Қызметкерлер мен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебі мен аудиті
Мазмұны
Кіріспе
1 бөлім. Еңбек ақының теориялық негізі
1.1 Еңбек ақы есептеу түрлері мен жүйелер………………………………………………..
- Ұйымның өндірістік-экономикалық көрсеткіштеріне сипаттама…………..
1.3 Ұйымның есеп саясаты. ………………………………………………………………………
- Жұмыскерлер мен еңбек ақы төлеу бойынша есеп айырысудың есебі
2.1 Жұмыскерлердің құрамы мен жұмыс уақытының есебі………………………..
2.2 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық және синтетикалық есебі…………………………………………………………………………………………………………
2.3 Жұмыскерлерге есептелген еңбек ақыдан ұсталымдар мен
аударымдар……………………………………………………………………………………………….
- Еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебінің аудиті
3.1 Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды аудиторлық тексерудің ақпараттық көздері мен мақсаттары…………………………………………………………………………
3.2 Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудиті……………………………………….
3.3 Жұмысшы қызметкерлерге еңбек ақы төлеу бойынша еңбек ақы қорын талдау……………………………………………………………………………………………………….
Қорытынды………………………………………………………………………………………………
Қолданылған әдебиеттер…………………………………………………………………………
Кіріспе
Экономикалық нарықтық жолмен дамуы барысында ұйымдар қызметінің қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес ұйымның басшылығының ерекше көңілі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына мән беріп отыр. Әсіресе, елімізде халықаралық стандартына сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп стандартының енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бұл еліміздің қазіргі даму кезеңінде ол шет ел инвесторларымен қарым-қатынасының нығаюы кезеңінде маңызды болып саналады.
Еңбекті қалыптастыру барысында жалақы жетекші орын алады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері мен жұмыскерлернің жалақылары ақшалай көріністегі ұлттық табысты жеке тұтыну қорындағы олардың үлесі болып табылады. Біздің елде еңбекақы төлеу екі жақты функцияны атқарады: бір жағынан жұыскердің табысының негізгі көзі және олардың өмірлік деңгейін көтеру, басқа жағынан — өндірістік тиімділігін арттыру болып табылады.
Елдің әлеуметті және экономикалық дамуындағы өзгерістеріне сәйкес нарықтық шаруашылықта шаруашылықтану жүйесіне ауысу жағдайында еңбекақы төлеу салалырының саясаты да және жұмыскерлердің әлеуметтік қорғауда жеке қолдауы да өзгереді. Осы саясаттың жүзеге асырылуы бойынша мемлекеттің көптеген функциялары тікелей кәсіпорынға беріледі, яғни өз еріктерімен еңбекақының мөлшері мен жүйесін, оның нәтижесін материалды ынталандыруды бекітеді.
Еңбек және еңбекақы есебі – жұмысшылар санынынң өзгеруі, жұмыс уақытының шығындары, жұмысшылар категориялары, өндірістік шығын сияқты мағлұматар түгел қамтылатын дәл әрі оперативтік деректерді талап ететін аса маңызды да күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.
Нарықтық қатынасқа көшу ақшалай табысты алудың жаңа көздерін туғызады, кәсіпорын мүлігіне еңбек ұжымының мүшелеріне салымдар мен акциялар бойынша төлемдерді аударылған (дивиденттер, пайыздар) сомалар болып табылады.
Сөйтіп, әрбір жұмыскердің еңбек табысы жеке үлесі бойынша анықталады, кәсіпорыннның жұмыстарының соңғы қорытындысын қосқанда, салықтармен реттеледі және максималды салықпен шектелмейді.
Еңбек есебі мен еңбекақы бойынша есеп айырысу кәсіпорындағы барлық есеп жүйесіндегі ең ірі және маңызды саласы болып табылады.
Жаңа шаруашылықтанудың шарттарындағы маңызды міндеттер мыналар: еңбекке ақы төлеу бойынша кәсіпорын персоналдармен есептесудің белгіленген мерзімінде орындау, жалақыға аударылған сомалардың өнімдердің өзіндік құнына дұрыс қосылуы және дер кезінде, басшылық үшін жалақы төлемі мен еңбек бойынша көрсеткіштерді біріктіріп, жинау және қажетті есеп беруді құру, сондай-ақ зейнеткерлік қорлармен есептесу.
Кәсіпорынның тиімді дамуы үшін бақылауға рационалды жүйені жетілдіруі керек, басқарушылық және ақпараттық жүйені құрып, ішкі аудиттің орны мен ролін анықтау қажет. Бұл фирма жетекшілеріне буындарды, кәсіпорындарды тиімді басқауға көмектеседі.
Еңбекке ақы төлеу бойынша қызметкерлермен есептесудің есебі мен аудиті бухгалтерлік есеп аспектілерінде ең маңыздылардың бірі, сондай-ақ бұл шығындар кәіпорында үлкен орынға ие. Сондықтан да бұл шығындарға арнап ішкі бақылауды үлкейту керек.
Осы тақырыпты таңдап алудағы негізгі міндеттер:
- еңбекақы қорын және жұмыс уақытын пайдаланып, жұмыс мөлшерінің орындалуын, еңбектің саны мен сапасын бақылау;
- Бастапқы құжаттарды уақытылы және дұрыс рәсімдеу, еңбекақы қорынан жалақыны ұстап қалу;
- Ұйымның әрбір жұмысшысына жалақыны уақытылы және дұрыс есептеу:
- Белгіленген мерзімде еңбекақы бойынша есеп айырысу;
- Жалақы бойынша шығынды өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дұрыс әрі уақытылы қосу керек.
«Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» заңының 5 –бабына сәйкес жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынасы нормативті-құқықтық актілермен реттеледі. Ал еңбекақы мөлшері «Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 71 –бабына сәйкес ең аз шамадағы еңбекақы мөлшерінен аз болмауы керек.
Бұл диплом жұмысының мақсаты – зерттеу объектісі ретінде алынған еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру жүйесін жан-жақты қарастырып талдап оны жетілдіру жолдарын және нарықтық талаптарға сай жағдайға әкелу бағыттарын зерделеу болып табылады.
- ЕҢБЕК АҚЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Еңбек ақы есептеу түрлері мен жүйелері
Еңбекке қарай бөлудің нақтылы нысандары еңбек ақы және жалақы арқылы жүзеге асады. Жалақы еңбекпен жасалған қажетті өнімнің негізгі бөлігі. Еңбек төлемінің әр алуан нысандарында және жүйелерінде есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібін қарастырсақ, олар мынандай жүйелерде болады.
Кесімді еңбек ақы — жұмысшы қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруде еңбек уақытын қысқарту мақсатында қолданылады.
Жеке кесімді еңбек ақы жүйесі. Мұндай жүйеде еңбек ақы әрбір жұмысшылардың нәтижелеріне байланысты. Оны белгіленген бағаны жұмысшының дайындаған бұйымдарының санына көбейту арқылы анықтайды.
Бригадалық кесімді еңбек ақы жүйесі. Жұмысшылардың еңбек ақысын біржүйеде бригада учаске жұмысшының нәтижелері бойынша анықтайды.
Еңбек ақы жөніндегі бағалар жекелей (әрбір жеке кәсіп үшін) және кешенді (бригаданың бүкіл ұжымы үшін) болуы мүмкін. Жекелеген бағаларды қолданғанда әрбір жұмысшы еңбек ақысының жұмыс үшін белгіленген бағаларды бүкіл бригада (учаске, цех) болып дайындалған бұйымдардың санына көбейту арқылы табылады. Кешенді бағаларды қолданғанда жұмысшы еңбек ақыны былай анықтайды. Алдымен кешенді бағаны бүкіл ұжым болып дайындаған бұйымдардың санына көбейту арқылы бүкіл ұжымға (бригадаға, учаскеге) тиісті еңбек ақысын есептеп шығарады.
Есептеп шығарған еңбек ақыны әрбір жұмысшының жұмыс істеген уақытына және оған берілген тарифтік разрядқа сәйкес ұжым мүшелеріне бөлінеді. Оны бөлгенде қосымша еңбек ақының коэффициенттері, коэффициент сағаттар немесе коэффициент күндер пайдаланылады. Қосымша еңбек ақы коэффициентін анықтағанда ұжым құрамына енетін әрбір жұмысшының сағаттық немесе күндік төлем мөлшерін жұмыс істеген уақытына көбейтеді де оның тарифтік мөлшері бойынша төлемін тауып алады. Содан кейін бүкіл ұжымның кесімді еңбек ақысын тарифтік төлем мөлшеріне бөліп, бригаданың еңбек ақысының орташа коэффициентін табады. Әрбір жұмысшының тарифтік еңбек ақысын еңбек төлемін қосымша еңбек ақы коэффициентіне көбейту арқылы әрбір жұмысшының нақты кесімді еңбек ақысы анықталады. Сағаттық немесе күндік тарифтік коэффициенттерді қолданғанда да еңбек ақысын бөлу жөніндегі есеп айырысуды осылай жасайды. Жанама кесімді еңбек ақы жүйесі – мұнда көмекші және басқа жұмысшылардың еңбек ақысын қызмет көрсетіп отырған учаскенің, цехтың негізгі жұмысшыларының төлеміне шаққан пайызбен анықталады.
Еңбек ақының кесімді-сыйлықтық жүйесі — өндірілген өнімнің (жұмыстың) санына төленетін төлемнен өзгеде жұмысшыға белгіленген сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін (өндірістік жоспарларды, нормаланған тапсырмаларды өндірім нормаларын орындағаны үшін және асыра орындағаны өнім сапасын арттырғаны үшін шикізаттарды, материалдарды, отындарды үнемдегені үшін жабдықтың техникалық жұмыс режимін сақтағаны үшін) сыйлық төлейді.
Үдемелі кесімді еңбек ақы жүйесі бойынша – еңбек ақының бұл жүйесінде кесімді жұмысшылардың белгіленген нормалардан артық өндірген өнімі үшін көтермелеу көзделеді. Норма мөлшерінде дайындалған өнім үшін жұмысшыларға төлемді тікелей кесімді бағалар бойынша есептейді, ал нормадан асыра дайындалған өнім үшін проогрессивті үдемелі бағалар бойынша есептейді.
Еңбек ақының аккордтық жүйесі – бұл жүйеде жұмысшылардың еңбек ақысын жұмыс көлемінің орындалуы бойынша анықтайды, онда нормаланған тапсырма (уақыт, өндірім нормалары) және баға алдын-ала анықталған. Еңбек ақының бұл жүйесі жұмысшылардың бөлек топтары немесе бригаданы, бригадалардың бөлек ұжымдары үшін еңбек өнімділігін арттыруда және жұмыстың орындалу мерзімін қысқартуда олардың материалдық ынталылығын күшейту мақсатымен қолданылады. Еңбек төлемінің аккордтық мөлшерін қолданыстағы нормаланған тапсырмалар (уақыт өндірім нормалары) мен бағалар негізінде белгілейді, ал олар болмаған жағдайда осындай жұмыстар үшін қолданылатын нормаланған тапсырмалармен бағаларды шығарып белгілейді.
Еңбек ақының бұл жүйесі бойынша тапсырма мерзімдерінің қысқартылғаны үшін сыйлық беру тәртібін енгізуге болады.
Болашақта өндірісті кешенді түрде механикаландыру мен автоматтандырудың даму, жұмысшылардың мамандықтары жетіліп еңбек ақысында нақты сараланудың кемуі нәтижесінде кесімді жүйенің қолданыс аясы қысқарады да, ал жұмысшылардың еңбек ақысының мерзімдік-ұжымдық және мерзімдік сыйлықтық жүйесімен алмастыратын болады.
Қарапайым мерзімді еңбек ақы. Еңбек төлемін сағаттық, күндік, айлық, тарифтік төлем мөлшері немес айлық еңбек ақы бойынша есептейді. Оның көлемін жұмыс істеген уақыт санына белгіленген тарифтік төлем мөлшеріне көбейту арқылы анықтайды. Бұл жүйені негізінен басшы қызметкерлердің, мамандардың, кіші қызмет көрсететін адамдардың еңбек төлемі үшін қолданылады.
Еңбек ақының мерзімдік — сыйлықтық жүйесі – бұл жүйеде еңбек төлемін еңбек ақының қарапайым мерзімдік жүйесіндегідей жасайды, бірақ жұмыс істеп жүргендер сыйлықты белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін алады.
Жұмысшыларға жұмыстың негізгі нәтижелері үшін сыйлық беру еңбек ақы қорынан мынадай және тұтыну қорынан мынадай көрсеткіштер (ережелер) бойынша жүзеге асырылады: өндірістік тапсырмалар және жеке тапсырмалардың, техникалық тұрғыдан негізделген өндірім нормаларының, нормаланған тапсырмалардың орындалуы және асыра орындалуы, еңбек өнімділігінің, өндірімнің өсуі, бұйымдардың нормаланатын көп жұмыстылығының төмендеуі өндірім (уақыттың және қызмет көрсетудің) жаңа нормаларының игерілуі өндіріс бригадасының учаскесінің, цехының шаруашылық қызметінің соңғы нәтижелерінің жақсартылуы және т.б. Сыйлықтардың мөлшері істеген жұмыстарының маңыздылығы мен күрделілігіне қарай жұмысшылардың кәсіптері мен топтары бойынша сараланып белгілейді. Бригада ұжымдары бүкіл бригада ұжымының жұмыс нәтижелері үшін төленілетін қаражат мөлшеріне бригаданың әрбір мүшесіне жұмыстың жалпы нәтижелеріне қосқан нақты үлесін, еңбек тәртібі мен ішкі тәртіп ережелерін сақталуын ескере отырып, сыйлықтардың мөлшерін анықтауға құқылы. Сыйлық әдетте айлық жұмыс нәтижелері бойынша беріледі.
Еңбек ақы өнімнің өзіндік құнының негізгі элементтерінің бірі болып табылады: оның есебін дұрыс ұйымдастыру еңбек өнімділігінің өсуіне өнімнің өзіндік құнын төмендеуіне және халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына септігін тигізеді. Әрбір қызметкердің еңбек ақысы жұмыстың соңғы нәтижелерімен қызметкердің жеке өзінің қосқан үлестерімен анықталуға тиіс және ең көп мөлшерімен шектелмейді.
Жалпы жұмысшы қызметкерлерге есептелетін еңбек ақы негізгі және қосымша болып бөлінеді.
Негізгі төлем – қызметкерлерге нақты жұмыс істеген уақыты үшін істелген жұмыстардың немесе берілген баға немесе айлық еңбек ақы бойынша өндірілген өнімнің саны мен сапасы үшін есептелген еңбек ақысы
Қосымша төлем – еңбек туралы заңға сәйкес қызметкерлерге кәсіпорында жұмыс істелген уақыты үшін есептелетін еңбек ақысы. Оған кезекті демалыстар төлемі, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді және т.б. орындалғаны үшін берілетін төлемдер, түнгі немесе мерзімнен тыс уақыттарда істегені үшін төленетін төлемдер, және т.б жатқызылады. Экономиканың барлық салаларындағы және меншіктің барлық түрлеріндегі шаруашылық субъектілеріндегі еңбек төлемінің негізінен тарифтік төлем мөлшері алынады. Олар қызметкерлердің мамандық топтары бойынша сараланған. Экономиканың барлық салаларындағы қызметкерлердің бірыңғай тарифтік кестені құруға тарифтік төлем мөлшерін және қызмет орындарының айлық еңбек ақыларын есептеуге тұтастай республика бойынша заң жүзінде белгіленген жалақының ең аз мөлшері негіз болып табылады. Ол 2006 жылы 9200 теңгені құрайды. Еңбек ақы төлемі ақшалай немесе заттай есептеліп төленуге тиіс.
Ақшалай еңбек ақы – еңбек ақысының қолданыстағы жүйесіне сәйкес есептелген сомалар.
Заттай еңбек ақы- төлем ретінде заттай берілген өнімнің құны, тегін немесе төмендетілген бағамен тамақтандыру, қызметкерлерге берілетін немесе қоғамдық жолаушылар тасымалының үшін қосалқы шаруашылықтардан бөлінетін өнімнің жұмыстың және көрсетілген қызметтік баға айырмашылығына орнын толтыру және т.б.
Еңбек ақының құрамына қызметкерлердің дивиденттер мен проценттер түріндегі табыстары енгізілмейді. ҚР-сының 2000 жылдың 1 қаңтарында жүзеге асырылған Қазақстан Республикасындағы 1999 жылғы 10-12 № 493 «Еңбек туралы заңы» (2001 жылғы 06. 12. № 260 ІІ) ҚР Заңымен енгізген өзгертулер мен толықтырулармен азаматтардың ҚР-дағы еңбек бостандығына Конституциялық құқығын іске асыру процесіндегі туындайтын еңбек қатынастарын реттейді. Сондай-ақ ҚР-сының «Еңбек туралы» конституцияға негізделеді және осы Заң мен қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттейтін нормалары осы Заңның нормаларынан кем бола алмайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер конституцияда заңда және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе осы Заңның күші ҚР-сының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады. Және де әркімнің де өзінің еңбек құқықтарын іске асыруға тең мүмкіндіктері бар. Егер де шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар өздерінің еңбек қатынастарын Қр-сының аумағында жүзеге асырса және заңда конституцияда, ҚР бекіткен халықаралық шарттарда басқаша көзделмесе еңбек қатынасына қатысушыларға мемлекеттің араласуын шектеп көптеген бостандықтар беріледі.
Еңбекке қатысатын жас мөлшері, яғни жеке еңбек шартын он алты жасқа толған адамдармен жасауға жол беріледі. Ал жұмысқа қабылдаудың ең
төменгі шегі ата-анасының біреуінің келісімімен 14 жастан басталады. Сондай-ақ табиғи және климат жағдайларына байланысты бүкіл күнтізбелік жылдан немесе айдан аспайтын белгілі бір кезең (маусым) ішінде жұмыс атқаратын қызметкерлер маусымдық қызмкеткерлер болып танылады. Мұндай қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде қызметкердің оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатымен сынақ белгіленбейді. Сондай-ақ жұмыс беруші мен өзінің материалдарымен және өзіндегі немесе жұмыс беруші бөлетін немесе жұмыс берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды құрал-саймандармен тетіктерін пайдалана отырып жұмысты үйінде өз еңбегімен орындау туралы жеке шартын жасасқан адамдар үйде жұмыс істейтін қызметкерлерге жатады.
Қызметкерлердің өзге де санаттарының еңбек қатынастарын реттеуге осы заңға және қызметкерлердің жекелеген санаттарының айқындайтын өзге де заң актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
Кәсіпорындағы еңбек ақыны ұйымдастыру үнемі өзара байланысты және өзара тәуелді элементтермен атап айтқанда тарифтік жүйемен еңбекті нормалаумен және еңбек ақы төлеудің түрлерімен анықталады. Тарифтік жүйе еңбекті сапасына қарай бағалауға, нормалау жұмсалған еңбек төлемін есепке алуға ал тәртібін анықтауға мүмкіндік береді. Тарифтік жүйе жұмысшыларға еңбек ақыны ұйымдастырудың негізгі ретінде қызмет етеді. Сонымен қатар жұмысшылардың біліктілігіне еңбек ақы төлеу түрлері мен маңызына тәуелді түрде құрылады.
Тарифтік жүйеге мыналар кіреді:
— Бір күнге немесе бір сағатқа төленетін еңбек ақыны анықтайтын тарифтік ставка
— Әртүрлі жұмыстармен біліктілігімен разрядтары арсында еңбек ақының қатынасын көрсететін тарифтік сетка
— Тарифтік сеткаға сәйкес жұмыс пен жұмысшының разрядтарын анықтауға болатын тарифтік біліктілік анықталады.
Қарапайым жұмыстарды орындау 1-ші разрядты жұмысшының тарифтік ставкасы бойынша төленеді. Басқа разрядтағы жұмысшылардың ставкасы бұл көлемінен олардың еңбек біліктілігін деңгейіне былайша айтқанда тағайындалған тарифтік разрядқа немесе белгіленген тарифтік разряд әрбір өндірістік операцияға әрбір жұмысқы тағайындалады. Сондықтан тарифтік ставка орындау уақыт нормасын есепке ала отырып кесімді бағаларды есептеуге пайдаланады.
Кәсіпорындар еңбек ақы төлеу түрлерімен жүйелерін тарифтік ставкаларымен окладтарымен жүйесін құрудың негізі болып ҚР Үкіметі белгіленген «Ең төменгі еңбек ақы» есептеледі. Анығырақ айтқанда заң негізінде белгіленген орташа айлық жұмыс уақытының ұзақтығы мен ең төменгі еңбек ақыдан барып 1 разрядтың сағаттық тарифтік ставкасының ең төменгі мөлшері және орташа айдағы жалақы уақыты тарифтік ставканың ең төменгі мөлшерімен есептеледі. Тарифтік кестеде тарифтік еңбек ақының кесімді және мерзімді еңбек ақы деп аталатын еңбек ақының түрлері бойынша есептелетін жұмысшы қызметкерлерге қарастырған тарифтік еңбек ақы мөлшері 1 сағатқа белгіленеді. Ол уақыт мөлшеріне немесе өндірілетін өнім көлеміне және орындалатын жұмыс көлеміне қарай бағасын анықтауға пайдаланады.
Кесімді еңбек бағасы белгілі тарифтік баға бойынша 1 сағатқа белгіленген еңбек ақы мөлшерін сол сағатта өндірілген өнім көлеміне немесе орындалған жұмыстың мөлшеріне бөлу арқылы табылады.
1 – сурет. Еңбек ақы есептеудің түрлері мен жүйелерінің үлгісі
Еңбек ақының түрлері |
Кесімді еңбек ақы |
Мерзімді еңбек ақы |
Жай мерзімді
|
Сыйлықтық мерзімді |
Жүйелері |
Жанама кесімді |
Аккордтық жүйесі |
Үдемелі кесімді |
Жай кесімді |
|
Кесімді сыйлықты жүйесі |
|
1.2 Ұйымның өндірістік-экономикалық
көрсеткіштеріне сипаттама
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі “САДУ” баспахана үйі Қазақстан Республикасының заңына сәйкестеліп құрылған, ұйымда қатысушының мүддесі мен мақсаты, өнім шығарудың сапасы мен табысына байланысты сәйкесті түрдегі баспахана қызметін көрсетеді.
Баспахана 1999 жыл ашылған. Серіктестіктің негізгі қызметтері:
Баспахана; редакция баспасы; жарнама ақпараттық қызметі; аудармашылық қызмет көрсету, жұмысты орындау.
Ішкі экономикалық қызметі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ұйымдастырылған, Қазақстан Республикасының заңында тыйым салынбаған
басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
Баспаханада әртүрлі бөлімшерлері бар, соның ішінде ең негізгі 3 бөлімі бар: өндіріс бөлімі; бас механик қызметі; бухгалтерия;
- Өндіріс бөлімі екі цехтан тұрады: түптеу цехы және басып шығару цехы.
Түптеу цехы бірнеше учаскеден тұрады, соның ішінде крикадель учаскесі, ширпотреб учаскесі, бүктеу учаскесі, материал қоймасы, дайын өнім қоймасы.
Ал басып шығару цехында афиша учаскесі, дайын өнім учаскесі, басып шығару учаскесі, компьютер учаскелері жұмыс істейді.
Бас механик қызметіне саниетхникалық қызмет көрсету, электриктер, және құрал-жабдықты жөндеу цехы кіреді. Бұдан бөлек үш бөлімшелері бар, олар кіші қызмет көрсетушілер: асхана, күзетшілер және құрылыс учаскелері болып табылады.
- Қажетті көлемде өнімді тиімді жолмен шығару үшін цехтар арасында, ал цех ішінде, учаскелер арасында белгілі пропорциялар болуы керек. Бұл пропорционалдыққа дұрыс құрылым арқылы жүзеге асырылады.
- Бухгалтерияда: бас бухгалтер; материалдық жағындағы бухгалтер; еңбекақы жөніндегі бухгалтер; қаржы жөніндегі бас мамандар жұмыс істейді.
Бас механик эксплуатациялық жұмыстар мен құрал-жабдықты, техникалық жабдықтарды қамтамасыз етіп, профилактикалық құралды жөндеп, жұмыс жоспарын тексеріп отыруды ұйымдастырады.
Бас бухгалтер өндірістегі бухгалтерлік есепті кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметіне және экономикалық материалды пайдалануға және қаржы ресурстарына бақылау жасайды. Қаржы түсімінің есебін есептеп, тауарлы-материалдың бағасы мен өнімді өткізуді есептеп отырады, сонымен қатар кәсіпорының қаржы шаруашылық нәтижесі, қаржылық есептеу мен несиелік операцияларын, кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбекақысын есептейді, мемлекеттік сақтандыру, әлеуметтік сақтандыру қорына, әлеуметтік зейнетақы және басқа да қорларға есеп береді. Жалпы өндірістің шығарған өнімінің, пайдасы мен шығындарын, баланс активтеріне, банктің несие пайызын, салық төлемдерін, өндіріс орнын жалға беру жылу энергиясы, байланыс телефоны және басқа да салықтар мен төлемдерді төлеп, кәсіпорынның жалпы ақшалай қаражатына жауап беріп, қажетті мекемелерге айдың аяғында есеп беріп отырады. Және де тауарлы материалдық құндылығы мен қаржы жағдайының шығынын, ақшаның жетіспеушілігіне, кәсіпорын банкрот болып қалмауы үшін жауап береді.
Материалдық бухгалтердің міндеті — шығарылған өнімдерді, шығыны мен пайданы есептеп, есеп беріп отыруы болып табылады.
Жалақы бухгалтері жұмысшылар мен қызметкерлерге ай сайын берілетін еңбек ақыны есептеп, төлеп және басқа да ақшалай төлемдерді қабылдап отырады. Бұл кәсіпорында өнімді тек тапсырыс арқылы өндіргендерін шығарады, сол тапсырыс бергендердің ақшалай қаражаттарын қабылдайды.
Қаржы және еңбек нормасының маманы, экономист еңбек нормасын есептеп, кәсіпорынның жұмысшы қызметкерлерінің жұмыс істеген уақытын, шығарған өнімін және жұмыс стажына, разрядына орай еңбекақыларын есептейді. Кәсіпорынның ай сайынғы шығарған өнімін есептеп, ақша қаражатының түскен пайдасы мен шығындарының нәтижесін есептеп, жылдың соңында жылдық есеп береді.
Кәсіпорында цех, участок жұмысшы-қызметкерлерінің еңбекақысы мерзімді және кесімді болып екіге бөлінеді, еңбекке қатысты коэффициенті, қосымша еңбекақы, негізгі еңбекақы, кесімді-сыйлықты, мерзімді сыйлықты, болып есептеледі.
ЖШС “САДУ” өндірістік-экономикалық жағдайын оның қаржылық есеп беру көрсеткіштерінен байқауға болады. Қаржылық есеп берудің маңызды нысаны қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп беру болып табылады. Ол негізінен табыстар мен шығындар жайлы мәліметті құрайды. Табыс — бұл активтің өcyiн немесе міндеттемелердің
|
Көрсеткіштер атауы |
өткен жыл 2003 жыл |
Eceптi жыл 2004 жыл |
Өсу қарқыны Сома Пайыздық көрсеткіші |
|
1 |
Өнімді өткізуден түскен табыс (мың тг.) |
52916495 |
75408778 |
22492283 |
142, |
2 |
Өнімнің өзіндік құны (мың тг.) |
31231381 |
47890636 |
16659255 . |
153,3 |
3 |
Жалпы табыс (мың тг) |
21685114 |
27518147 |
5833028 |
126,8 |
4 |
Кезең шығындары (мың тг.) |
14109443 |
22169222 |
8059779 |
157,1 |
5 |
Салыққа дейінгі табыс (мьщ тг.) |
4969929 |
7978310 |
3008381 |
160,5 |
6 |
Таза табыс (мың тг.) |
3418950 |
5584817 |
2166867 |
163,3 |
7 |
Негізгі құралдар |
77035220 |
1164024 |
76871180 |
1,5 |
|
орташа жылдық құны (мың тг.) |
|
|
|
|
8 |
Қор кайтарымы |
6,86 |
6,47 |
-0,38 |
|
9 |
Қор сыйымдылығы |
0,14 |
0,15 |
0,01 |
|
10 |
Актив айналымы |
0,14 |
0,15 |
0,01 |
|
11 |
Сату табыстары , % |
0,06 |
0,07 |
0,01 |
|
12 |
Актив пайдалылығы |
0,16 |
0,21 |
0,5 |
|
13 |
Актив орташа құны |
21141490 |
26566271 |
5424881 |
|
көбеюін анықтайды. Бұл есеп беру табыс пен шығындар сомасын салыстырғандағы нәтижесін көрсетеді. ЖШС “САДУ” қаржы шаруашылық қызметін талдап көрсету үшін ЖШС «САДУ»негізгі экономикалық көрсеткіштері» кестесін келтіреміз.
1-кесте. ЖШС «САДУ» негізгі экономикалық көрсеткіштері
ЖШС “САДУ” 2003 жылғы өнімдерін өткізгеннен түскен табысы 52916495 тг. құраса, бұл көрсеткіш 2004 жылы 2249228Зтг. өciп 75408778 құрады, немесе 1,4%-ға өсті.
Өткізген өнімнің өзіндік құны 2003 жылы 31231381 тг., 2004 жылы 47890636 тг. болды, ал өсу қарқыны 16659255тг болды, немесе пайызбен көрсететін болсақ 1,5%.
Жалпы табыс 5833078 тг. өстi яғни 2003 жылы 21685114тг. болса, 2004 жылы 27518142тг болды, немесе 1,3 %-ке тең. Бұған әсер еткен факторлар өнімнің өзіндік құндарының төмен болуы, өткізген өнімнің жоғары болуы.
Кезең шығындары 2003 жылы 14109443 тг. құраса, 2004 жылы 22169222тг. өсті өткен жылмен салыстырғанда жоғарылады немесе 80590779 тг-ге дейін өсті, ал пайызбен айтқанда 1,6%-ке ұлғайды.
Салық салынғанға дейінгі табыс 300839тг. өсті, яғни 2003 жылы 4969929 тг. болды, 2004 жылы 7919310 тг. болды, немесе 1,6%-ке көбейді, яғни табыс та артты.
Таза табыс 2003 жылы 3418950тг. құраса, 2004 жылы 5584817 тг. болды, ал өсу қарқыны 21668687, 1,6% болды.
Негізгі құралдардың орташа жылдық құны 76871180 тг. өсті, яғни 2003 жылы 77035228 тг. болса, 2004 жылы 1164024 тг. Болды, яғни 1,5-ке өсті, бұл жылда негізгі құралдар аз алынды.
Ұйымның қор қайтарымдылығы келесі формуламен есептеледі:
өнімді өткізуден түскен табыс
1) Қор қайтарылымы = ——————————————————
негізгі құралдардың орташа жылдық құны
Баспахананың қор қайтарымдылығы 2003 жылы 6,86 % болса, 2004 жылы 6,47 % құраса, бұл көрсетіштер 2004 жылы 0,38 % төмендеді. Себебі, кәсіпорын өзінің өндірістік қуатын тиімді пайдаланбай отырғанын көрсетеді, яғни машина мен жабықтардың өнімділоігін арттыру қажет, олардың босқа тұруын азайту керек, негізгі өндірістік қорлардың жұмысын жетілдіруді барынша оңтайлату керек.
Қор сыйымдылығы мына формуламен есептеледі:
негізгі құралдардың орташа жылдық құны
2) Қор сыйымдылығы =——————————————————
өнімді өткізуден түскен табыс
Қор сыйымдылығы 2003 жьлы 0,14 % құрады, ал 2004 жылы 0,15 %- ке өсіп, өсу қарқыны 0,01 % құраған
Келесі көрсеткіш – актив айналымы, ол былайша анықталады:
Өнімді өткізуден түскен табыс
3) Актив айналымы =——————————————————-
Ағымдық активтер
Ұйымның актив айналымы 2003 жылы 0,14 болса 2004 жылы 0,15 болды, ал өсу қарқыны 0,01 болды, яғни айналым капиталының айналымының жылдамдағанын көрсетеді.
Ұйымның сату табыстары мына формуламен есептеледі:
Жалпы табыс
4) Сату табыстары = ——————————————
Өнімді өткізуден түскен түсім
ЖШС «САДУ» баспаханасының сату табыстары 2003 жылы 0,06% құраса, ағымдағы жылда 0,07%болды, ал өсу қарқыны 0,01% құрады, яғни осы жылда ұйымның өнімінің өзіндік құны көбейіп, өнімді өткізу көлемі артқан, осыған байланысты жалпы табыс үлесіндегі сату табыстары да көбейді деуге болады.
Ұйымының актив пайдалылығы өткен жылмен салыстырғандағы өсу өарқыны 0,5%болды, немесе активтер толығымен қолданылғанын көрсетеді.
Активтердің орташа құны 2003 жылы 21141490 тг болса, 2004 жылы 26566271 тг құрады, яғни 5424881 тг-ге өсті.
таза табыс
4) Сату рентабельділігі =———————————————
I өнімді өткізуден түскен табыс
таза табыс
5) Активтердің рентабелділігі =————————— ———— 100 %
активтердің жалпы орташа құны
Жалпы бұл баспахананы өркендеп келе жатқан білiктi, мықты кәсіпорындардың бipiнe жатқызуға болады.
1.3 Ұйымның есеп саясаты
ЖШС “САДУ” баспаханасы заңды тұлға болып 1999 жылы 3 қарашада тіркелді және өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына және өз жарғысына сәйкес жүзеге асырады. ЖШС өзінің қаржылық және өндірістік қызметін шаруашылық дербестік негізінде жүргізеді. ЖШС дербес балансы, есеп айырысу және банктік басқа да шоттары, атауы бар мөрі (қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі атауы) бар.
ЖШС “САДУ” баспаханасының қатысушылары болып:
Ұйымдастырушысы –Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлікті басқару бойынша мемлекеттік комитеті (мемлекеттік мүлік бойынша аумақтық комитет).
Қатысушылары – Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары, қазіргі заңнама мен нақты қаулысына сәйкес өзге елдің қатысушылары болып келеді.
Бухгалтерлік есеп ақпараттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 6 ақпанындағы №170 «Қазақстан Республикасынадағы еңбекақыны ұйымдастыруды жетілдіру туралы» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 24-ші ақпанындағы өзгертулер мен түзетулер енгізілген № 293 қаулысымен) қаулысына сәйкес жүргізіледі.
Коммерциялық құпияға жататын негізгі құжаттар:
- төлем тапсырмасы;
- Банк көшірмелері;
- Кассалық кіріс және шығыс ордерлері;
- шаруашылық келісім-шарттар.
ЖШС “САДУ” баспаханасының бухгалтерлік есебі журнал-ордерлік жолмен жүргізіледі. Барлық оперциялар шаруашылық операциялар журналында тіркеледі. Бұнда келесі журнал ордерлер толтырылады: №1 журнал-ордер, және касса операциялары бойынша ведомості, № 2 Журнал-ордер және есеп айырысу операциялары бойынша ведомості, № 5 журнал-ордер және бюдетпен есеп айырысу, № 6 журнал-ордер жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу, № 7 журнал-ордер, № 8 берілген аванстар бойынша журнал-ордер, № 9 берілген аванстар бойынша журнал-ордер, № 11 сатып алушылармен есеп айырысу бойынша журнал-ордер, № 12 айналымнан тыс активтердің қозғалысы бойынша журнал-ордер, № 13 меншікті капиталдың қозғалысы бойынша журнал-ордер, № 14 Жиынтық табысты құру бойынша журнал-ордер. Журнал –ордерлердегі қалдықтар айналым-сальдо ведомосіне апарылады, содан соң жұмыс шоттары бойынша сальдосы Бас кітапқа жазылады.
Бухгалтерлік жазбалар бастапқы құжаттардың негізінде жүргізіледі. Кәсіпорында келесі бастапқы құжаттар толтырылады:
- Тұрақты активтер бойынша:
№ ОС-1 формасы, активтерді беру-алу актісі
№ ОС-3 формасы, тұрақты активтерді істен шығару актісі,
№ 326 формасы 101-106 және 121-126 шоттары бойынша айналым ведомосі,
- Материалдық қорлар бойынша
№ м-2а формасы, сенім хат,
№ М-3 формасы, берілген сенім хаттардың есебінің журналы,
№ 321 формасы, толық материалдық ауапкершілігі туралы типтік келісім –шарты,
№ 434 формасы, накладнойлар
— Еңбек ақы бойынша
№ 49 формасы, төлем есеп айырысу ведомосі,
№ 421 жұмыс уақыты есебінің табелі,
№ 425 демалыс беру туралы хат
№ 451 жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы салымдары есебінің карточкасы
- Кассалық операциялары бойынша
№ КО-1 кассалық кіріс ордері
№ КО-2 кассалық шығыс ордері
№ КО-4 Касса кітабы
- № 286 аванстық есеп беру
— № 297-б формасы «тапсырыс берушілермен есеп айырысу»
ЖШС «САДУ”- баспаханасының бухгалтерлік eceбi Қазақстанның бухгалтерлік eceп стандарттарының және журналды — ордерлік формасы бойынша шоттардың типтік жоспарына сай жүргізіледі. Сонымен бipгe, ұйымдардың есеп саясаты ұйымдардың қызметін, салықтық жоспарлауды, бағалау саясатын анықтайтын негізгі көрсеткіштерін жүзеге асыратын негізгі құрал болып табылады.
Есеп саясаты 1995 жылдың 26 желтоқсанындағы Қазақстан Республиксы Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» Заң күші бар № 2732 жарлығына сәйкес жүзеге асырылады. Оның қалыптасуы үшін Бухгалтерлік есептің стандарттары, соларға әдістемелік нұсқаулар, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүйесін реттеу нормативті-құқықтық құжаттары негізгі база болып табылады. Есеп саясаты ұйым есебінің негізгі ережесін анықтайды, ішкі бақылау мен сыртқы аудит талаптарын да анықтайды. Жалпы алғанда есеп саясатын icкe асыру кезінде мыналарды ескеру керек: кәсіпорынның өз міндеттерін іске асыра алуы; кәсіпорын өз қызметін болашақта жалғастыра алауы (үзілмеушілік принцип); кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп бip есепті кезеңнен келесі есепті кезеңге дейін жалғастырылады, егерде шаруашылық жағдайлар өзгерген кезде жалпылама талдаулар жасауға мүмкіндіктің бар болуы (жалғастырмалы принцип); шаруашылық қызметтердің барлық көрсеткіштері есептегі сол кезеңге қатысты (уақытша белгіленетін принцип) болуы. Бұдан басқа да мынадай талаптарды ұстану керек:
— шаруашылық қызметтегі барлық операциялар бухгалтерлік есепте толық бейнеленуі тиіс; .
— табыстар мен активтерге карағанда шығындар мен пассивтердің бухгалтерлік есептегі көрінісін шынайылықпен келтіру;
- нақты аналитикалық және синтетикалық есептер және бухгалтерлік есептеу көрсеткіштерінің сәйкестілігі,
- ұлттық, кәсіпорын мөлшері мен оның қызметінің масштабын есептеу үшін экономиканы енгізуді білдіреді;
«Салықтар және басқа да бюджеттік төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салықтық есептер мен төлемдер іске асырылады (Салық кодексі 12.06.2006ж. №1074-УП). Есеп саясатының жүзеге асуына ЖШС «САДУ»- басшысы жауап береді.
ЖШС “САДУ” — бухгалтерлік балансы СБУ-дің барлық талаптарына сай келеді. ЖШС “САДУ” — ұзақ мерзімді активтері 2004 ж 1 каңтардағы жағдайы бойынша мынадай негізгі құралдардан тұрады: машина және құрал-жабдықтардың жалпы баланстық құны 874174 теңге, басқа да негізгі жабдықтардың жалпы баланстық құны 1538040 теңге, жинағы 1152986 теңге.
Қаржылық-шаруашылық қызмет нетижесі туралы есеп 30 БЕС-на сәйкес жасалады. Есептік мерзімде жасалған табыстар мен шығындар туралы жазылғаны есептік мерзімде таза табыс пен шығынды анықтаған кезде қосылады. ЖШС «САДУ» баспаханасының eceпті мерзімі күнтізбелік жыл болып есептеледі. Қаржылық-шаруашылық қызметтерінің нәтижелері жеделдетілген ақпараттар үшін ай сайын жасалады. Түзетулер сомалары және алдыңғы мерзімдегі қаржылық есептерді құрған кезден жіберілген қателер eceптi мерзімдегі табыстарға немесе шығындарға қосылады.
«Ақша — қаражатттарының қозғалысының eceбi» 4 БЕС-на сәйкес ЖШС “САДУ” Қазақстанның АҚ «Банк-Центркредит» банкінің есеп шоттарында жүзеге асырылады.
6 «Негізгі құралдар eceбi» стандартының әдістемелік нұсқаулар БЕС-на сәйкес негізгі құралдар eceбi жүргізіледі. Алғашқы материалдық емес активтер мен негізгі құрал қаражаты туралы кағаздар арқылы (тапсырып-қабылдау aктici, шығару, келу) жүргізіледі. Бухгалтерлік есепте негізгі құрал құнына тәуелді емес ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын (1 жылдан жоғары) материалдық активтер жатады, ал салықтық есепте — айлық есептік керсеткіші 50 ден жоғары құны бар активтер, олар бip жылдан жоғары қызмет мерзімі мен қаржылық жылға сәйкес республикалық бюджет туралы заңда бекітілген. (Салық кодексі 105 бабы.)
Негізгі құралдарға амортизация есептеудің тура жолын қолданады.
Негізгі мүлікті жөндеу кезінде ЖШС «САДУ»баспаханасы мына ережелерді басшылыққа алады:
Күрделі жөндеу — негізгі мүліктің бөлек бөлімдерін, барлық дефектілерді қалпына келтіреді, яғни эксплуатация кезінде немесе объектінің жөндейтін жерін қарағанда шыққан жөндеу жұмыстары да қоса кіреді. Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген мерзімі пайдалану мерзіміне байланысты. Ағымдағы жөндеу кезінде тез бұзылатын детальдар ауыстырылады, объектінің істен шыққан ұсақ деталдарын ауыстырады. Ағымдағы жөндеу жұмысы кезінде шыққан шығындар сол кезден ұйымның шығынына кіреді. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізгенде келісім шартқа отырады және смета толтырылады. «Баспаханадан басып шығарылған кітаптарды, журналдарды, тапсырып-қабылдау актісі» негізінде басып, өңдеп шығару жұмыстарын аяқтау бойынша жөндеуге кеткен қаржы ұйымның шығындары есебінен шығарылады. ЖШС «САДУ» баспаханасының материалды емес активтер бағдарламалық қамтамасыз етуден тұрады. Бағдарламалық камтамасыз ету құны 102 шотында есептеледі. Пайдалану мерзімі 1 жыл. ЖШС «САДУ» баспаханасының Банк-Центркредит АҚ валюталық шоты бар ұлттық эквивалента операциялық бейнесі теңге және есебінде салық салу заңының талаптары бухгалтерлік есеп талаптарынан айырмашалықтары бар, сондықтан да бухгалтерлік табыс пен салық табысының айырмашылықтары туады. Күнделікті кездесетін айырмашылықтар мыналар:
- A) Қазақстан Республикасыньң Yкiмeтi бекіткен іс-сапарлық және әкімшілік шығындары нормадан жоғары;
Б) Валюталық есеп пен шетелдік валюта операциялары бойынша бағамдық айырмашылықтар;
- B) Бюджеттен түсетін айыппұл санкциясы;
Г) Кәсіпорын қызметтеріне қатысы жоқ шығындар;
Д) Салық заңына сай заңды тұлға ұсынған салық жеңілдіктері.
Уақытша айырмашалықтар бухгалтерлік есеп бойынша бірнеше шығындар мен табыстар бip есептік кезеңге катысты болған кезде пайда болады. Уақытша айырмашылықтар болашақта салықтық эффект анықталған кезде жойылады және есеп кезінде бейнеленеді.
Тауарлы-материалдық қорларды бағалаудың орташа өзіндік құнын есептеу әдісі қолданылады.
Ұйымның есеп саясаты Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 14 бұйрығыме: №1 «Есеп саясаты және оны ашу», № 2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық қортынды есеп маңызын ашу негіздері», № 3 «Қаржы шаруашылық қызметі нәтижесі жөнінде қортынды есеп» жөніндегі стандарттары жойылып, бұлардың орнына № 30 «қаржылық қорытынды есеп тапсыру» жөніндегі жаңа стандартының негізінде құрастырылған.
Есеп саясатындағы негізгі қабылданған бухгалтерлік принциптері:
Мүліктік жекелену, Үздіксіздік, сенімділік, шындық, бейтараптық, байқаушылық, және шаруашылық факлітерінің толықтығы принциптері жатады.
2-бөлім. Жұмыскерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысудың есебі.
2.1 Жұмыскерлердің құрамы мен жұмыс уақытының eceбi.
Еңбек өнімділігінің өсуіне және өнімнің өзіндік құнын төмендетіп оның сапасын арттыруға еңбек тәртібін нығайтуға еңбекақы есебі біршама септігін тигізеді. Кәсіпорынның шаруашылық қызметі процесінде қызметкерлер жұмысқа қабылданып және жұмыстан босатылып жатады, олардың саны өзгеріп отырады, жұмыс бабына қарай ауыстырулар болып тұрады. “САДУ” баспаханасында қызметкерлер құрамының есебін кадрлар бөлімі жүргізеді. Олар бүкіл кәсіпорындағы оның құрылымдық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің саны мен өзгеру себептері, жынысы, жас мөлшері категориялары, кәсіптері, қызмет орындары, мамандықтары, біліктілігі, жұмыс стажы, білім және басқа белгілері бойынша қызметкерлер құрамы туралы деректер алуды қамтамасыз етеді. Кәсіпорындағы қызмет атқаратын адамдардың жалпы саны олардың тізімдегі саны деп аталады.
Жұмысқа қандай мерзімге қабылдағанына қарай қызметкерлер тұрақты, уақытша және маусымдық болып бөлінеді. Жұмыстың бітер мерзімі көрсетілмей қабылданғандар тұрақты қызметкерлерге екі ай мөлшерден белгілі бір мерзімге немесе белгісіз мерзімінен, бірақ екі айдан аспайтын уақытқа сондай-ақ (ауруына, бала тууға байланысты алған демалысқа орай) заңдарға сәйкес қызмет орны сақталатын жұмысы жоқ қызметкерлердің мерзімді жұмысқа қабылданғандар уақытша қызметкерлерге: маусымдық жұмыстар істеу кезінде қабылданғандар маусымдық қызметкерлерге жатады.
Қызметкерлердің өндірістік шаруашылық қызметке қатысуына қарай кәсіпорындағы қызметкерлер: өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Өндірістік қызметкерлерге негізінен өндірістік қызметпен шұғылданатын қызметкерлерді жатқызады. Өндірістік емес қызметкерлерге тұрғын үй коммуналдық шаруашылықпен шұғылданатын кәсіпорынға қатысты мәдени тұрмыстық және оқу орындарына еңбек ететін қызметкерлер көлік саудадағы тағы басқа қызметкерлерді жатқызады.
Кәсіпорындағы қызмет істеп жүргендерді тізімдік және тізімдік емес қызметкерлер деп бөледі. Тізімдік қызметкерлерге кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша 1 күннен артық мерзімге, ал қызметінің қалған түрлері бойынша кем дегенде 5 күн мерзімге жұмысқа қабылданған барлық тұрақты маусымдық және уақытша қызметкерлерде енгізеді. Қызметкерлер тобы мынадай категорияларға бөлінеді: басшылар мамандар және осы топқа жататын басқа да қызметкерлер. Жұмысшыларды өндіріс процесінде қатысуына қарай өнім дайындаумен жұмыс істеумен және қызмет көрсетумен тікелей шұғылданатын негізгі жұмысшылар деп және негізгі цехтарда қосалқы жұмыстар атқаратын немесе қосалқы өндірісте жұмыс істейтін қосалқы жұмысшылар болып бөлінеді.
Қызметке алынған адамға табельдік номер беріліп жеке карточкасын ашады. Бұл жеке карточкада жұмыс істейтін қызметі жалақысы, табельдік номері және жұмыстағы қозғалысы көрсетіледі. Сонымен қатар бұл карточкада еңбек ақы бойынша есеп айырысулар да көрсетіледі. Кәсіпорындағы орташа қызметкерлердің орташа санын анықтау үшін олардың күнделікті сандық есебін жүргізеді. Ол үшін қызметкерлердің тізімдік санын жұмысшылардың жұмысқа алынғаны басқа жұмысқы ауысқандығы, жұмыстан шығарылғаны бұйрықтар негізінде дәлелденіп отырады.
Есеп беретін кәсіпорынның жұмысшы қызметкерлерін орташа саны сол алдағы әрбір календарлық күндегі жұмысшы қызметкерлердің тізімдегі санын қосып (1-31 күн аралығындағы) мейрам немесе жұмыс істемейтін демалыс күндерін қоса алғандағы қосынды санды календерлық күн санына бөлу арқылы алынады. Сондай-ақ басқа жұмыс істемейтін күндердегі қызметкерлердің тізімдік саны сол күннің алдындағы жұмыс күннің мәліметіне сәйкес алынады.
Қызметкерлер мен жұмысшыларына еңбек ақы әркімнің білім немесе мамандық дәрежесіне қарай куәландыратын алғашқы құжаттардың бірнеше үлгісі бар. Олардың қай үлгісін қандай жағдайда қолдану керектігін қолданылатын еңбек ақы төлеудің үлгісіне қарай белгіленеді.
Мысалы, жұмыс уақыты бойынша төленетін еңбек ақыны 03 үлгідегі «Жұмыс уақытын есептеу» табелі негізінде есептейді. Қызметкерлердің категориялар бойынша табельде алфавит бойынша реттік номері, санына қарай жүргізіледі. Табельді есептеу бухгалтериясының бухгалтері толтырады. Онда жұмыс істеушілердің аты-жөні табельдік номері мамандық қызметі көрсетіледі. Бұл табельдерде кәсіпорындағы әрбір құрылымның өкілдері бойынша қызметкерлердің жұмысқа келмегені, жұмыстың тоқтап қалғаны және т.б жағдайларға сәйкес тиісті шартты белгілерді қою арқылы толтырылады. Жұмысшы қызметкерлердің уақытша жұмысқа жарамай қалғандығына берілген құжаттар осы табельге қосымша тіркеледі. Қызметкерлердің демалысқа шығуы, уақытша жұмысқа жарамай қалғандығы жұмысқа себепсіз кешігуі және т.б жағдайлар табедьде тиісті белгілермен көрсетіледі. Мысалы: Демалыстағы қызметкерлер үшін – О, ауырған күндері – Б, іс-сапарда болған күндері – К, себепсіз жұмысқа келмеген күндері – П, т.с. сияқты белгіленеді.
Жалпы табельді кәсіпорында еңбек өнімділігін анықтап жұмыс уақытын пайдалануды жақсарту үшін кәсіпорында кеңінен қолданылады. қызметкерлеріне істеген уақытына тұрақты жалақы төленеді. Мұндай жағдайда әр айдағы жұмыс уақытының санына қарамай жұмыс уақытының санына қарамай жұмыс күндері толық есептелінсе белгіленген тұрақты жалақы толық есептелінеді. Егер жұмыс күндері толық есептелінбесе, белгіленген тұрақты жалақы мөлшері сол айдағы жұмыс күндерінің жалпы санына бөліп күндік орта табысы анықталады да оны сол айдағы істеген жұмыс күндеріне көбейту арқылы есептейді. Істеген уақытша мерзімі бойынша төленетін жағдайда әр қызметкердің істеген жұмыс күннің (жұмыс сағатына) санына белгіленген күнді сағаттық тарифтік төлеу бағасына көбейту арқылы еңбек ақы мөлшері анықталады. Еңбек ақы төлеуді есептеуде бекітілген тарифтік ставкаларда (жалақыны) өндіру нормаларын жұмыскерді әртүрлі категорияларына еңбек ақы төлеудің ережелерін басқа да басшылыққа немесе нұсқау материалдарды басшылыққа алу қажет.
Жалақы – еңбек үшін оның күрделілігіне саны емес, сапасына сәйкес төленетін сый ақы немесе табыс.
Орташа жалақы дегеніміз – қызметкерлердің өткен уақыт ішінде алған нақты жалақысынан есептелген еңбек ақы төлемінің мөлшері деп түсінеміз. ҚР-дағы еңбек туралы заңда орташа жалақы есептеп шығарудың әртүрлі ережелері пайдаланады, сол бойынша мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыт үшін басқа жұмысқа ауысқан кезде донорлық міндеттерді орындаған уақыт үшін, жұмыстан шығарылған кезде жәрдем ақы ретінде жұмыстан амалсыз қалған уақыт үшін, кезекті және қосымша демалыс уақыттары үшін, пайдаланылмаған демалыс үшін, өтем ретінде оқуға демалыс уақыты үшін, жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдем ақы ретінде төлемдер төленеді. Орташа жалақыны есептеп шығарудың негізінде қызметкерлер өзінің негізгі жұмысын жалғастырып істеп берген жағдайда қанша жалақы алатын болса орташа жалақыны да сол мөлшерде анықтау мақсаты сақталады. Ай сайын өзгермейтін тұрақты мерзімдік төлем алып тұратын қызметкерлер үшін орташа жалақы белгіленген айлық сол ақыдан анықталады. Еңбек төлем ай сайын өзгеріп тұратын қызметкерлерге орташа жалақы төленер айдың алдындағы календарлық 12 ай бойынша есептеледі. Ал демалыс үшін төленетін төлем қызметкерлерге (календарлық емес) жұмыс жылында бір рет беріледі. Демалыс жұмысқа қабылданған күннен бастап есептеледі. Қызметкер сол кәсіпорында 11 ай үзіліссіз жұмыс істегенннен кейін демалыс алуға құқылы демалыстың ұзақтығы жұмыс істеп жүргендердің әртүрлі категориялар бойынша ұжымдық шартқа және ережелерге сәйкес белгіленеді. Демалыс төлемін 12 календарлық айдағы жалақы есебінен осы кезеңге тиесілі белгіленген үстемелермен қосымша ақыларды және сыйлықтық орташа мөлшерлік ескере отырып төленеді.
. 28 календарлық күні заң бойынша беріледі.
6 календарлық күні үзіліссіз жұмыс стажы бұйрық бойынша беріледі. Сондықтан 34 календарлық күні демалыс беріледі.
Айлар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1айда есептелген еңбек ақы |
34285 |
45000 |
45000 |
34772 |
45000 |
45000 |
45000 |
Жұм. Істелген кален. күн |
28 |
29 |
30 |
30 |
30 |
30 |
30 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
жиыны |
45000 |
45000 |
45000 |
45000 |
45000 |
519058 |
31 |
30 |
29 |
30 |
17 |
344 |
Орташа еңбек ақы = 519058/ 344 = 1508,89
Марта 13 күн демалыс = 13 * 1508, 89= 19615тг 57 тиын
Апрельде 21 күн демалыс = 21 * 1508,89 = 31686,69
19615,57+ + 31686,69 = 51302,26
Қызметкерлердің демалыс үшін төленетін төлемі 51302 теңге 26 тиын.
Сыйлықтық орташа мөлшері 12 календарлық ай үшін берілетін сыйлықтың орташа айлық процентін 12 календарлық ай үшін төленетін (сыйлықсыз орташа жалақыға көбейту арқылы анықталады). Осы ереже 5 күндікте, 6 күндікте апталығында пайдаланылмаған демалыс үшін өтем төлеу үшін де қолданылады.
Демалыс жөніндегі есеп айырысу үшін қабылданған еңбек төлем формасы 12 –ге (1 жылдағы ай саны) және 25,4 –ке (1 айдағы жұмыс күндерінің орташа санына ) бөлінеді.
Демалыс уақыты дегеніміз- қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және оны өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты. Орташа жалақы есебінен жұмысқа уақытша жарамсыздық брйынша берілетін жәрдем ақылар да енгізіледі. Қызметкерлердің уақытша жатамсыздық бойынша берілетін жәрдем ақылары төленеді. Ол төлемдер былай есептеледі. Еңбекке жарамсыз парағы бойынша ол қанша күн жұмыстан босатылғанын есептеу керек. Мысалы 20 /2 2003 жылдың 23/2 2004 ауырған қызметкер 3 күн ауырған. Оның орташа еңбек ақысын табу керек.
12 айдың еңбек ақының жиыны 519058 тг құрайды. 12 айда істеген сағаттың жиыны 1664 сағат
Орташа еңбек ақысы= 519058/1664 = 311,93 тг
Ол қызметкер бір күнде 8 сағат жұмыс істейді 8* 311,93 = 2495
Орташа еңбек ақы – 2495
2495*3 күн = 7485тг
Қызметкердің уақытша жұмысқа жарамсыздығына төленетін төлем (7485 теңге) «Республикалық бюджет» туралы белгіленген заңға сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аспауы қажет 7485*10 = 74850 теңге.
Басшы қызметкерлерге мамандарға және басқа қызметкерлерге сыйлық бергенде, яғни бұл категорияларға сыйлық кәсіпорын шаруашылық қызметінің негізгі нәтижелері үшін беріледі. Сыйлықтарды жазу үшін – басқару аппаратының басшы қызметкерлеріне бухгалтерлік және статистикалық есеп деректері, өндірістік бөліністер, цехтар мен учаскелер қызметінің қызметекерлеріне бухгалтерлік есептердің жедел есептің және лабораториялық бақылаудың деректер негіз болып табылады.
Қызметкердің негізгі құқықтары мен міндеттеріне жұмыс беруші мен «Еңбек туралы» заңда белгіленген тәртіппен және жеке еңбек шартын жасауға, өзгертуге, тек еңбегі үшін қандай да болсын кемітусіз тең ақы алуға, қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына кәсіптік одақтарға немесе басқа да қоғамдық бірлестіктерге өз еркімен мүше болуға өзінің еңбек міндеттерін атқаруға байланысты денсаулығына немес мүлкіне келтірілген зиянды кепілдіктер мен төлем ақылар алуға еңбек дауларын талаптардың келісуімен немесе сол тәртібімен шешуге, жұмыс берушіден жеке еңбек шартында тараптың атынан өкілдік ететін лауазымды адамдардың өкілеттілігін растауды талап етуге, ұжымдық шартпен және жұмыс берушінің актілерімен танысуға өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға құқығы бар.
Сонымен бірге еңбек төлемі қоры құрылғанда есепке алынбайтын төлемдер мен шығындардың құрамына мынадай төлемдер мен шығындар енеді: әлеуметтік сақтандыру бойынша төленетін жәрдем ақылар субъект қаражатының есебінен берілетін жәрдем ақы, қызметкерлердің білім алуына байланысты шығындар (жалақыдан өзге) ұйымның қызметкерлері үшін тұрғын үйге жұмсайтын шығындар әлеуметтік сақтандыру қорынан және басқа бюджеттен тыс қорлардан берілетін жәрдемақылар басқа да төлемдер мен шығындар әлеуметтік сақтандыру бойынша төленетін жәрдем ақылар еңбек туралы заңдарға сәйкес беріледі. Аурудың салдарынан жұмысқа уақытша жарамсыздығы үшін берілетін жәрдем ақылар отбасының адамы ауырып соған күтім қажет болған карантин болған, туберкулезбен, яғни кәсіби аурумен ауыруға байланысты басқа жұмысқа уақытша ауысқан жағдайларда белгіленеді. Жәрдем ақы белгілеу үшін жұмысқа жарамсыздық құжаттарына тіркейтін кітапқа (№ е-7) тіркеу тиісті ауырған туралы қағазы (бюлеттень) негіз болып табылады. Жұмыста жарақаттанғандарға немесе кәсіби ауруға жолыққандарға, сондай-ақ 8 жыл және одан жоғары үзіліссіз стажы бар жұмысшылар мен қызметкерлерге, сонымен қатар асырауында 16 жасқа толмаған 3 және одан да көп балалары бар адамдарға жалақының 100%, 5 жылдан 8 жылға дейін үзіліссіз стажы барларға 80 %, 3 жылдан 5 жылға дейін үзіліссіз стажы барларға және 18 жасқа толғандарға 60%, 3 жылға дейін үзіліссіз стажы барларға 50% мөлшерінде жірдемақы беріледі. Жұмыстан қашып кетіп қалу мақсатымен өз денсаулығына әдейі нұсқан келтірілген немесе басқа міндеттерді орындаған үшін немес өтірік ауырған қызметкерлерге жұмысқа жарамсыздық бойынша жәрдем ақы берілмейді.
Әйелдерге жүктілігі және босалқы бойынша босанғанға дейінгі ұзақтығы 70 күн тізбелік күнге, босанғаннан кейін 56 күнтізбелік күнге демалыс беріледі. Есептеу жинақтап жүргізіледі және демалыстағы әйелдің ұйымда жұмыс істеу ұзақтығына қарамастан жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүктілігіне және босануы бойынша осы кезеңге төленетін жәрдемақы босанғанға дейін нақты пайдаланған күндердің санына қарамастан оған толық беріледі. Жаңа туған нәрестелерге тікелей перзентханадан асырап алған әйелдерге бала асырап алған күннен бастап сәбидің дүниеге келген күнінен 56 күнге толғанға дейінге кезеңге (ата-анасы біріне) демалыс беріліп оның ұйымда жұмыс істеу ұзақтығына қарамастан жұмыс берушінің қаражаты есебінен оған осы кезеңде жәрдем ақы төленеді.
Кәсіпорынның қаражатының есебінен берілетін жәрдем ақылар, бұған жататындар: жұмыс көлемінің қысқаруына немесе жұмыс сипатының өзгеруіне байланысты (кәсіпорын таратылған кезде қызметкерлер саны штат қысқарған жағдайда сондай-ақөндірістегі жазатаным жағдайының кесірінен жұмыстан шығарылған немесе кәсіби ауруға шалдыққан жағдайларда) жұмыстан босатылған қызметкерлерге еңбекке берілетін жәрдем ақы.
Әлеуметтік сақтандыру қорынан және басқа бюджеттен тыс қорлардан берілетін жәрдем ақылар: бала туғанда, жерлеуге берілетін жәрдем ақылар, қызметкерлер жарақаттанып қалған жағдайда немесе денсаулығына басқадай зақым келгенде жалақының және басқа да шығындардың орнын толтыру әлеуметтік сақтандыру қорынан және басқа да бюджеттен тыс қорлардан төленетін басқа да төлемдер. Басқадай төлемдер мен шығындар авторлыққаламақы ашылған жаңалықтар өнер табыстар және рационализаторлық ұсыныстар үшін берілген сыйақылар қызмет бабымен іс сапарға шыққан уақытта заңдармен белгіленген мөлшердің шегінде және олардың және олардан тыс жұмсалатын іс сапар шығындары (тәуліктік қоса есептегенде) басқа жерлерге жұмысқа ауысуға, жолдануға және қабылдануға байланысты жұмсалатын шығындардың орнын толтыру, жеке автокөліктерді қызмет бабымен жүруге пайдаланғаны үшін ҚР-ның заңдар белгіленген мөлшердің шегінде ғана және жем-шөп дайындауға немесе монтаждау жөндеу құрылыс жұмыстарына іс сапармен жібелілген қызметкердің тәуліктік және пәтерлік төлемдердің орнына негізгі жұмыс орны бойынша сақталатын орташа жалақының ҚР-ның үкіметі ескерген мөлшердегі сомалары.
Кәсіпорыннның қызметкерлері акциялар бойынша өкімге есептелген сала ретінде алған табыстар және қызметкерлердің ұйым меншігіне қатысуынан түскен басқадай табыстар (дивиденттер, проценттер, үлестік жарналар бойынша төленетін төлемдер) жалақы құрамына енгізілмейді. Еңбек жөніндегі қорытынды есеп бергенде бөлек көрсетіледі.
Қызметкер жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындауға міндетті уақыт — жұмыс уақыты болып есептеледі. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс жеке еңбек шарттарында тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы 40 сағаттан аз болуы мүмкін. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы 14 жастан 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін аптасына 24 сағаттан 16-18 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін аптасына 36 сағаттан аспайтын, ауыр дене жұмыстарында жеке еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін аптасына 36 сағаттан болып белгіленеді.
Жұмыс істеу жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға құқық беретін өндірістің цехтардың кәсіптер мен қызметтердің тізімі, сондай-ақ еңбек жағдайлары зиянды және ауыр қауіпті жұмыстардың тізбесін еңбек жөніндегі өкілетті орган белгілейді.
Қызметкерлер үшін 2 демалыс күні бар , 5 күндік жұмыс аптасы белгіленеді. 5 күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы жұмыс берушінің актісі мен немесе жұмыстың ерекшелігін еңбек ұжымының пікірін ескеріп және жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығын сақтай отырып жұмыс беруші бекіткен ақысы белгіленеді. Өндірістің сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша 5 күндік жұмыс аптасын енгізу ұжымдарда 5 күндік демалысы бар алты күндік кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда 7 сағаттан аспауы керек, ал апталық норма 36 сағат болғанда 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда 4 сағаттан аспауы керек. Бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы еңбек немесе ұжымдық шарттың талаптарымен жұмыс беруші өзі белгілейді.
Кесімді еңбек ақы түрі белгіленген жұмысшы қызметкерлерге түнгі уақыттағы істеген жұмыстары үшін тарифтік кестеде белгіленген еңбек ақысына қосымша төлем 50% мөлшерінде төленеді.
Еңбек жағдайлары өте зиянды және өте қауіпті кезде мерзімінен тыс жұмыстарға тиым салынады. Жұмыс беруші кәсіпорын қызметкерлердің сол жұмыс берушіден нақты жұмыс істеген жұмыс уақытының есебін жүзеге асыруға тиіс. Өндіріс жағдайлары бойынша қызметкерлердің белгілі бір санаты үшін белгіленген апта сайынғы жұмыс уақытының сақталуы мүмкін емес, үздіксіз жұмыс істейтін ұйымдарда, жекелеген өндірістік цехтарда, учаскелерде бөлімшелерде және кейбір жұмыс түріндегі есепті кезең ішінде жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына заңда белгіленген қалыпты жұмыс сағаттары мерзімнен аспауға тиісті жағдайларда жұмыс уақытының жиынтық есебін жүргізуге жол беріледі. Жиынтық есеп жағдайында жұмыс уақытының күн сайынғы немесе апта сайынғы ұзақтығы жұмыс күні немесе жұмыс аптасы сағаттарының нормасынан артық немесе кеш болуы мүмкін.
Есепті кезең ішіндегі жұмыс уақыты сағаттарының жиынтық осы кезеңдегі сағаттардың нормасына тең болуы мүмкін.
Жұмыс уақытының жиынтық есебін жасаған кезде қызметкерлердің осы санаты үшін белгіленген орташа жұмыс күні мен жұмыс аптасының ұзақтығы сақталуға тиісті шектелі кезең есепті кезең болып танылады. Жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдану тәртібі жұмыс берушінің актілерімен айқындалады және ұжымдық шартпен белгіленеді. Күнделікті жұмыс ішінде қызметкерге демалу және тамақтану үшін жинақтап алғанда ұзақтығы 1 сағаттан кем болмайтын үзіліс берілуге тиіс. Бұл үзіліс жұмыс уақытына енгізілмейді және қызметкер оны өз қалауы бойынша пайдаланады. Үзіліс беру уақытымен оның ұзақтығы жұмыс берушінің актілерінде жеке еңбек және ұжымдық шарттарда белгіленеді. Өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беру мүмкін емес жұмыстарда жұмыс беруші қызметкерге жұмыс уақытында демалумен тамақтану мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндеттенеді. Мұндай жұмыстардың тізбесі демалу және тамақтану тәртібімен, орны жұмыс берушінің актілерінде белгіленеді. Жылдың суық мезгілінде ашық далада жылу бермейтін жабық үй-жайларда жұмыс істейтін жүк тиеу, түсіру жұмыстарымен айналысатын қызметкерге жылыну және демалу үшін арнайы үзілістер беріледі. Арнаулы үзілістер жұмыс уақытына қосылады. Жұмыстың бітуі мен оның келесі күнде босатылу арасындағы қызметкерлердің күн сайынғы демалысының ұзақтығы 12 сағаттан кем болмауға тиіс. Сондай-ақ қызметкерге демалыс күндері (апта сайынғы үзіліс демалыс уақыты беріледі).
Бес күндік жұмыс аптасы жағдайында қызметкерлерге аптасына екі, ал алты күндік жұмыс аптасында бір демалыс күні беріледі. Жалпы демалыс күні жексенбі болып есептеледі. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде екінші демалыс күні жұмыс берушінің актісімен немесе жұмыс кестесімен белгіленеді. Екі демалыс күні де әдетте қатарына беріледі.
Белгіленген заңдарға сәйкес кәсіпорындарда мейрам күндері жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Бірақ та кейбір төтенше жағдайларда субъектіден кейінге кешіктіруге болмайтын жұмысының пайда болуына байланысты қызметкерлердің мейрам күні жұмыс істеуге тура келеді. Мейрам күні жұмыс істеген қызметкерлерге еңбек ақы сол күні үшін 2 еселеніп төленеді. Қызметкерлердің келісімімен олардың мейрам күні істеген жұмыстың орнынан жұмыс күні есебінен демалыс берілуі мүмкін. Ал мейрам күні кезекшілік атқарған жұмысшыларға басқа жұмыс күні есебінен демалыс беріледі.
2.2 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық және синтетикалық есебі.
Жұмыс берушінің актілері – жұмыс берушінің (жұмыс берушілер өкілінің) шығаратын актілері (бұйрықтары, өкімдері, нұсқаулықтары, ішкі еңбек тәртібінің ережелері).
Жеке еңбек шарты – қызметкерлер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша нысанда жасалатын екі жақты келісім ол бойынша қызметкер жұмыс берушінің актісін атқара отырып белгілі бір мамандық біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді. Ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісіміне көзделген өзге де ақшалай төлемдері уақытында және толық көлемінде төлеуге еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Жеке еңбек шарты жазбаша нысанда жасалады. Кемінде екі дана етіп жасалады және оған екі жақтың тараптары қол қояды. Жеке еңбек шартының бір данасы тараптар қол қойғаннан кейін қызметкерге беріледі. Жеке еңбек шартын жасасу үшін жұмыс беруші қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды жеке басының куәлігін (төл құжатын) әлеуметтік жеке кодының берілгені туралы куәлікті, зейнетақы шартын, он алты жасқа толмаған адамдар үшін туу туралы куәлігін білім немесе кәсіби даярлығы туралы құжатты және заңдарда көзделген өзге де құжаттарды талап етуге құқылы. Жұмысқа жаңадан қабылдандарды «Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықпен» (№ е-1 үлгі) құжаттайды. Кадрлар бөлімінің қызметкері мұны барлық қызметкерлерге толтыртады. Кадрлар бөлімінің бастығы немесе жұмысқа қабылдауға жауапты адам бұрыштама қойған бұйрықтың жобасын қажетті жағдайларда, келіссөз жүргізуге жолдама және жұмыс жағдайларымен таныстыру үшін құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін рұқсат қағаз болып табылады. Құрылымдық бөлімше бастығы оны жұмысқа қабылдауға болатындығы туралы тұжырым жасайды, бұйрық жобасының сыртқы жағында жолданушы қандай разряд бойынша немесе қандай айлық жалақымен қандай жұмысқа қабылдануына болатындығы көрсетіледі. Осында сынақ мерзімінің ұзақтығы да көрсетіледі. Жұмысқа алу туралы бұйрықтың жобасында кәсіпкердің айлық жалақысы белгіленіп бос тұрған қызмет орнын және штат кестесі бойынша белгіленетін айлық ақыны растау үшін кәсіпорынның тиісті қызметкері бұрыштама қояды. Кадрлар бөлімі жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың негізінде жеке карточка толтырады, жұмысқа қабылданғаны туралы еңбек кітапшасын белгілейді, ал бухгалтерия дербес шот ашады немесе соған сәйкес құжат жасайды.
Жеке карточканы кадрлар бөлімінің қызметкері қызметкердің өзінен сұрап отырып, паспорт (жеке куәлігі), әскери билет, еңбек кітапшасы, оқу орнын бітіргендігі туралы диплом (куәліктер) және т.б. тиісті құжаттар негізінде 1 дана етіп жазады. Кәсіп және мамандық кодтары жұмысшылардың кәсіпкерінің қызметкерлердің қызмет орындарының және тиісті тарифтік разрядтардың (ОКП РТР) білімі бойынша алған мамандықтардың (ОКСО) классификаторлары арқылы анықталады. Қызметкер туралы деректердің (білімі тұрғылықты жердің ауысуы т.б.) бұдан былайғы өзгерістерді жеке карточкада жүйелі түрде көрініс тауып отырады. Жалпы мәліметтер деген бөлімін толтырғаннан кейін жұмысқа қабылдаушы адам карточкаға қол қойып күнін жазады.
Жұмысқа қабылдануы басқа бір тұрақты жұмысқа ауысуы және жұмыстан босатылу туралы бұйрықтың негізінде кітапшасына енгізілетін әрбір жазбаны әкімшілік сол кітапша иесіне таныстырып карточканың тиісті жерлеріне қол қойғызып отыруға міндетті. Ғылыми қызметкерлерге ғылыми қызметкердің есеп карточкасы (№ Е-4 үлгі) жазылады. Қызметкерді бір цехтан (бөлімнен, учаскеден) екіншісіне ауыстырғанда «Басқа жұмысқа ауыстыру туралы» бұйрық (№ Е-5 үлгі) жазылады. Оны кадрлар бөлімінің қызметкері бір дана етіп толтырады. Бұйрыққа бұрынғы және жаңа жұмыс орындағы құрылымдық бөлімше бастығы бұрыштама соғады да кәсіпорынның басшысы қол қояды. Басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрықтың негізінде кадрлар бөлімі жеке карточкаға еңбек кітапшасына және басқа құжаттарға белгілер соғады. Үлгінің сыртқы жағына қызметкердің бұрынғы жұмыс орны бойынша жауапкершілігінде тұрған тапсырылмаған мүліктік-сатериалдық және бағалы заттар туралы белгілер қойылады.
КЗОТ- қа, күші бар заң актілері мен ережелеріне ұжымдық шарттар мен демалыстар кестелеріне сәйкес қызметкерлерге берілетін жыл сайынғы және басқа түрлердегі демалысты құжаттау үшін «Демалыс беру туралы бұйрық» (№ Е-6 үлгі) қолданылады. Ол екі дана етіп толтырылады. Бірінші данасы кадрлар бөлімінде қалса, екінші бухгалтерияға жіберіледі. Құрылымдық бөлімше бастығы мен кәсіпорын басшысы осы бұйрықтарға қол қояды. Демалыс беру туралы бұйрықтың негізінде кадрлар бөлімі қызметкердің жеке карточкасына белгілер соғады, ал бухгалтерия демалыс үшін тиесілі жалақы бойынша есеп айырысады.
Қызметкерді жұмыстан шығарғанда «Еңбек шартының тоқтату туралы бұйрық» қолданылады(№ Е-8 үлгі). Оны кадрлар бөлімінің қызметкері барлық қызметкерлерге 2 дана етіп толтырылады. Бірінші данасы кадрлар бөлімінде қалады, екінші бухгалтерияға беріледі. Құрылымдық бөлімінде бастығы мен кәсіпорынның басшысы қол қояды. Бұйрықтың негізінде бухгалтерия қызметкерлермен есеп айырысады. Жұмыстан өз еркімен шыққанда қызметкер үлгінің бет жағына арыз жазады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс уақытының белгіленген кестесін сақтап жүрудің бақылау жұмыс істелген уақыт туралы деректер алу еңбек төлем бойынша есеп айырысу, сондай-ақ еңбек жөніндегі статистикалық есеп беру үшін «жұмыс уақыт есебінің табелінде (№ Е-14 үлгі) жұмыс істеп жүргендердің барлық категориясының жұмыс уақытын пайдалану есебі жүргізіледі. Мұны өкілетті алған адам 1 дана етіп жасайды, тиісінше құжатталған соң бухгалтерияға беріледі. Жұмысқа келмеу себептері туралы немесе жұмыс күшінің толық істелмегені туралы және басқа қалыпты жұмыс жағдайынан ауытқушылықтар жөнінде дұрыс толтырған құжаттар (жұмысқа жарамсызды парағы, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындағаны туралы анықтамалар) негізінде ғана табельге белгілер қойылуға тиіс. Жұмыс уақытын пайдалану есебі табельдерде қызметкерлердің жұмысқа келген-келмегендерін жаппай тіркеу әдісімен немесе тек қана ауытқушылықтарды (келмегендерді, кешіккендерді және т.б.) тіркеу әдісімен жүзеге асырылады.
Бухгалтерияға келіп түскен жұмыс уақыты мен өндірілген өнімнің есебі жөніндегі құжаттарды тексереді де , тек содан соң есетік өңдеуге жібереді.
Әрбір жұмысшыға 1 ай ішінде бірнеше құжаттар жазылуы мүмкін. Бір айлық жалақыны есептеу үшін жалақы есебінің жинақ карточкасы қолданылады. Онда қызметкердің тегі аты, әкесінің аты, табельдік номері, цех, учаске құжаттың толтырылған күні мен номері сағаттық норма әрбір құжатбойынша есептелген жалақы сомасы төлемдердің басқа да түрлері көрсетіледі. Карточка деректерін есеп айырысу төлеу тізімдемесін жасау үшін пайдаланады. Есеп жүргізу ісі компьютерлендірілген жағдайда жинақ карточкалары (ведомостары) сондай-ақ есеп айырысу – төлем тізімдемелері де әдетте 1 ғана жұмыс күнінде жасалады.
Жұмыс уақыты есебінің табельдері (№ Е-13, № Е-13а үлгі) деректері автоматты түрде өңдеу жағдайында қолданылады. Ішінара реквизиттермен толтырылған табель бланкілері компьютермен техника құрамдарының көмегімен жасалуы мүмкін. Мұндай реквизиттерге жататындар: кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері цех, қызметкердің аты, тегі, әкесінің аты, кәсібі, табельдік номері, т.б. Мұндай табель үлгісі деректерді өңдеудің қабылданған технологиясына сәйкес өзгереді. Бірақ мұндай үлгіде жұмыс уақытын пайдалану есебі көрініс беретіндей мүмкіндік қамтамасыз етілуге тиіс. Деректерді қолмен өңдегенде жұмыс уақытының есебі және жалақы бойынша есеп айырысу табель (№ Е-12 үлгі) қолданылады, ол (№ Е-13 үлгі) және (№ Е-13а үлгі) табельдермен ұқсас.
Жұмысқа алу үшін кәсіпорынға жолданған жолдама «Жұмысқа жолдама туралы хабарлама» қағазбен (№ Е-63 үлгі) құжатталады.
Жұмысқа орналасу үшін өздері таңдап алған кәсіпорындардағы орталыққа (бюроға) өтініш айтқан азаматтарға (олардың келісімдерімен) беріледі. Өтініш айтқан кезде жұмыс істеп жүрген азаматтарға (қосымша жұмысқа жіберілгендерден, сондай-ақ кәсіпорынның таратылуына қызметкерлер санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты, жұмыстан босатылған қызметкерлерден) өзгелеріне хабарлама қағаз берілмейді.
Бригаданың өндірім туралы рапорттағы (№ Е-7 үлгі) өндірілетін өнімнің белгілі бір түрінде жазады, оның 1 данасына өңделуі бойынша баға белгілейді. Ай бойы немесе басқадай мерзімде бригада өндірімі соңғы операциялардан қабылданған, өңделген детальдар рапортта күн сайын көрініс тауып отырады. Соңғы операциялардан кейін қабылданған өнімнен алынған еңбек төлемін жұмыс істелген уақыт пен жұмысшылардың разрядтарына сәйкес бригада мүшелеріне бөледі.
Бригаданың өндірімі туралы рапортта (№ Е-17а үлгі) аяқталмаған өндірісітің операциялары бойынша артылған өнімдері тұрақты болмаған жағдайда қолданады. Рапортты бригаданың жеке өндірімін күн сайын есепке алып отыру үшін пайдаланады. Өндірім айдың басындағы және соңындағы операциялары бойынша артылған өнім қалдықтарын алып тастау арқылы бақыланады.
Сериялық өндірісте өнім және еңбек төлем есебін бір сменадағы өндірім рапортымен сәйкестендіріп, маршруттық парақта жүргізген жөн. Егер өндірімді өңдеу ұзақтығы бір сменадан аспайтын болса, бір рапортпен шектелуге болады. Маршруттық парақты детальдардың топтарына (партияларына) жазады, ол өндіріс процесінде өңдеу операцияларының бірінен-біріне өтетін топ-топ детальдарға ілесіп отырады. Бұл жұмысшылардың өндірімі мен еңбек төлеміне дұрыс есеп жүргізіп бақылау жасап отыруды қамтамасыз етеді. Бір сменадағы өндірім туралы рапорт өнімнің нақты өндірім туралы рапорт өнімнің нақты өндірімін көрсетуге арналған және еңбек төлемін есептеуге негіз болып табылады. Маршруттық парақтардың деректері бойынша рапорт жазылады.
Маршруттық парақты (№ Е-23 үлгі) өндірістегі детальдар қозғалысын жедел есептеп отырудың өндірім мен еңбек төлемі есебінің бірыңғай құжатты ретінде пайдаланады. Ол өндіріс процесінде детальдар тобына ілесіп отырады. Маршруттық парақты (№ Е-23а үлгі) жұмысшыларға еңбек төлемін есептейтін бір сменадағы өндірім рапортымен (№ Е-22 үлгі) сәйкестендіріп жұмысшылардың өнім өндірімін және жалақыларын есепке алудың бірыңғай құжаттары ретінде қолданады. Жеке және ұсақ сериялық өндірісте өндірім мен еңбек төлемі есебін кесімді жұмысқа жасалған нарядта (№ Е-41 үлгіде – жеке № е-41 үлгіде бригадалық есеп) жүргізеді. Орындалатын тапсырманың ұзақтығына қарай нарядтарды сменаға немесе одан да ұзағырақ (1 айға дейінгі) мерзімге жазады. Оны жазуға учаскенің (цехтың) технологиялық карталары мен өндірістік бағдарламалары негіз болады.
Өндірісте байқалған жарамсыз өнімді «жарамсыз өнім» туралы актімен (№ Е-46 үлгі) немесе бір аптаға ашылатын жарамсыз қнімнің есебінің тізімдемесін жасайды. Егер жарамсыз өнімді бұған жазықсыз жұмысшы жөндесе онда мұндай жұмысқа әдеттегідей наряд жазылады да, оған «Жарамсыз өнімнің жөнделуі» деген таңба басылады. Еңбек жағдайының өзгеруінен туындаған бағаларға қосылатын төлемге және өндіріс технологиясында ескерілмеген жұмыстарға қосымша төлем парағын (№ Е-48 үлгі) немесе ерекшелік белгілері (қағазға көлденең түскен қызыл жолақ) бар кесімді жұмысқа жасалатын нарядтар толтырады. Парақты өндірім туралы негізгі нарядтық немесе рапорттық номеріне сілтеме жасай отырып қосымша төлемінің әрбір түріне жеке жұмысшыға немесе бригадаға жазады. Кәсіпорындағы төлену себептері бойынша қосымша төлемдердің номенклатурасы белгіленуге тиіс.
Қосымша төлемдер туралы мәліметтерді бухгалтерия ауытқушылық себептерін тауып қажетті шаралар қабылдау үшін цех басшылығына үнемі ұсынып отыруға міндетті. Мерзімінен тыс жұмыстар есебін мерзімінен тыс жұмыс істеген адамдардың тізімі негізінде жүргізеді. Мастер мен цех бастығының белгісі бар тізімді мерзімнен тыс істелген жұмыстарға төлем төлеу үшін бухгалтерияға береді.
Кідірістер уақытының есебін кідірістер есебінің парақтары (№ Е-16 үлгі) негізінде жүзеге асырады, оларда кідіріс уақытын, себептерге және кінәлі адамдарды төлем проценті мен жұмысшы туралы мәліметтерді (тегін атын, әкесінің атын, разрядын, табельдік номерін) көрсетеді. Параққа мастер мен цех бастығы қол қояды. Қабылданып тексерілгеннен кейін құжаттардың деректері еңбек төлемін есетеу жөніндегі есеп айырысу – төлеу тізімдемесін жасауға негіз болады.
Еңбек төлемі бойынша есеп айырысуды әртүрлі кәсіпорындарда мынадай құжаттар жүргізеді. Есеп айырысу төлеу тізімдемесінде оны саны мен қатар жалақы беру үшін де пайдаланады: есеп айырысу тізімдемесінде және жеке толтырылған төлеу тізімдемесінде; әрбір жұмысшыға жасалған еңбек төлемінің арнайы есеп айырысуларына (бөлек парақтарда) жыл бойы пайдаланатын кітапқа тігілген есеп айырысу тізімдемелерінде.
Есеп айырысу төлеу тізімдемесі – жиынтық құжат онда есептеген еңбек төлемінің барлық түрі және жұмыс істеп жүргендерге берілген басқа да төлемдер сондай-ақ күші бар заңдарға сәйкес жасалған ұсталымдар мен шегерімдер жинақталған. Онда еңбек төлемі жөніндегі есеп айырысу деректері негізінде жасалады. Тізімдемеде қызметкерлердің тектерін, аттарын, әкелерінің аттарын, олардың табельдік номері мен қызмет органдары, разрядтарын немесе айлық ақыларын көрсетеді. Оған кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер қол қояды. Тізімдеменің «Есептелді» деген бөліміне құжаттардан кесімді мерзімнен тыс және т.б. төлемдер бойынша есептелген сомалар енгізіледі. «Ұсталынады және есепке алынады» деген бөлімінде табыс салығының сомасы, сондай-ақ атқару қағаздары бойынша ұсталымдардың сомалар; кескеге сатылған тауарлар үшін есепке алынған сомалар еңбек төлемінің есебіне кіретін аванстар және басқа да ұсталымдар есепке алынғандар мен берілімдер жазылады. Салықты өткен айдың жалақысынан ұстайды. Айдың аяғында тізімдемеде әрбір жұмысшыға берілуге тиісті соманы есептеп тізімдемені баланстайды.
Қызметкерлер мен еңбек төлемі бойынша есеп айырысу есебі 681 «Қызметкерлер мен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу» шотында жүргізіледі. Бұл пассивті шот.
Еңбек ақыны есептегенде 681 шот кредиттелінетін мына шоттар:
— 126 шот «Аяқталмаған өндіріс» күрделі құрылыспен шұғылданатын және сонда жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек төлемінің сомаларына
— 821 шот «Жалпы және әкімшілік шығыстар» жалпы жаруашылық және әкімшілік – басқармашылық қызметкерлеріне (басшылықтағы адамдардан өзгелеріне) есептелген еңбек төлемінің сомаларына
— 811 шот «Тауарларды (жұмыстарды, қызметті) сату жөніндегі шығыстар» өнім өткізумен жұмыстар мен қызмет көрсетулерді жүзеге асырумен шұғылданатын қызметкерлерге есептелген еңбек төлемінің сомаларына;
— 902 шот «Өндірістегі жұмысшылардың еңбек ақысы» негізгі өндірістегі жұмысшыларға есептелген еңбек төлемінің сомаларына
— 922 шот «Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу» қосалқы өндірістің қызметкерлеріне есептелген еңбек төлемінің сомаларына
— 932 шот «Қызметкерлердің еңбек ақысы» цехтағы (жалпы өндірістегі қызметкерлерге есептелген еңбек төлемінің сомаларына дебиттеледі.
Бухгалтерлік есеп стандарттарына және бухгалтерлік есеп шоттарының бас жоспарына сәйкес басшылықтағы адамдармен есеп айырысу ды есепке алу үшін 682 «Лауазымды тұлғаларға берешек» шоты енгізілген, бұл аталған шотта мына төмендегі қызметттегі адамдармен (төрағалар мен басқарма мүшелері басқарушы кеңестерінің және тексеру комиссияларының мүшелері, кәсіпорыннның директоры және т.б. ) есеп айырысу есебі есептеледі.
Басшылықтағы адамдарға есептелген еңбек төлемінің сомаларына 821 шоты дебеттеледі де 682 шоты кредиттеледі.
681 шоттың кредитінен шоттардың дебетіне көшірілген талдау есебін талап ететін сомалар тиісті баптарға, тапсырыстарға және басқа да есеп объектілеріне жазылуға тиіс. Бұл мақсаттар үшін «жалақыны бөлу» деп аталатын әзірлік кестені пайдаланады да. Оған жазбаларды бастапқы құжаттардан түсіреді.
Қызметкерлер мен демалыстардың төлемі бойынша есеп айырысуды есепке алу үшін шоттардың бас жоспарына 685 қызметкерлердің демалыстары бойынша есептелген қарыздар шоты енгізілген (демалыс күндері үшін резервтелген төлемдер).
Демалыстардың төлемдеріне және көп жылғы сіңірген еңбегі үшін жыл
сайын берілетін сый ақыға (әлеуметтік және медициналық сақтандыруға) резерв жасау демалыстардың төлеміне және өндіріс шығындары ретінде өндірістегі жұмысшылар мен инженерлік – техникалық қыхзметкерлердің көп жылғы сіңірген еңбектері сый ақыларға және басқа шығындардың шоттарына дұрыс та біркелкі бөлік беріп отыруды қамтамасыз етеді. Демалыстардың төлеміне деп бөлінетін процент қызметкерлердің демалыстарының орташа ұзақтығына байланысты.
Демалыстардың төлеміне және көп жылғы сіңірген еңбегі үшін берілетін сыйақыларға резерв жасағанда 685 «Қызметкерлердің демалыстары бойынша берешектерді есептеу» шоты кредиттелініп мына шоттар:
- 126 шот «Аяқталмаған құрылыс» шаруашылық әдіспен жүзеге асырлатын құрылыста еңбек ететін қызметкерлердің еңбек төлемінен есептелген резерв сомаларына
- 811 шот «тауарларды (жұмыстарды қызметтерді) сатуға байланысты жұмсалатын шығындар»
- 821 шот «Жалпы және әкімшілік шығындар» өнім өткізумен шұғылданатын қызметкерлердің және жалпы шаруашылық қызметкерлердің еңбек төлемінен есептелген сомаға
- 902 шот «Өндірістегі жұмысшылардың еңбек ақысы»
- 922 шот «Қызметкерлердің еңбек ақысы»
- Сондай-ақ жарамсыз өнімдерді жөндеумен шұғылданатын қызметкерлердің еңбек төлемінен есептелген резерв сомаларына дебеттеледі.
Демалыс уақыттары үшін және көп жылғы сіңірген еңбегі үшін еңбек төлемін есептегенде 685 шот дебеттеліп мына шоттар:
681 шот «Қызметкерлермен еңбек төлемі бойынша есеп айырысу» және 682 шот «басшылықтағы адамдарға төленетін берешек» (басшылықтағы жекелеген адамдар бойынша) демалыс уақыты үшін есептелген еңбек төлемі сомаларына кредиттеледі.
Қазіргі айдың еңбек төлемі бойынша есеп айырысу үшін және жұмыс істеп жүрген адамның өткен кезеңдердегі жалақысы туралы мәліметтер алу үшін бухгалтерия әрбір қызметкерге «Дербес шот» (№ Е-54 және № Е-54а үлгілер) толтырады. Дербес шот өткен кезеңдердегі еңбек төлемі туралы мәліметтерді көрсету үшін қолданылады.
(№ Е-54 үлгі) өндірімдер мен орындалған жұмыстардың жұмыс істелген уақыттың есебі жөніндегі бастапқы құжаттардың және төлемнің әр алуан түрлеріне арналған. Құжаттардың негізінде есептелімдер мен ұсталымдар туралы жазбалар (№ Е-54 үлгіге) 2 жолға жазылады. Қажет болған жағдайларда әрбір бағанда қорытынды жол істеуге болады. Дербес шотының деректері негізінде есеп айырысу – төлеу тізімдемесі (№ Е-49 үлгі) жасалады.
Қызметкерлермен еңбек төлем бойынша есеп айырысу жөніндегі деректердің жиынтығында әрбір уәсіпорын ай сайын бірнеше есеп айырысу төлеу тізімдемелері (цехтар, бөлімдер) және кәсіпорын көрсететін қызметтер бойынша жасалады оларды жинақтау қажет.
- Жұмыскерлерге есептеген еңбек ақыдан ұсталымдар мен аударымдар
2001жылғы 12 маусымда (2005 ж. 1-қаңтардағы толықтырулар мен өзгерістерді қоса) Қ Р “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Салық Кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғадан алынатын салықтар, мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.
Заңды тұлғалар (ҚР Ұлттық Банктен басқа) және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын төлеушілер салық жылында салық салынатын табысы бар заңды және жеке тұлғалар болып табылады. Табыс салығын төлеушілер өздерінің орналасқан жерлері бойынша салық төлеуді жүзеге асырады. Сондай-ақ табыс салығын төлеушілерге резидент емес – заңды тұлғалар, олардың филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер жатады.
Жеке тұлғалардан табыс салығын ұстау “Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) 2005ж. 12-маусымдағы №209-11 (2006ж. 1-қаңтардағы өзгерістер мен толықтырулармен) сәйкес жүргізіледі.
Жеке тұлғалардың табыстарынан төлем көзінде ұсталатын жеке табыс салығын есептеу бойынша 2006 жылға арналған кесте
Салық салынатын табыстардың мөлшері |
Салық ставкасы |
15 еселенген жылдың есептік көрсеткішке дейін (185400 тг-ге дейін |
Салық салынатын табыс сомасынан 5% (9270 тг-ге дейін |
15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен 40 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін (185400тг-ден 494400 тг. дейн |
15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен алынатын салық сомасы + одан асатын сомадан 8%(9270+185400 тг-ден асатын сомадан 8%) |
40 еселенген 200 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін (494400 тг-ден 2472000тг дейін |
40 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен алынатын салық сомасы + одан асатын сомадан 13% (33990тг+494400 тг-ден асатын сомадан |
200 еселенгеннен 600 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін (2742000тг-ден 7416000 тг дейін |
200 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен алынатын салық сомасы + одан асатын сомадан 15% (291078+2427200 тг-ден асатын сомадан 15% |
600 еселенгеннен ЖЕК*-тен және одан жоғары (7416000 және одан жоғары) |
600 еселенген ЖЕК-тен салық сомасы+ одан асқан сомадан 20%(1032678 тг+ 741600 тг-ден асатын сомадан 20%) |
Ескерту: “2006 жылға арналған Республикалық бюджет туралы” Қазақстан Республикасының 02.12.2005ж .№3-111 Заңымен 2006 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш 1030 тг. мөлшерінде белгіленген. Жылдық есептік көрсеткіш (ЖЕК*)– 12360 тг.
Жұмыскердің негізгі емес жұмысынан тапқан табыс соммасынан айлық есептік көрсеткіш шегерілмейтіндігін және де салық барлық тапқан сомасынан есептелетіндігін ескеру қажет.
Жұмыскердің жылдық жиынтық табысының құрамына: еңбек ақы табысы және кәсіпкерлік қызметтен тапқан жеке тұлғаның мүліктік табысы кіреді. Бірақ та жиынтық табысқа Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетімен белгіленген тәуліктік нормамен шектелетін жұмыскердің іс сапарына төленетін төлем сомасы қосылмайды.
Жыл бойы жеке тұлға табысына салынатын табыс салығы бір қалыпты есептелу үшін арнайы коэффициент белгіленген. Бұл коэффициент 12 санының (жылдағы жалпы ай саны) ағымдағы айдың реттік номеріне қатынасынан анықталады: қаңтар айына – 12 (12/1); ақпанға – 6(12/2); наурызға -4 (12/3) т.с.с.
Егер де жұмыскер календарлық жылдың аяғына дейін қызметтен босатылса, нақты тапқан табысына (еңбек ақысына) салынатын табыс салығы қайта есептеледі, артық (немесе кем) алынған салық сомасы қайтарылады (немесе қосымша ұсталады).
Салық төлеуші есепті жылға жиынтық жылдық табыс және шегеріс жасау декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей табыс етілген күннен бастап 10 күн өткен соң түпкілікті есеп айырысып табыс салығын төлейді.
Әлеуметтік салық- салық салу объектісі еңбек ақы төлеу қоры болып табылады. Салықты төлеушілер: заңды тұлғалар (шетелдіктер қатысқын заңды тұлғаларды шетелдің заңды тұлғалардың өкілет өкілдіктері мен филиалдарын қоса) Заңды тұлғалар ҚР-ның салық заңдарымен белгіленген тәртіп пен Астана, Алматы қалаларының тиісті бюджеттеріне немесе облыстардың бюджеттеріне өз филиалдары, өкілдіктері мен өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшелер үлкен әлеуметтік салық төлеуді олардың орналасқан жері бойынша жүзеге асырады. Әлеуметтік салықты заңды тұлғалар ҚР-сы азаматтарының сондай –ақ ҚР-сында тұраұты тұратын шетел азаматтарымен азаматтығы жоқ адамдардың еңбек ақы төлеу қорының ставкасы бойынша төлейді. Әлеуметтік салықты қаржыландыру көздеріне тиісті салықтарды ұстауға дейін есептеледі.
Қызметкерлер үшін әлеуметтік салықты есептеп шығару жөніндегі 2006 жылға арналған кестесі
Қызметкердің салық салынатын табысы |
ставкасы |
15 еселенген ЖЕК* дейін (185400тг. дейін) |
Салық салынатын табыс сомасынан 20% (37080тг) |
15 еселенген ЖЕК-тен 40 еселенген ЖЕК* дейін (185400тг.-ден 494400 тг. дейін) |
15 еселенген ЖЕК-тен салық сомасы + одан асатын сомадан 15% (37080тг.+185400тг.-ден асатын сомадан 15%) |
40 еселенген ЖЕК-тен 200 еселенген ЖЕК* дейін (494400тг.-нен 2472000тг. дейін) |
40 еселенген ЖЕК-тен салық сомасы + одан асатын сомадан 12% (83430тг.+494400тг.-ден асатын сомадан 12%) |
200 еселенген ЖЕК-тен 600 еселенген ЖЕК* дейін (2472000тг.-ден 7416000тг. дейін) |
200 еселенген ЖЕК-тен салық сомасы + одан асатын сомадан 9% (320742тг. + 247200тг.-ден асатын сомадан 9%) |
600 еселенгеннен ЖЕК*-тен және одан жоғары (7416000тг. және одан жоғары) |
600 еселенген ЖЕК-тен салық сомасы + одан асатын сомадан 7% (765702тг. + 7416000тг.-ден асатын сомадан 7%) |
Ескерту: “2006 жылға арналған Республикалық бюджет туралы ” Қазақстан Республикасының 02.12.2005ж. №3-111 Заңымен 2006 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш 1030 тг. мөлшерінде белгіленген. Жылдық есептік көрсеткіш (ЖЕК*)– 12360 тг.
Кесте № 4
Әкімшілік басқару, инженер-техник персоналының шетелдік мамандары үшін әлеуметтік салықты есептеп шығару жөніндегі 2006 жылға арналған кестесі
Қызметкердің салық салынатын табысы |
ставкасы |
40 еселенген ЖЕК* дейін (494400тг. дейін) |
Салық салынатын табыс сомасынан 11% (54384 тг) |
40 еселенген ЖЕК-тен 200 еселенген ЖЕК* дейін (494400тг.-ден 247200 тг. дейін) |
40 еселенген ЖЕК-тен салық сомасы + одан асатын сомадан 9% (54384тг.+494400тг.-ден асатын сомадан 9%) |
200 еселенген ЖЕК-тен 600 еселенген ЖЕК* дейін (2472000тг.ден 7416000тг. дейін) |
200 еселенген ЖЕК-тен салық сомасы + одан асатын сомадан 7% (272414тг.+247200тг.-ден асатын сомадан 7%) |
600 еселенгеннен ЖЕК*-тен және одан жоғары (7416000тг. және одан жоғары) |
600 еселенген ЖЕК-тен салық сомасы + одан асатын сомадан 5% (618494 тг. + 7416000 тг.-ден асатын сомадан 5%) |
Ескерту: “2006 жылға арналған Республикалық бюджет туралы ” Қазақстан Республикасының 02.12.2005ж. №3-111 Заңымен 2006 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш 1030 тг. мөлшерінде белгіленген. Жылдық есептік көрсеткіш (ЖЕК*)– 12360 тг.
Әлеуметтік салық төлеу жалақының төлеуіне қарамастан, бірақ келесі айдың 15 кешіктірілмей айдың 2-ші жартысы үшін жалақы төлеуге белгіленген мерзімде ай сайын жүргізіледі. Әлеуметтік салық бойынша декларация тоқсаннан кейінгі айдың 15 күннен кешіктірмей тапсырылады. Әлеуметтік салық бойынша бюджетпен нақтылы есеп айырысу жөніндегі есепті кезең күнтізбелік ай болып табылады.
Міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалудың және жинақтаушы зейнетақы қорына аударудың ережесі ҚР-сында зейнетақымен қамсыздандыру туралы ҚР-ның заңына сәйкес және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Президентінің заң күші бар жарлығына сәйкес әзірленген және төлеушілердің міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалуы мен жинақтаушы зейнетақы қорына аударудың тәртібі белгілейді. Заңды тұлғалар мен заңды тұлға құрмайтын кәсіпкерлік және өзге де қызметпен айналысатын жеке тұлғалар өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарында жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнет ақы жарналарын төлеуші ретінде тіркеуге жатады.
Заңды тұлғалар қызметкерлердің оларға еңбек ақы түрінде төлеуге жататын кірістерін ҚР-да зейнет ақымен қамсыздандыру туралы ҚР-ң заңында белгіленген мөлшерде ай сайын міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалуға және оларды табыстарды төлеумен бір мезгілде жинақтаушы зейнет ақы қорына аударуға міндетті. Төлеушілер жинақтаушы зейнет ақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын мынадай ставкалар бойынша ұстап қалады. Заңды тұлғалар әр қызметкерлердің зейнет ақы жарналарын есептеу үлгісін қабылданатын кіріспен 10% мөлшерінде. Сондай-ақ заңды тұлға құрамастан кәсіпкерлік және өзге де қызметпен айналысатын жеке тұлғалар өздері үшін зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын кірістен 10% мөлшерінде бірақ заң актілерімен белгіленген ең төменгі мөлшердің 10% кем емес. Жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын аудару зейнет ақы төлеу жөніндегі мемлекетік орталықтың ҚР-сы Ұлттық банкінің бас Алматы филиалында ашылған № 413609816, МФО 190501109, тағайындау қоры 010 банктік шоты арқылы жүргізіледі. Жеке тұлғалардың міндетті зейнет ақы жарналарының сомасы орталықтың шотына түскен күннен бастап, 3 банктік күннің ішінде солардың міндетті зейнетақы жарналарын пайдасына аударылатын жеке тұлғалардың тізімімен қоса форматы МТ-102 электронды төлем тапсырмасымен жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылады.
Салықтар – ұлттық табыстың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу құраладрының бірі. Салықтар арқылы жинақталған қаражат жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарға жұмсалады. Қызметкерлердің салық салынатын табысынан жеке тұлғалардан ғанан табыс салығы ұсталады. Салық жұмыс орны бойынша бекітілген прогрессивтік төлем мөлшері бойынша ұсталады.
Атқару құжаттары бойынша ұсталымдар сот шешімдеріне, нотариалдық органдардың жазбаларына сондай-ақ дауыс түрде өндіріп алу туралы әкімшілік органдар қабылданған қаулыларға сәйкес берілетін атқару құжаттары бойынша ұсталымдар негізгі еңбек төлемінен де оның ішінде сыйлықтардан, зейнет ақылардан жұмысқа уақытша жарамсыздық бойынша берілетінжәрдемақылардан т.б. алынады. Келіп түскен атқау құжаттары арнайы тізімге тіркелуі тиіс.
Тапсырма – міндеттемелер негізінде еңбек төлемінен алынатын шегерімдерге – сауда ұйымдарынан несиеге тауар алуларына байланысты қызметкерлерге берілетін тапсырма – міндеттемелер негізінде еңбек төлемінен алынатын шегерімдер айдың 2 жартысы үшін еңбек төлемі төленгеннен кейін 3 күннен әрі асырмай айына 1 рет жасалады. Жеке өзін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жарналарының шегерімдері өзін және мүліктерін ерікті түрде сақтандыру туралы шарттар бойынша банк мекемелеріндегі сақтандыру жарналарын аудару жөніндегі жазбаша тапсырмасы бойынша жасалады.
Еңбек төлемінен алынатын кәсіподақ жарналарын ұстап қалу айға есептелген жалақының барлық сомасынан 1% мөлшерінде жүргізіледі.
Қызметкерлердің айдың аяғына дейін жұмыстан шығарғанда немесе ол демалысқа шыққанда еңбек төлемі бойынша есеп айырысу құжаты жасалады. Оның деректері 1 ай өткеннен кейін есеп айырысу төлеу тізімдемесіне көшіріледі. Айдың бірінші жартысы үшін есептелген аванс және екінші жартысы үшін есептелген еңбек төлемін төлеу тізімдемесі бойынша беріледі. Төлеу тізімдемесінің бастапқы бетінде қолданылып жүрген тәртіпке сәйкес кассадан ақша беруге рұқсат ететін басшы мен бас бухгалтердің қолы болуы керек. Төлеу тізімдемесі мен берілмеген жалақы тізімінің деректерін тексергеннен кейін шығыс ету кассалық ордеріне жазылады. Ол сонда көрсетілген соманы шығынға жатқызып есептеп шығару үшін кассаға беріледі.
Жеке тұғалардан табыс салығының ұсталынуы 681 және 682 шоттардың дебеті 639 «басқа салықтар, міндетті бюджет төлемдері мен салымдары» шотының кредит бойынша көрініс табады. Еңбек ақы түріндегі табыстарға жалақының, сыйақының қосымша ақының, үлес ақының және жолдану (мердігерлік, өзара шарт келісімі) шартына сәйкес жеке тұлғаның жұмысты орындауына (қызметті атқаруына оқуына) байланысты басқа да төлемдердің кез-келген түрлері жатады.
- Еңбек ақы бойынша есеп айырысу аудиті
3.1 Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды аудиторлық тексерудің ақпараттық көздері мен мақсаттары
Аудиторлық тексеру істердің мақсаты кәсіпорынның қаражаттық қызметі кезінде орын алатын заң ережелерін бұзушылықтар мен кемшіліктерді анықтауға ғана болмайды. Дәлірек айтқанда сол істер аудиторлық басты міндетті болмайды, оның негізгі мақсаты бухгалтерлік есептердің дұрыс жүргізілуінің берілетін есептерде кәсіпорын қызметінің нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштердің дұрыс, дәлме –дәл берілуінің сол сәтте орын алған жағдайларды талдаудың және кәсіпорынның болашақтағы қаржылық жағдайын болжаудың дұрыстығын анықтау болып табылады.
Сонымен аудиторлар негізінен адвокаттар, яғни фирманың меншік иелерінің мүдделерін қорғаушылары, олардың дәрісшілері болып табылады. Аудиторлар жүргізетін тексерістер кәсіпорынның шығынға ұшырауына жол бермеуге оларға өздерінің иелігіндегі қаржылық және басқа да ресурстарын тиімді түрде пайдалануға көмектесуге өндірістен тыс шығындардың орнын алуына жол бермеуге бағытталған. Тек қана бухгалтерлік есептерді дұрыс жүргізгенде оның есептерінде жүзеге асырылатын шаруашылық операцияларын уақытылы және ақиқатты, дәлме-дәл көрсеткенде, есептік мәліметтермен есеп беру құжаттарының бір-біріне сәйкес болғанында еңбек ақы бойынша есеп айырысуды дұрыс жүргізгенде ғана бухгалтерлік баланс толығымен және оның жеке баптары бойынша нақтылығы және ақиқаттылығы қамтамасыз етілетін болады. Ал дұрыс есеппен бухгалтерлік баланс болмаған жағдайда кәсіпорынның қаржылық жағдайына дәлме-дәл келетін талдау жасау мүмкін емес сол себепті кәсіпорын өзінің болашақтағы туралы болжам жасай алмайды. Осы проблеманы шешу уақытында жүргізілетін аудиторлық тексерудің маңызы зор. Аудиторлық тексерулер кезінде тексерушілер ақшалай қаражаттардың жұмыскерлерге еңбек ақы төлеу бойынша шығындары болып орындалған жұмыс көлемдерінің бір субъектден екіншісіне қарай қозғалыс жолдарын аса тыңғылықты тексереді, тараптар арасындағы өзара есептесу жағдайларын анықтайды, қалыптасып қалған дебиторлық және несиелік қарыздардың сомаларының ақиқаттығын тексереді. Бүгінгі күні шаруашылық жүргізудің кеңінен тараған ұйымдық құқықтық нысаны, өз құрамында көптеген еншілес фирмаларға ие болған акционерлік компаниялар өздерінің қаржылық шаруашылық қызметтеріне тексеріс жүргізу сол кәсіпорындардың жұмысында орын алатын кемшіліктер мен бұзушылықтарды анықтау үшін, бас компаниялардың жетекшілері аудиторлық фирмаларға сұраныс жасап, олардың қызметтеріне жүгінеді. Сондай-ақ акционерлік компаниялардың ұызметіне зерттеу және талдау жүргізу, қаражаттық есептердің ақиқатығын растау, олардың қызметттеріндегі кемшіліктер мен осал жерлерін анықтау үшін, сонымен қатар кейбір жағдайларда компания жетекшілері бұрынды соңды білмеген сол субъектінің жеке қызметкерлерінің бір-бірімен сыбайласа отырып, саналы түрде қызмет орнын өз пайдасы үшін пайдалану және сол себепті әдейі кемшіліктерге жол берулерін анықтау мақсатымен компанияның басты ұйымның өзінде тексеріс жүргізу қажеттігі орын алған жағдайларда да аудиторлық фирмалардың қажетіне жүгінеді. «Акцоинерлік қоғамдар туралы» жаңа заңда акционерлік қоғамның қаржылық жылының нәтижелеріне міндетті түрде аудиторлық тексеру жүргізу және акционерлік қоғамның жылдық қаржылық есебіндегі мәліметтердің дұрыстығын аудиторлық тұрғыдан растау ісі қарастырылған. Аудиторлық тексеріс материалдарды кәсіпорынның қаржылық жағдайын зерттеу нәтижелері және оның болашағы туралы аудиторлар тарапынан берілетін ұсыныстар кәсіпорынның бизнес жоспарын немесе жалпы коммерциялық жобаларды жасау кезінде нәтижелі түрде пайдаланылуы мүмкін. Бизнес жоспарлар коммерциялық жобаларды дайындау кезінде де, сонымен қатар кәсіпорынның ағымдағы процесі кезінде де үлкен маңызға ие болады. Аудитор өз жұмысын жүргізер кезде аудиторлық қортындыдағы ережелер қалыптасуына қажетті, аудиторлық дәлелдемелердің жеткілікті санына ие болуы керек. Аудиторлық қортындылар қаржылық есептерге деген сенімді арттырады да сенімділік дәрежесін жоғары деңгейге көтереді.
Шаруашылық субъектісінің еңбек ақы бойынша жұмыскерлермен есеп айырысу аудиторлық тексеру бағдарламасы
Аудит процедурасы |
Аудит көздері |
1. Қолданыстағы заңдылықтардың сақталуын және еңбекпен еңбек ақы төлеудің есебін жүргізу тәртібін тексеру 2. Алғашқы құжаттардың шындығын олардың еңбек ақы төлеу және есептеу бойынша нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін тексеру
2. Кесімді үстемелер, тарифтік ставкалар және төлемдер бойынша еңбек ақы есептеу дұрыстығы
3. Субъектілердегі қолданылатын жүйелер бойынша кесімді және мерзімді жұмысшыларға сыйақы есептеу негізділігін және дұрыстығын тексеру 5. Уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша жәрдем ақылар мен түрлі қосымша төлемдерді есептеудің дұрыстығын тексеру
6. Жалақыдан өнделетін ұсталымдардың дұрыстығын тексеру 7. Депоненттелген еңбек ақыны тексеру 8. Еңбек ақы бойынша шоттар корреспонденциясының жасалу дұрыстығын тексеру 9. Еңбек ақы бойынша аналитикалық және синтетикалық есептің сәйкестігін тексеру 10. Шаруашылық субъектілеріндегі жұмысшы қызметкерлермен еңбек ақы бойыншаа есеп айырысу есебінің көрсетілген байқалған ауытқуларды жою бойынша ұсынымдарды өңдеу |
Қазақстан Республикасының «Еңбек ақы» заңы және басқа да күші бар нормативті құқылық актілер
Жұмыс уақытының есебінің табелі, бүкіл күндік және ішкі тоқтап қалулардың есепті парақтары еңбек пен атқарылған қызметтер есебінің парағы кесімді жұмыстарға нарядтарғ, жүк автокөліктерінің жолдық парағы және басқа да төлемдердің және ұсталымдар ведомосты және т.б. Жұмыс уақыты есебінің табелі, жеке шоттар есептеу төлем ведомості жүк автокөліктері пайдалану есебінің жинақтау ведомості кесімді жұмыстардың нарядтары, жұмыс және шығын есебінің журналы және т.б.
Жетекші бұйрығы келісім шарттар контрактілер құрылтайшылардың меншік иелері директорлар кеңесінің сый ақы жүйесі туралы және т.б. Жұмыс уақытының табелі, жұмыстың тоқтап қалуы туралы парақ, өндірістегі ақаулар туралы акті, ұжымдық келісім шарттар, еңбек ақы туралы ережелер Атқарушы парақтар нормативтік құжаттар
Депоненеттелген еңбек ақы ведомосы
Журнал ордер №10 Бас кітап және т.б.
Алғашқы құжаттар есептеу-төлеу ведомосі, журнал-ордер №10 Бас кітап, баланс |
Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды және басқа да операцияларды тексерген кезде аудитор аудит аудит стандарттарын қолдануды, білумен қатар аудитор өзінің жұмыс барысында бухгалтерлік есеп стандартында тиісті дәрежеде қолдана алуы керек, себебі ол стандарттарды білмейінше аудитор кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептерінің құқықтық актілеріне қандай дәрежеде сәйкес келетінін анықтай алмайды. Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды тексеру барысында аудитор әр түрлі жағдайларға, құбылымтарға және әр алуан фактілерге ұшырасады, оларды оқып зерттейді себептерін анықтайды жүзеге асырылған операциялардың себептері мен салдарын табады.
Еңбек төлемі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлермен есеп айырысудың негізгі есебі болып еңбек төлемі бойынша бухгалтерлік есеп айырысу жүргізу дұрыстығын және одан шегерімдер еңбек төлемін есептеудегі нормативтік құқықтық актілерді қадағалауды тексеру болып табылады.
Бақылау процесінде қолданылатын ақпарат көздері болып мына шоттар бойынша аналитикалық және синтетикалық деректер болып табылдады.
681 «Еңбек ақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» 561 «Бөлінбеген табыс» еңбек төлемін есептеуде және өндірудегі есеп бойынша бастапқы құжаттар (өткен уақыт есеп табелі, нарядтар және т.б.) уақытша жарамсыз туралы қағаздар, демалыс ақшаларға есеп айырсу және бұл операцияларды бағыттайтын басқа да нормативтік құжаттар. Еңбекті төлеу бойынша жұмыскерлермен қызметкерлермен есеп айырысуды тексеруді бастау үшін бір мерзімдегі бухгалтерлік баланстағы және Бас кітаптағы 681 шот бойынша аналитикалық есеп көрсеткіштерімен қатыстылығын көрсетумен басталады. Бұл үшін есептік төлеу ведомостағы қортынды салалармен кәсіпорын балансындағы және Бас кітаптағы бірінші санындағы 681 шот бойынша сальдоны салыстыру қажет. Басқа да кері жағдайлар шыққанда олардың себептерін анықтау қажет. Қолданылған бағаларды белгілеу нормасының дұрыстығы келісім-шарттағы жұмыс көрсеткіштердің салалары мен санының орындалуы келісім шарттардың немесе тарифтік ставкалардың қолданудың дұрыстығы тексеріліп еңбек жалақының мерзімді түрі есептеледі.
Барлық реквизиттердің толтыру дұрыстығын жұмысты орындаудың жауапкершілік есебі қызметкерлердің жалақысының қолма-қол қоюын және еңбек есебінің алғашқы құжаттарын тексерген кезде түзетумен құжаттарды тағы басқа түзетулер қолданыла ма?
Тексерілетін кәсіпорын
Аудит кезеңі
Адам (сағат сандары)
Аудит тобының басшысы
Атқарушы
Аудиторлық тәуекелділікті жоспарлау
Тексерілген сұрақтар мен процедуралар тізімі:
- Істелген жұмыс табелі және жұмысшылардың кешіктірілген еңбек ақының штаттық кестесі. Кешіктірілетін еңбек ақының дұрыс есептелуі
Процедура: құжаттарды тексеру, сұрыптау, жаппай тәртіп бойынша
- Еңбек шарттарының нормативті ауытқуына байланысты қосымша еңбек ақы есептеудің дұрыстығын тексеру (демалыс және мейрам күндері, түнгі уақыттағы істегені үшін, мерзімінен тыс уақыттағы істегені үшін
Процедура: құжаттарды тексеру, сұрыптау, жаппай тәртіп бойынша
- Кесімді еңбек ақы алушылардың еңбек ақысына нарядтардың нақты және дұрыс толтырылуы. Кесімді баға және тарифтік ставканың дұрыс қолдануды тексеру.
Процедура: құжаттарды тексеру, сұрыптау, жаппай тәртіп бойынша
- Еңбек ақыдан ұсталатын ұсталымдардың толықтығы мен дұрыстығын тексеру (табыс сомасы, зейнет ақы қорына, орындаушы қағаз бойынша тауарларды несиеге сатылғанда және т.б.)
Прцедура: құжаттарды тексеру, сұрыптау, жаппай тәртіп бойынша
- Өнімнің (жұмыс қызмет) өзіндік құнына бөлек төлемдердің апарудың дұрыстығын тексеру
Процедура: құжаттарды тексеру, сұрыптау, жаппай тәртіп бойынша
- Жұмысшының қосымша төлемдерін жиынтық табысқа қосудың дұрыстығын тексеру (іс сапар шығындарының нормадан тыс артығы, материалдық көмек және т.б.)
Процедура: құжаттарды тексеру, сұрыптау, жаппай тәртіп бойынша
- 681 «Еңбек ақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» шоты бойынша синтетикалық және аналитикалық есебін және 681 шот бойынша жазулардың Бас кітаптағы және бухгалтерлік есептеме формаларындағы жазулардың сәйкестігін дұрыстығын тексеру
Процедура: құжаттарды тексеру, сұрыптау, жаппай тәртіп бойынша
- Депоненттелген есеп айырысулар бойынша есебінің және депоненттелген сомалардың құжатталуының дұрыстығын тексеру
Процедура: құжатты тексеру, сұрыптау, жаппай тәртіп бойынша
Жұмыскерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу аудиттің құжаттары мен аудит жүргізу көздері. Аудит жұмыскерлерді қабылдау кезінде құжаттарды рәсімдеу тәртібін сақтаудағы Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» заң талаптарын тексеруге ғана теріліп қалмауы керек. Жұмыскерлерді тұрақты уақытша және тізімді жұмысқа қабылдау кезінде жетекшінің бұйрықтарын рәсімдеу дұрыстығын тексеру қажет. Жұмыс шарттарына көңіл бөлінуі керек. Сонымен қатар кәсіпорын жетекішісінің қосымша және әрекет етуші заңдылығымен бекітілген, жұмыскерлерге ұсынылған әлеуметтік кепілдеріне:
— Жұмыскерлердің бір жұмыс орнынан екіншісіне ауыстырған кезде;
— Әртүрлі жағдайларда жұмыстан босату кезінде
— Демалыстар берген кезде
— Еңбек ақысын сақтамай жұмыскерлерді мәжбүрлі демалысқа шығару кезінде (мұндай жағдайларда еңбек туралы заңдылық қалай сақталады)
— Келісім шарт бойынша жұмыскерлерді жұмысқа рәсімдеген кезде. Мұндай жағдайда келісім-шарттың барлық ережелерін детальді тексеру керек, олар еңбектік және азаматтық заңдылықтың әрекет етуші ережелері қарама-қайшы келмей ме?
— Жұмыскерлердің жұмысқа келісімммен толық емес жұмыс күні (толық емес жұмыс аптасы) бойынша қабылдау кезінде
— Кәсіпорын жетекшілері мен жұмыскерлердің еңбек қатынастарын реттейтін бұйрықтардың типтік формалары.
Соңғы кездері көптеген кәсіпорындар қатарлы келісім шарттар анықталған жұмыстармен анықталғаншарттарды орындауға еңбек келісімдері сияқты жұмыскерлермен еңбек қатынастары рәсімдеу формасын қолданады. Мұндай жұмыскерлер кәсіпорынның штаты жұмыскерлері болып саналмайды және олардың еңбек қатынастарыҚазақстан Республикасының еңбек туралы заңымен реттелмейді. Бұл туралы әрбір аудитор жақсы білуі керек. Осы сұрақтарды тексере отырып аудитор тексеру кезінде осындай еңбек келісімдерін қортындыларының заңдылығы мен мәжділігін талдау керек, нақты орындалған жұмыс көлеміне және еңбек қоры мен саны бойынша есеп көрсеткіштерінде көрсетілуін тексеру. Ақпарат көздері: жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар ментәртіптер, азаматтық құқықтық штаттағы келісім шарттар (қайтарымды және қайтарымсыз келісім шарттар, қатарлы келісім шарт басқа еңбек келісім шарттарының формалары) еңбек ақының төлеуді есептеумен еңбек уақытын пайдалану есебінің табельдері (№ Т-49 немесе Т-51 , №Т-53 ) жұмыскерлердің жеке карточкалары (№ Т-2 форма) және басқа да құжаттар. Мінекей осы заңдылықтарды аудитор қатаң тәртіпке алып тенксеру жүргізсе, еңбек ақы шығындарының өнімнің өзіндік құнына тікелей жататын болғандықтан бұл заңдылықтарды қатаң тәртіпке алу қажет.
Жасалып жатқа шаруашылық операцияларды және есеп қисаптың есеп саясатының қағидаларына сәйкес болуына жасалатын бастапқы ішкі бақылау « бас бухгалтерге жүктеледі.
Алғашқы құжаттар мен ведомостер тексерілгеннен кейін аудитор тексеру жүргізу қызметінің келісе кезеңдерін іске асыруға болады:
— еңбек ақы есептелу дұрыстығын іріктеме тексеру;
— Жұмыс шартының өзгеруіне байланысты қосымша еңбек ақы төлеу тәртібін тексеру;
— Жұмыстың тоқтап тұруына байланысты еңбек ақы есептеу дұрыстығы мен құжаттау тәртібінің сақталуын қадағалау;
— Жұмыстағы ақауды анықтау және құжаттау тәртібінің сақталуын сәйкесәнше есептелген еңбек ақымен дұрыстығын бақылау;
— Түнгі жұмыс үшін төленетін еңбек ақы тәртібінің сақталуын тексеру;
— Уақыттан тыс қосымша істелінген жұмыс үшін еңбек ақы көлемінің дұрыс есептелуін қадағалау;
— Мейрам және демалыс күндері істелінген жұмысқа еңбек ақының тура есептелуін бақылау; Заңмен белгіленген жұмыс істемеген (кезекті еңбек демалысы және оған есептелген төлем) уақыттың дұрыс есептелуін және сол уақытқа төленетін
төлемінің туралығын тексеру;
- Уақытша жұмысқа жарамсыздығы үшін төленетін қосымша ақы немесе жәрдем ақы есептеу және төлеу тәртібінің сақталуын, керекті құжаттардың тура толтырылуын тексеру;
- Еңбек ақыдан ұсталынатын ұсталым мен аударылатын аударым сомаларының заңмен негізделіп, дұрыс есептеліп, ұсталынатынына тексеру жүргізу;
- тексерудің соңғы кезінің де :
- еңбек ақы қорына апарылған шығындардың дұрыс негізделуін;
- Өнімнің (немесе жұмыс қызметінің ) өзіндік құнының еңбек ақы төлемдерінің дұрыс қосылуы;
- Еңбек ақы бойынша бухгалтерлік жазцдың немесе корреспонденцияның дәл құрылуын ;
- Синтетикалық және аналитикалық есепке алу тәртібінің, жинақтаушы есеп немесе еңбек ақы қоры бойынша бухгалтериялық есеп беру нысандарының толтыру дұрыстығын, дәлдігін 681 шот бойынша аналитикалық есепке алу жазулары мен 68 бас шоттың атқарушы құжаттардың негізіндегі есептеулер және депоненттелген еңбек ақы сомаларының сәйкестігін №8 және №10 журнал ордердегі, бас кітап және бухгалтерлік баланстағы нәтижелік көрсеткіштердің жазуын тексеру
3.2 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аудиті
Дұрыс есептеудің салықтарды толығымен және уақытында төлеудің мәселелерін тексеріс жүргізе отырып осы саладағы ережелерді бұзу фактілері анықтай отырып аудиторлар салық төлеушілерден салық заңдарының талаптарын және салық салу мәселесі жөніндегі өз күшіндегі нұсқалардың талаптарын бұзу салдарларын уақытында түзетуге көмектеседі сол арқыл кәсіпорындар салық органдары тарапынан болатын қатаң қаражатын жазадан құтқарып қалады.
Көп жағдайда салық салу саласына қатысты ереже бұзушылықтар шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлерінің және басқа да қызметкерлерінің салық заңдарының өз күшіндегі ережелерін білмеуінен немесе сол ережеледрді дұрыс түсінбеуінен болады. Алайда, заңды білмеу сол заңды бұзушылыққа байланысты жауапкершіліктен босатпайды. Сол себепті жиі-жиі аудиторларға сұраныс жасау және оның тарапынан салық салу мәселелері дәрістерін алу кәсіпорынға тек қана пайда әкеледі.
Еңбек және еңбек ақы бойынша есеп айырысудың алғашқы құжаттар тексергенде дайындалған жұмыс есебі үшін тиісті жерлерде жауапты адамның қолдары бар болуы, толтыру барысында құжаттарда түзетулер, өшіріп қайта жазулардың бар жоқтығын анықтау керек. Сонымен қатар алғашқы құжаттарды төлеу ведомостарын тексеру барысында анықтайды.
Жұмыскерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аудиттің тағы бір міндетті жалақыдан ұсталымдардың дұрыстығын тексеру болып табылады. Орындау беттері бойынша тек қана қолдағы бар беттер немесе жұмыскерлердің өзінің арызы бойынша ұсталады. Жұмыскерлердің қндірген зияны үшін кәсіпорынның төрағасының шешімі бойынша да ұстайды. Аудитор тексеру қорытындысында анықтауға тиісті:
- Белгіленген мерзімде алынбаған жалақы сомалары дер кезінде
депонентте жатқызылатындығы;
- Депоненттегі сома төленгенннен және талап етілмеген депоненттік борыш табыс құрамының аударылғандағын;
- Жұмысты қосып атқару бойынша дұрыс төленгендігі;
- Еүшіндегі заң актілерінде қаралған жұмыс істемеген уақыттарына төлем, жұмысқа уақытша қабілетсіздігі бойынша жәрдем ақылардың дұрыс есептелгендігі;
- Шығындардың еңбек ақы төлеу бойынша қорына дұрыс жатқызылмағандығы;
- Кейбір төлемдердің өнімнің (жұмыс қызметі) өзіндік құнға жатқызылғандығы;
- Аналитикалық және синтетикалық есеп жүргізудің жиынтық мәліметтерінің және қаржылық қорынытынды есеп формаларын толтырудың дұрыстығы;
- Еңбек ақы қоры бойынша бухгалтерлік есеп корреспонденцияларының жұрыс жазылғандығы.
Аудитор еңбек ақы бойынша есеп айырысуды тексере отырып әлеуметтік сақтаныдру және қамтамасыз ету бойынша есеп айырысуды тексеруге міндетті. Әлеуметтік сақтандыру және қамтамасыз ету бойынша есеп айырысудың негізгі міндеті төлем сомаларының дұрыс есептелгеніне тиісті сомадағы жарналарды дер кезінде аударылғандығын және бұл операциялардың есепте дұрыс көрсетіліп қорытынды есептеу дұрыс жасалғанын анықтау.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты аудитор төмендегілерді тексеру керек.
- Сақтандыру полисі жарналарын есептеу үшін еңбек ақы төлеу қорын дұрыс анықтау
- Сақтандыру жарналарының тарифінің дұрыс қолданғанын
- Жарналардың дер кезінде және толық аударылуын
- Әлеуметтік сақтандыру қорларына төленетін жәрдем ақылардың зейнетақылардың және тағы басқаларыдң негізділігін және дұрыстығын
- Жарналарды есептеу және оларды аудару операцияларының бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілуі
- Бюджеттен тыс төлемдер бойынша аналитикалық және синтетикалық жазулардың № 10 журнал-ордер және Бас кітаптағы сәйкестігін
Сақтандыру жарналарының түрлері бойынша қорытынды есеп формаларының дер кезінде дәлелді және дұрыс жасалғандығын және оларды сәйкес қорларға дер кезінде тапсыру.
Сонымен қатар аудитор жұмыскерлердің кезекті демалыстары бойынша есептелген борыштар 685 және 686 шоттар бойынша қалдықтарын және шығындар қозғалысын тексеру қажет. Бұл шоттар өндіріс немесе айналым шығындарды және төлемдерді теңдей біркелкі етіп өндіру мсақсатында бектілген тәртіптерді резерв жасалған сомалар қозғалысы туралы ақпараттарды жинақтаушы анықталған.
Бұл шоттарда мынадай сомалар көрсетілуі мүмкін:
- Жұмыскерлердің алдағы демалыс ақысын төлеу (әлеуметтік сақтандыру және қамтамасыз ету) білімді қоса
- Жыл сайынғы сіңірген еңбек жылдарына еңбек ақы төлеу
- Өнеркәсіп саласындағы маусымдық дайындық жұмыстары бойынша өндірістік шығындар
- Құралдарда және жалдағы заттарды жөндеу
Айқын ақпарат берілген мәліметтердегі үйлессіздікті тексеру, анықтау үшін аудит өте қажет. Сол арқылы ол қабылданатын шешеімдердің сапасын арттырады, нарықтық операциялардың тиімділігін күшейтеді және активтер мен жаза пайданы дұрыс бөлуге көмегін тигізеді. Нәтижесінде аудиторлық тексеру сенімді кепілдік функциясын атқарушы құрал ретінде қаралады.
Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды аудиторлық тексергенде аудит іскерлік қызметтің бір түрі ретінде шаруашылық жүргізуші субъектінің жұмыс істеу ережесіне қатысты фактілер немесе, сондай-ақ ережелер мен жұмыстар туралы ақпараттар және тексерумен шұғылданады, оны өкілетті тұлға жүзеге асырады, әрі белгіленген нормативтерге сәйкес жұмыстың ереженің немесе ақпараттың сапалық жағы туралы тұжырым береді. Осы ереженің төңірегінде аудиторлық қызметтің мынадай мәселелерін айтуға болады.
- Күшіндегі заң актілерінің еңбектің және жалақы төлеудің есебін жүргізудің тәртіптерінің сақталуын тексереді.
- Бастапқы құжаттардың (түп нұсқасын) олардың жалақы есептеу және төлеу бойынша нормативтік құқықтық актілерінің сәйкестігін тексеру
- Істегеніне қарай кесімді және мерзімді тарифтік қойылымдар бойынша еңбек ақы есептеудің дұрыстығын тексеру
- Кәсіпорынның қолданыстағы сый ақы есептеу жүйесі бойынша кесімді және мерзіміне қарай сый ақы есептеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру
- Уақытша жұмысқа қабілетсіздігі бойынша көмек ақы және әртүрлі қосымша ақы төлеудің дұрыстығын тексеру
- Жалақыдан ұсталатын ұсталымдардың дұрыстығын тексеру
- Депоненттелген жалақыларды тексеру
- Еңбек ақы төлеу бойынша аналитикалық және синтетикалық есептердің сәйкестігін тексеру
- Еңбек ақы төлеу бойынша жасалған шоттардың корреспонденциясының дұрыстығын тексеру
- Шаруашылық субъектісінің жұмыскерлерге еңбек ақы төлеу бойынша есеп айырысудың есебін жүргізгенде анықталған ауытқушыларды қалпына келтіру бойынша ұсыныстар жасау керек.
681 шот бойынша аналитикалық есеп шаруашылық субъектісінің әрбір жұмыскерлері бойынша жүргізіледі.
Практикада осы шот бойынша аналитикалық есеп мәліметтерімен сәйкес келмейтін жағдайлары жиі кездеседі. Мұны осы шот бойынша қалдықтарды есептеу төлеу ведомосындағы қалдық сомаларының салыстыру жолымен анықтауға болады. 681 шот бойынша мәліметтердің аналитикалық есепке сәйкессіздік болған жағдайлары кездессе аудитор оның себептерін анықтап, анықталған ауытқылықтарды қалпына келтіру бойынша ұсыныстар беругек міндетті. Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды аудиттеу кезінде ішкі бақылаудың жағдайларын және бухгалтерлік есеп жүйелерінде және ішкі бақылаудың нәтижесінде қортынды жасауға болады. Ішкі бақылаудың және бухгалтерлік есеп деңгейлерінің төмендегі барлық еңбек ақы операциялары бойынша құажттары және есеп көрсеткіштері мен Бас кітаптағы жұмысшылармен еңбек ақы айырысу бойынша есеп айырысу шоты бойынша мәліметтердің дұрыстығына күмән келтірілген жағдайда аудитор бастапқы құжаттардың нақтылығын, олардың дұрыс толтырылғандығын жалақы есептеу және төлеу немесе басқа да төлеудің түрлері бойынша нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін зерттеуі қажет. Аудитор бұл іс-әрекеттерді жүргізгенде орындалған жұмыс есебі үшін жауапкершіліктегі лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылғандығын барлық реквизиттердің дұрыс толтырылғандығын құжаттарды келтірілген түзетулердің және тазартулардың жоқтығын анықтайды.
Еңбек ақы бойынша жұмыскерлермен еңбек ақы төлеу бойынша есеп айырысуды тексергенде аудитор төмендегілерді анықтауға міндетті:
- Осы кәсіпорындағы еңбек ақы төлеудің түрлері мен жүйелері қолданылады.
- Жұмыскерлерге еңбек ақы төлеу және ұжымдық еңбек шарттары туралы ішкі ережелердің бар екендігі
- Жұмысқа қабылданған күннен бастап жұмыскерлердің тізімдегі және орташа тізімдегі құрамы
- Еңбек ақы төлеу бойынша жұмыскерлермен есеп айырысу есептерін кім жүргізгені туралы
- Осы учаскенің бухгалтері қандай нормативтік құжаттарды басшылыққа алып пайдаланады, ол кімге бағынады.
Сонымен қатар жұмыстың сапасын кім тексергенін.
Бастапқы құжаттарды зерттеп тексерген кезде аудитор жұмыс уақытының есебінің табелін және нарядтарын оларға «жалған» тұлғалардың есепке еніп кетпегендігін тексеруге міндетті. Бұрын төленген бастапқы құжаттары бірнеше есептеу төлеу ведомостарында қайталанбаған жағдайлардың жоқтығын тексеру қажет. Әсіресе, кәсіпорынның құрамының бір тізімінде жоқ және шамалы уақыт жұмыс істеген тұлғаларға жазылған нарядтарға сондай-ақ ақауды қалпына келтіру және төменгі сапада орындалған жұмыстарды қайта жасау бойынша толтырылған нарядтарға назар аудару керек. Онда жұмыскерлердің анықтама мәліметтер есептелген және ұсталған ұсталымдары туралы барлық мәліметтері жианқталып көрсетіледі.
Аудитордың маңызды іс-әрекеттерінің бірі еңбек ақының дұрыс есептелуі ішінара тексеру болып табылады. Атап айтсақ, кесімді тарифтік қойылымы және жалақы мөлшері бойынша төлеудің дұрыстығын мерзіміне қарай еңбек ақы төлеу кезінде кәсіпорындағы жұмыскерлерінің штаттық кестелерде қаралған.
Жалақы мөлшерінің штаттық тәртіптердің сақталуы еңбек келісімі бойынша еңбек ақы төлеудің негізділігін тарифтік қойылымдардың дұрыс қолданғанын тексеру қажет. Кесімді еңбек ақы төлеу нәтижесінде қолданылған нормалардың және жұмыс санының және сапасының орындалу көрсеткіштердің, еңбек ақы есептеу мен жұмыс көлемінің қаншалықты нақтылығын өндірілген өнімнің санына еңбек ақының кәсіпорынның қоймаларына өткізілген оның санына сәйкестігін, кәсіпорында қолданылып жүрген сый ақы жүйесі бойынша кесімді және мерзімді жұмыскерлерге есептелген сый ақылардың дұрыстығын және негізділігін тексеру.
Аудитор сый ақы және ынталандыру ақыларына ресми түрде қабылданған рұқсаттың бар екендігіне көз жеткізу керек.
Жұмыскерлердің қалыпты жағдайларда ауытқуына байланысты түнгі уақыттағы жұмысшылар үшін мерзімінен тыс жұмыс істегені үшін, жұмысшылардың кінәсінен емесе, сондай-ақ тұрып қалуын төлеу үшін ауыр және зиянды жұмыс істеген үшін демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс істегені үшін және басқа да есептелген қосымша ақылардың дұрыстығына аудитор назар аударуы керек. Егер еңбек ақы бойынша бастапқы құжаттарды тексерген кезде дұрыс есептелмеген едәуір кемшіліктерге жол берсе, аудитор құжаттарды тереңдетіп тексеру туралы шешім қабылдауға міндетті. Өйткені, еңбек ақының дұрыс есептелуі өнімнің өзіндік және қаржылық нәтижелердің дұрыстығына әсер етеді. Аудитор қалыпты жұмыс жағдайының ауытқуына байланысты қосымша ақы есептеудің дұрыстығын тексерген кезде бұрын құжаттарда қаралмаған қосымша технологиялық операциялар жағдайларында осы мақсат үшін жұмысқа наряд жазылуға міндетті екендігіне көңіл аудару қажет.
Аудитор түнгі жұмыстарға және жұмыстан тыс істеген уақыттарға қосымша есептелген еңбек ақының дұрыстығын тексеру керек. Жұмыс кестесінен тыс уақыттағы жұмысқа алдыңғы екі сағатына 1,5 есе төленуі керек. Аудитор жұмысшыға қатысы жоқ тоқтап тұруды шығарылған өнімдердің ақауын олардың төлеушілердің құжаттарын дұрыс толтырылуына ерекше назар аударуға міндетті.
Тексерудің ақпараттық көзі болып 681 «Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу» 561, 562 «Бөлінбеген табыс» шоттарының аналитикалық және синтетикалық көрсеткіштері, еңбек ақы есептеу және төлеу кезіндегі алғашқы құжаттар, еңбекке жарамсыздық, кезекті демалыс ақысы, осы операцияларды жүйелеуші құжаттар табылады.
Аудитор тексеру кезінде міндетті түрде:
- Жеке іс қағазын жауып, ондағы жазылған еңбек жалақысын, қосымша төлемге рұқсат, жұмысқа алу туралы тіркеудің растығын, басшының бұйрығымен, отырыс хаттамасымен расталған еңбек ақы төлемінің дұрыстығын; жеке іс қағазында көрсетілген еңбек ақыжан ұсталатын және есептелген жалақыны турасындағы ақпараттармен бухгалтер пайдалануына;
- Бухгалтерлік баланс пен Бас кітаптағы жазулар 681 шоттың аналитикалық және синтетикалық көрсеткіштердің сәйкестігін анықтау;
- Алғашқы құжаттардың анықтылығын зерттеу. Олардың дұрыс толтырылғандығын, жауапты адамдардың қолдарының қойылуын барлық құжаттардың реквизиттерінің дұрыс толтырылуын және құжаттарда өшірулер мен түзетулердің жоқтығын анықтау
- Еңбек ақы есептеу ведомосының кейбір мысалдарын іріктеу:
- Есептеулер мен ұсталынулардың құжатталуын анықтау;
- Барлық есептеулерді сынап, шығарылымдарды анықтап таза төлемдерді табу.
- Әлеуметтік зейнет ақы қорына ұсталатын салықтың дұрыстығын тексеру.
- Еңбек ақыны уақытылы төлеуді және мерзімді берілуін тексеру.
- Еңбек ақы төлеу ведомосіндегі жазбалардың дұрыстығын тексеру.
- Еңбек ақыдан ұсталатын ұсталымдарды тексеру.
- Кәсіпоырн жұмысшыларының еңбек ақысынан ұсталған ұсталымдардың бюджетпен салық бойынша есеп айырысулардың, жалақы төлеу ведомосінің аналитикалық шот көрсеткіштерімен салыстыру;
- Жұмысшылардың салық заңдылықтарының орындалуы;
- Жекелеген жалданушы жұмысшылардан ұсталымдарды зерттеу;
- Бюджетке салықтар аударылуының реттілігін зерттеу.
3.3 Жұмысшы қызметкерлерге еңбек ақы төлеу бойынша еңбек ақы қорын талдау
Кәсіпорындағы еңбек ресурстарын, еңбек өнімділігінің деңгейін пайдалануды талдау еңбек ақыны төлеумен тығыз байланыста екенін қарастыру керек. Осы кезде еңбек ақы қаражаттарының еңбек өнімділігінің өсу қарқыны оның төлеуінің өсу қарқынынан озып отыруы керек, сол кезде ғана пайдалануға болады. Бірақ мұндай жағдайларда қайта өндірудің қарқынын өсіру үшін мүмкіндіктер туады.
Осыған орай әрбір кәсіпоырнда еңбек ақыға қаражаттарды пайдаланудың талдауы кең мағына береді. Процесс кезінде оны еңбек ақы қорын пайдалануды жүйелік бақылау арқылы жүзеге асыруға болады, Еңбек өнімділігінің өсуі және өнімнің еңбек сыйымдылығының төмендеуі есебінен қаражаттарды үнемдеу мүмкіндіктерді шығару керек.
Статистика органдарының нұсқаулықтары бойынша еңбек ақы қоры өзіне кәсіпорынның ағымдағы шығындарына жататын, еңбекке төлеу қорын ғана енгізбейді, сонымен қатар әлеуметтік қорға қаражаттарының және таза пайда есебінен, кәсіпорын қарамағында қалатын төлемдерді де енгізеді. Тұтынуға бағытталған қаражаттарды пайдалану туралы мәліметтер кестеде көрсетілген:
Тұтынуға бағытталған қаражаттарды пайдалануды талдау
Төлем түрлері |
Сомасы млн.тг |
||
Жоспар |
Нақты |
Ауытқу |
|
1.Еңбекті төлеу қоры 1.1. Келісімді бағалау бойынша 1.2.Түнгі уақыттағы жұмыс, артық сағаттар, мейрам күндері үшін қосымша төлемдер
|
18613410 417910
8381470
|
17348461 380000
8084230
|
1264949 37910
297240 |
2. Таза пайда есебінен төлемдер
2.1. Зейнеткерлерге өз уақытылы төлемдер 2.2.Құнды қағаздар бойынша дивиденттер төлеу
|
—
23033776 — |
20033776 — |
-300000 |
|
|
|
|
Тұтынуға бағытталған қаражаттардың барлығы |
18844186 |
193522237 |
-5081051 |
Жалпы саладағы үлесі, % |
— |
— |
— |
Еңбекті төлеу қоры |
88 |
89.9 |
-1.9 |
Таза пайдадан төлем |
12 |
11.1 |
0.9 |
Тұтынуға пайдаланылған қаражаттар құрамындағы ең көп үлес салмақты өнімнің құнына кіретін еңбекті төлеу қоры алады. Өнімнің өзіндік құнына кіретін еңбек ақы қорын пайдалануды талдауға көшерде, бірінші кезекте, оның көлемінің абсолютті және қатысты ауытқуын жоспарлыдан есептеп алу қажет. Абсолютті ауытқу(ФЗП абс) еңбекті төлеуге нақты қолданылған қаражаттарды (ФЗП ф) кәсіпорын, өндірістік бөлімше және жұмысшылар категориясы бойынша жалпы алғандағы еңбек ақының жоспарлы қорымен( ФЗП пл) салыстыру арқылы анықталады: ФЗП абс= ФЗПф-ФЗП пл=18613410-17348461=1264949 млн.тг. Бірақ мынаны есте сақтаған жөн, өнімді өндіру бойынша жоспардың орындалу деңгейінің есебінсіз бұл көрсеткіш анықталатындықтан, еңбек ақы қорын пайдалануды абсолютті ауытқу өзінен өзі сипаттамайды. Қатысты аутқу өнімді өндіру бойынша жоспардың орындалу коэффициентінде тұрақталған , жоспарлы қорымен еңбек ақының нақты есептелген сомасы арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі. Бұл шартты бағалау, жұмысшыларға сый ақы және өндірістік нәтижелері үшін қызметкерлерге және демалыс сомалары, өзгермелі еңбек ақы үлесіне сәйкесі бойынша жұмысшылардың еңбек ақысы.
Еңбек ақы қорын пайдалануды талдау кезінде, кәсіпорынның жұмысшыларының орташа жалақысы туралы, сонымен қатар оның деңгейін анықтайтын факторлар туралы деректерді зерттеу кең мағына береді. Сондықтан келесі талдау категориясы мен мамандығы бойынша, сонымен қатар кәсіпоырн бойынша жалақы алғанда бір жұмысшының орташа еңбек ақысына өзгерту себептерін зерттеуге бағытталған болуы керек. Бұл кезде орташа жылдық еңбек ақы бір жылда бір жұмысшының істеген күндер санына, жұмыс сменасының ұзақтығына және орташа сағаттық еңбек ақысына байланысты екенін ескерген жөн: ГЗП=Д*П*ЧЗП. Осы факторлардың жұмысшылар категориясы бойынша орташа жылдық еңбек ақы деңгейінің өзгеруіне әсерін есептеу абсолютті айырмашылықтар тәсілімен жүзеге асырылған.
Еңбек ақы төлеу деңгейін талдау
Жұмысшылар категориясы |
1жұмысшының істеген күндері саны |
Жұмыс сменасының орташа ұзақтығы, сағ. |
Орташа сағаттық еңбек ақы, мың тг. |
|||
Жоспар |
нақты |
Жоспар |
нақты |
Жоспар |
нақты |
|
Жұмысшы-мәмілешілер Мезгілдік-жұмысшылар (уақытша) |
220
220 |
210
210 |
7,95
7,95 |
7,8
7,8 |
58,6
49,53 |
64,10
51,97 |
Ж/е т.с.с. |
|
|
|
|
|
|
Жұмысшылар категориясы |
Орташа жылдық еңбек ақы, мың тг. |
Жұмысшының жоспарлы орташа жылдық еңбек ақысынан ауытқу, мың тг |
||||
|
Жоспар |
Нақты |
Барлығы |
Соның ішінде өзгеру есебінен |
||
|
|
|
|
Істеген күндер саны |
Смена ұзақтығы |
Орташа сағаттық еңбек ақы |
Жұмысшы-мәмілешілер Мезгілдік-жұмысшылар (уақытша) |
102500
86625 |
105000
85121 |
72500
-1504 |
-4659
-3938 |
-1846
-1560 |
+90015
+3994 |
Кестеден көріп отырғанымыздай орташа жылдық еңбек ақының өсуі негізінен орташа сағаттық еңбек ақының өсуіне байланысты, ол өз негізінде жұмыскерлер біліктілігі деңгейңне және олардың деңгейінің (интенсивтілігіне) қарқындылығына, өндіру нормаларын қарастыру және бағалауға, жұмыс разрядтарының және тарифтік ставкаларының өзгеруіне әртүрлі қосымша төлемдер мен сый ақыларға байланысты. Талдау процесінде өнімнің еңбек сыйымдылығының төмендеуі бойынша шаралар жоспарын орындауды, өндіріс нормаларын өз уақытылы қарастыру және бағалауды, тарифтер бойынша төлемнің дұрыстығын, жұмыс стажы үшін қосымша төлемдерді аудару дұрыстығын, артық сағаттарды, кәсіпорын кінәсі бойынша тұрып қалулар уақытын және тағы басқаларды зерттеу қажет, орташа еңбек ақының өсу қарқыны мен еңбек өнімділігінің арасындағы сәйкестілігі де анықтау керек. Алдында айтқанымыздай кеңейтілген қайта өндіріс үшін, пайдалану және табыстық үшін еңбек өнімділігінің өсу қарқыны оның төлемінің өсу қарқынынан асып түсуі қажет, егер мұндай принцип орындалмаса, онда еңбек ақы қорының шығындалуы, өнімнің өзіндік құнының өсуі және сәйкесінше пайда сомасының төмендеуіә болады.
Жұмысшылардың орташа еңбек ақысының нақты немесе басқа уавқыт кесіндісінде өзгеруі (жыл, ай,күн, сағат) базистік кезең (СЗо) орташа еңбек ақысына, есеп беру кезеңінің (СЗ1) орташа еңбек ақысына қатынасы арқылы анықталатын, оның индексі (I сз) арқылы сипаталады. Аналогты түрде еңбек өнімділігінің индексі( Iгв) есептелінеді:
Iзс= СЗф/СЗпл= 106,4 млн тг/102,5 млн тг= 1,038
I гв= ГВ ф/ ГВ пл= 499 млн тг/480 млн тг= 1,04
Келтірілген мәліметтер талданып отырған кәсіпорында еңбек өнімділігінің өсу қарқыны еңбекті төлеудің өсуінің қарқынынан асып тұрғанын көрсетеді. Озу коэффициенті (Коп) тең :
Коп=Iгв /I сз=1,04/1,038=1,00192678227
Еңбек өнімділігінің өсу қарқыны мен оның төлемі арасындағы қатынастардың өзгеруімен байланысты еңбек ақы қорының шығындары (+7) немесе үнемдеу (-7) сомасын анықтау үшін келесі формуланы пайдалануға болады:
Э= ФЗП фI сз-Iсв/ Iсз= 214651,038-1,04/1,038=-41,4 млн тг
Біздің мысалымызда, еңбек ақы төлеудің өсу қарқынымен салыстыру бойынша еңбек өнімділігінің өсу қарқынына барынша жоғары болуы 41,4 тг сомаға еңбек ақы қорын үнемдеуге әкелді. Орташа еңбек ақының өсу индексін талдау кезінде инфляция шарттарды тұтыну тауарларына және талданатын кезеңдегі қызмет (I ц) бағасының қсу индексін ескерген жөн.
I зп= СЗ 1/ СЗ о *Iц
Мысалы есеп беру жылында жұмысшылардың орташа жылдық еңбек ақысы-106,6 млн тг., өткен жылғы – 76 млн тг . құрайды. Осы кезеңде ақпарат индексі 1,5 құрайды:
Iзп= 106,4/76*1,5 = 0,9333
Осылайша кәсіпорын жұмысшыларының нақты еңбек ақысы өскен жоқ, керісінше талданатын кезеңде 0,7 процентке төмендеді.
Қорытынды
Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттер, алдына қойған мақсат бұл — әлеуметтік бағыттағы жоғары тиімді экономиканы қалыптастыру, әлемдік кеңістікте өз орнын табу, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, халық шаруашылығы құрылымында жоғары технологияны пайдалану болып табылады. Міне, осыған жетуіміз үшін, халықтың тұрмыс дәрежесін көтеруіміз қажет, түрлі меншік иелеріне жол ашып, нарық орталықтарында тиімді заңға негізделген іскерлікке қол жеткізуіміз керек. Сондай-ақ жоғары дәрежелі еңбек өнімділігіне жетуіміз қажет.
Нарықтық экономика жағдайында шаруашылық субъектінің жұмысын жетілдіру және бақылау үшін бухгалтерлік есепті және аудитті белсенді пайдалану қажеттілігі артып отырғаны белгілі. Демек, бухгалтерлік есеп және аудит шаруашылық қызметі сипаттап қана қоймай, оның дамуына септігін тигізеді. Сондай ақ қазіргі нарықтық экономика кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кезеңдегіден болмасын күрделі болып отыр. Өйткені, қазір де қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс жабдықтарына түрлі меншіктер мен қатар кооперативтер орын алуда және олардың дамуына Қазақстан Республикасының меншік туралы заңдары арқылы кең өріс ашылуда. Осыған орай қазіргі нарықтық экономика кезеңіндегі шаруашылық субъектілер арасындағы экономикалық және қаржылық қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр.
Кейбір субъектілер өндірген өнімге норма бойынша қажетті еңбек шығындарын көп жұмсап, еңбек өнімділігін қолдан кемітіп жүр. Содан шаруашылықтың табысын азайтып мемлекеттік төленімге тиіс салықтарыдң мөлшерін азайтып көрсетеді. Мұндай жағдайда еңбектің есебін жетілдіруге кері әсерін тигізуде. Сондықтан еңбек есебін жетілдіру және оған ақы төлеуді жақсартудың біздің ойымызша шаруашылықтың барлық түрлеріне еңбек күнге көшірудің маңызы үлкен. Себебі, оның есебін жүргізу аса күрделі емес және шаруашылық үшін тиімді.
Жалпы еңбек және оған еңбек ақы төлеу қай кезде болмасын күрделі мәселе. Өйткені еңбек ақы мөлшері әрбір еңбекшінің тағдыры.
Нәтижесінде үй коммуналдық реформа жүргізуде электр энергиясын қолдна төлемі 60,5%, суық су 48,9%6 ыстық су 42,1%, көгілдір отын 28,4%-ті қамтиды және т.б. Ендігі 3 бөлігі пәтердің міндетті тұрғын үй коммуналдық төлемінің шығыны 26,5%-ке жетіп отыр. Бұның бәрі нақты жағдайда болуда, егер орташа бір адамның айлық ақшалай табысы, еңбек табысының құрамында 70 % 2848 теңгеге теңесті немесе 37,7$, төменгі орташа айлық күн көріс мөлшері, тұтыну деңгейінің төменгі мөлшерінен есептеп алынған, — 3505 теңгені құрайды (46,4$) . Осыдан жалақының төменгі нақты орташа мөлшері 2001 жылға 3484 теңге өндірістегі жұмысшылардың орташа айлық нақты мөлшерінен 6,2 рет және Республиканың 1 адамға шаққандағы күн көрістің төменгі мөлшерінен 39,9 %төмен.
Көріп отырғанымыздай бұған қарамастан еңбек ақының төменгі мөлшері, жұмысшылардың ұдайы өсуін дамыту үшін жұмысшыларды барлық қызмет көрсетулермен қамтамасыз ете шақыру. Өндірістік өрістерде мынандай жағдайлар болуда, еңбек төлемі жұмысшылардың кәсіби мамандықтарына қарамастан, еңбек сыйымдылығы, қиыншылығы, еңбектің сапалық және нәтижелік дәрежесінде қамтамасыз етілмеген. Өз кезеңінде, бұл еңбектің сапасына және санына байланысты тұрақты еңбек ақы беріп тұратын көптеген мамандардың қысқаруына әкеліп соғады. Материалдық шығындар құнының көлемді өсуіне еңбек күшінің бағасы ауыспай (өзгермей) қалады, нәтижесінде өндірістегі шығындар құрамында жалақының үлес салмағы жүйелі түрде төмендейді, нақты еңбек ақы деңгейінде мықты сақталады.
Осыдан іс тәжірибе еңбек ақы пәнінің жаңа түсінігін іске асыру мақсатында, еңбек төлемін басқаруда болған жетіспеушіліктерді жоюда және жұмысшылардың жағдайын жақсартуда және экономиканы нығайтуда оң қолдану мүмкіндіктері ұсынылады:
- халықаралық негізде талқылауды және еңбек ақы бойынша экономикасы дамыған елдердің іс тәжірибесі есебі мен, осы сұрақтағы барлық деңгейдегі басқарушы органның ролі мен бірқалыпты орнын белгілеуді анықтау.
- Еңбек ақы бойынша белгіленген тәртіптегі заңды құжаттарды қабылдау, онда есеп айырысудың қолдану тәртібі және тұтыну қорының анықталуы, күн көрістің төменгі мөлшері, тарифтік ставка көрсетілуі қажет.
- Өнеркәсіпте және экономиканың басқадай саласында еңбек өнімділігінің өсуі бойынша Үкімет деңгейде арнайы программаларды өңдеу және орындау.
Қорыта келе “Саду” баспаханасының еңбек ақы есебін дұрыс жүргізу кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандырып, сол кәсіпорынның қызметін алға жүргізу үшін мынандай ұсыныстарды ұсыну керек.
- шығарылатын өнімдер істелінетін жұмысқа көрсететін қызметке кеткен еңбек пен оған төленетін еңбек ақы мөлшерін дұрыс анықтау
- Еңбек өнімділігігің өсімін бақылау
- Жұмысшы қызметкерлерге еңбек ақы төлеу үшін еңбек ақы қорынан қоғамдық тұтыну қорына және т.б. қорлардан бөлінетін қаржыларды бақылау
Сонымен қатар еңбек пен еңбек ақы есебін ұйымдастыру одан әрі жетілдіру үшін мынандай жағдайлар болуы керек:
— Еңбектің өнімділігі мен орындалатын жұмыстың көлемін ұлғайтуға ынталандыратын еңбек ақы тиімді түрлерін кеңінен қолдану
— Еңбек пен өндірісті бақылаудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген прогрестің құрылымын қолдау
— еңбек ақы төлеудің сыйлық беру жүйесінен басқа да түрлерін жұмыстағы жетістіктерімен тығыз байланыстыра отырып дұрыс қадағалау
— Еңбек пен еңбек ақы есептеуде осы күнгі талаптарға сай есептеу мен ұйымдастыру техникаларын қолдану алғашқы есеп жүйесін жетілдіру мен жеңілдету
Дипломдық жұмысты қортындылай келіп біздің міндетіміз
- Еңбек есебін үздіксіз жетілдіріп отыру және осы арқылы, шаруашылық субъектінің экономикасын күшейту, осы арқылы халықтың әл ауқатын арттыру. Сөйтіп, осы күнгі экономикалық тығырықтан шығу. Ол үшін еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастырып,есеп жұмыстарының ең алдындағы озық тәжірибелерін пайдалану болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 ж 14 маусым «Салық және бюджетке төлейтін міндетті төлемдер туралы» заң күші бар Жарлығы
- Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржы есебі» туралы Заңы 24.06.2002ж
- Постановление Национальной комиссии РК по бухгалтерскому ычету от13.11.1996 №3
- Стандарты бухгалтерского учета, методические рекомендации: Сборник документов. – алматы, раритет, 2000
- ҚР-ның Қаржы Министрлігінің 18.09.2002 жылғы №438 бұйрығымен (ҚР Қаржы министрлігінің өзгертулер енгізілген 21.10.2003 жылғы № 372 бұйрығымен) бекітілген Бухгалтерлік есеп типтік жоспары.
- Аудиторлық іс-қызмет туралы:ҚР-ның 1998 жылғы 20 қарашадағы заңы (15.02.2003 жылғы жағдайы бойынша толықтырулары және өзгерістерімен. А; 2003ж
- Қазақстан Аудитінің халықаралық стандарттары. Алматы: Раритет, 2004. – 786 б,
- Абленов Д.О. «Аудит», Алматы, экономика, 2005
- Ә.Әбдіманапов «Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері» (халықаралық стандарт) ,Алматы, 2006 ж
- Әжібаева З.Н. Укашев Б.Е. «Бухгалтерлік есеп теориясы» , «Экономика» баспасы, Алматы 1999 ж
- Бабаев Ю.А. «Теория бухгалтерского учета» , Издательство «ЮНИТИ» ,Москва «Аудит» 1999 г
- Баканов М.И. Шеремет А.Д. «Теория экономического анализа» , учебник 4 издание, «Финансы и статистика» , 2001
- Баймуханова «Бухгалтерлік есеп» алматы, 2005
- Балапанова Ә.Ж. «Бухгалтерлік есеп» алматы, 2002
- Данилевский Ю.А. «Общий аудит в воспросах и ответах» Москва 1995г
- Дүйсенбаев «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы, Экономика 2001.
- Дюсенбаев К.Ш. «Анализ финансового положения предприятия» , Алматы 1998 г
- Ержанов М.С., Ержанова А.М. « Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов» (с 1 января 2003 года, Алматы 2003 г
- Кеулімжаев К.К., Әжібаева З.Н. «Қаржылық есеп» Алматы, 2001
- Назарова В.Л. «Шаруашылық жүргізуші субъектілеріндегі бухгалтерлік есеп» Алматы, 2005
- Радостовец В.К. , Радостовец В.В. , Шмидт О.И. «Бухгалтерский учет на предприятий» , Изд. «Центраудит- Казахстан» , Алматы 2002 г
- Тулегенов Е.Т., Барлиев Н.Б., Стороженко Л.А., Матвеев И.А. «Бухгалтерские информационные системы» , Алматы, «Экономика» 1999
- Томас П. Карлин, Альберт Р. Макмин, «Анализ финансовых отчетов», (на основе GAAP)
- «Бюллетень бухгалтера» №28, 31, 40 2005г
- «Экономика и жизнь» №12, 14, 15 2003
- «Заочная школа аудитора» №29 2004 г
- «Егемен Қазақстан» қаңтар, ақпан,сәуір 2006 ж