АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Отчёт по практике «Алматы Құс» ААҚ

Мазмұны

 

 

Бет

Кіріспе

3

1. «Алматы Құс» ААҚ-ның  қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама

 

5

2. Құс шаруашылығында  өндіріс шығындарының есебі

11

3. Құс шаруашлығында өнімнің өзіндік құнын есептеу

18

Қорытынды

29

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

31

Қосымшалар

33

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Нарықтық қатынастарға көшу процестері  кәсіпорынның  экономикадағы  орнын және  ролін мүлдем өзгеше  анықтайды. Компания қызметінің тиімділігін, яғни   кәсіпорынның шынайы экономикалық дербестігін, оның бәсеке қабілеттілігін  және нарықтағы  беделділігін  қамтамасыз ету  ақпараттық жүйені  ұйымдастырудың жаңа жолдарын табуды талап етеді.  Бухгалтерлік (қаржылық) есеп кәсіпорындағы қызмет ететін ақпараттық жүйенің негізгі бөлігі болса да, барлық деңгейдегі басқарушыларды қажетті шұғыл ақпаратпен қамтамасыз ете алмады.  Қаржылық есеп өзінің ерекшелігіне байланысты  нарық жағдайындағы   кәсіпорын қызметін ішкі басқарудың  стратегия мен тактикасын  жасауға қажетті ақпаратты ұсына алмайды.

Нарық жағдайында кәсіпорындардың қызмет етуі күннен күнге өсіп отырған тәуекелділікпен тығыз байланысты, мұның өзі қабылданатын шешімдердің  сапасына  жаңаша талаптар қойяды. Өндірістік шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау басқару жүйесінде орталық мәнге ие және олар  қоғамдық өндірістің құндық көрсеткіштерінің  негізгі сипаттамаларын қалыптастырады. Өндірістік шығындар есебін және өнімнің өзіндік құнынын калькуляциялауды барынша дұрыс ұйымдастырудан кәсіпорынның басқарылу деңгейі,  экономикалық тұтқалардың  оның қызмет ету тиімділігін жоғарлатуға әсер ету дәрежесі  тәуелді болады. 

Бүгінгі күнгі шаруашылық жүргізу  жағдайында кәсіпорын үшін екі түрлі мақсаттың бірдей маңызды екені анық: тиімділік және сенімділік. Оларды жүзеге асыру үшін  басқару орталықтары  құрылады. Кәсіпорынның қызмет етуінің сенімділік стратегиясы кешенді және  басымдылық сипатта болады. Аталған мәселелердің барлығы басқару есебінде шешіледі. 

Жоспарлау, есептеу және реттеу сияқты есептік процестер басқару  жүйесінде  бірін-бірі толықтырып отыратын процестер ретінде қарастырылады және олар  өндірістік экономикалық ақпараттың  әртүрлі белгілерін бейнелейді. Өндірістік жүйелерді басқарудың негізін ақпараттық процесс құраса, жоспарлау, есептеу, реттеу  шығындарды  басқарудың мәнін  бейнелейтін,   бір-бірімен байланысқан нақты  функциялары бар  бөліктердің жүйесін көрсетеді.

Ауылшаруашылығы кәсіпорындарында негізделген және белгілі бір нәтиже әкелетін басқарушылық шешімдерде қабылдау басқару есебінің таңдалған жүйесіне және талдауға қажетті ақпараттың  қол жетерлігіне байланысты.  

Аталмыш мәселелерді зерттеу мақсатында  2005 жылдың 3 мамыр мен 6маусым  аралығында «Алматы Құс» ААҚ-да ғылыми-зерттеу тәжірибесі өткізілді. Аталған тәжірибенің мақсаттарын келесідей анықтауға болады:

  • магистратурада оқу кезінде алған теоретикалық білімді бекіту;
  • кәсіпорындағы жұмыстың шынайы тәжірибесімен танысып, жұмыс істеудің кәсіби дағдыларын қалыптастыру;
  • кәсіпорынның өндірістік-қаржылық қызметін ұйымдастыру, бухгалтерлік есеп пен басқару есебін ұйымдастыру,   өндірісті және ұжымды басқарудың тәжірибесін зерттеу мен талдау;
  • «Құс шаруашылығында өндірістік шығындардың басқару есебі» тақырыбындағы магистрлік диссертацияны жазу үшін мәліметтерді жинау.

«Алматы Құс» ААҚ Қазақстан Республикасында құс шаруашылығымен айналысатын ірі компаниялардың бірі болып табылады. Оның құрамына  Алматы облысындағы  7 құс фабрикасы кіреді. Компанияның жалпы қызмет етуін төрт бағытта қарастыруға болады: жұмыртқа шығару, құс етін өндіру,  құс шаруашылығы үшін арналған құрама-жемді әзірлеу,  инкубациялық жұмыртқаны шығару.

«Алматы Құс» ААҚ-ның   менеджменті,  дұрыс құрылған маркетинг, дамыған ақпараттық технологиялар, шығындарды оңтайландыру саясаты және тауарлық қорлар мен шикізаттық базаны  тиімді басқару, білікті мамандар тобы  жоғарыда  аталған диссертациялық жұмысты жазу бойынша терең зерттеу жұмыстарын жүргізуге барынша жағдай жасайды.

  Тәжірибе барысында  өндіріске жұмсалған шығындар, олардың сыныптамасы, бухгалтерлік есепте бейнелеу тәртібі, құс шаруашылығы өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мәселелері қарастырылды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. «Алматы Құс» ААҚ-ның  қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама

 

«Алматы құс» Ұлттық Акционерлік Компания (ҰАК) өз қызметін 1998 жылдың науырыз айынан  бастап,  Алматылық АООТ «Алтын құс» (Чапай 1960 жылы құрылған), АООТ «Феникс» (Каскелен, 1981 жылы құрылған), АООТ «Абай» (Абай, 1963 жылы құрылған) және ААҚ «Ават құс фабрикасы» (Ават, 1965 жылы құрылған) төрт құс фабрикасының  активтерін қосу жолымен құрылды.  Бастапқы кезде аталған құс фабрикаларының барлығы сенімді басқару негізінде болған, ал содан кейін  Сеймар  Концернінің меншігіне өтті. Осы кезде фабриканың әр қайсысында ғимараттарды, құрылғылардың, инфрақұрылымның қайта құрылуы жүріп өтті, құс орналасқан жерлердің жаңартылуы жүзеге асырылды.

Бүгінгі күні  «Алматы құс» ААҚ құрамына  Чапай құс фабрикасы, Ават бройлерлік құс фабрикасы,  Жоғары Ават құс фабрикасы, Алексеев құс фабрикасы, Алматы бройлерлік құс фабрикасы, Қаскелен асыл тұқымды құс фабрикасы, Абай құс фабрикасы, Карасу құрама жем комбинаты кіреді.

Қоғамның қаржы -өндірістік қызметі  шаруашылық дербестік негізінде жүзеге асырылады. Кәсіпорынның қызмет етунің  мақсаты Қазақстан Республикасының нарығын тауарлармен және  қызметтермен қамтамасыз ету  болып табылады.

«Алматы Құс» ААҚ-ның жарияланған жарғылық капиталы 1830 млн тенге құраса, төленген  жарғылық капитал 1200 млн тенге құрады.  Жыл қорытындылары бойынша  дивидендттер төленеді.  Ең алдымен артықшылығы бар акциялар бойынша, ал одан кейін жай акциялар бойынша  дивидендттер төленеді.

«Алматы Құс» ААҚ Жарғыға сәйкес  келесідей акциялардың түрін шығарады: Бірінші эмиссия

  • жай атаулы акциялар KZ1C31690015, саны 64 867 490 дана, номиналдық құны — 10 тенге;
  • артықшылығы бар атаулы акциялар KZ1P31690111, саны 5 132 510 дана, номиналдық құны — 10 тенге.

Екінші эмиссия  — жай атаулы акциялар  KZ1C316900X8, саны 40 000 000 дана, номиналдық құны — 10 тенге.

Үшінші эмиссия -артықшылығы бар атаулы акциялар KZ1P31690319, саны 10 000 000 дана,  номиналдық құны — 10 тенге.

Төртінші эмиссия-  жай атаулы акциялар  KZ1C316900X8, саны 63 000 000 дана, номиналдық құны — 10 тенге.

Компанияның жай және артықшылығы бар акциялары  КАSE сауда тізімдеріне енді.

Бүгінгі күні компания алдында құс шаруашылығы нарығында қалыптасқан  жағдайға байланысты  қолда бар өндірістік қуаттардың құрамында, жаңарған өндірістік құрылымды құрудың объективті қажеттілігі туындап отыр. Сондай-ақ, «Алматы Құс» ААҚ ҚР үлкен сұранысқа ие болатын,    өнімдердің  жоспарлы көлемін шығаруды қамтамасыз ете алатын, жоғары технологиялық және экологиялық жағынан таза  өндірістік базаны құру, ұлттық нарықты дамыту және өз өнімдерін экспорттау мүмкіндігін табу сияқты мәселелерді шешуді өз алдына  мақсат етіп қойып отыр. 

Кәсіпорынның өндірістік қызметі. Жұмыртқа бағытындағы және  ет өндіру бағытындағы құс фабрикаларында  өндірістік алаңдар үш функцияға байланысты  бөлінген:

  • Аналық құс тобын күтіп-ұстау;
  • Балапандарды күтіп-ұстау;
  • Өндірістік құс тобын күтіп-ұстау.

Аналық құс тобының арналымы- 21 күннен кейін өндірістік құс тобының балапандары жарылып  шығатын, ұрықтанған жұмыртқаларды өндіру.

Балапандарды күту жағдайлары  үлкен құсты  күту жағдайларынан өзгеше болғандықтан, оларды арнайы балапандар үшін арналған  орындарда ұсталынады. Содан соң белгілі бір жасқа толғаннан кейін  олар өндірістік құс топтары үшін жасалған орындарға көшіріледі.    Өндірістік құс топтарындағы  әлсіз құсты алмастыру мақсатында  балапандар ұсталынатын  аймақтан құстар үнемі толықтырылып отырады. Жұмыртқа бағытындағы өндірістерде өндірістік құс топтары негізінен мекиен тауықтан тұрса, бройлерлер өндірісінде тауықтар  жынысына қарамастан ұсталынады.

Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында  аналық, өндірістік құс топтары және балапандар  бір-бірінен 2-5 км қашықтықта бөлек ұсталынады.

Өнімді өңдеумен байланысты функционалдық буындар, сойыс,  мүшелеу, жұмыртқа сорттау  цехтары және  дайын өнімді сақтау үшін арналған суық қоймалар әдетте өндірістік құс топтарының аймағына  орналастырылады.

Өндірістік процесті орталықтандыру және өнімнің өзіндік құнын төмендету мақсатында,  сондай-ақ құс фабрикаларындағы эпидимиологиялық  жағдайды   жақсарту үшін сойыс процесі құс фабрикасынан тыс жерге апарылады және барлық  фабрикалардағы  өндірілетін өнімнің өңдеу цикліне  ұйымдастырылады.

2001 жылы  компания құс фабрикаларындағы құс кроссын  «Hy line», бройлерлік бағыттағы Hubbard Isa Classic, Ross 308  американдық кроссқа толықтай алмастыруды шешті.  Бұл құс жоғары өнімділікпен және жем шығындарының аздығымен сипатталады, мұның өзі  жұмыртқаның өзіндік құнын төмендетуге жағдай жасайды.

Қазіргі өнеркәсіптік  құс шаруашылығы ауыл шаруашылығы салаларының ең рентабельдісі, осыған байланысты  ол ең капиталдандырылған және әлемдік агро өнеркәсіп кешенінің қарқынды дамып отырған бөлігі.

Құс шаруашылығы компанияларының қызмет ету тиімділігін сипаттайтын  көрсеткіштерге келесілер жатады:

— Жем-шөп конверсиясы,  яғни тұтынылған жем көлемінің өнім бірлігіне  қатынасы.  Ет бағытындағы құс шаруашылығында  жем-шөп конверсиясы  бұл тұтынылған   жем массасының  алынған  ет салмағына қатынасы.

  • Жұмыртқалағыштық, жұмыртқалық кросстардың тиімділігін сипаттайды. Салалық көрсеткіштердің ең жақсылары бұл бір мекиен тауықтан жылына 290-310 жұмыртқаның алынуы болып табылады.
  • Орташа тәуліктік салмақ қосу,  бройлерлік өндіріс тиімділігін сипаттайтын көрсеткіш болып табылады.  Бүгінгі күні  сала бойынша тәулігіне  40-45 гр салмақ қосу жақсы көрсеткіштерге жатқызылады.

Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер кәсіпорын қызметінің сапасын сипаттайтын интегралданған болып табылады, және олар өндірістің  бірнеше сапалық  факторына тәуелді болады: пайдаланылатын кроссқа, жем-шөпке, технологияға, ветеринария деңгейіне және мамандардың біліктілігіне.

 «Алматы Құс» ААҚ әлді жақтарына келесілерді жатқызуға болады:

  • дамып отырған нарықта 7 жылдық жұмыс істеу тәжірибесі;
  • банктердің жоғары несиелік сенімі;
  • мықты кәсіпқой ұжым;
  • сала ішінде кәсіпорынның сауда белгісінің танымды болуы;
  • бос тұрып қалған фабрикаларды жекешелендіру және қалпына келтіру тәжірибесі;
  • өнеркәсіптік құс шаруашылығының «тар жерлерін» білу;
  • стратегиялық серіктестердің, қатарластардың бар болуы;
  • ҚР Үкіметінің компанияның стратегиясын саяси қолдауы.

 2004 жылы компания өзінің ұйымдастырушылық құрылымын қайта құрып, басқару жүйесін кадрлар саясатын өзгертті. Яғни басқару аппаратынан басқа, барлық бөлімшелер,  жанұйя деп  аталатын,  жеке кәсіпкерлерге берілді. Жанұйя немесе жеке кәсіпкерлер компанияға құсты өсіру және дайын өнімді беру бойынша қызмет көрсетеді. Компания мен жеке кәсіпкерлер арасында байланысты келесідей көрсетуге болады: компания барлық қажетті өндірістік ресурстарды: асыл тұқымды төлдердіғ жемдерді ұсынады, егу жұмыстарын өткізеді, өз қаражаты есебінен  электр энегргиясымен, отынмен және т.б. қамтамасыз етеді.  Ал жанұйя өз атынан компанияға дайын өнімді береді.

Өндрістік процесс компанияның ішкі аудитімен бақыланады, мұның өзі  жеке кәсіпкерлердің қызметін уақытылы  бақылап отыруға мүмкіндік береді.  Жанұйя-Компания сұлбасына негізделетін  басқарудың бұл қағидасы  шет елдердің жетістіктер мен тәжірибесіне негізделген.

Компанияның басқарушылық  саясаты келесілерден құралады:

—   құс өсіру шаруашылығын және инкубациялық бөлемдерін басқаруды ұйымдастыру;

  • құс фермаларының тәртіпке салынған қызмет етуін қамтамасыз ететін, инфрақұрылымның басқаруын ұйымдастыру;
  • басқару технологиясы (бюджеттеу, бизнес үлгілер, өнімнің сапалық көрсеткіштеріне тәуелді  ассортименттік және баға саясаты), басқарудың ішкі тиімділігін бағалаудың жүйесі, шығарылатын өнімнің  сапасын бақылау;
  • біріңғай орталық принципі негізінде қаржы және еңбек ресурстарының реттеу үшін орталық жүйені құру;
  • басқарудың автоматтандырылған жүйесін қалытастыру.

2003-2004 жж кәсіпорынның каржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін анықтау үшін  кесте 1 мәліметтерін пайдаланамыз.

Кесте 1- «Алматы Құс» ААҚ-ның қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерінің көрсеткіштерін  талдау 

 

Көрсеткіштер

2003 жыл

2004 жыл

Ауытқуы

Табыстар мен шығындар туралы бойынша  есеп

 

 

абс (+,-)

%

Өнімді өткізуден алынған табыс, мың тг

3 137 129

3 764 555

627 426

120

Өткізілген өнімнің өзіндік құны, мың тг

2 318 861

2 898 576

579 715

125

Жалпы табыс, мың тг

818 268

865 979

47 711

105,8

Кезең шығындары:

 

 

 

 

жалпы және әкімшілік шығындар

123 602

135 963

12 361

110

өнімді өткізу шығындары

197 763

207 651

9 888

105

пайыз бойынша шығындар

316 976

332 825

15 849

105

Салық салынғанға дейінгі табыс, мың тг

179 927

189 540

9 613

105,3

Салық бойынша шығындар, мың тг

53 978

56 862

2 884

105,3

Таза табыс, мың тг

125 949

132 678

6 729

105,3

Баланс

 

 

 

 

Ағымдағы активтер

5 060 436

5 105 471

45 035

100,9

Ұзақ мерзімді активтер

2 355 247

2 285 418

-69 829

97

Барлығы

7 415 683

7 390 889

-24 794

99,7

 

 

 

 

 

Ағымдағы міндеттемелер

1 072 333

1 193 790

121 457

111,3

Ұзақ мерзімді міндеттемелер

4 191 214

4 038 994

-152 220

96,4

Меншікті капитал

2 152 135

2 158 104

5 969

100,3

 

 

 

 

 

Өнімнің рентабельділігі

0,040148

0,035244

-0,005

87,8

Активтердің айналымдылығы

0,42304

0,5093508

0,086

120,4

Меншікті капитал мультипликаторы

3,445733

3,424714

-0,021

99,4

Меншікті капитал табыстылығы, %

5,85%

6,15%

0,003

105,1

 

Жоғарыдағы  кестеден көріп отырғанымыздай 2004 жылдың қорытындылары бойынша өнімді өткізуден алынған табыс 3764555 мың тенгені құрады, бұл алдыңғы  жылға қарағанда 627426 мың тенгеге артық. Ал өнімді өткізуден алынған табыс 25% өсті.  Жалпы табыс мөлшері де сәйкесінше  өзгерді, өсім — 5,8%  құрады. Таза табыс көлемі 6729   мың тенгеге артты.

Қызмет етудің табыстылығын сипаттайтын көрсеткіштердің әрқайсысы акционерлік капиталдың  табыстылық деңгейіне  ең жоғары дәрежеде ықпал еткенін көрсетеді. Осылайша өткізілген  өнімнің әрбір тенгесінен алынған таза табыс  2004 жылы 3,5 тиынды құрады, бұл алдыңғы жылға қарағанда 0,5 тиынға азырақ.  Активтердің айналымдылығы  активтердің 2003 жылға қарағанда тиімдірек пайдаланылғанын  көрсетеді, яғни активтерге салынған әрбір теңгеден 50,9 тиын табыс алынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда  8,6 тиынға артық.  Меншікті капитал мультипликаторы кәсіпорынның жиынтық капиталының құрылымдық өзгерісін бейнелейді. Есепті жылы жинытық капитал құрылымында айтарлықтай өзгерістер болған жоқ, ол өткен жылмен салыстырғанда 0,6% ғана азайды. Меншікті капиталдың  табыстылық коэффициенті 2004 жылы 5% өсіп, 6,15 % құрады. Аталмыш көрсеткіш  биржада компанияның  акцияларына баға белгілеуді бағалау барысында пайдаланылады. 

Кәсіпорынның жалпы өндірістік көрсеткіштерінің өзгерістерін  кесте 2 мәліметтері негізінде талдауға болады (қосымша А, Б).

 

 

 

«Алматы Құс»ААҚ-ның өндірістік көрсеткіштері есепті жылы өткен жылдармен салыстырғанда  кеміді. Жұмыртқа бойынша есепті жылы қызмет жасаған орташа жылдық қуаттылық 3708 тоннаға немесе  21,06%  кеміді.  Есепті жылы шығарылған өнім немесе өңделген шикізат көлемі 4384 тоннаға азайды. 2004 жылы өткізілген өнім көлемі 4384 тоннаға немесе 256067 мың тенгеге қысқарды. Орташа жылдық қуаттылық 77,5 % пайызға  ғана пайдаланды. Бұл 2003 жылмен салыстырғанда 8,6 пунктке кем.

Ет бағыты бойынша 2004 жылы  қызмет жасаған орташа қуаттылық 113 тоннаға өсті. Есепті жылы шығарылған өнім 2539 тоннаға немесе 448695 мың тенгеге қысқарды.  Өткізілген өнім көлемі 40,44% немесе 2123 тоннаға азайса, құндық бейнеде ол  340879 мың тенгені құрады. Ет бағытындағы орташа жылдық қуаттар тек 39,2%   ғана пайдаланылды.  Бұл 2003 жылмен салыстырғанда 29,2 пунктке азырақ.

«Алматы Құс» ААҚ-ның  құс басының саны, жалпы өндірілген және сатылған өнім көлемі, өзіндік құн сияқты көрсеткіштері  сұлба 1 келтірілген (қосымша В). Диаграмма түрінде бейнеленген  өндіріс қуаттылығын сипаттайтын жұмыртқа бағытындағы  құс басының саны өткен жылмен салыстырғанда  есепті жылы 407 мың басқа азайды. Ал ет бағытында бұл көрсеткіш 1305 мың басқа өсті.

Жалпы өндірілген  жұмыртқа көлемі 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда  16,2 % немесе 4869  кг азайды. Алайда бұл көрсеткіш 2002 жылға қатысты 60 % не 15490 кг өсті. Құс етінің  жалпы өндірісінде де қысқарулар байқалды. Осылайша 2004 жылы өткен жылмен салыстырғанда  ет өндіру көлемі 27139 цн азайды. Ал 2002 жылға қатысты ол 37 % немесе 9694 цн артты.

Сатылған жұмыртқа мөлшері өткен жылмен салыстырғанда  есепті жылы 37,04 % не 7782 кг азайып, 13229 кг құрады. Ал 2002 жылмен салыстырғанда ол 5162 кг өсті.   Құс еті бойынша сату көлемдері де азайды 30,5%  немесе 16880 кг азайды, ал 2002 жылға қатысты бұл көрсеткіш  160 % не 23703 кг артты.

Нарықта сатылған жұмыртқаның  1 киллограмының өзіндік құнында тұрақты өсім байқалуда. 2004 жылы өткен жылмен салыстырғанда  бұл көрсеткіш 19,03 тенгеге немесе 23% артты, ал 2002 жылға қарағанда 37,45 тенгеге  не 60,5 % өсті.  Құс етінің өзіндік құны өткен жылмен салыстырғанда есепті жылы 0,61 тенгеге не 0,3%, ал 2002 жылға қатысты 22,22 тенгеге не 13,5%  өсті.

 

  1. Құс шаруашылығында өндіріс шығындарының есебі

 

Құс шаруашылығында өндірістік шығындар есебі, өзіндік құнға қосылатын шығындар тізімі бухгалтерлік есептің №7 «Тауарлы-материалдық құндылықтар есебі» стандартына сәйкес анықталады. Өндірістік шығындарды қалыптастыру мен  өнімнің өзіндік құнын анықтаудың біріңғай принциптерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін кәсіпорынның есеп саясатында  өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындарды анықтау,  топтастыру және есепте бейнелеудің «жалпы тәртібі» анықталады. Есеп саясатындағы негізгі тұжырымдар шаруашылық жүргізуші субъектісінің өндіріс ерекшеліктері мен технологиясын міндетті түрде есепке алады.

Өндірістің түріне, тұрпатына тәуелсіз өндіріс шығындарының  есебінде ұйымдастырылатын өндірістік есептің  маңызы зор. Құс шаруашылығы саласында  шығындар есебінің  негізгі мақсат-міндеттері  бұл:

— шығындарды өндіріс түрлері және құс топтары  бойынша бөліп таратудың экономикалық негізділігін  қамтамасыз ету;

— өндірілетін өнімнің өзіндік құнын құрайтын барлық шығындарды экономикалық жағынан біртекті элементтер мен баптар бойынша  дәл бөлу;

  • құс шаруашылығынан алынатын өнім шығымын өз уақытында, шынайы және толық бейнелеу;
  • шаруашылық бөлімшелері бойынша шығындарды дәл бейнелеу;
  • негізгі және жанама өнімнің өзіндік құнын экономикалық жағынан негіздеп анықтау.

Құс шаруашылығында өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау  күрделі мәселелердің  бірі болып табылады. Бұл саланың ерекшелігімен тығыз байланысты, яғни өндіріс барысында алынатын  өнімдердің көп түрлілігімен (жұмыртқа, құс еті, қауырсын, құс саңғырығы және т.б.) шартталған.   Сондай-ақ, саланың өнеркәсіптік бағытында болуы, өндіріс технологиясы  барлық өндірістерді негізгі және қосымша өндірістер болып бөлінуін анықтап берді.

Құс шаруашылығында негізгі өндірістерге құс өсірумен айналысатын өндірістер: инкубациялық цех, аналық табын, төлдер, өндірістік мекиен-тауықтар тобы жатады. Көмекші  өндіріс негізгі өндірістің  өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге тікелей ықпал етеді. Негізгі өндірістің цехтары көмекші өндірістің  қызметтерін пайдаланады, олардың көмегінсіз толыққанды, сапалы өнім өндіру  мүмкін емес. Көмекші өндірістерге: жөндеу  шеберханалары, ғимараттар мен құрылғыларды жөндеу, машино-тракторлық парк, автомобильді көлік,  энергетикалық өндірістер (электро, жылу, газбен қамтамасыз ету, тоңазытқыш қондырғылары), сумен қамтамасыз ету, құсты сою цехы, жұмыртқаны сорттау цехы,  санитарлық цех, жатады.

Нарықтық экономика талаптары, сондай-ақ бұл саладағы жоғары бәсекелестік  аталмыш құрылымды барынша оңтайландыруға, өнімнің өзіндік құнын өсіруге әкелетін барлық қосымша шығындарды қысқарту жолдарын іздеуге  итермелейді. Осыған байланысты «Алматы құс» ААҚ -ның басшылығы өнім өндіру және өндіріс процесін басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын анағұрлым тиімді етіп құруға шешім қабылдайды. Нәтижесінде асхана, санитариялық цех, жөндеу-механикалық цехы,  бу қазандық цехы,  жемдерді әзірлейтін цех,  тракторлық бригада, құрылыс цехы және т.б. негізгі өндіріске қызмет көрсететін бөлімдердің қызмет етуі тоқтатылды. Мұның өзі өнімнің өндірістік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.  Өндірісті зерттеу және берілген бөлімшелердің жұмыс істеуі қаншалықты тиімді екендігі   талданғаннан кейін, кәсіпорын үшін жүздеген қызметкерлері бар көмекші өндірісті ұстағанша, сырттан жабдықтаушылар мен мердігерлердің қызметін пайдалану үнемді болып шықты.

Кәсіпорында  жұмыртқа өндірісі  жаппай өндіріс тұрпатына  жатады. Өйткені ұзақ уақыт бойы бірдей өнімді үздіксіз шығарады. Мұнда шығарылатын өнім ассортименті аса көп болмағанымен, олардың шығарылатын мөлшері айтарлықтай көп, құс өсіру мен ұстауға ыңғайланған жабдықтардың жоғары деңгейі және өндірістің жұмыс ырғағы жоғары болады.

Өнімнің өзіндік құнын құрайтын  шығындарды жоспарлау, есептеу және талдау кезінде шығыстарды  топтастырудың  мынандай түрлері қолданылады:

  1. Шығындар туындайтын орындар (өндірістер, цехтар, учаскелер және т.б.) бойынша.
  2. Өнім, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша. Өндіріске жұмсалған шығындар жеке өнім не қызмет түрлерінің өзіндік құнына қосылады.
  3. Шығындар өнімнің өзіндік құнына ену тәсілі бойынша тікелей және жанама болып бөлінеді.
  4. Өндірістік шығындар өзінің экономикалық мазмұнына сәйкес негізгі және үстеме болып бөлінеді.
  5. Өндіріс шығындары өнімнің көлеміне қатысты  екіге бөлінеді: айнымалы- шығарылған өнімнің көлемі өзгеруімен шығынның да өсуі не азаюы мүмкін (жемдер, технологиялық энергия мен отын, өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбек ақысы, өнімді тасымалдау шығындары, дайын өнімді қаптамасы және т.б.); тұрақты-өнімнің шығару көлемі өзгерген кезде, деңгейі өзгермейтін шығындар (негізгі құралдардың амортизациясы, жалдық ақысы,  күзет қызметі және т.б.)

Өндірістерде шығындардың кейбір категорияларын тұрақты және айнымалы  болып бөлу шартты сипатта болады, сондықтан да оларды шартты тұрақты және шартты айнымалы деп көрсету дұрысырақ болады.

Экономикалық мазмұны бойынша өндірістік шығындар экономикалық элементтерге және шығыс баптарына (калькуляция баптарына) бөлінеді.

 Өнеркәсіп бағытандағы құс шаруашылығында   өндіріске жұмсалған шығындар келесідей элементтерге топтастырылады: материалдық шығындар, еңбек ақы шығындары, еңбек ақыдан аударымдар, үстеме  шығындар.

«Материалдық шығындар» элементінде еңбек заттарына  (өндірісте пайдаланылатын), өндірістік сипаттағы жұмыстар мен қызметтердің төлеміне   жұмсалатын шығындар бейнеленеді:

  • құсты жемдеуге арналған өз өндірісінің және сатып алынған жем-шөп, оны жеткізуге жұмсалған шығындарды қоспағанда;
  • жұмыстарды орындауға және өндіріске қызмет көрсетуге арналған мұнай -өнімдері (жанар-жағар май, дизельдік отын, бензин);
  • отын, мұнай өнімдерін қоспағанда (көмір, газ, ағаш және т.б.)
  • шеттен алынған және меншікті электр станциясында өндірілген, электр энергиясы, жылу энергиясы, суық және энергияның басқа да түрлері;
  • негізгі құралдарды жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер және материалдар;
  • құсты қорғауға арналған заттар, дәрі-дермек пен препараттар;
  • сыртқы ұйымдар мен кәсіпорындар немесе негізгі қызмет түріне жатпайтын, кәсіпорынның өндірістерімен орындалатын өндірістік сипаттағы жұмыстар мен қызметтерге  жұмсалған шығындар. Өндірістік сипаттағы жұмыстар мен  қызметтерге өндіріске қызмет көрсету бойынша кәсіпорынның көлігімен орындалатын тасымалдау  жұмыстары жатады;
  • кәсіпорын ішінде орталық қоймадан басқа бөлімшелерге жүктерді тасымалдау және  дайын өнімді сақтау қоймаларына жеткізу бойынша сыртқы ұйымдардың  тасымалдау қызметтеріне ақы төлеу.

Құстың өлім-жітімі кәсіпорын қызметкерлерінің кінәсінан болған жағдайда  олардың мойнына жүктеледі,  ал табиғи апат салдарынан- зияндарға жатқызылады. Құстың өлім-жітіміне  кінәлі адамдар болмаған жағдайда және ол сәйкес құжаттармен рәсімделсе, берілген жоғалтуларды материалдық шығын элементі бойынша  өндірістік шығындарға жатқызуға болады. Сондай-ақ материалдық шығындарға сақтау мен тасымалдау кезінде табиғи кему нормалары шегінде  өнім және материалдар бойынша жоғалтуларды жатқызуға болады.

«Еңбек ақы бойынша шығындар» элементінде өндіріс нәтижелері үшін жұмысшылар мен қызметшілердің  сыйлықақыларын қоса алғанда, кәсіпорынның  негізгі өндірістік персоналдың жал ақысын төлеуге жұмсалған шығындар, ынталандырушы және өтемділік төлемдері,   сондай-ақ  кәсіпорын штатында  тұрмайтын,  негізгі қызметпен шұғылданатын қызметкерлердің еңбек ақысы бейнеленеді.

Еңбек ақы шығындарының құрамына  келесілер қосылады:

  • кәсіпорында қабылданған еңбек ақы төлеу  нысаны мен жүйесіне сәйкес, сондай-ақ жеке еңбек келісім шартына сәйкес лауазымдық айлық ақысы және  тарифтік мөлшерлемесі, еңбекке кесімді ақы төлеу бағасы  арқылы нақты  орындалған жұмысқа  есептелінген жал ақы;
  • жүйелік ережелерге сәйкес ынталандыру сипатындағы  төлемдер;
  • жұмыс режимі мен және еңбек жағдайларымен байланысты өтемдік сипаттағы төлемдер;
  • қызмет етуші заңға сәйкес кезекті (жыл сайынғы) және қосымша демалыстарға (пайдаланылмаған демалыс үшін жәрдем ақы) ақы төлеу;
  • уақытша еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайда іс жүзіндегі жалықы мөлшеріне дейін  заңдарда белгіленген  қосымша ақылар төлеу;
  • егер атқарылған жұмыс үшін есеп айырысуды тікелей кәсіпорынның өзі жүргізетін болса, кәсіпорынның штатында тұрмайтын қызметкерлерге олардың азаматтық-құқықтық сипатта жасасқан шарттары бойынша  атқарған жұмыстарына ақы төлеу. Бұл орайда, мердігерлік шарт бойынша жұмыс атқарғаны үшін  қызметкерлердің еңбегіне  ақы төлеуге жұмсалатын қаржының мөлшері  осы жұмыстардың және  төлем құжаттарының сметалары негізге алына отырып белгіленеді.

«Еңбек ақыдан аударылатын аударымдар» элементінде  Қазақстан Республикасының  әрекет етіп тұрған заңына  сәйкес жалақыдан аударылатын аударым бабында есептелген әлеуметтік салығы (20% мөлшерлемесі бойынша)  көрініс табады. Әлеуметтік салықтың салық салу  объектісі болып жұмыс берушілердің еңбеккерлерге ақшалай немесе заттай нысанында төлеген шығысы жатады, оған  салық салуға  жатпайтын төлемдерден басқасы түгел кіреді.

«Үстеме шығыстар»  элементіне келесілер жатады: өндірісті материалдармен, отынмен, энергиямен қамтамасыз ету бойынша шығындар; ғимараттардың, қондырғылардың, өндіріс жабдықтары мен  көлік құралдарының және басқа да мүліктердің амортизациясы;  жөндеу қорына  қаржы бөлу немесе ғимараттар, қондырғылар, өндіріс жабдықтары мен  көлік құралдарын  жөндеу жөніндегі шығындар; ғимараттарды, қондырғыларды, инвентарларды күтіп-ұстау шығындары,  жабдықтар мен көлік құралдарын  пайдалану жөніндегі  шығындар; аспаптар мен ыңғайластырылған құрылғыларды жөндеу және қалпына келтіру; сынақтар, тәжірибелер, зерттеулер  жүргізу жөніндегі шығындар; цехтар қызметкерлерінің  еңбегін қорғау: қауіпсіздік техникасының құралдарын күтіп-ұстау, пайдалану және ағымдық  жөндеу жөніндегі  шығындары; желдеткішті  күтіп ұстау және ағымдық  жөндеу жөніндегі шығындары; санитариялық-тұрмыстық құрылғыларды күтіп-ұстауға арналған шығындары; арнаулы киім мен бейтараптандырушы құрылғыларға арналған шығындар; еңбекті қорғау  жөніндегі басқа да шығындары; басқа да үстеме шығындар (өндіріс құралдары үшін жалға ақы төлеу, іс сапар шығыстары, берілген кепілдіктер үшін қызмет көрсету шығындары және өнім өндіру  бойынша құрал-жабдықтарды  жөндеу); өнімсіз шығындардың барлығы, оның ішінде: ішкі өндірістік себептері бойынша  тоқтап қалудан болған шығындары, цехтарда сақтау  кезінде  материалдық игіліктердің бүлінуінен болған шығындары; шегінде материалдық игіліктердің жетіспеуінен болған шығындары; басқа да өнімсіз шығындар.

Есеп, жоспарлау және бақылау мақсаттары үшін шығындарды  калькуляциялық баптар бойынша сыныптаудың маңызы ерекше. Біз құс шаруашылығында  өнім өндірумен және оны сатумен байланысты шығындарды  келесідей калькуляциялық баптар бойынша топтастыруды жөн деп санаймыз:

  1. Еңбек ақы және жалақыдан аударылатын аударымдар;
  2. Жемдер;
  3. Құстарды қорғау заттары;
  4. Негізгі құралдарды күтіп-ұстау (оның ішінде жаңар-жағар май, негізгі құралдардың амортизациясы, негізгі құралдарды жөндеу);
  5. Жұмыстар мен қызметтер;
  6. Өндірісті және басқаруды ұйымдастыру;
  7. Басқа да шығындар.

Құс шаруашылығының ерекшеліктерін есепке ала отырып, қосымша баптар қосылу мүмкін, мысалы құс шаруашылығында жұмыртқаларды инкубациялау бойынша «Инкубацияға салынған жұмыртқалардың құны» бабын еңгізуге болады.

Өндіріс шығындарын есепке алу  үшін шоттардың кешенді  жүйесі пайдаланылады, оған 90  «Негізгі өндіріс», 92 «Көмекші өндіріс», 93 «Үстеме шығындар» бөлімшелерінің шоттары кіреді.

Өндіріске жұмсалған барлық шығындарды қорытындылау үшін 900- «Негізгі өндіріс» шоты арналған. Осы шоттың 901- «Материалдар», 902- «Өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы», 903- «Еңбек ақыдан  аударылатын аударымдар», 904- «Үстеме шығыстары» жинақталады, сондан соң жыл соңында  900 «Негізгі өндіріс» шотында қорытындыланады.

Өнеркәсіптік негізде құс өсірумен  айналысатын құс шаруашылықтарында негізгі өндіріс шоттарына келесідей субшоттар ашылады:  «Аналық табын», «Жұмыртқа инкубациясы», «Өсірудегі төлдер (1-105 күн, 1-126 күн)», «Өндірістік мекиен-тауық  табыны 105-455», «Ет алынатын бордақыда тұрған балапандар» (бройлер) (1-46 күн)

 «Алматы құс» ААҚ-ның асыл тұқымды құс балапандарын шығарумен айналысатын құс фабрикасы 1 тәуліктік балапандарды кәсіпорынның басқа құс фабрикаларына өсірудегі төлдердің тобын қалыптастыру үшін  жібереді.  Бұл өндірістегі шығындар есебі жоғарыда келтірілген шығын  баптарының номенклатурасы бойынша жүргізіледі. Тек оған «Инкубацияға салынған жұмыртқалардың құны» бабы қосылу мүмкін.

Компанияның жұмыртқа және құс етінің өндірісіне жұмсалған шығындарды келесідей кестелер  түрінде көрсетуге болады (кесте 5,6).  Кесте мәліметтері  қосымшалардан алынды (қосымша Г, Д).

Кесте 3-  Жұмыртқа өндірісіне жұмсалған шығындар

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығын баптарының атаулары

жоспар

нақты

ауытқуы 

 

мың тенге

үлесі %

мың тенге

үлесі %

мың тенге

 %

 

Hy-Line бір тәуліктік балапаны

21 643,4

1,49

20 491,3

1,46

-1 152,1

94,68

 

жем

1 026 930,9

70,78

990 988,3

70,59

-35 942,6

96,50

 

инкубатор

4 331,2

0,30

4 098,2

0,29

-233,0

94,62

 

электр энергиясы

26 154,9

1,80

26 410,9

1,88

256,0

100,98

 

жылыту

12 486,3

0,86

13 256,3

0,94

770,0

106,17

 

ветеринарлық қызмет

37 705,1

2,60

33 557,5

2,39

-4 147,6

89,00

 

басқалары

86 583,1

5,97

88 163,1

6,28

1 580,0

101,82

 

айналым пайызы (еңбек ақы)

1 630,3

0,11

1 351,0

0,10

-279,3

82,87

 

сұрыптау шығындары

28 007,1

1,93

24 926,0

1,78

-3 081,1

89,00

 

сату шығындары

152 766,2

10,53

148 273,0

10,56

-4 493,2

97,06

 

ОВЗ талдау шығындары

2 719,9

0,19

2 520,8

0,18

-199,1

92,68

 

айнымалы шығындар жиыны

1 400 958,2

96,56

1 354 036,3

96,45

-46 921,9

96,65

 

күзет

5 850,0

0,40

5 850,0

0,42

0,0

100,00

 

жанұя басшысының еңбек ақысы

44 050,7

3,04

44 050,7

3,14

0,0

100,00

 

тұрақты шығындардың жыны

49 900,7

3,44

49 900,7

3,55

0,0

100,00

 

Барлығы

1 450 859,0

100

1 403 937,0

100

-46 921,9

96,77

 

 

 

Кесте 4- Құс етінің өндірісіне жұмсалған шығындар

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығын баптарының атаулары

жоспар

нақты

ауытқуы 

 

мың тенге

үлесі %

мың тенге

үлесі %

мың тенге

 %

 

Hubbard Isa бір тәуліктік балапаны

11583,7

0,86

10 647,6

0,76

-936,1

91,92

 

Ross 308 бір тәуліктік балапаны

43 671,8

3,23

46 292,2

3,29

2 620,3

106,00

 

жем

914 937,2

67,72

942 825,4

67,03

27 888,3

103,05

 

инкубатор

1 837,0

0,14

1 993,0

0,14

156,0

108,49

 

электр энергиясы

29 723,0

2,20

31 726,8

2,26

2 003,8

106,74

 

жылыту

82 439,7

6,10

85 784,3

6,10

3 344,6

104,06

 

ветеринарлық қызмет

65 626,5

4,86

69 564,0

4,95

3 937,6

106,00

 

басқалары

32 679,7

2,42

36 352,7

2,58

3 673,0

111,24

 

айналым пайызы (еңбек ақы)

8 350,3

0,62

9 570,4

0,68

1 220,1

114,61

 

сою шығындары

48 877,6

3,62

52 787,8

3,75

3 910,2

108,00

 

сату шығындары

54 885,4

4,06

61 746,0

4,39

6 860,7

112,50

 

ОВЗ талдау шығындары

11 293,1

0,84

12 140,1

0,86

847,0

107,50

 

айнымалы шығындар жиыны

1 305 904,9

96,66

1 361 430,4

96,79

55 525,4

104,25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

күзет

6 630,0

0,49

6 630,0

0,47

0,0

100,00

 

жанұя басшысының еңбек ақысы

38 509,6

2,85

38 509,6

2,74

0,0

100,00

 

тұрақты шығындардың жыны

45 139,6

3,34

45 139,6

3,21

0,0

100,00

 

Барлығы

1 351 044,5

100

1 406 569,9

100

55 525,4

104,11

 

 

Жұмыртқа өндірісімен айналысатын құс фабрикалары шегінде жинақталған шығындардың жалпы сомасында азаю байқалды 46922 мың тенгеге немесе 3,23%. Бұл ең алдымен құс басы саның қысқаруымен тікелей байланысты.

Құс етін шығаруға жұмсалған шығындардың жалпы сомасы 55525,4 мың тенгеге немес 4,11%  өсті. Оған құс басының  өсуі және есепті кезеңде құс отырғызулары санының өсуі себеп болған. Кезең бойынша тұрақты шығындар өзгеріссіз болды. Бұл ең алдымен өндіріс көлемінің аса көп өспегендігіне байланысты.

Құс шаруашылығында өндіріске жұмсалған шығындардың алғашқы есебінде  әртүрлі құжаттардың үлкен көлемі пайдаланылады, және солардың негізінде ары қарата жазбалар жасалады. Келесідей құжаттар топтарын  бөліп көрсетуге болады: еңбек  шығындарының есебі бойынша; еңбек заттарын (жем шығынын және басқа да материалдық құндылықтардың шығынын) есептеу бойынша; өнім шығымын есептеу  бойынша; еңбек заттарының пайдаланылуы (амортизация, жөндеу жұмыстарына аударымдар) бойынша; өнім шығымын (тірі салмақтың және төлдің өсімін) есептеу   бойынша құжаттар. 

Құс шаруашылығында еңбеккерлердің жал ақысын есептеу  бойынша негізгі құжат болып еңбек төлемінің  есебі табылады. Құс өсірумен айналысатын жұмысшылардың еңбек ақысын  (кесімді еңбек ақы) есептеу алынған өнім (жұмыртқа, алынған төл, тірі салмақ өсімі)   негізінде  жүргізіледі. Осыған байланысты жалақыны есептегенде балапандарды кірістеу актісі, құстарды өлшеу тізімдемесі, құстарды бір топтан екінші топқа ауыстыру  актісі,

 

Алғашқы құжаттар

 

 

 

 

 

Еңбек  шығын-

дарының

есебі бойынша

құжаттар

Еңбек заттарын

(жем шығынын)

есептеу бойынша

құжаттар

Еңбек заттарын

(басқа да материалдық

құндылықтардың

 шығынын)

есептеу бойынша

құжаттар

Өнім шығымын

есептеу

 бойынша құжаттар

Өнім шығымын

(тірі салмақтың және төлдің өсімі)

есептеу

 бойынша құжаттар

Еңбек заттарының пайдаланылуын (амортизация, жөндеу жұмыстарына аударымдар) есептеу бойынша құжаттар

 

 

 

 

 

 

 

 

Жинақтау

ведомостары

 

Жемдер

шығындарын

есептеу журналы

 

Материалдық құндылықтарының қозғалысы туралы есеп берулер

 

Құстың қозғалысы туралы есеп берулер

 

 

 

       

 

 

Құс шаруашылығы бойынша  бөлімшелердің бет   шоттары (өндірістік есеп берулер)

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұтас  кәсіпорындағы құс шаруашылығы бойынша жиынтық бет шоты

(жиынтық өндірістік есеп)

Салыстыру

 

 

Журнал-ордер № 10

 

 

 

 

 

 

 

Салыстыру

 

 

Бас кітап

 

                         

 

Сұлба 2- Құс шаруашылығында өндірістік шығындар мен өнім шығымы есебінің сұлбасы

 

жиналған жұмыртқаны түсімінің күнделігі сияқты құжаттар есеп жұмысына тартылады. Оларда тіркелген  мәліметтер мен кәсіпорында қабылданған шаруашылық есеп бағаларын (1кг тірі салмақ, 1 жұмыртқа үшін) пайдалану арқылы еңбек ақы есептеледі. Жал ақыны есептегенде сондай-ақ еңбеккерлердің жұмыс істеген уақытын есептейтін жұмыс уақыты табельдерінің ақпараттары қолданылады.

Зерттелген кәсіпорында тұрақты еңбеккерлердің  жалақылары оклад негізінде және ай басында бекітілген жоспардың орындалу процентіне  сәйкес есептеледі. Сондай-ақ, сыйақы беру жүйесі де қалыптастырылған,  өнім өндірісімен айналысатын негізгі жұмысшыларға жоспардың артық орындалуына байланысты негізгі еңбек ақыларына 15%  мөлшерінде қосымша ақы төленеді. Жанұя басшыларына  шығындарды үнемдеулері үшін негізгі окладтарына 15% мөлшерінде сыйақы қосылады, ал егер де шығын бойынша нормалар сақталмаса,  негізгі окладтан 15% мөлшерінде ұстаулар жүргізіледі.

Құс шаруашылығында еңбек заттарын шығындаудың  негізгі түрі болып жемдердің шығыны болып табылады,  шаруашылықтарда олардың алғашқы есебі жем-шөп шығынын есептеудің тізімдемесінде жүргізіледі. Бұл тізімдеме жинақтық құжат болып табылады, өйткені  оның негізінде  өндіріске  жем беріледі және жемнің шығыстарға қажетсіздендірілуі жүзеге асырылады. Жалпы шаруашылық (жанұя) бойынша жемдердің жиынтық есебі жем-шөп шығынын есептеу журналында жүргізіледі. Мұнда әрбір құс тобы (құс орналасқан орын) үшін жеке парақтар ашылып, жем шығыны сәйкес келетін жем-шөп рецептінің бағанасына физикалық өлшем бірлікте жазылады.

Өзге де материалдық құндылықтардың  шығысы (биопрепараттар, дәрі-дермектер, уытсыздандыру заттары және т.с.с.) бекітілген лимиттік-жинақтама тізімдемелері, накладнойлар және басқа да шығыс құжаттарымен рәсімделеді.

Құс шаруашылығында еңбек заттарының шығысы негізгі құралдардың түрлері бойынша амортизацияны есептеу тізімдемелері, жөндеу жұмыстарына арналған шығындардың сметаларында көрініс табады. 

Өнім шығымының есебі үшін құс шаруашылығында әр түрлі құжаттар пайдаланылады, бұл ең алдымен жеке өнім түрлерінің сипаттамаларымен тығыз байланысты. Құжаттарды барлығын екі топқа жіктеуге болады: құс шаруашылығы өнімін кірістеу және тірі салмақ өсімі мен төлдерді (балапандарды) кірістеу бойынша.  Бірінші топқа- жұмыртқа түсімінің күнделігі, екіншісіне- құстың бір тәуліктік төлдерін шығару мен іріктеп алу актісі, құстарды өлшеу тізімдемесі жатады. 

Құс шаруашылығында құрылымдық бөлімшелер бойынша өндірістік шығындар мен өнім шығымының алғашқы құжаттар мәліметерін жалпылайтын есептік регистр болып бөлімшенің (жанұяның)  өндірістік есеп беруі табылады.  Ол  алғашқы және жиынтық құжаттардың бір ай бойындағы мәліметтерінің қорытындылары бойынша құралады.

Тұтастай шаруашылық  шеңберінде   шығын есебінің объектілері бойынша жиынтық мәліметтерді алу үшін құс шаруашылығы  бойынша жиынтық есеп   жасалады. Бухгалтерлік есептің автоматтандырылу жағдайында журнал-ордерлік есеп жүйесі қолданылмауы да мүмкін,  оның орнына ай қорытындылары бойынша, барлық шығындар еңгізген  соң, автоматты түрде 90  «Негізгі өндіріс» шотының «Құс шаруашылығы» субшоты бойынша карточканы қалыптастыруға болады. Онда негізгі өндіріс шотының дебеті және шығындарды бейнелейтін  шоттардың кредиті өз көрінісін табады. 

 

 

 

 

 

 

  1. Құс шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын  есептеу

 

 Өнімнің өзіндік құнын есептеу- бұл тек қана калькуляция емес (өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеу, анықтау), бұл сондай-ақ калькуляция үшін қажетті шынайы мәліметтерді  қамтамасыз ететін есептік процедуралар мен  есептеулердің жиынтығы.  Оларға  өндіріс шығындарының  талдамалық бухгалтерлік есебін ұйымдастыру, шығындарды тарату, шығындарды жинақтау не шығарып тастау, және бірқатар басқа процедуралар жатады.

 «Алматы Құс» ААҚ өнімнің өзіндік құнын есептегенде № 7 «Тауарлы-материалдық қорлар есебі» Бухгартерлік есептің стандарты  және оған әдістемелік нұсқаулар, сондай–ақ № 2 «Қорлар» Қаржылық есеп берушіліктің халыкаралық стандартын басшылыққа алады.

Мал шаруашылығының  негізгі саласы  құс шаруашылығында шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын есептеу мәселесі аса күрделі мәселелердің қатарына жатқызылады. Бұл саладан бірнеше негізгі және жанама өнімдерді алумен   байланысты.

 Құс шаруашылығында өнімнің өзіндік құнын есептеу шығындар баптарының номенклатурасымен  жүргізіледі. Олар алдыңғы бөлімдерде қарастырылып  кеткен. Өнімнің өзіндік құнын есептеу  әдістемесі  ұйымның мамандандырылуына  тәуелді. Өнеркәсіптік негізде  құс өсірумен айналысатын арнайы мамандандырылған  құс шаруашылықтары  мен құс фабрикаларында  шығындар есебі технологиялық  топтар шегінде жүргізіледі.  Осы жағдайда келесідей талдамалық шоттар ашылады: аналық  топ; инкубация цехы; төлдерді өсіру; мекиен-тауықтардың өндірістік табыны.

Құс шаруашылығы өнімінің  өзіндік құны негізгі табын мен  төлдерді, оларды өсіру технологиясын  есепке ала отырып, күтіп-ұстау  бойынша шығындардың  бөлек есебінің  мәліметтері негізінде есептелінеді. Осыған қарап құс шаруашылығында өнімнің өзіндік құнынның қарапайым (процестік) калькуляциясы қолданылады деп айтуға болады. Көптеген экономикалық әдебиеттерде келтірілген анықтамаларға сәйкес, өндіріс  технологиясы тұтас бір өндірістің,  процесс деп аталатын,  жеке  бөлігін жеке  өндірістік  бөлімшемен  орындауын ұйғаратын кәсіпорындарда    аталмыш жүйені пайдаланады. Құс шаруашылығы үшін мұндай процестер болып құстарды технологиялық  топтар бойынша өсіру процестері  табылады. Технологияға сәйкес құс өсірудің  әрбір процесінде  жаппай біртекті өнім шығарылады және мұндағы өндіріс циклы үздіксіз болып келеді.  Осы әдіс бойынша өндіріс циклына қатысатын соңғы бөлімше қоймаға дайын өнімді өткізу қажет.  Шығындар белгілі-бір уақыт аралығы үшін,  есепті кезеңнің өнімдеріне қатыссыз,   әрбір өндірістік бөлімше  бойынша жалпыланады. 

«Алматы құс» ААҚ-да процестік әдісінің жалпы  сұлбасы қосымша ретінде келтірілген.

Құс шаруашылығында өнімнің өзіндік құнын есептеудің объектілері болып: аналық  табын бойынша- инкубациялық жұмыртқа; өндірістік негізгі табын-тағамдық жұмыртқа; инкубация цехы- бір тәуліктік балапандар; өсірудегі төлдер- құстың тірі салмағының  өсімі. Осы саладағы жанама өнімге-

 

 

қауырсын, мамық (өткізудің мүмкін бағасы бойынша бағаланады); инкубация цехының қалдықтары — сойылған  бір тәуліктік әтештер, өлекселер, қанды сақина (пайдаланылуы мүмкін болған жағдайда ғана бағаланады); құс саңғырығы (өткізудің мүмкін бағасы бойынша немесе  құсты күтіп-ұстау үшін жұмсалған  сабан шығындарын қоса алғанда, жинау, тасымалдау және сақтау шығындарың  шамасы негізінде бағаланады).

Зерттеліп отырған кәсіпорында өзіндік құнды есептеу үшін шығындарды азайту әдісін қолданады. Осы әдіске сәйкес, құстардың   технологиялық топтары бойынша  шығындардың жеке есептелуіне  байланысты,  әрбір топта өзіндік құнды есептеудің объектісі болып бір ғана негізгі өнім табылады, ал қалғандары жана өнімге жатқызылады. Осы жағдайда әрбір топ бойынша негізгі өнімнің өзіндік құны жалпы есептік шығындардан нақты өзіндік құн бойынша есептелген  жанама өнімнің  құнын алып тастау  арқылы анықталады.

Құс шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын келесідей тәртіппен есептеу қажет. Ең алдымен асыл тұқымды жұмыртқалардың өзіндік құнын анықтайды, себебі бұл жұмыртқалар  инкубация цехында пайдаланылу мүмкін. Содан кейін бір тәуліктік балапандардың  өзіндік құны калькуляцияланады. Құс төлдерінің барлық технологиялық топтары бойынша,  ең алдымен, салмақ өсімінің іс-жүзіндегі өзіндік құны, содан кейін төлдердің тірі салмағының  өзіндік құны анықталады, бұл салмақ өсімінің өзіндік құны  тірі салмақтың өзіндік құнының құрамдас бөлігі болып табылатындығымен байланысты. 

Құс шаруашылығындағы жұмыртқаның жәнеқұс етінің  өзіндік құнын есептеудің тәртібі төмендегі кестелерде  көрсетілген (кесте 5, 6). Мұндағы өнімнің өзіндік құны  әрбір кезең үшін  анықталады. Бір кезең бойынша  анықталған шығындар жиыны келесі кезеңнен алынатын өнімнің өзіндік құнына  кіреді. Кестедегі мәлеметтер 2004 жылдың нақты және жоспарлы көрсеткіштерін салыстырудан алынған. Жоспарлы өзіндік құн  құстың паспорттық мәліметтері, кәсіпорын басшылығы бекіткен бағалар және шығын бюджеттері негізінде  анықталған (қосымша Е-Р)

 Кестеден көріп отырғанымыздай жұмыртқаның бір бірлігінің  нақты өзіндік құны жоспармен салыстырғанда 33,52% немесе  1,36 тенгеге артық болып шықты. Бұл жем шығындарының артық жұмсалуымен тікелей байланысты, артық жұмсау әртүрлі құндағы (рецепт) жемдерді пайдаланумен және жем өндірісіне жұмсалған шикізаттардың жыл ағымында өзгерісіне тура тәуелді.  Жалпы жем шығындары бойынша ауытқу 1,27 тенгені немесе 43,52% құрады. Шығындардың жиыны бойынша ең үлкен ауытқу өнеркәсіптік зонада (ПЗ) байқалады. Бұл процестегі шығындардың жоспардан ауытқуы тағы да жем шығындарының есебінен  болып отыр.  

Жұмыртқаның өзіндік құнын құрамында ең үлкен үлес жем-шөпке тиесті-77%,  бір тәуліктік балапан- 9,8% алады, басқа да үстеме шығындар –4,7% құрады. Еңбек ақының  үлесі аса жоғары емес, бұл саладағы құс күтіп-ұстау процесінің толықтай автоматтандырылғанмен байланысты. Сұрыптау цехының қызметтері де өзіндік құнға біршама құн қосады, олар жалпы шығындар құрамында 2,8 % иемденеді.

 

 

Кесте –6 дан көріп ортығанымыздай құс етінің бір киллограмының өзіндік құны жоспармен салыстырғанда 30,01 тенгеге немесе 23,6% өсті.  Бұл жем шығындарының артық жұмсалуымен тікелей байланысты, артық жұмсау әртүрлі құндағы (рецепт) жемдерді пайдаланумен және жем өндірісіне жұмсалған шикізаттардың жыл ағымында өзгерісіне тура тәуелді.  Жалпы жем шығындары бойынша ауытқу 23,31 тенгені немесе 30,52% құрады.

Жұмыртқаның өзіндік құнын құрамында ең үлкен үлес жем-шөпке тиесті-63%,  сою цехының қызметі – 4,22% алады, ветеринарлық қызмет –4,55% , жылыту шығындары-5,71 құрады. Еңбек ақының  үлесі аса жоғары емес, бұл саладағы құс күтіп-ұстау процесінің толықтай автоматтандырылғанмен байланысты.

Негiзгi табыннан алынатын  жұмыртқалардың өзiндiк құнын келесiдей анықтайды:

  • инкубациялауға және сатуға арналған, асыл тұқымды жұмыртқа- мекиен тауықтарды (әтештермен қоса есептегенде) күтiп-ұстауға жұмсалған шығындар сомасынан жанама өнiмдi шегергендегi  соманы  асыл тұқымды жұмыртқа санына (сағым жұмыртқаны есептемегенде) бөледi;
  • тағамдық жұмыртқалар- мекиен тауықтарды (әтештердiң есебiнсiз) күтiп-ұстауға жұмсалған шығындар сомасынан жанама өнiмдi шегергендегi соманы алынған  жұмыртқа санына  бөледi.

Шығындардың бөлек есебiнiң болмау кезiнде асыл тұқымды және  тағамдық жұмыртқалардың өзiндiк құны  келесiдей тәсiлмен есептейдi: жем-күндерiнiң  саны бойынша  есептi кезендегi өндiрушi-әтештердi күтiп-ұстауға  жұмсалған шығындар анықталады. Содан кейiн, мекиен-тауықтарды күтiп-ұстауға кеткен шығындар сомасынан әтештерге жұмсалған шығындар сомасы мен жанама өнiм шегерiледi.  Осы қалған сома асыл тұқымды және тағамдық жұмыртқаның құнын құрайтын болады. Берiлген құнды  барлық алынған жұмыртқа санына бөлсек  бiр жұмыртқаның өзiндiк құнын анықтаймыз, соның негiзiнде тағамдық жұмыртқаның бүкiл санының өзiндiк құнын есептейміз. Шығындардың жалпы сомасынан  тағамдық жұмыртқалардың өзiндiк құнын алып тастап асыл тұқымды жұмыртқаның өзiндiк құнын аламыз.

Инкубациялық  цех өнiмiнiң  калькуляциялау объектiсi болып бiр тәулiктi балапандар табылады. Әдетте, инкубациялаудан  алынған денi сау  бiр тәулiктiк балапан басының құнын анықтайды. Алайда  кейбiр жағдайларда, егер бiр тәулiктiк әтештердi жойса  (жұмыртқа өндiрiсiнде), бiр тәулiктiк  төлдердi калькуляциялайды.

Инкубацияға салынған жұмыртқаларды екі тәртіппен бағалайды: өткен есепті кезеңнен ауысатын жұмыртқалар, нақты  өзіндік құн бойынша, сатып алынатын жұмыртқалар, №7 «Тауарлы-материалдық қорлар есебі» Бухгалтерлік  есеп стандартында көрсетілген шығындарды қоса есептегендегі, сатып алу бағасы бойынша.  

Бiр тәулiктiк  төлдердiң құны инкубациялауға салынған  жұмыртқа құнынан және инкубациялау бойынша шығындардан құралады, осы сомадан  жанама өнiмнiң  (бiрiншi және екiншi сағымның  ұрықтанған жұмыртқалары, әтештер) құны есептен шығарылады. Шығарылған  бiр тәулiктiк  балапанның өзiндiк құнын  инкубациядан шығарылған өнiмнiң жалпы құнын өсiруге  жарамды балапандардың санына бөлу арқылы анықтауға болады.  Iскерлiк шығымға  сатуға  берiлетiн және өсiруге жiберiлген бiр тәулiктiк балапандарды қосады, ал сатуға және  шаруашылықта  пайдалануға жатпайтын әлсiздердi  есептен шығарады.

Жұмыртқаны  инкубациялаудың   технологиялық процесiнiң  ерекшелiгi бiр кезеңнен екiншi кезеңге  аяқталмаған өндiрiстiң  қалыптасуын шарттайды.

Объектiге қатысты  инкубация бойынша  аяқталмаған өндiрiстi  анықтаудың  бiрнеше әдiсi пайдаланылады:

  • инкубацилауға салынған жұмыртқа түрлерi бойынша  шығындар есебi  жеке талдамалық  шоттарда жүргiзiледi, және  олардағы шығын сомалары аяқталмаған өндiрiстi анықтайды.
  • инкубациялаудың 1 күнінің өзiндiк құнын анықтайды; ол үшiн  балапанның  есептiк құнын пайдаланады және оны инкубациялау күндерiнiң  санына бөледi: тауық балапандары үшiн — 21 күн. Алынған нәтиженi  есептi кезеңнiң аяғында  салынған жұмыртқалардың  әрбiр түрi бойынша  инкубациялау күндерiнiң  санына көбейтедi.

Аяқталмаған өндiрiстi есепке алғанда  инкубация өнiмiнiң құнын  келесiдей жолмен  анықтаймыз: ағымдағы нақты кезең шығындарына  кезең бсындағы  аяқталмаған өндiрiс құнын қосады және  болашақ кезеңге  жатқызылатын  аяқталмаған өндiрiстi азайтады.  

Бухгалтерлiк есепте  аяқталмаған өндiрiстi есептi кезең аяғында шоттардың келесi корреспонденциясымен  бейнелейдi: 211 “Аяқталмаған өндiрiс” шотының дебетi және 900 “Негiзгi өндiрiс” шотына ашылатын “Инкубация бойынша шығындар” кредитi. Келесi есептi кезең басында  шоттардың керi корреспонденциясы жасалады.

Кезең аяғында инкубатордан алынатын  тәулiктiк балапандарды есептiк бағалар бойынша кiрiстейдi, кезең аяғында  инкубацияға салынған жұмыртқалардың өзiндiк құны белгiлi болғанда, қосымша  жазбалар жасалады (егер iс-жүзiндегi құн  есептiк құннан жоғары болса), не шегерiс  (сторно) жазбалары жасалады (егер  iс-жүзiндегi құн  есептiк құннан төмен болса). Құс төлдерiн  сырттан сатып  алу жағдайында  оның құнына  шаруашылыққа жеткiзу бойынша шығындар қосылады.

 Өсiрудегi төлдер  тобы бойынша  калькуляциялау объектiлерi  болып тiрi салмақ өсiмi және жалпы тiрi салмақ табылады.

Құстың тiрi салмақ көрсеткiшiнiң есепте көрсетiлуi әрбiр шаруашылық операциясының, оның iшiнде құсты қайта санаудың құжаттық рәсiмделуi негізінде жүзеге асады.  Бұған қоса, өнiм шығымының есебi мен оның калькуляциясы үшiн құс төлдерiнiң салмағын ай сайын  анықтау қажет. Құстың тірі салмағының өсімін анықтау құсты жүйелі өлшеу жолымен жүзеге асырылады.

Құсты  қажетсiздендiру, сату және өңдеу цехына жiберу кезiнде толықтай қайта өлшейдi. Құстың салмағын құсты топтан топқа  ауыстыру, оның iшiнде iрi табынға қосу кезiндi, материалдық жауапты тұлғаларды ауыстырғанда,   сондай-ақ есептi кезең аяғында  оның қалдықтарын анықтау үшiн  құс басының 5% кем емес мөлшерiн таңдап алу негiзiнде өлшеу жолымен белгiлейдi. Ол үшiн тiрi салмақты  өлшенген құстың санына бөлу арқылы анықталған, бiр бастың орташа салмағын топтағы құс санына көбейтедi.  Есепті кезең аяғында жалпы не таңдау жолымен құстың тірі салмағы есептегеннен кейін, берілген есепті кезеңнің тірі салмақ өсімін анықтайды.

Бір  басқа шаққандағы  орташа салмақ өсімін  келесі жолмен есептейді:

  1. Есепті кезең аяғыда барлық бастың 14-40% іріктеп өлшейді.
  2. Кезең басындағы (алдағы кезеңнің есеп-қисабынан) және  кезең аяғындағы құс салмағының арасындағы айырмашылық есептеледі.
  3. Алынған салмақ өсімін өлшенген құстың санына бөліп, 1 басқа келетін салмақ өсімін анықтаймыз.
  4. 1 бас құстың салмағын құстың жалпы санына көбейтеміз.

Жалпы құстың тірі салмағының өсімін келесі кесте 3 түрінде бейнелеуге болады. Алынған тірі салмақ өсімінің есептелуін «Салмақ өсімінің есебі» атты  арнайы құжатта жүргізеді. Құсты өсірудің өнімін анықтау үшін тірі салмақтың жалпы өсімінен  құстың өлім-жітімінің тірі салмағын шегереді. Алғашқы құжаттарда тіркелген, құс тобындағы  барлық өзгерістер құстың қозғалысы есебінің кітабында бейнелейді.

 

Кесте 6- Тірі салмақ өсімін есептеу

 

 

 

Есепті кезең аяғындағы  құстың тобының  тірі салмағы (+)

 

Кезең ішінде топтан шығып қалған құстардың тірі салмағы (үлкен топқа ауыстыру, сату, мәжбүрлі сою және т.б. соңғы өлшеу бойынша  өлген құстың салмағын қосумен бірге (-)

 

Есепті кезең ағымында  берілген топқа келіп түскен құстың салмағы (-)

 

Есепті кезең басында есепте тұрған құстардың салмағы  =

Есепті кезең ағымында топтағы құстың тірі салмағының жалпы өсімі (соңғы өлшеуден  өлім-жітімге дейін өлген құс бойынша тірі салмақ өсімін қоспағанда)

 

Бұл кітапты  құстың жастық топтары бойынша жүргізеді.  Мәліметтер, сәйкес алғашқы құжаттардың негізінде, өзгерістер орын алған күні кітапқа жазылады. Кіріс бойынша құстың бір топтан екінші топқа  ауысуы, ал шығысы бойынша- сату (түрлері бойынша), басқа топтарға көшіру, өлім-жітім, сою цехына жіберу және т.б көрсетіледі.

 Төлдердi өсiруге жұмсалған  шығындар белгiлi бiр жасқа дейiн өсiруде тұрған  төлдердiң (мысалы жұмыртқа  бағытындағы құстар  бойынша –105 күн, ет бағытындағы бройлерлік балапандар- 46 күн)  салмақ өсiмiнiң құнын құрайды. Өсiруге жiберiлген  бiр тәулiктiк балапандардың құны мен салмақ өсiмiнiң қосындысы  негiзгi өнеркәсiптiк табынға  көшiрiлетiн құстың құнын бейнелейдi.

 Жұмыртқа бағытындағы  құс шаруашылығында,   төлдердi  негiзгi табынға көшiру алдында, құсты күтiп-ұстауға  жұмсалған барлық шығындар жиынтығы тiрi салмақтағы құстың және  еттің  құнын (сою цехының шығындарын қоса алғанда) анықтайды.   Төлдердi негiзгi iрi табынға көшiргеннен кейiн (әдетте бұл жұмыртқа беру процесiнiң басталуына сәйкес келедi) негiзгi табынды күтiп-ұстауға жұмсалған шығындар  жұмыртқа құнына жатқызылады.

Құс шаруащылығындағы өнiмнiң құнын қалыптастыру бойынша  негiзi операциялар бухгалтерлiк есеп шоттарының  келесiдей корреспонденцияла- рымен рәсiмделедi:

Құс шаруашлығында  алынған өнімнің өзіндік құнын есептеуден басқа құстың әрбір есептік тобы бойынша  жем-күндерінің және бір бас құсты күтіп-ұстаудың өзіндік құны есептеледі. Жем-күнінің өзіндік құны  берілген құс тобы бойынша шығындарды оларды күтіп-ұстаудың жем-күндерінің санына бөледі. Құсты күтіп-ұстаудың жем-күндері  құстың қозғалыс есебінің кітабы мәліметтері бойынша анықталады, мұнда күн сайын әрбір есептік топ бойынша барлық өзгерістерді тіркеп, қалдықты шығарады.  Кітап бойынша  күнделікті қалдықтар сомасы  жем-күндерінің жалпы санын құрайды.

Құстың бір басын күтіп-ұстау шығындарының  өзіндік құны  есептік топқа қатысты шығындарды, жем-күндерінің есептік санын құсты күтіп-ұстау  кезеңіндегі күнтізбелік  күндер санына бөлу жолымен белгіленетін,   берілген есепті кезеңде ұсталған құстың орташа санына  бөлу арқылы анықталады.

Құс шаруашылығы белгілі-бір тұйық процесті бейнелейді, мұнда құс төлдері негізгі табынға көшіріледі, негізгі табынды күтіп-ұстау  шығындары  алынатын  дайын өнімге таратылады, бұл өнімнің  бір бөлігі төлдердің ұдайы өндірісіне жұмсалады және т.с.с.

Өндіріс процесінің циклдылығы  есепті кезең ағымында  шығындарды  нақты өзіндік құнмен есептеуге мүмкіндік бермейді. Есепті кезең ағымындағы барлық қозғалыстарды есептік бағамен жүзеге асырады, тек жыл аяғында  түзетулер жүргізеді.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Кез–келген кәсіпорынды тиімді басқару үшін менеджерлерді уақытылы, шынайы  және дәл ақпаратпен қамтамасыз ету қажет. Берілген ақпарат кәсіпорынның ішкі және сыртқы жағдайы туралы туралы мәліметтерді  беру қажет. Осы ақпарат менеджерлердің өздерінің басқарушылқ функцияларын жүзеге асыру үшін, сондай-ақ уақытымен және лайықты шешімдерді  жасау мен қабылдауға қажет.  Мұндай ақпарат түрімен  қамтамасыз ету -өзіндік құнды  (шығындарды) басқарудың алдыңғы кезектегі міндеті болып табылады.

Өзіндік құнды басқару жүйесінің  шегінде жинақталатын ақпарат басқарудың 4 негізгі  функциясын іске асыру үшін қажет:

  • стратегиялық басқару;
  • жоспарлау және шешім қабылдау;
  • басқарушылық және жедел шешім қабылдау;
  • қаржылық есептіліктерді әзірлеу.

Стратегиялық басқару, ең басты функция  болып табылады, компанияның  нарықта берік  бәсекелестік позицияларға қол жеткізуге бағыталған шаралар кешенін бейнелейді. Мұндағы шығын туралы ақпарат өнімді, өндіріс технологиялары мен әдістерін таңдауға, маркетингтік құралдар мен  өнімді өткізу бағыттарын таңдау және  басқа да ұзақ  мерзімді сұрақтарға қатысты  стратегиялық шешімдерді  қабылдауға қажет.

Жоспарлау  мен шешім қабылдау  кезінде өзіндік құн туралы  мәліметтер пайда бюджеттері  мен жоспарларын жасауға, ақшалай ағымдарды  басқаруға, сондай-ақ құрал жабдықтарды  ауыстыру жобаларын таңдау және баға белгілеуге қатысты шешім қабылдауға қажет.

Бақылау функциясын іске асыру  барысында пайдаланылатын ақпарат ұйымның әлсіз жерлерін анықтау  және әртүрлі  бөлімшелердің жұмысын әділетті  бақылау мен қызметкерлерді марапаттау үшін  негіз ретінде  болу қажет.

Шығындарды басқару шегінде  кезең ағымында жұмсалған шығындар есебін жүргізу және олар туралы  ақпарат жинақталады, компанияның қаржылық нәтижелерін анықтау үшін және қаржылық есептіліктерді әзірлеу үшін қажетті өзіндік құн калькуляцияланады.

Шығындар және өзіндік құн туралы ақпарат тауар немесе қызмет  бағасын дұрыс  анықтау үшін  аса маңызды. Шығындар туралы ақпарат шығындарды басқару шегінде жинақталады, жүйелендіріледі және талданады.  Өзіндік құнды  (шығындарды) басқару – бұл шығындар туралы ақпаратты  жинау мен басқару функцияларын  іске асыруда оны пайдалану  процесін бейнелейді. Өзіндік құнды басқару  шығындарды жоспарлау, есептеу, бақылау және талдаудың  көп кезеңді процесін көрсетеді.

Бүгінгі күні басқару есебінде  пайдаланылатын әр түрлі әдіс-тәсілдер: жауапкершілік  орталықтары бойынша шығын есебі; “көлем-шығындар-пайда” талдауы, бюджеттеу және т.б.  кәсіпорын қызметінің  ішкі аспектілерін ғана қамтиды. Алайда  дамып отырған нарық, бәсекелестік қарым-қатынастардың   күшеюі, өндірістік және ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы, тұтынушыларға бағдарланудың өсуі, ұйымды басқарудың  жаңа нысандары компаниядан сыртқы жағдайларды есепке алуға, болашаққа бағдарланған  стратегиялық шешімдерді қабылдауды талап етеді.

Осыған байланысты компания шығындарды бақылау мен басқарудың  жүйесін өзгерту қажет. Осы жағдайда шығындар есебінің нормативтік әдісі (стандарт-костинг) не бюджеттеусияқты  шығындарды басқарудың дәстүрлі құралдарын, сонымен қатар  есеп пен калькуляциялаудың нақты әдісін таңдау көп дәрежеде  кәсіпорынның алға қойған стратегиялық мақсаттарымен анықталады.

Шығындардың стратегиялық басқаруы келесідей тәсілдерден құралады: құндылықтар тізбегін  талдау,  стратегиялық айқындамалаудың тұжырымда- масы, шығындар көздерінің  тұжырымдамасы.

 Стратегиялық тәсілдің  тағы бір  ерекшелігі  стратегияны орындауды бағалау мен бақылау  кезінде қаржы көрсеткіштерінен басқа  қаржылық емес көрсеткіштерін де пайдалану болып табылады. Бақылау жүйесін ұйымдастыру кезінде  стратегиялық тәсіл қызметтін  қаржылық нєтижелерін, сондай-ақ  қаржылық емес нәтижелерін  сипаттайтын  теңгерілген көрсеткіштер жүйесін жасауды көздейді.

Осылайша шығындарды басқарудың дәстүрлі әдістері мен стратегиялық талдаудың  қосылып ұйымдастырылуы кәсіпорын үшін барынша тиімді қызмет етуіне мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

  1. Байбараков Е. Производство яйц на промышленной основа.-Алма-Ата: «Кайнар», 1979.-184 с.
  2. Басқарушы- өндірістік есеп (оқу құралы) / Ә.Д. Дәулетбеков, К.Т. Тайгашинова, Т.А. Тасмағанбетов. –Алматы: Принт, 2000, 180б.
  3. Бухгалтерский учет: Учебник/ А.С. Бакаев, П.С. Безхруких, Н. Д. Врублевский и др.; Под ред. П.С. Безруких.- 4-е изд., перераб. и доп. – М.: Бухгалтерский учет, 2002.-719 с.
  4. Вахрушина М.А. Бухгалтерский управленческий учет: Учебник для вузов. 2-е изд., доп. и пер. –М.: ИКФ Омега-Л; Высшая шк., 2002. –258 с.
  5. Данилова А.К., Крылова В.С., Найденский М.С., Шпиц И.С. Технология промышленного производства яйц// под ред д-ра с-х наук проф. А.К. Даниловой. – М.: Изд-во «Колос», 1971.-311 с.
  6. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет. Учебн. пособие для вузов/ Пер. с англ. под ред. Н.Д. Эриашвили. –3-е изд., перераб. и доп. –М.: Аудит, Юнити, 1998. –783 с.
  7. Карпова Т.П. Управленческий учет: Учебник для вузов. –2-е изд., перераб. и доп. – М.:ЮНИТИ, 2004. –351 с.- (Серия «Профессиональный учебник: Бухгалтерский учет»)
  8. Керимов В.Э. Управленческий учет: Учебник/ В.Э; Креимов. –2-е изд. изм. и доп. –М.: Изд.-Торговая корпорация «Дашков и К», 2003.-416 с
  9. Ластовецкий В.Е. Учет затрат по факторам производства  и центрам ответственности.-М.: Финансы и статистика, 1988, 165с.
  10. Лисович Г.М., Ткаченко И.Ю. Бухгалтерский управленческий учет в сельском хозяйстве и на перерабатывающих предприятиях АПК. –Ростов на Дону: издательский центр «Март», 2000.- 354 с.
  11. Методические рекомендации к стандарту бухгалтерского учета 7 «Учет товарно-материальных запасов» в части формирования состава и класификации затрат, включаемых в себестоимость продукции (работ, и услуг)
  12. Назарова В., Арефьева Н. Учет затрат на производство и выхода продукции животноводства// Файл бухгалтера. -№37.-2003. 11-18 с.
  13. Назарова В., Арефьева Н. Упорядок расчета себестоимости продукции по основным отраслям животноводства// Файл бухгалтера. -№41.-2003. 11-18 с.
  14. Палий В.Ф. Основы калькулирования. –М.: Финансы и статистика, 1987. –288 с..
  15. Пизенгольц М.З. Бухгалтерский учет в сельском хозяйстве. Т.2: Ч.2: Бухгалтерский управленческий учет. Ч. 3. Бухгалтерская (финансовая) отчетность: Учебник. – 4-е изд., перераб. и доп. –М.: Финансы и статистика, 2003.-408 с.
  16. Промышленное птицеводство/ Ф.Ф. Алексеев, М.А. Асриян, Н.Б. Бельченко и др. : Сост.: В.И. Фисинин, Г.А. Гардатьян. –М.: Агропромиздат, 1991.-544 с.: ил.
  17. Пушкарь М.С. Бухгалтерский учет в системе управления.- М.: финансы и статистика, 1991.-176с.
  18. Петрухин И.В. Применение химических и биологических веществ в кормлении птицы.- М.: Россельхозиздат, 1972.
  19. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Ғабдуллин Т.Ғ., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп:  Өңделіп және толықтырылып 3-ші басылуы.- Алматы: Қазақстан-аудит орталығы, 2002,- 656 б.
  20. Рахметов А.Х. Управленческий учет по сегментам деятельности предприятия// Бухгалтерский учет.- №20, — 2000, – с. 58-59
  21. Риполь-Сарагоси Ф.Б., Моргунов В.И. Комментарий к составу затрат. Анализ и оценка финансового результата: Учебно-практ. пособие. М.: Приор, 2000.-224 с.
  22. Сандрикова Т.С. Исчисление и анализ себестоимости продукции птицеводства.- М.: Колос, 1982. –110с.
  23. Сатмурзаев А.А. Управленческий учет и управление себестоимостью продукции: программно-целевой подход// Қаржы-Қаражат. — №6. -2004. 56-62 с.
  24. Сатубалдин С.С. Учет затрат на произодство промышленности США. М:Финансы, 1980, 141с.
  25. Сатыбалдин С. Учетные системы транзитной экономики. Том 2. Избранные научные труды — Алматы. «Gauhar». — 2003.-320 с. 
  26. Тайгашинова К.Т. Методические и теоретические основы управленческого учета (теория и методология): Монография. Алматы: LEM, 2002. -284
  27. Тайгашинова К.Т. Теоретические основы управленческого учета// Вестник КазЭУ.- №3, — 2003, с.91-94.
  28. Ткач В.И., Ткач М.В. Управленческий учет : международный опыт.- М.: Финансы и статистика, 1994.
  29. Трусов А.Д. Калькулирование себестоимости продукции комплексных производств. –М.: Финансы и статистика, 1983.-209 с.
  30. Управленческий учет: Учебное пособие/ Под редакцией А.Д. Шеремета — М.:ФБК-ПРЕСС, 2001, -512 с Чумаченко Н.Г. Учет и анализ в промышленном поризводстве США. –М.:Финансы, 1971,-240 с
  31. Управленческий учет/ Под ред. В.Палия и Р.ВандерВила.- М.:Инфра-М, 1997, 480 с.
  32. Фисин В.И., Отрыгальев Г.К. Птицеводство сегодня и завтра.-М.: Агропромиздат, 1987. –126 с.
  33. Хорнгрен Ч.Т., Фостер Дж. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект/ Пер. с анг.-М.:Финансы и статистика, 2003.- 416 с.
  34. Хоружий Л.И. Проблемы теории, методологии, методики и организации управленческого учета в сельском хозяйстве.-М.: Финансы и статистика, 2004.-496 с.