссиясының   процедурасын  қайта   қарау  туралы;

  1. Германия   тұрғындарының  жүріп-тұруы  туралы;
  2. Әскери  мәселелер  бойынша  келісім (35).

 

     1945   жылы  17   шілде – 2 тамыз   аралығында  өткен  Потсдам   конференциясында  КСРО,  АҚШ   және  Англия  басшылары     төмендегідей  қортындыға  келді:

  1. Сыртқы   істер   министрлер  Кеңесінің  құру.  Конференция  бейбіт  жолмен  реттеп   отыру  үшін керекті   дайындық  жұмыстарды  атқаратын  Сыртқы   Істер  Министрлер  Кеңесін   құрды.

          Сыртқы  Істер  Министрлер  Кеңесін  құру  туралы:

  1. АҚШ, Франция,  Англия,  Қытай  және  Кеңес Одағының    құрамында  Кеңес  құрылсын.
  2. Кеңес өзінің   отырысын  Кеңес  құрған  Біріккен   Секретариат  қоныс  тепкен   жері   Лондон  қаласында   өткізеді.

 

   а)  Әрбір  Сыртқы   Істер  Министрін    жоғары  жәрежелі   орынбасары   алып   жүруі  керек.  Ол  министрді   ауыстыруға  қабілетті  болуы    шарт  және   кішігірім   техникалық   кеңесшілер  болуы  керек.

   ә)  Кеңестің   бірінші   отырысы  1945  жылы   1 қыркүйекте кешіктірілмей    Лондон  қаласында  өтілуі  тиіс.

    Отырыс   келісім  бойынша  басқа  қалаларда  да  болуы  ықтимал.

  1. а)  Біріккен   Ұйымның  мүшелігіне  кіретін  Италия,  Румыния,  Болгария,  Венгрия   және  Финляндия   мемлекеттеріне  бейбіт   келісім-шарт  жасау;   Кеңестің  тікелей   міндеті   және  Европадағы   соғыстың  аяқталуына   байланысты  территориялық  мәселелерді  реттейтін ұсыныстарды  жүйеге   келтіріп  отырады.  Германияда  бейбіт   жолмен  реттеп отыруға   дайындық  жұмыстарын  жүргізу  қызметін  пайдаланады;

        ә)  Италияны  бейбіт  жолмен   реттеу  мәселесін   қарағанда  Францияны  тізе   бүгудің  шарттарын  қабылдауға  мәжбурлеген  Италия   болып  табылады.

 

  1. Кеңес   бір мәселені   талқылап  жатса,  ол мәселе   қызығушлығын  туғызса  сол  мемлекеттің  өкілін шақырып,  қозғалған  мәселе   бойынша  талқылауға,  тексеруге  құқықты;
  2.    АҚШ,  Англия  және  Кеңес Одағы  біркелкі   шақыруқағаздарын  пайдаланады.  Текст  мынадай   мазмұнда:

            «Сыртқы   іс  министрлер   Кеңесі,  Біріккен  король  мемлекеті,  Кеңестік  Социалистік  Кеңес Одағы  және   Америка  Құрама  Штаттары  Европада   дайындық  жұмыстарын   бастайды.   Сол үшін   бес  ұлт  державалардың    Сыртқы   Істер   Министрлер  Советі   бұрынғы   жау  мемлекеттерге   бейбітшілік  келісім  дайындап,  оны  Біріккен  Ұлттар  Ұйымына  береді» (36).

           Сыртқы   істер  министрлер   Кеңесінің  мекемесі  Қырым  конференциясының  шешімдеріне  қайшы келмейді.

      Конференция   Европалық   Консультативтік  Комиссияның   жағдайын  қарады.  Комиссия  өз  жұмысын   адал  атқарды.  Алдағы кезде  Германия   мен  Австрияны  бақылау  Берлин  қаласындағы  Бақылау Кеңесіне  және   Венадағы  Одақтық   Комиссияға   тапсырады.

      Бастапқы  бақылау  кезеңіндегі   саяси  және   экономикалық  принциптер:

       Саяси  принциптер:

    І.  Келісілген  келісім   бойынша  Германиядағы   бақылау  механизмі,   Советтер  Социалистік  Республикасы,  Америка   Құрама  Штаттары,  Біріккен   Корольдық  және   Француз  Республикасы  әскери  күштерінің  басқолбасшысының   қолында  болады.

  1. Бүкіл  германия  халқымен   байланыс  біркелкі  болуы  шарт.
  2. Германияны   оккупациялаудың  мақсаты:

        а) Германияны  толық  қарусыздандыру  және   демилитаризациялау,  қару-жарақ    шығаратын  барлық   өнеркәсіп  орындарын    жою;

        ә)  Барлық   жаяу,  теңіз  және  әуе  әскери  күштері  СС,   СА,  СД  және   Гестапо   өздерінің  ұйымдарымен,    штабтарымен   мекемелерімен,   Бас  штаб,   офицерлік   корпус,   резервистер  корпусы,   әскери   училищелер,   соғыс   ардагерлерінің  ұйымы  және   барлық  әскери,  жартылай  әскери   клубтар,  мекемелер   т.б.   жойылады;

        б) Барлық  қару-жарақ,   амуниция, соғыс  құралдары, арнайы  құралдар  Одақтардың  қарамағында   болуы  керек  немесе  жоғалуы тиіс.

     ІІ.   Неміс  халқын  соғыстан   оңбай  жеңілгені, елде   ашаршылық,   суықтан  жолының  көзін  ашу керек.

ІІІ.   Ұлттық-социалистік  партияларды,  олардың   филиалдарын  және   соларға   бағынышты  ұйымдарды  жою,  барлық   нацистік  мекемелерді   тарату  және  барлық   нацистік  милитаристік   насихатқа  тиым  салу.

ІV.    Германияның    бүкіл  саяси  өмірін  қайта   құру.  Демократияны   дамыту,  Халықаралық  аренада  бейбіт  қарым-қатынас  орнату.

 

  1.  Барлық  нацистік   заңдардың  күшін  жою.
  2. Әскери   қылмыс   жасағандар,  өздерінің  іс-қимыл  әрекеттерінің  арқасында  опасыздыққа  барған,  нацистік   іс-шаралар  жасап  оны   іс-жүзіне  асырған  әскери   қылмыскерлер  тұтқындалып,  істері  сот  органдарына  берілсін.

     Ал  нацист  жетекшілері,  ықпалды  нацистік   көзқарасты   жақтаушылар,   нацистік  мекемелердің,   ұйымдардың   басшы  құрамы   басқа  да  жаулап  алу  барысында   күдікті  дегендер  сотталсын.

  1. Нацистік  партиялардың  қатардағы  мүшелері  оның  қызметінде  жанама    жұмыс атқарса,   басқа   да   одақтық  мақсатқа  қарсы  адамдар  қоғамдық,   жартылай  қоғамдық  қызметтерден,  жауапты  қызмет  орнынан  және  жеке  меншік  мекемелерден   қудалануы   керек.  Оларды  өзінің  саяси   және  моральды   жағынан   тұрақтылығымен,  тазалығымен  көзге    түскендермен  алмастыру  керек.
  2. Оқу-ағарту  ісін  қатал    бақылауға   алып,   ондағы   орын алған нацистік,   милитаристік   доктрина   қатаң  түрде    жою  керек.  Демократиялық   идеяның  көзқарастарын  қалыптастыруды   жолға   қою қажет.
  3. Бүкіл  сот   системасын  қайта   құру  керек,  ол   демократия талабына  сай    болуы  керек.   Заңдылықтар  қатал  сақталып,  барлық  азаматтардың   ұлтына,  дініне  қарамай   тең   праволылықты  сақтау керек.
  4. Германиядағы   басқарудағы  саяси   жүйені  қайта   құру керек:

  а)  жергілікті  өзін-өзі   басқару  қайта  енгізіледі. Германиядағы  жергілікті  басқаруорганлдарын  демократияландыру  және   сайлау   жүйесін   енгізу;

  ә) Германияның  барлық   территориясында  демократиялық  саяси   партиялар  құру  рұқсат  етіледі;

  б)  аудандық,   провонциональдық  басқару  және   жерді  басқару  жүйелерінде  сайлау  жүйелері  енгізуді  жеделдету  керек;

  в)  Уақытша   орталық  Германия  басқару  аппараттары  құрылмайды,  бірақ  кейбір  орталық  әкімшілік   департаменттері  облыстарда   қаржы,  көлік, коммуникация, сыртқы  сауда  және  өнеркәсіп   құрылатын  болады.  Бұлар  Бақылау Кеңесінің   басқаруымен  жұмыс  істейді.

  1. Әскери қауіпсіздікті  сақтау  мақсатында  сөз  бостандығы,   баспа  және  дін   мекемелердің  жұмыстары силанады.  Еркін   кәсіподақ   ұйымдарын    құруға  рұқсат   етіледі. (37)

 

  Экономикалық  принциптер:

 

  1. Германияның әскери   потенциялын   жою   мақсатында  қару-жарақ  шығару   барлық  типтегі   самолеттерді,  кемелерді  шығару  тоқтатылады.  Металл  өндіру,  химиялық   заттар  өндірісі,  машина  жасау  басқа  да  заттар  өндіретін  өнеркәсіп   орындарын  жұмысы  қатаң   бақылауға  алынады.
  2. Экономикалық  күштердің   шектен  тыс   шоғырлануын  жойып,  бүкіл  экономиканы   қайта  құру   қажет.  Синдикат, картель  және   трест   сияқты   монополиялық  бірлестктерді  өндіріске   батыл  енгізу керек.
  3. Германияның экономикасын   қайта  құрғанда  ауылшаруашылығын  дамытуға  ішкі сұранысты  өтейтін  өнеркәсіп  тауарларын  шығаруға  басты   назар  аудару  қажет.
  4. Германияны   оккупациялағанда,   оны  біртұтас  экономикалық  бірлестік  деп   қарау  керек.  Сондықтан   экономикада  саясат  орнықтыру  қажет.

   а)   Тау-кен  және  қайта   өңдеу   өндірісінде  өнімді   өндіру   мен  болу.

  б) Ауылшаруашылығы,  орман  шаруашылығы  және  балық  шаруашылығы.

  в)  Жалақы  және  баға.

  г)  Тұтастай  Германия  үшін  импорт  пен  экспорт  программасы.

  д)  Ақша  және  банкі  системасы,  салық  және  басқада  түсімдер.

  з)  Әскери-өнеркәсіп  потенциалды  жою.

  ж) Транспорт  және  коммуникация.  Бұл  саясат  жүргізгенде  жергілікті  өзгешілікті  басшылыққа  алып  отыру  қажет.

  1. Германия  экономикасына  одақтық  бақылау  керек  жерлерде  ғана  жүзеге  асырылуы  қажет.

  а)  Индустриалдың   қарусыздануда,  демилитизицияландыруда  

экспортты  жүзеге  асырғанда  ғана.

 б) Германия  тұрғындары   мен  уақытша  келіп-кететін   тұрғындарды   өнеркәсіп  тауарларымен  қамтамасыз  ету,  қызмет   көрсету  саласында  күн   көретіндей  дәрежеде  қамтамасыз   ету.

 в)  Бақылау  Кенесінің  белгіленген  тәртібін  қамтамасыз  ету   үшін   негізгі   өндіріс   заттарын   бүкіл   Германия   үшін   біркелкі   таратуды   қамтамасыз   ету,   мүмкіндігінше  қысқарту   керек.

 д)  Германияның   әскери   потенциалының   күшейіп  кетпеуі   үшін  бүкіл   Герман   өнеркәсібін   және   экономикалық,  және  қаржы   системалары  мен   экспортты   қатаң   бақылауға   алу   қажет.

 г)  Германиядағы   барлық   қоғамдық   немесе   жекеменшік   ғылыми   зерттеу   және   экстраменталды   мекемелелерді   лабараторияларды    бақылауға    алу   керек.

  1. Бақылау   Кеңесінің   белгіленген   эканомикалық    бақылауын    қолдау   мен   іске   асыру   үшін   Германиялық   әкімшілік   аппараты    құрылу   керек.  Бұл   аппараты   басқаруды   Германия   халқының   өзіне   сеніп    тапсыру    қажет.   Егер   сенімді   ақтамаса   қатаң   жазалану   көзделді.
  2. Мына жұмыстарды  тез  арада  іс-жүзіне асыру қажет.

 а)  Транспорттарды   жөндеуден   өткізу.

 б)  Көмір  өндіруді  дамыту.

 в)  Ауылшаруашылық  өнімдерін  көбейту.

 г) Тұрған  үйлерді  тез  арада  жөндеу,  коммуналдық  системаларды   қалпына  келтіру. (38)

  1. Бақылау Кенесі  тез  арада   Германияның  шет  елдеріндегі  активтеріне  бақылау  орнату  қажет.
  2. Басқа  елдерге  келтірген  шығынды   төлегеннен  кейін  Германияның  өзінде   өзінің  сұранысын   өтейтін   жеткілікті   ресурстар  қалу   қажет.   Германияның  шаруашылығының  балансын  құрастырғанда   импорт  үшін тиісті  қаражат    бөлінуі   керек.  Экспорттан   түсетін   пайданың  негізгі   билігі    импортқа     төлеуге  жұмсалуы   қажет.

ІІІ.   Германиядан   шығын   өндіру.

  1. Совет одағының    репарациялық    қарызы   СССР-дін   бақылауға   алған   аймағынан  және   Германияның   шет  елдегі    салымдарынан   төленеді.  
  2. Польшаның репарациясын   Совет  Одағы   өз   репарациясынан   төлейді.
  3. АҚШ репарациясы   АҚШ   бақылайтын   аймақтардан  және   Германияның   шет   елдегі   салымдарынан   төленеді.
  4. ССРО қосымша    өз  зонасынан   алынатын  репарациядан   бөлек   Батыс   зонадан :   пайдалануға   жарайтын   өнеркәсіп   құрал-жабдықтарын   бірінші  кезекте   металлургиялық ,   химиялық   және   машина   жасау   өндірісінің    15%   алады.

б)   Германияның   бейбіт   өмірге   керек  емес   капиталдарын   өнеркәсіп   құрал-жабдықтарынан   Батыс   зонаға  орналасқан   ресурстарынан   10%.  (39)

  1. Батыс зонадан   алынатын   құрал-жабдықтар   6-ай   мерзімінде   белгіленуі   қажет.
  2. Өнеркәсіп құрал-жабдықтарын   алу   тез   арада   басталып   2 жыл   көлемінде   аяқталуы   тиіс.    Өнеркәсіп    құрал-жабдықтарын    анықтау  Бақылау   Кеңесіне   жүктеледі.
  3. Германиядан алынатын   құрал-жабдықтардың   дәл   санын   анықтағанша,  келісім   бойынша   авансы  ретінде   кейбір    құрал-жабдықтарды   алу   рұқсат   етіледі.
  4. Совет Одағы  Германияның   Батыс  зонасынан  репарация  алмауға   уәде   береді.
  5. АҚШ Германияның   Шығыс   зонасына    репарация   алмауға    келісім   береді   және    Германияның    Болгариядағы,    Финляндиядағы,   Венгриядағы,   Румыниядағы    және  Шығыс   Австриядағы     салымдарынан    бас   тартады.
  6. Совет Одағы   Одақтастардың   Германиядан   алған   алтын   қорына   араласпайды. АҚШ  және   Англия   мемлекеттері Потсдам              конференциясының    шарттарын     өрескел  бұзып,  Совет  Одағына  қарайтын  зонадан   мынадай   өндіріс  құрал-жабдықтар  мен   бағалы  заттар  алып  кеткен:

  —    Морслебен – Хальмштедт   қаласының   маңындағы  Саксония  аймағы    

       «Аскания  Верке»   фирмасының     авиаапаратурасы   заводынан:

 —     Металл   кесетін   200   универсалды   станоктар;

 —     Барлық   техникалық   документтер;

 —     Лабораторияның  барлық  оптикалары. (40)

       Хадметслебен – Отерелебен   қаласының  маңында  (Саксония)   «Юнкерс»   фирмасының  жерасты  заводы  барлық  оптика  жарамсызданған,  микроскоптар   мен   фотоаппараттарының   обьективтері    алынған.   Унзебург – Штасфурта   қаласының  маңында  «БМВ»   фирмасының  жер  асты   заводынан  алынған:

  —   Барлық   техникалық  документациялар    мен   0018   жаңа   двигательдер  мен  турбиндер;

  —   Бас   конструктор  мен   мамандар   семьяларымен   көшіріліп   әкетілген.

        Шенебен  қаласы   ХЕ -162   самолет   шығаратын  «Юнкерс»   фирмасынан   алынған:

  —    дайын   самолеттердің   ХЕ -162   50  турбиналары;

  —    заводтың  бас  инженері   мен  бірнеше   мамандар   семьяларымен 

       көшіріліп   әкетілген. 

       Бендорф-Хельмштедт   қаласының  маңында   «Мария»    тұзды    шахталарында   орналасқан   «Сименс»   фирмасының   заводынан:

  —   Барлық  техникалық  документациялар;

  —   Барлық  оптикалар   мен   лабораториялар;

  —   Заводтың    бас  инженері   мен   мамандар   семьяларымен.

      Тартун — Шенебес   қаласының  маңындағы  самолет   шығаратын   «Юнкерс»  фирмасының  жер  асты  заводынан:

  —  Техникалық  документтер   мен   чертаждар;

  — Заводтың   бас  инженері   мен  бірнеше   конструкторлар  және  технолог  семьяларымен.

      Штасфурт   қаласы  Берлепш   тұзды   шахтасынан:

   —  Геодезиялық   прецизионның   приборлар   мен   инструменттер10 дана;

       Герман  әскери   ведомствосының   қоймалары   «Людвиг – І»  және   «Людвиг – ІІ»     руднигінен:

   —   100   вагоннан   көпамунициялар  және   мануфактуралар.

       Клейнванцлебен    қаласы – Магдебург    қаласының   бастысында  Қант   қызылша   институтынан   сәуір  айында  әкетілген:

  —  Барлық  лабораториялық   құрал-саймандар  және   барлық   ғылыми-зерттеу   еңбектері;

  —  Екі   билогия  ғылымын   докторлары  семьяларымен. (41)

      Мерзебург   қаласы  синтетикалық  бензин,  көмір-қышқыл   және  аммиан   өндіретін   «Лейна»  заводынан.

  —   Платина;

  — 28  инженерлер.

       Галле  қаласы  Химия институтынан   24  ғалым-зерттеуші,  соның  ішінде   өте    ірі   ғалым-физиолог    «Нобелев»   сыйлығының  лауреаты   профессор,   доктор   Эмиль   Абдергальден  де  бар.  Институттың  лабораториясы  да  әкетілген. 

     «Зибель»  заводынан:

  —  жаңа  шапшаң   ұшатын   самолеттердің   чертеждары;

  —   заводтың  бас  конструкторы (42).

      Шкопау  қаласы   «Буна»  заводынан 1400 тонна резинаның дайын  өнімдері  және 40 кг платина сонымен  бірге  26 инженер- химиктер,         бірнеше өнертапқыштар мен зерттеушілер семьяларымен қарсы болғандарына   қарамастан  күшпен    алып кеткен;

      Берка селосы   (Саксония) медикаменттер қоймасынан  100 тонна алтын;

      Нидерзаксферфен (Саксония)  Фау -1  және Фау -2  шығаратын заводты жартылай алып кеткен;

      Ильфельд қаласы (Саксония) Фауспотрон  шығаратын  заводты жартылай алып кеткен;

      Лангензальца  (Саксония)   «Юнкерс» пен Круппа заводтарының жұмысшылары  Ю-88 самолетін шығаратын   заводтың жартылай  станоктары;  (43)

      Иен қаласы  «Цейс» Заводынан:

  1. Орталық тексеруге арналған оптикалық  лаборотория;
  2. Репродукциялық лаборатория;
  3. Физикалық лаборатория;
  4. Электротехникалық лаборатория;
  5. Кристаллографиялық лаборатория;
  6. Металлографиялық лаборатория;
  7. Микроскопиялық лаборатория;
  8. Медициналық лаборатория;

   —      Геодезиялық  лаборатория;

—   12  млн.   Рейхс-морок   тұратын  дайын   оптика-механикалық   приборлар;

—    Оптика-механикалық  өнімдердің   чертеждері;

—    77   негізгі   мамандар,   оның  ішінде   заводтың  бас  инженері,   үш  профессор,  35  техникалық   ғылымның   докторлары;

   «Шотт»   фирмасының  оптикалық  заводынан:

—    Оптикалық-тексеретін  лаборатория;

—    Физикалық  лаборатория;

—    Дальномер  лаборатория;

—    Кристаллографиялық  лаборатория;

—    Микроскопиялық   лаборатория;

—    Геодезиялық  лаборатория;

—    3  млн.  рехсмарок  тұратын   дайын   өнімдер;

—    Оптикалық   өнімдердің   барлық  чертеждері;

—   50  негізгі   мамандар  және   заводтың   бас  инженері,   техникалық   ғылымның   докторы  Бергер. (44)

  Вейда  қаласы,   Берлин  физика-техникалық  институтынан:

              —  Радио   мен  полонияның  барлық  қоры;

              —  Кварц   сағаттарының 2  комлектісі;

              —  Өлшейтін  құралдар   мен  эталондар;

              —  Жаңа  техникалық  оқулықтар;

              —  Жаңа  конструкциялық   приборлардың   чертеждары;

              —  Физикалық   бақылаудың   протоколдары;

              — Лабораторияның   13  маманы,   доктор   Шайба,  лабораторияның   

                   жетекшісі   және   институттың   президенті   доктор   Меллер.

 

     Эйзенах   қаласы,   Бавария   мотор   заводынан:

   —  302000  рейхмароктың  құрал-жабдықтары;

   —   Заводтың   инженерлері  мен   конструкторлары.

      Гера  қаласы,  электротехникалық  «Сименс-Хальске»   фирмасынан:

 —    Темір  жолға  арналған   сигналдық-сөйлеу  системаларының  

      жаңа  конструкциялары,  бағалы    құрал-жабдықтармен  дайын  

      өнімдер;

 —    Барлық  жоғары  техникалық  мамандар,  директор  Кейзер  мен 

      бас  инженер   Петц.

      «Калифон – дабрик» -тен:

 —   Барлық  химиктер  мен   заводтың  директоры. (45)

      Эгельн  қаласы,  «Юнкерс»  самолет   шығаратын  завобтың  бас   инженері   чертеждарымен;

      Бау-Бланкенбург   қаласы,  «Телефункен»  фирмасының   радиолабораториясының    бір  бөлегі;

      Радиозаводтан  әскери   радиотехникалық  салада  жұмыс   істеген   20  маман;

      Лейпциг  қаласы,  «Лейс-Шопер»   фирмасының  заводынан:

       —  констактылы  емес   жарылғыштардың   чертеждары;

       —  үш  маман.

      «Шитцше»   фирмасының   сүңгуір   қайықтарға  арналған   шрокомпас   шығаратын   заводынан   чертеждарымен  2  маман;

       Цвиккау  қаласы,  «Адтоуннан  А.Г.»  бірлестігінің   заводы   «Хорх»-тан:

      —  электроторпедтердің   чертеждары;

      —  Торпеда  өндірісінің  бас  конструкторы.

       Вердау  қаласы,  «Шварцкопф»   фирмасының   негізгі     машина  өндіретін  және  торпедаларды  басқаратын  прибор  шығаратын   заводынан  үш  аман  және   чертаждар;

       Биттерфельд   қаласы,  «ИГ   Фарбениндустри»   неміс  фирмасының  заводынан:

 —  25  маман;

 —  Рецстуралар,  ғылыми-зерттеу   жұмыстарының  есебі,  чертеждар,   хлор  өндірудің  потенті,  сирек   натрий,  сирек  калий,   сутегі,   хлорбензол,   үшхлористі   темір  т.б.

           Бернбург  қаласы,  «Дойче   Солне  Верке»   неміс   фирмасының   заводынан:

—  10  маман;

—  Рецептурлар;

—  Ғылыми-зерттеу  жұмыстарының   есебі;

—  Чертеждар;

—  Кальцинировтық  сода,  сирек  натрий,   бикарбонат,  хлористік   кальций     

   және  цемент   шығарудың  потенті. (46)

   Плауэн   қаласы,  «Горн»  фирмасының  заводынан:

—  барлық  техникалық  документтер;

—  Самолеттер   мен  самолет   снарядтарды   автоматты  түрде   басқаратын 

    үлгілер  мен  өнімдер;

—  Бас  конструктор  доктор   Эдхард  Горн  және  оның  екі  көмекшісі;

—  Көптеген   чертеждар   мен  документтер  өртенген   немесе    жарылған.

          Калау  қаласы  (Тюрингия) ,   «Густлор  Верке   Раймаг»  фирмасының   заводынан:

              —   Ме – 262  самолеттік  реактивтік   двигательдермен  турбиндер 

                 чертеждерінің   оригиналы;

             —    Жаңа  нұсқалар  мен   документтердің  көшірмелері  өртенген.

             Мольсдорф   Дер.  (Тюрингия)   жоғары  жүйеде токты   қолданатын  және   ағашты   ультрофиолеттік  сәулемен   желімдейтін,  оны   кептіру,  озық  өнімдерінің   витаминін  жоғарылайтын,  химиялық  процестердің   катализаторлары,  растворлардың  атомдық   құрлысын   өзгертетін  және   т.б.  ғылыми-зерттеу  саласындағы   жұмысшылар   4  адам,   техникалық  қызмет  көрсететін  адамдар  өте  бағалы  приборлармен   алынып кеткен.

     Зуль  қаласы,   «Густлав»  артиллериялық – атқыштар   заводынан:

       —   барлық   конструкторлар;

      —   өнім  шығаратын   цехта  жұмыс  істейтін  барлық  инженерлер;

      —   чертеждер   мен  техникалық  документтер.

             Меркере  (Гота  қаласының  маңында),   Кайзерода  және  Гроссгерцен   рудниктеріне   Берлиннен   Герман   банкінің  алтыны  және   т.б.   қымбат  бұйымдары;

             Берлин  музейлерінің   суреттер,  өнердің   басқа   да  қымбат  бұйымдары  әкелінген  еді.   Кайзерода   акционерлік  ұйымның   директоры   мен   бас   инженерінің  айтуы  бойынша   осы   рудниктерден:

 —  Герман  банкісінің  алтыны  1000  тонна;

 —  4  вагонға  жуық   қағаз  валюталары;

 —  Берлин   музейінің  барлық  суреттері   мен  бағалы  заттары;

 —  Кенисберг  каналының  актылары  мен  инструменттері. (47)

          Вертенродс  селосы  (Гарц) ,  Вертенродс   калийлы   тұз  руднигінде тығылған  өте  бағалы  230   экзотикалық суреттер,  пластиктер  (4 дана),  өте  бағалы   гобелендер (48 дана)   және  3  ящик   Пруссия  королінің  өте бағалы  заттары  (короналар,  семсерлер,  скипетрлер  т.б.)  жасырынған  деген   мәлімет бар.

          Жергілікті   тұрғындармен   сөйлесу  барысында  1945   жылдың  18  сәуірінде   Вертенрод  қаласында  тығылған  өте   бағалы  өнер  туындыларын   Американдықтар  алып кеткендігі  анықталды.

          Магулбург  ауданында   орналасқан  синтетикалық  жанармай  зауытының    («Треглиц»,  «Шварцхайде»,  «Руханд»)   директор,   химиктер, механиктер  және  барлық  техникалық  документтер  алынып   кеткен. (47)

          Тюринг  провинциясының   жалпы  80  пайызы   әскери  дәрігерлер,  банкідегі  барлық    алтын  мен  күміс   қорлары  алынып   кеткен.

           Совет  Одағының   келісімінсіз   АҚШ,  Совет  Одағының    оккупацияланған  зонасынан  мынадай   көлемде  паровоздар  мен  әртүрлі  вагондар  алып кеткен:

  1. Эрфуртск дирекциясынан:

—  жолаушылар  таситын  вагондар – 278   дана;

— товар  таситын  вагондар – 9722 дана;

— барлық   сериядағы   паровоздар -87  дана.

  1.   Магдебургск  темір  жол  бөлімшесі бойынша:

         —  жолаушылар  таситын  вагондар – 322 дана;

         —   товар  таситын   вагондар  ішіндегі  жүктерімен – 655 дана;

         —   бос  товар  таситын  вагондар – 939  дана. (48)

 

       Ағылшындардың  алып кеткені:

           Бойценбург  қаласы,  «Дарнье»   авиамотор   заводының   құрал-жабдықтары,  моторлы  қайық  және   өзі  жүретін   баржалар,  заводтың  дайын  өнімдері.

          Виттенбург  қаласы,  «Дарнье»  авиазаводының   филиалынан  барлық  құрал-жабдықтар  әкетілуге   дайындалып   қойылған.

          Магулбург  қаласы,  «Юнкерс»  мотор  заводынан:

 —  04  реактивтік  турбин – 17 дана;

 —  Мамандар  семьяларымен – 6 семья;

 —  Турбина  чертеждарының  бір  бөлегі.

               Хальберштадт   (Саксония)  БМВ  моторларын шығаратын        «Малахит» заводынан:

 —  Оның  чертежі;

 —  Мамандар  конструкторлар  мен   технологтар – 6  адам.

               Вернигороде  қаласы,  «Раутенбах»  фирмасының   авиазаводынан:

 — Ренген  аппаратуралары – 7 дана;

 — Прецизиондық   станоктар – 2 дана;

 — Барлық   чертеждар;

 — Металлографиялық  және  механикалық  лабораторияның  құрал-жабдықтары.

       «Юнкерс»  фирмасының  заводының  филиалынан:

—  004  турбинасы  мен   моторының  барлық  чертеждары.

     Кенигсхютс  қаласы   (Эльбингероде  қаласының  маңы),   Киев  киностудиясының  құралдары  мен   жеке  детальдары:

 —  Киноаппараттар – 3 дана;

 —  Киноқондырғының   бөлшектері.

        Остервик  қаласы,  «Асмоле–Галле»  ағайындылар  тігін  фабрикасынан   фабриканың  барлық  құрал-жабдықтары.

        Зальцведель  қаласындағы  аэродромнан   200000  тонна  бензин  және   шеберхананың  барлық  құрал-жабдықтары.

        Отерслебен  қаласы,  «Юнкерс»  авиазаводының  құрал-жабдықтарының  бір  бөлігі,  өндірілген   өнімдердің  барлық  чертеждары  және   басшы  кадрлар  мен  мамандар. (49)

 

Германияның    әскери —  теңіз  және   сауда   флотын  бөлісу           туралы.

 

А.

    Германияның  әскери-теңіз   флотының  бөлудің  мына  принциптері  белгіленді:

  1. Су  бетінде  жүзетін   Германияның  барлық  әскери-теңіз  флоты   ССРО,  АҚШ  және   Англия   арасында  теңдей  бөліседі.
  2. Жиналып  жатқан  және  жөндеуде   тұрған  барлық  кемелер.
  3. Германияның  сүңгуір   кемелерінің  көпшілігі  суға  батырылады,   ал  қалған  30   сүңгуір    кеме  ССРО,  АҚШ  және  Англия  арасында  теңдей  бөлінеді.
  4. Германияның  әскери – теңіз  флотының  кемелеріне   арналған  қару-жарақ  қорлары  да  теңдей  бөлінеді.
  5. Германия  әскери-теңіз   флотының   кемелерін  т.б. бөлу  үшін  үштік  әскери-теңіз   комиссиясы құрылады.  Комиссияның  құрамына  әр  елден   екі  адамнан   кіреді. 

        Комиссияның  бірінші  отырыс  1945  жылдың   15   августіне   дейін   Берлин   қаласында   өтуі  тиіс.

  1. Жиналып  жатқан  және   жөндеуде   тұрған  кемелер   1946  жылдың   15  февраліне  дейін қабылданып  болады. (50)

 

Ә.

       Германияның  Сауда  флотын  бөлу  үшін  мынадай  принциптер  қолдану   келісілді:

  1. Үш  ұлы   Державаға   берілген  сауда-флоты   үш  ел  арасында  теңдей  бөлінеді.  Бұл   кемелер   Жапония  арасында  соғыс    біткеннен  кейін   түгелдей  үш  ел  қарамағына  беріледі.
  2. Жапон  соғысы  жүріп жатқан  кезеңде   бұл  кемелерді  пайдалану,   бөлу  Біріккен   Кеңестің  басшылығымен  жүргізіледі.
  3.  Жапонияға   қарсы   соғыс  қимылдары  біткенше   Сауда  Флоты  жөніндегі  Үштік  Комиссия  дайындық  жұмыстарын   жүргізеді:  инвентаризация,   кемелердің   жарамдығы,  т.б.
  4. Ішкі   судағы  пайдаланып  келген   сауда  кемелері  Германияның  өз  меншігінде  қалады.
  5. Үш  мемлекет  АҚШ,  ССРО  және  Англия  Сауда  Флоты  жөніндегі  Үштік   Комиссия  құруы  қажет.  Бұл  комиссия  кемелердің  бөлу  мерзімі  т.б.  жұмыстарды   атқаруы  тиіс. (51)

 

      Кенигсберг   қаласы   және  маңындағы  аудандары  туралы. Конференция  Совет   Үкіметінің  ұсынысына  байланысты  мынадай  келісімге  келді: 

  —  ССРО-ның   батыс  шекарасы  Данциг  бухтасының   шығыс  жағалауы  арқылы  шығысқа  Бранунсберг – Гольдаптың  солтүстігіне  таман  Литва,  Польша  шекарасының   түйіскен  тұсына  дейін  белгіленсін.

      Совет  Одағының   ұсынысына  байланысты  конференция   Кенигсберг  қаласының  маңындағы   аудандарымен  Совет  Одағына  беру   жөнінде   келісім   берді.

      АҚШ  президенті  мен  Англия   премьер-министрі   бұл  ұсынысты  қолдайтынын  білдірді.

 

Әскери  қылмыскерлер  туралы.

 

АҚШ,  ССРО  және  Англия  делегация  басшылары  Лондон   қаласында  өтіп  жатқан  үш ел  өкілдерінің  әскери  қылмыскерлерді  жазалау  туралы   дайындық  жұмыстарының  барысына   қанағаттанарлықпен   қарады.

 Барлық  әскери   қылмыскерлер  тиісті  жазаларын алуы  керек  деп    келісілді.  Қылмыскерлердің  тізімі  1  сентябрьге  дейін   дайын  болатындығы  айтылды. (52)

 

Австрия  туралы.

 

Совет  Одағының   ұсынысына  байланысты  байланысты  Австриядағы   уақытша   өкіметтің   билігі   барлық  Австрияға  жүреді  деп  шешілді. Австрия   мемлекетінен   репарация   өндірілмейді  деп  шешілді.(53)

 

Польша  туралы.

 Польша   мәселесі   туралы  мәлімдеме.

 Конференция   Польша  мәселесі  туралы  мынадай  шешім қабылдады:

Польшадағы  және   шет   елдердегі    поляктардың   күш-жігерінің  нәтижесінде  Москва  декларациясына    сәйкес   уақытша  Ұлттық  біртұтас  Польша  мемлекетінің  құрылғанына  келісім  беретіндерін  мәдлімдеді.  АҚШ,  КСРО  және  Англия  Польша   Ұлттық  біртұтас   уақытша  өкіметімен  дипломатиялық  қатынас  орнатуға  дайын  екендігін  мәлімдеді.

 Лондондағы  Польша  уақытша  үкіметі  өз күшін  жойды  деп  хабарлады.  АҚШ  және  Англия  Польша  Ұлттық  біртұтас  уақытша  өкіметін   қолдайтындығын  оған  жан-жақты  көмек беруге  дайын  екендігін  мәлімдеді.

   Польша  территориясындағы  орналасқан  оның   меншік  түріне қарамай  барлық  өнеркәсіп,  сауда,  құрылыс  ұйымдарының  жұмыстарына  бақылау  жүргізуге  уақытша   құрылған  Польша  үкіметіне  право  берілді.

    Шет  елдердегі  Польша   азаматтарының  елге  қайтуына   рұқсат  берілді.  Олардың  мүлік  және  жеке   праволары  сақталады  деп  уәде   берді.

     Қырым   конференциясының  шешіміне  сәйкес   Үш  держава   Польшада  демократиялық  негізде    сайлау  өткізуді  қолдайтындарын  білдірді.  Сайлау  демократиялық  принциптердің  негізінде жалпыға  бірдей  сайлау  жүйесін  негізуді  көздеді.  Сайлау   жасырын   дауыс  беру  арқылы    барлық  демократиялық  партиялар  сайлауға   қатысуға  және   өз   кандидаттарын  ұсынуға  ерікті  болды  және  сөз  бостандығы   толық  сақталады  деп  шешілді(54).

 

Польшаның   шекарасы  туралы.

            Қырым  конференциясының   шешіміне  сәйкес  үш  Ұлы  держава   Польшаның   батыс  шекарасы  туралы,  Польшаның  уақытша    Ұлттық   бірлестік  үкіметінің   келісіміне   сәйкес  шешім   қабылдайтын   болып келісті.  Польшаның    шекарасы  туралы   мәселені  түпкілікті  шешкенде  Польшаның   батыс  шекарасы бұрынғы  Германия  территориялары   Балтық  теңізінің  шығыс  жағалаулары   Свинемюденің   батысына  қарай  және  Одер  өзенінің   бойлай  Батыс   Нейсе   өзенімен   түйіскен  тұсына  дейін.  Батыс  Нейсе  өзенінің  жағалуымен   Чехославакия  шекарасына   дейінгі  жерлер  және  Шығыс   Пруссияның  Берлин  конференциясының  шешіміне  сәйкес   Совет  Одағына   қарамайтын  бөлігі   Данинг  қаласы  Польша   мемлекетінің  құрамына  беріледі  деп  шешті (55).

 

Бейбітшілік   келісім  туралы  және   Біріккен   Ұлттар  Ұйымына  қатысу   туралы.

 

Италия,  Болгария,  Финляндия,  Венгрия  және  Румыния  жағдайын  бейбіт   келісім – шарт  арқылы  жақсарту    керек  деп   шешті  Үш   мемлекет  басшылары.

 Италия  туралы  бейбіт   келісім-шарт  орнату,  оған  дайындық   жұмыстарын  жүргізу   Сыртқы  Істер  Министрлер   Кеңесіне  тапсырылды.

 Италия  бірінші  болып   Германиямен  байланысын  үзіп  оған  қарсы  соғыс қимылдарын  бастағанын  да  ескеру  керек   деп шешті.  Италия  фашистік  режимнен  өз  еркімен  бас  тартты  және  басқаруда  демократиялық  принциптерді  басшылыққа алып  отырды. Сондықтан  Италияның  Біріккен  Ұлттар  Ұйымына  мүше болам  деп  отырған  талабын қанағаттандыру қажет деп үш ел  басшылары шешті.  Үш ел  басшылары Сыртқы  Істер  Министрлер  Кеңесіне  Болгария, Финляндия, Венгрия және Румынияларға  бейбіт  келісім-шартын  дайындап, олардың  Біріккен  Ұлттар  Ұйымына  мүше болам  деген  өтініштерін  орындау қажет деп шешті. Сондай-ақ Финляндия, Румыния, Болгария және Венгрия мемлекеттерімен  дипломатиялық  қатынас  орнату  мәселесін де  шешу  керек  деді.

           Финляндия, Румыния, Болгария және  Венгрия  мемлекеттеріндегі болып  жатқан оң  өзгерістерді  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  кеңінен   жариялау  керек  деп  шешті.

           Біріккен  Ұлттар Ұйымының  мүшелігіне  кіру  туралы  Біріккен Ұлттар Ұйымының І статьясында былай  делінген:

         «Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  мүше болу  үшін, оның  Уставын мойындау және орындауға  уәде беру керек.  Уставта Біріккен  Ұлттар Ұйымына  осы талаптарын орындауға  уәде  берсе, ол мемлекет  мүшелікке  қабылданады»,- деп көрсетілген. (56)

2.Біріккен  Ұлттар  Ұйымына  мүшелікке  қабылдау  қауіпсіздік  Кеңесінің  нұсқауымын Бас  Ассамблея  жүргізеді.

Үш  мемлекет  соғыс  кезінде  бейтарап  қалған  елдер  мүшелікке  кіреміз  деп  шешсе, егер  олар  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Уставын  мойындаса  қабылданады  деп  келісті.

Үш  мемлекет  мүшелікке  Испанияны  қабылдамайтынын  ескертті.  Себебі,  испания  жоғарыдағы  талаптарға  сай  емес  деп  шешілді.

 

 

Бағынышты  территориялар  туралы.

 

Конференция  Совет  Одағының  ұсынысына  байланысты   туралы  мәселе қарады. Италияның   жаулап  алған  территорияларының  тағдыры  Италия  бейбіт  келісім-шарт  орнату  жұмыстарын  дайындау  барысында  шешіледі  деп  келісілді.  Бұл мәселені  Сыртқы   Істер  Министрлер  Кеңесі  шешеді  деді.

            Румыния,  Болгария  және  Венгриядағы  Одақтастар  Бақылау  жұмысын қайта  құру  туралы.  Үш   мемлекет   АҚШ   КСРО  және  Англия  Одақтастар  Бақылау   Комиссиясындағы   Румыния    Болгария   және   Венгриядағы   совет   өкілдері    өз    жұмыстарын    жақсарту    туралы  мәлімдеді   деп   атай  көрсетілді.

            Одақтастар  Бақылау     Комиссиясының     жұмысы   жаңа   өзгерістерге    байланысты   қайта   құрылады   деп  мәлімдеді.   Венгрия   туралы Кеңес  Одағының    АҚШ    және   Англия    үкіметіне   арнаған   хаты,   онда   былай   делінген:   «Германиямен   арадағы   соғыстың   бітуіне    байланысты  және  қазіргі    қалыптасқан  жағдайларға  байланысты  Венгриядағы  Одақтастар  Бақылау  Комиссиясының  жұмысын   төмендегідей  етіп  құруды  ұсынамын:

  1. Венгриямен бейбіт  келісім  шартын  жасағанша  Одақтастар  Бақылау  Комиссиясының  төрағасы  немесе   орынбасары  АҚШ  және  Англия  өкілдерінің  қатысуымен   кеңес   өткізіп  отырады.

     Онда  Бақылау  Комиссиясының  жұмыстарына  баға  беріліп, оның  атқаратын  жұмыстарының   жоспарлары  қаралып  отырылады.  Бақылау  Комиссиясының   күрделі  мәселелер  туралы  директивалары  ағылшын  және  Американ  өкілдерінің  келісімінен  кейін  Венгрия   үкіметіне  беріледі.

  1.  Англия   мен  Америка   өкілдері  барлық  жиналыстарға  басқа  да  жұмыстарына   қатысуға  мүмкіндіктерге  ие.
  2. Америка және  Англия   өкілдерінің  Венгрияда   емін-еркін  жүріп-тұруына  барлық  жағдай   жасалынған.
  3. Венгрияға келу  және   кету  Одақтастар  Бақылау  Комиссиясының  төрағасының  шешімімен  жүзеге  асырылады.
  4. Почта,  т.б.   жүктерді  әкету  Одақтастар  Бақылау  Комиссиясының   төрағасының  келісімі  бойынша  жүзеге  асады». (57)

 

      Германия  тұрғындарының   қоныс  аударуын   реттеу  туралы.  Конференция  төмендегідей  шешім  қабылдады:

          Үш   өкімет  Польшадағы,  Чехославакиядағы  және   Венгриядағы  қалған  неміс   тұрғындарын  Германияға   қоныс   аударуы   туралы  мәселе   қарап, шешім  қабылдады.   Тұрғындардың  кез-келген  өз   Отанына   қоныс  аударуды   ұйымдасқан  және  адамгершілік  тұрғыда  шешкен  жөн.

           Басқа  елдерден  Германияға  көптеген  неміс    тұрғындарының   қоныс  аударуы   оккупацияланған  территориялардағы  ауырпалық  салуы  мүмкін.  Оларды   қоныс   аударғанда   бақылау  Кеңесі  алдын-ала   дайындық   жұмыстарын  жүргізіп,   талдау  жасап  оларды  Германия  территориясына  әділдікпен   орналасу   қажет.

           Бақылау   кеңесі   қанша   адам  келді,  олар   қалай   қайда  орналасты  осы  жайды  өз  үкіметіне   үнемі  хабарлап  отырулары  қажет.  Германиядағы   қалыптасқан   жағдайларды  еске  ала  отырып  қоныс   аударудың   мерзімін,  шарттарын Бақылау  Кеңесімен  келісіп  шешілуі  қажет.

Чехославакия  өкіметіне,  Польша   Уақытша  өкіметіне  және  Венгриядағы  Одақтастар  Бақылау  Комиссиясына  уақытша   өз  территориясындағы  неміс   тұрғындарының   қоныс  аударуын   тежей   тұру  тапсырылды. (58)

 

Румыниядағы  мұнай   құрал-жабдықтары  туралы.

 

   Конференция   екіжақты  экспертті   комиссия  құруға  келісім  беріп  отыр,  біріншісі  Англия  және  Совет  Одағының  өкілдерін;  екіншісі  АҚШ  өкілдері   мен  Совет  Одағының   өкілдері;  олар  Румыниядағы  мұнай  құрал-жабдықтарын   алуға  болатын-болмайтындығын  анықтауға  тиіс.

    Бұл  эксперттер   өзінің   жұмысын  он  күннен   кешіктірмей  бастауы  керек.

 

 

                                        Иран   туралы

Тегераннан   Одақтастар  әскери  тез  арада  әкетілетін   болып    шешілді,  ал  басқа  жердегі   әскерлердің   шығару   мерзімін  Сыртқы   Министрлер  Кеңесінің  қазанда  болатын  Лондан   кеңесінде  шешілетін  болды.

 

Танжер   Халықаралық  зонасы  туралы

Кеңес Одағының   ұсынысы  қабылданып  мынадай  шешім  қабылданды.  Танжер  зонасы  және   Танжер  қаласы  мен   оның  аудандар   стратегиялық  маңызы  бар  балғандықтан  Халықаралық  болып  қалады.

 

                           Қаратеңіз  шығанақтары  туралы

            Монтреде   қабылданған   шығанақтар  туралы Конференция  қазіргі  уақыт  жағдайына  байланысты   қайта  қаралады  деп  шешілді.  Бұл  мәселе  Түркия  үкіметімен  болатын  келісімдердің  арқасында   да  ғана  шешімін  табуы  мүмкін  деп  мәлімдеді.

 

Халықаралық  ішкі  су  жолдары  туралы

           Конференция  осы мәселе  туралы  АҚШ  үкіметінің   мәлімдемесін  басшылыққа  ала  отырып, оны  шешу  Сыртқы  Істер  Министрлер  Кеңесінің   отырысына   тапсырылсын   деп  шешті.

                   Ішкі   Европалық   транспорт  конференциясы

          АҚШ  және   Англия   Кеңес Одағын  Европалық  ішкі  транспорт  конференциясының  жұмысын  қайта   бастамақшы  екендігі   туралы хабарлады  және  Кеңес Одағы  бұл  конференция  жұмысына   қатысуға  шақырды. Кеңес Одағы  бұл   конференция  отырысына  қатысатындығын  білдірді (59).

          Германиядағы  Одақтастар  Бақылау  Кеңесінің   мүшелерінің  бас   қолбасшыларына   арналған  директивасы.

 

   Үш   мемлекет  өздерінің  Бақылау  Кеңесіндегі   өкілдеріне   олардың құзырына  жататын  мәселелерге  жіберілетіндігін  хабарлады. Конференция  жұмысын  2 тамыз 1945  жылы  аяқтады.   

Конференцияда  барлық  13  отырыс  болды.  Барлық  отырыстарға   үш  мемлекеттің  1-ші   басшылары  және  Сыртқы  Істер  Министрлері  қатысты  Англия  премьер-министрі   У.Черчильді   жаңадан   сайлаған  премьер-министр  Эттли  және   жаңа  Сыртқы  Істер  Министрі  Бевин  ауыстырды. (60)

 

    Конференция  үш мемлекет  КСРО,  АҚШ   және  Англияны   бұрынғыдан  да  жақындата  түсті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

КСРО, АҚШ  және Англия басшылары И.В.Сталин, Ф.Д,Рузвельт және У.Черчилльдердің қатысуымен болған Тегерандағы, Америкадағы, Ялтадағы және Потсдамдағы конференциялар екінші  дүниежүзілік  соғыстың дипломатиялық тарихында  ерекше орын алады.

Конференцияның  материалдарынан, шешім қабылдануда АҚШ, Англия  және КСРО  басшыларының  кейбір мәселелерде көзқарастарының тіпті қарама-қайшы болғандығын көреміз. Бұл қайшылық АҚШ-тан Англияның өз мүдделерін капиталистік тұрғыдан бағалап, соғыстан қалай да болмасын пайда табуды  ойлады. Бірақ сол кездегі тарихи  жағдай  соғыстың барысы үш ел басшыларының дұрыс баға беріп тиісті дұрыс шешімдер қабылдауына әсер  етті.

Дүниежүзі    халықтары   Гитлерге    қарсы     құрылған  Одақтың  коолицияның  жұмысына зор  баға  берді. Ол көптеген  халықтарды құлдықтан  құтқарып өздерінің тәуелсіздік мемлекеттерін  құруға мүмкіндік берді.

Конференцияларда қаралған мәселелердің ең бастысы екінші майданды ашу туралы болды. Үш ел келісімге АҚШ және Англия екінші майданды ашу туралы қабылданған шешімдерді орындауда әртүрлі себептермен оның мерзімін сақтамай  асығыстық танытпады.

Екінші майдан Совет Одағының шығыстағы  жеңістерінің, Германияның сөзсіз  жеңілетіндігін  сезгеннен соң ғана  1944  жылы  ашылды. Соғыстан кейін бейбітшілікті  және қауіпсіздікті  сақтайтын халықаралық ұйымы Біріккен Ұлттар Ұйымы  құрылды. Оның негізі – Америкадағы Думбартон-Оксе  қаласында өткен  конференцияда қаланды. Оның  алғашқыда  35 мүшесі  болса,  қазір оның мүшелігінде 100-ден астам елдер бар.

Потсдам конференциясының Германияның болашағы  туралы қабылданған шешімдерінің  зор тарихи  маңызы бар.

АҚШ және Англия басшылары Германияны бөлшектеп 5 жеке мемлекет құруды ұсынды. Кеңес Одағы бұл шешімге үзілді-кесілді қарсы шықты. Потсдам конференциясының тағы бір маңызды  шешімі Германиялық милитаризм мен нацизмнің қалдықтарын жойып, Германия мемлекетінің басқа елдерге соғыс қаупін төндірмейтіндей етіп құру керек болды.

Қару-жарақ шығаратын Германияның барлық заводтары мен өндіріс орындарын жою туралы шешім қабылдады. Потсдам конференциясындағы Польша туралы, басқа да Германия жаулап алған елдердің болашағы туралы қабылданған шешімдердің де  зор маңызы  бар.

Конференция материалдарына АҚШ пен Англия басшыларының шешім қабылданарда Кеңес Одағына үнемі  қысым жасап отырғанын көреміз. Соған қарамай көптеген күш-жігер жұмсаудың арқасында тиісті дұрыс шешімдер қабылданып отырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сілтемелер:

 

  1. Советский Союз  на  международных  конференциях  периода  Великой  Отечественной  войны  1941-1945  гг. Т.І.  Московская  конференция  министров  иностранных  дел  СССР,  США  и  Великобритании  (19-30 октября  1943 г.).  Сборник  документов.  М., 1978.    314 бет
  2. Бұл да сонда 315 бет
  3. Бұл да  сонда   253-254 беттері
  4. Бұл да  сонда  316 бет
  5. Бұл да сонда  317-318  беттері
  6. Советский Союз  на  международных  конференциях  периода  Великой  Отечественной  войны  1941-1945  гг. Т.ІІ.  Крымская конференция  руководителей  трех  союзных  держав  СССР, США и Великобритании  (4 -11  февраля  1945 г.), М., 1978.  

      32-33 беттері

  1. Бұл да сонда  45 бет
  2. Бұл да сонда 107-109 беттер
  3. Бұл да сонда 155 бет
  4. Бұл да сонда 156 бет
  5. Бұл да сонда 236 бет
  6. Советский Союз  на  международных  конференциях  периода  Великой  Отечественной  войны  1941-1945  гг. Т.ІІІ.      Конференция  представителей  СССР, США и Великобритании в  Думбартон-Оксе  ( 21 августа-28 сентября  1944 г.), М., 1978.        13 бет 
  7. Бұл да сонда 14 бет
  8. Бұл да сонда 34-35 беттер
  9. Бұл да сонда 49-50 беттер
  10. Бұл да сонда 50-54 беттер
  11. Бұл да сонда 53- бет
  12. Бұл да сонда 162 бет
  13. Бұл да сонда 165 бет
  14. Бұл да сонда 7 бет
  15. Бұл да сонда 211 бет
  16. Бұл да сонда 238 бет
  17. Советский Союз  на  международных  конференциях  периода  Великой  Отечественной  войны  1941-1945  гг.    Берлинская  (Потсдамская)  конференция  руководителей  трех  союзных  держав  СССР, США и Великобритании  (17  июля – 2 августа   1945 г.), М., 1978.  6 бет
  18. Бұл да сонда 8 бет
  19. Бұл да сонда 11 бет
  20. Бұл да сонда 11 бет
  21. Бұл да сонда 15 бет
  22. Бұл да сонда 12 бет
  23. Бұл да сонда 14 бет
  24. Бұл да сонда 15 бет
  25. Бұл да сонда 16-17 беттер
  26. Великая  Отечественная  война  Советского  Союза. 1941-1945.  Краткая  история.  М.,    552  бет
  27. Советский  Союз  на  международных  конференциях  периода  Великой  Отечественной  войны  1941-1945  гг.    Берлинская  (Потсдамская)  конференция  руководителей  трех  союзных  держав  СССР, США и Великобритании  (17  июля – 2 августа   1945 г.), М., 1978.  20-21 беттер
  28. Бұл да сонда 31 бет
  29. Бұл да сонда 93-94 беттер
  30. Бұл да сонда 103-104 беттер
  31. Бұл да сонда 487 бет
  32. Бұл да сонда 489 бет
  33. Бұл да сонда 491-492 беттер
  34. Бұл да сонда 392 бет
  35. Бұл да сонда 393 бет
  36. Бұл да сонда 394 бет
  37. Бұл да сонда 394-395 беттер
  38. Бұл да сонда 396 бет
  39. Бұл да сонда 397 бет
  40. Бұл да сонда 398 бет
  41. Бұл да сонда 399 бет
  42. Бұл да сонда 399 бет
  43. Бұл да сонда 432-433 беттер
  44. Бұл да сонда 468-469 беттер
  45. Бұл да сонда 470 бет
  46. Бұл да сонда 471 бет
  47. Бұл да сонда 471-472 беттер
  48. 472-473 беттер
  49. 473 бет
  50. 473-744 беттер
  51. 475-476 бет
  52. 476 бет
  53. 476-477 бет
  54. 481 бет

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған  әдебиеттер  тізімі:

 

  1. Советский Союз  на  международных  конференциях  периода    

     Великой  Отечественной  войны  1941-1945  гг. Т.І.  Московская    

     конференция  министров  иностранных  дел  СССР,  США  и 

     Великобритании  (19-30 октября  1943 г.).  Сборник  документов

 

  1. Советский Союз  на  международных  конференциях  периода  Великой  Отечественной  войны  1941-1945  гг. Т.ІІІ.      Конференция  представителей  СССР, США и Великобритании в  Думбартон-Оксе  ( 21 августа-28 сентября  1944 г.), М., 1978.      

 

  1. Советский Союз  на  международных  конференциях  периода  Великой  Отечественной  войны  1941-1945  гг. Т.ІІ.  Крымская конференция  руководителей  трех  союзных  держав  СССР, США и Великобритании  (4 -11  февраля  1945 г.), М., 1978.

 

  1. Советский Союз  на  международных  конференциях  периода  Великой  Отечественной  войны  1941-1945  гг.    Берлинская  (Потсдамская)  конференция  руководителей  трех  союзных  держав  СССР, США и Великобритании  (17  июля – 2 августа   1945 г.), М., 1980. 

 

  1. Внешняя политика  Советского  Союза  в  период  Отечественной  войны.  Документы  и материалы.  М., 1947, т.ІІІ.

 

  1. Сборник действующих  договоров,  соглашений  и  конвенций,  заключенных  СССР  с иностранными  государствами.  Вып.9.  М., 1955.

 

  1. Великая Отечественная  война  Советского  Союза. 1941-1945гг. Краткая история.  М., 1965.

 

  1. История Великой  Отечественной  войны  Советкого Союза.  1941-1945гг. М., 1963.

 

  1. Фостер У.З.  Очерки  политической истории  Америки.  ИЛ, 1955. 

 

  1. Тридцатилетие  Победы  советского народа  в  Великой  Отечественной  войне. Документы  и материалы.  М., 1975.

 

  1. Советско-французские  отношения во  время  Великой  Отечественной  войны  1941-1945 гг.  Документы  и  материалы. М., 1959.

 

  1. Шервуд  Р.  Рузвельт  и  Гопкинс.  Глазами  очевидца.  М., 1958.  Т.ІІ.