АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Айып қорытындысын түзу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

Д.А. ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ

 

 

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ, КРИМИНАЛИСТИКА ЖӘНЕ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚЫЗМЕТІ КАФЕДРАСЫ

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

АЙЫП ҚОРЫТЫНДЫСЫН ТҮЗУ

 

Алматы — 2009

________________________тобының студенті ______________________

«Айып қорытындысын түзу» тақырыбындағы дипломдық жұмысына

 

РЕЦЕНЗИЯ

 

Студенттің «Айып қорытындысын түзу» дипломдық жұмысы айыптау қорытындысының маңызы, айыптау қорытындысын түзуге дайындалу, айыптау қорытындысының мазмұны, айыптау қорытындысын жоспарлауда теориялық және практикалық бағытта ұстана отырып осыған орай бірқатар мәселелер қойылған, біріншіден жаңа айып деген не? Ол бұрынғы тағылған айыпты қамтиды және өзгертулер мен толықтырулар көрініс таба ма деген сұрақтарған шешім табу жолдарын қарастырылған.

Дипломдық жұмысты орындау барысында нортативтік актілер, қылмыстық істі жүргізу заңдарының баптары, монографиялар және ғылыми еңбектер жиынтығы пайдаланылған.

Айыптау қорытындысының жоспары үш тәсілдің біреуі бойынша тұрғызылған, олар: хронологиялық, жүйелілік және аралас тәсілдер арқылы реттеледі.

Айыпталғандарды бір ортақ ұсынысқа келтіре отырып барлық іс жүргізу мен қосымша материалдарды, өздірін тікелей қажеттілігінен басқа айыптау қорытындысында пайдалануға жарамдылық тұрғысынан қараған.

Өзінін негізгі мақсаты мен қоса бұл дипломдық жұмыс, қылмыстық істің барлық материалдарын жүйелейтін сызба бола алады.

Жалпы дипломдық жұмыс қойылған талаптарға сай, әдебиеттер тізімі толық «жақсы» деп бағаланып, қорғауға жіберілсін.

 

 ________________тобының студенті ____________________________ «Айып қорытындысын түзу» тақырыбындағы дипломдық жұмысына

ПІКІР

Студенттің «Айып қорытындысын түзу» дипломдық жұмысы айып қорытындысын жасау тақырыбанда тергеушілердің назарын айыпталушы ретінде тарту туралы қаулына дайындау барысындағы қылмыстың сипатын, жауапкершілік көзделген тармақты, бөлікті және бапты көрсете келе, айыптау қорытындысы сотқа дейінгі іс жүргізу сатысының бірден — бір құжаты ретінде әдістемелік ұсыныстар жаңа қылмыстық іс — жүргізу заңына және бүгінгі тергеу практикасына сәйкес пайдаланылған.

Дипломдық жұмыста — айыптау қорытындысының маңызы, айыптау қорытындысының түзуге дайындау, айыптау қорытындысын тіркеу тараулары қарастырылған.

Сонымен қатар айыптауға тиісті өзгертулер енгізу тәртібін анықтауға жекелеп қараудың негіздерін қылмыстық іс жүргізу заңының өзінен табуға, саралау өзгергенде айыптау ауырырақ жағына да, жеңілірек жағына да өзгеруі мүмкіншіліктері қарастырылған.

Жалпы дипломдық жұмысты қорытындылай келе, көрсетілген талаптарға сай орындалған, әдебиеттер тізімі кең көлемде пайдаланылған, қорғауға жіберуге болады деп есептеймін.

 

Дипломдық жұмыстың

жетекшісі, аға оқытушы                                            Бейсебаева С.Б.

 
   


МАЗМҰНЫ

 

 

 

Кіріспе…………………………………………………………………………………………….. 3

Негізгі бөлім

I ТАРАУ.

1.1 Айыптау қорытындысының маңызы……………………………………………. 5

1.2 Айыптау қорытындысын түзуге дайындалу…………………………………. 6

1.3 Айыптау қорытындысының мазмұны………………………………………….. 28

II ТАРАУ.

2.1 Айыптау қорытындысына тіркеме. Тіркеме………………………………… 60

Қорытынды……………………………………………………………………………………… 64

Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………………. 72

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексі (ары қарай -ҚІЖК) алдын ала тергеу орындарының алдына бірқатар күрделі міндеттер қойды.

Оның алғашқысы — ҚІЖК-нің қылмыстық сот істі жүргізудің сотқа дейінгі сатысына қатысты талаптарды мұқият зерттеу. Оны шешу тергеу бөлімдері басшыларының алдағы маңызды міндеттерінің бірі болуға тиіс.

Біріншімен тығыз байланысты екінші міндет — практиканың әдістемелік материалдарға мұқтаждығын қанағаттандыру, онда ҚІЖК-нің ережелері ескеріліп, қылмысты сапалы тергеу және қылмыстық істер бойынша заңды шешімдер қабылдау жөнінде ұсыныстар баяндалуы керек.

Құқық қорғау органдарына жас мамандар көптеп келіп жатыр, соңдықтан бұл өзекті мәселелер шешімін табуы керек.

Дипломдық жұмыста тергеушілер назарын негізгі екі тұсқа аударып отырмын.

Адамды айыпталушы ретінде тарту туралы қаулыны дайындау барысында, олар ҚІЖК-нің 206-бабының талаптарына сәйкес, жасалған қылмыстың сипатын баяндауға және ҚК-де сол іс-әрекет үшін жауапкершілік көзделген тармақты, бөлікті және бапты көрсетуі тиіс.

Сонымен қатар ҚІЖК-нің 207-бабының ережелеріне сүйене отырып, тергеуші айыптауды растайтын дәлелдемелердің тізбесін, сондай-ақ қорғау жағы сілтеме жасайтын дәлелдемелердің тізбесін нанымды да қисынды етіп беруге тиіс.

ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес әрбір дәлелдеме, қылмыстық істі шешу тұрғысынан алғанда, оған қатысты екендігі шындығы, ал барлығы жинақталып — жергілікті екендігі бойынша бағалануы тиіс.

Айыптау қорытындысы — сотқа дейінгі іс жүргізу сатысының бірден-бір құжаты, көрсетілген талаптар онда көрініс табуы қажет.

Айыптау қорытындысы мен айыптау үкімі арасынан қандай да бір ұқсастық табуға болады.

ҚІЖК-нің 379-бабы «Айыптау үкімінің сипаттау — себептік бөлімі» деп аталады.

Бұл баптың нормаларына сәйкес, үкімде қылмыстық іс-әрекетгің сипаттамасы ғана емес, сондай-ақ сот шешімі негізделген дәлелдемелер де, басқа дәлелдемелерді соттың теріске шығарған себептері де болуға тиіс.

Өз кезегінде, тергеушінің айыптау қорытындысында көрсетілген позициясы да дәлелді болуға тиіс.

Айта кететін бір жай — айып тағу және айыптау қорытындысын жасау проблемалары бойынша жұмыстар отыз жылдан аса уақыт басылым көрген жоқ, олар сирек кездесетін библиографиялық құндылыққа айналды.

Бұл дипломдық жұмыста сол жұмыстардағы әдістемелік ұсыныстар, жаңа қылмыстық іс жүргізу заңына және бүгінгі тергеу практикасына сәйкес келетін шамада пайдаланылады.

ҚІЖК-нің 192-бабының 1-бөлігіне сәйкес, алдын ала тергеуді прокуратураның, қауіпсіздік комитеті органдарының, ішкі істер және қаржы полициясы органдарының тергеушілері жүргізеді.

Айыптау қорытындысын құрастыру қабілеттілікті қажет ететін қиын процесс. Соңғы жылдары тергеушілер, әсіресе ішкі істер органдарының тергеушілері бұл іс жүргізу құжатын даярлауда ерекше қиындық көруде. Себебі Қазақстанның ІІМ жүйесіндегі алдын ала тергеу органдарының көптеген қызметкерлері, бұрынғы анықтау органының қызметкерлері, ал олар күрделі де көп сатылы қылмыстық істердің тергеуіне қатысқанымен, оның тек алғашқы кезеңінің ғана жұмысына қатысқандар. Олар өз тәжірбиелеріндегі олқылықты басқалардың тәжірибелерімен толықтыра алмайды, себебі мұндай істер бойынша айыптау қорытындысын жасаудың практикалық мәселелері заң әдебиетінде жан-жақты көрініс таппаған.

 

IТАРАУ

1.1 Айыптау қорытындысының маңызы

 

Айыптау қорытындысын жасауға кіріскенде тергеуші алдын ала тергеу сатысында қылмысты ашу және тергеу жөніндегі іс жүргізу қызметінің «арқауы» болып табылатын ең басты құжатты дайындайтынын ұғынуы тиіс.

Онда тергеуші расталмаған болжауларды алып тастап, жасалған қылмыс және оған қатысты адамдар жайында анық түсінік беретін барлық маңызды және расталған дәлелдемелерді бір жүйеге келтіреді. Айыптау формуласы және жасалған әрекетті заңдық сараптау бұл жүйенің 5 өзегі болып табылады.

Іс материалдарын айыптау қорытындысында жүйелі баяндаудың да техникалық маңызы зор: ол прокурор мен соттың іспен танысуын жеңілдетеді, олардың тергеу затын дұрыс түсінуіне көмектеседі.

Айыптау қорытындысын жасауға дайындық, бір жағынан, алдын ала жүргізілген тергеудің толықтығын тексерудің сенімді тәсілі болып табылады. Бұл процесте тергеуші жүргізілген тергеудің барлық олқылықтарын табады, оны уақтылы түзетуге мүмкіндігі болады.

Сонымен қатар, тергеуші, айыптау қорытындысының сот талқылауының шеңберін белгілейтіндігін естен шығармауы тиіс. Бұл — ҚІЖК-нің 302-бабына сәйкес, сотта, айыптау қорытындысында айыпталушы деп аталған адамдардың айыптылығы (айыпты еместігі) туралы және осы құжатта оларға тағылған қылмыстарды ғана жасағандығы туралы мәселе шешіледі деген сөз. Соттың айыптау қорытындысынан айыптың кейбір тармақтарын алып тастауы немесе жеңілірек қылмыс туралы заңды қолдануы мүмкін, бірақ ондай өзгертулерге сотталушының жағдайы нашарламайтын және оның қорғану құқығы бұзылмайтын болса ғана жол беріледі. Басқаша айтқанда, айыптау қорытындысы нақты іс бойынша сот алдына баруға тиісті адамдардың толық тізбесін және қылмыстың сот талқылауы кезіңде зерттелуге жататын барлық эпизодтарын анықтайды.

Айыпталушы айыптау қорытындысымен алдын ала танысқандықтан, ол қорғаушының күшін өзіне кінә ретінде тағылған фактілерге, айыптау қорытындысында баяндалған дәлелдемелерді ғана теріске шығару немесе мойнына алмау үшін жұмсауға нақты мүмкіндік алады.

Сотталушының қорғану құқығының нақты кепілдіктерінің бірі ретіндегі оның маңыздылығы осында.

Жаңа қылмыстық іс жүргізу заңнамасы айыптау қорытындысының бұрынғыға қарағанда жеңілдетілген құрылымын қарастырған.

Қажет болған жерде, нақтылықты сақтай отырып, айыптау қорытындысында айыптаудың мәнісін, қылмыс жасалған жерді және уақытты, оның тәсілдерін, себептерін, мақсатын, зардабын және нақты қылмыстық іс үшін маңыздылығы бар басқа да мән-жайларды көрсетуі, айыпты растайтын дәлелдемелер тізбесін құруы, сондай-ақ қорғау жағы сілтеме жасайтын дәлелдемелерді баяндағанда заңдық және тілдік сауаттылық талаптарын сақтауы тиіс.

 

1.2 Айыптау қорытындысын түзуге дайындалу

Тергеуші айыптау қорытындысын жазуға мұқият дайындалуға тиіс. Мынаны естен шығармау керек сауатты айыптау қорытындысы асығыс жазылмайды.

Айыптау қорытындысын жазудағы алғашқы қадам — істің барлық материалдарды терең білу.

Кішігірім істер бойынша айыптау қорытындысын жазар алдында тергеуші істегі бар барлық құжаттарды қарап шығады. Мұндай жұмыстың мұқияттығы, әрине, оның жадында қандай да бір дәлелдеменің немесе мәліметтің қаншалықты жақсы сақталғандығына байланысты. Бірақ оның жадында қаншалықты қалғанмен, ол материалдарды толықтай қайта қарап шығуға тиіс. Көлемі жағынан шағын істердің қайталап оқылуы онша қиынға соқпайтын болса, күрделі, көлемі жағынан аумақты, көп эпизодты істерді қарап шығу өзінше процесс, оның негізі алдын ала тергеу барысында қаланады.

Айыптау қорытындысын жазуға дайындықты, бұл жағдайда, алдын ала тергеудің жоспарын оқудан бастау керек. Әрине, тергеуші іс бойынша жұмыстың басынан бастап-ақ жоспарға, басқа жағын қойғанда, тергеуді аяқтау кезіңдегі сүйеніш ретінде қарайды. Сонымен қатар, айыптау қорытындысын жасауға дайындық кезіңде жоспарды мұқият оқып шығу алдын ала тергеудің бағыттылығы, кезендері және көлемі жайында қысқа және сонымен қатар мүмкіңдігінше толық, жалпы түсінік береді, Дәлелдемелердің жиналу реттілігін және өзара байланыстылығын еске түсіреді. Жоспарды оқып шыққанда тергеуші тергеу кезіңде жіберілген қателіктер мен олқылықтарды байқайды, ал оларды бұл кезде оңай түзетуге болады.

Жоспардан кейін қылмыстық байланыстар сызбасын мұқият карап шығу керек. Ол дегеніміз — тергеушінің өзі тандап алған шартты белгілерден тұратын сызба.

Мысалы, қылмысты ұйымдастырушыларды дөңгелек белгімен, орындаушыларды төртбұрышпен, көмектесушілерді — үшбұрышпен, т.б. белгілейді. Айыпталушылардың қылмыстық байланыстарына қарай бұл шартты белгілер өзара түзу сызықпен жалғасады. Қылмыстық байланыстар сызбасының артықшылығы — оның көрнектілігі.

Егер мұндай сызба барлық іс материалдарды ескеріліп жасалған, тергеу барысында анықталып және толықтырылған болса, онда айыптау қорытындысын жазуға дайындалғанда оны қайтадан қарап шығып, тергеуші жасалған қылмыстың көлемі, оған қатысы бар адамдардың саны мен өзара байланысы, олардың әрқайсысының рөлі жайында мүмкіндігінше толық түсінік алады. Сызбаны қарап шығу да алдын ала тергеудің олқылықтарын табудың және түзетудің амалы болып табылады.

Басқа қосымша материалдарды да: іспен алғаш танысқанда жасалған конспектілерді (егер ол істі айыптаушы қорытындының авторы өзі қозғамаған, өзінің жүргізуіне қабылдап алған болса); жауап алу хаттамасынан көшірме үзінділерді; кестелерді де, т.б. қарап шыққан жөн.

Мұндай қайталап зерттеп шығу, әсіресе, тергеуді тергеушілер тобы жүргізген үлкен, көп томдық істерде керек. Практикаға сүйенсек, айыптау қорытындысын жазуға дайындық кезіңде тергеушінің барлық құжаттарды қайта оқып шығуға мүршасы келмейді деп айтуға болады. Мақсат сол — алдын ала тергеу процесі кезіңде-ақ әрбір құжат зерттеліп, оның материалдары, әсіресе, дәлелдемелер, жүргізуге іс қабылданып алынған кезден бастап саралануға және жүйеленуге тиіс.

Әңгіме қосымша карточкалар жасау жайында. Олар біріншіден, қылмыс жасаған адамдарға жүргізіледі («дербес есеп»); әрбір осындай карточкада нақты айыпталушының кіммен және қылмыстық эпизодтың қаншауына қатысқандығы; оның қатысу дәрежесі және қылмыстық жолмен тапқан «олжадағы» үлесі; мұның бәрінің немен дәлелденетіндігі туралы мәліметтер жинақтала береді; «Дербес есепте» айыпталушының әр эпизод бойынша тағылған айыпқа берген түсініктемесі де көрініс табады. Екіншіден, карточканы қылмыстың эпизодтары бойынша, олардың әрқайсысының фабуласып анық баяндап, заңсыз іс-әрекеттің жасалған уақытын, орнып, оны жасаудағы тәсілін, мақсатын және себептерін атай отырып жүргізу керек. Оларда осы қылмыстық эпизодқа қатысқан адам саны, олардың әрқайсысының рөлі көрініс табады. «Дербес есептер» мен карточкалар эпизодтар бойынша үдайы толықтырылып тұруға тиіс.

Тергеу процесі кезіңде түсінікті жасалған, барлық дәлелдемелер мұқият жасалған және де ол дәлелдемелер нақты адамдармен, белгілі бір эпизодтармен «байланыстырылған» қосымша картотека (адамдар және эпизодтар бойынша) тергеушіге көп эпизодты істерде барлық қылмыстарды ашуда, ал тергеу біткеннен кейін айыптау қорытындысының ірге тасын қалауда көп көмегі тиеді.

Мысал ретінде, еліміздің әр түрлі қалаларында әсері күшті ұйықтататын дәріні пайдаланып азаматтарды тонағандық туралы қылмыстық істі алуға болады. Қылмыскер ірі сомалы ақшасы бар адамдарды анықтап, олармен таныстық орнатқан, ұйықтататын дәрі қосылған шараппен сыйлаған, қарсыласуға мұршасы болмайды, қалғып-мүлгіп отырғанда, оның барлық құжаттарын, ақшасын, құнды заттарын алып тайып тұрған.

Ұйқы дәрісінің дозасын көп бергендіктен жәбірленушілердің үшеуі қайтыс болған. Қылмыскерлер 60-тан аса осындай қылмыс жасаған, өте үлкен мөлшерде ақша және құнды заттар ұрлаған.

Тергеу барысында Қарағанды қаласына жақын жерде төрт қылмыскер ұсталған. Олар Астана — Алматы поезындағы жолаушыларға қарақшылық шабуыл жасаған. Ұсталған кезде ол қарақшылардан сомасы едәуір ақша және ұйықтататын зат-хлоралгидрат құйылған шөлмек алынған.

Ол уақытқа дейін мұндай қылмыстар жайындағы қылмыстық істер бір іс жүргізуге біріктірілген. Тергеуші әрбір қылмыстық эпизод жайында карточка және «дербес есеп» жүргізген. Оларда фамилиялар болмаған, бірақ қылмысқа қатысушылардың сырт пошымы жазылып отырған.

Астана — Алматы поезындағы эпизод бойынша жаңа карточка жасалған; ұсталған үш адамға дербес есеп ашылған, себебі олардың сырт көрінісі карточкада тіркелген белгісіз адамдардың сырт көрінісімен сәйкес келмеген. Ал төртіншінің — Қодаровтың сырт пошымы бұрын ашылған «дербес есептегі» осындай төрт қарақшылық шабуыл жасаған белгісіз қылмыскерге ұқсас келген. Содан бұл «дербес есепте» Қодаровтың фамилиясы пайда болады. Оған тағы да, бесінші эпизодтың сипаттамасы мен дәлелдемелер туралы жазулар кіргізілді: жәбірленушілер мен куәлердің жауаптарын, тану үшін Қодаровты көрсету хаттамасы, заттай дәлелдемелер, ақша және де сезіктінің өз серіктестерінің бірі — Борақовтың атын атап мойындағаны.

Кейін Борақовтың он бір, ал оның серіктестері Спанов пен Көпесовтың он сегіз және жиырма бес қылмыс жасағандығының беті ашылады.

Алдын ала тергеу процесі барысында әрбір айыпталушыға ашылған «дербес есеп» пен әрбір эпизод бойынша карточкалар ұдайы жаңа мәліметтермен толықтырылып отырды, оларға табылған дәлелдемелер мен айыпталушылардың түсініктемелері жазылды.

Айыптау қорытындыеын жазуға кірісер алдында тергеуші қосымша карточкаларды қайта оқып шықгы, содан кейін ол нені және қандай реттілікпен жазу керек екендігі жайында толық және айқын түсінік алды. Бұл айтылғандардан мынадай тұжырым жасауға болады: тергеуші алдын ала тергеудің ең басынан бастап, қосалқы материалдарды (сызба жоспар, дербес есеп, карточка, т.б.) жасауға кіріскенде, олардың айыптау қорытындысын жасауға қаншалықты уақыт керекекендігін (өздерінің негізгі міндеттерімен қатар) ойластыруы керек. Тәжірибелі тергеуші егер ол күрделі, көп томдық істерді тергеген болса, кандай да бір түрте салған жазудың бүгінгі күннің қажеттілігіне айналғаны былай тұрсын, айыптау қорытындысын жасағанда үлкен септігі тиетіндігін растайды.

Соңғы жылдары айыптау қорытындысын жасағанда компьютерлік техника мен информатиканы пайдалану кең өріс алуда.

Мысалы, көп эпизодты күрделі істерді зерттегенде тергеушілер рубрикалар (папкалар) және түйінді сөздер арқылы мәліметтердің электрондық базасын құрастырады. Бұл ретте олар жүйенің параметрлерін өзінше белгілеуге, жаңа рубрикалар ашуға, түйінді сөздер енгізуге мүмкіндік алады.

Рубрикаларды папкалар деп түсіну керек, оларға тектік белгілері бойынша біріктірілген мәтіндік құжаттар: жауап алу, тінту, алу хаттамалары, айыпталушы ретінде тарту туралы, сараптама тағайындау туралы қаулылар, анықтамалар, сұранымдар, т.б. енгізіледі.

Осы құжаттардың әрқайсысына қолда бар сөздіктен бір немесе бірнеше түйінді сөз тағылады. Олар құжат нақты эпизодқа немесе қылмыстық істің тарауына жататын атқа ие болады, мысалы, «ЖАҚ-да 2 млрд. теңге ұрлау» «Аффилирленген компаниялар», «Жасанды фирмалар», «Жалған төлқұжаттар», «Адамның жеке басын сипаттайтын мәліметтер», «Айыпталушылардың қорғану болжауы», т.б.

Осындай түрде өнделген іс жүргізу құжаттары, бір қылмыстық іс шегінде реттелген жағдайда, айыптау қорытындысын жасау мерзімін едәуір қысқартады.

Сонымен, тергеу процесі кезіңде түсінікті жасалған, барлық дәлелдемелер мұқият жннақталған және де ол дәлелдемелер нақты адамдармен, белгілі бір эпизодтармен «байланыстырылған» қосымша құжаттама — айыптау қорытындысын жасағанда елеулі көмек көрсете алады. Мұндай пікір қосымша материалдарға қатысты айтылғанмен, іс жүргізу құжаттары үшін оның маңызы ерекше, себебі айыптау қорытындысында, сілтеме қосымша материалдарға, конспектілерге жасалмайды, жауап алу, жеке беттестіру және басқа да тергеу әрекеттерінің хаттамаларына жасалады.

Кейбір тергеушілер іс жүргізу құжаттарының қисындылығына және нақтылығыпа баса назар аудара бермейді, сондықтан айыптау қорытындысын жасау кезіңде бір қатар қиындықтар туындайды.

Мысалы, алтын ұрлау туралы іс бойынша тергеуші жауап алу хаттамасында өз сұрағы мен айыпталушының жауабын былай жазған:

Сүрақ: Ерік Оразұлы, біз екеуміз көп сөйлестік, жасаған қылмысты мойындау жеңілдететін мән-жай екенін сізге түсіндірдім. Сіз өзіңіз айттыңыз, Әлім Қанатов діни сенімі күшті болғандықтан өзінде бар құндылықтарды өкімет өкіліне қайтарып дұрыс жасады деп. Өз тарапымнан шындықты айтамын деп уәде бердіңіз де, кейін одан бас тарттыңыз. Шындықты айтуға қандай кедергі бар? Барлық фактілерді сырып тастап, сіз өзіңіздің кінәңізді мойындаудан бас тартып отырсыз, неге?

Жауап: Білмеймін, менің басым ауырып отыр. Бірдемені айта салуға болады бірақ ұрланған алтын — ол жерде жоқ шығар. Білмеймін, не айтарымды. Көрдің бе, іс қалай бұрылып барады. Менің бірінші сұраққа қайтарған жауабымды қалай жаздың, бірдеме айтсам болды жазып аласың. Білмеймін, не істерімді, білмеймін. Мен саған жолдастықпен айтып отырмын, ал сен оның бәрін жаза бересің. Артық сөйлеп қойған сияқтымын.

Айыпталушының өзінің алтынды қай жерге тыққандығын айтудан бас тартқандығын растайтын жауап ретінде осы сөздерге жүгінуге қажеттілік туындағанмен, тергеуші олай істеуге ұялды. Шындығында, істің мұндай жауап жазылған парағына сілтеме жасау дұрыс емес, себебі тек ерекше қиялдағанда ғана «айта салуға болады, бірақ ол жерде жоқ шығар» дегенді құпия жерді айтудан бас тарту деп қабылдауға болады.

Айыпталушының немесе куәлердің жауаптарын жаза отырып немесе басқа да тергеу әрекеттерін орындау кезіңде тергеуші олардың бәрін түгелдей көз алдына елестетуге тырысады. Оның міндетіне сонымен қатар, маңызды еместерді сырып тастап, істің мән-жайын зерттеуге қатысы бар ең маңыздыларын ғана жазып алу жатады. Көптеген тергеушілер жауап алу хаттамасында айыпталушының және куәлердің сөйлем құрастыру ерекшеліктерін көрсетуге тырысады, ол дұрыс та. Іс жүргізу құжаттарын ресімдеуге қойылатын бұл және басқа да маңызды талаптарды мұндай ұсыныстармен толықтырғымыз келеді: айыптау қорытындысында оңай сілтеме жасауға болатын жазулар ғана хаттамаға түсуі керек.

Айтылғандарды бір ортақ ұсынысқа келтіруге болады: айыптау қорытындысын дайындау алдын ала тергеудің өне бойында жүргізілуі тиіс. Барлық іс жүргізу мен қосымша материалдарды, өздерін тікелей кажеттілігінен басқа, айыптау қорытындысында пайдалануға жарамдылығы тұрғысынан қарау керек. Аддын ала тергеу барысында қорытынды құжаттан үзінді, кейде фрагменттер жазып алу керек.

Бұл ретте айыптау қорытындысын жасау алдындағы істің барлық материалдарымен танысу — істердің барлық санаттары үшін ортақ ереже. Олардың күрделі дәрежесі танысудың тек формасы мен әдісін анықтайды. Шағын істер бойынша тергеуші мұны тікелей айыптау қорытындысын жасау алдында істеп үлгереді; күрделі істерде ол іс материалдармен біртіндеп танысады, бұл жұмысты алдын ала тергеудің бітуінен көп бұрын бастайды, қайта оқымас үшін материалдарды жүйелеп, конспектіге түсіреді.

Айыптау қорытындысының жоспарын жасау да жалпы ереже болып табылады, онда осы істің мән-жайы үшін маңызы бар айыптаудың мәнісін баяндау тәртібі, айыптауды расқа шығаратын дәлелдемелердің және айыпталушы мен оның қорғаушысы сілтеме жасайтын дәлелдемелердің, қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген басқа да мән-жайлар мен мәліметтердің тізбесін жасау қарастырылған (ҚІЖК-нің 207-бабының 1-бөлігі).

Айыптау қорытындысын, әсіресе күрделі және көп эпизодты істер бойынша қорытындыларды жоспарлауды әдетке айналдырған тергеуші, көп ұзамай мынадай тұжырым жасайды. Біріншіден, жоспар жасауға жұмсалған уақыт қорытыңдыны жазу кезіңде неше кайтара ақталады: қандай да бір қайта жасау азаяды, құрылымды түгелдей және оның жеке элементтерін ойластыруға жұмыс барысында тежелу болмайды. Екіншіден, әрбір жаңа айыптау қорытындысы неғұрлым жүйелі, қисынды, нанымды болады. Күрделі емес істер бойынша айыптау қорытындыларын жоспарлауға дағдыланған тергеуші қажет болған жағдайда, онша күрделі емес істер бойынша жоспар жасауға дайын тұрады.

Өзінің негізгі мақсатымен қоса, бұл жоспар, қылмыстық істің барлық материалдарын жүйелейтін сызба да бола алады.

Айыптау қорытындысының жоспары практикада қалыптасқан және криминалистикалық әдебиет ұсынып отырған үш тәсілдің біреуі бойынша тұрғызылуы мүмкін, олар: хронологиялық, жүйелілік және аралас тәсілдер.

Хронологиялық тәсілде, тергеу қандай реттілікпен жүргізілсе, оны сол қалпында баяндау жоспарланады. Бұл тәсіл айыпталушы өзін айыпты деп мойындамаған жағдайда тиімділік береді. Бұл тәсіл алдын ала тергеу процесі кезіңде айыпталушы әр түрлі болжау айтқанда да артықшылық көрсетеді. Ал әрбір жаңа болжау жинақталған дәлелдемелермен алдыңғыны теріске шығарғаннан кейін туындап отырған.

Жүйелі баяндауда істің мән-жайы және ол бойынша жинақталған дәлелдемелер қылмыстық ниет пісіп жетілген және айыпталушыға таңылған іс-әрекет жасалған ретімен келтіріледі. Бұл ретте тергеуші, қылмысқа дайындалу және оны жасау процесін іс материалымен танысушылар көз алдына елестете алатындай етіп баяндайды.

Іс жүзінде айыптау қорытындысын осы екі тәсіл бойынша дайындау, былайша айтқанда, таза күйінде дайындау, тек күрделі емес істер бойынша ғана мүмкін. Айыпталушылар саны және қылмыстық эпизодтары көп істер бойынша аралас төсілді қолданған дұрыс. Бұл істер бойынша дәлелдемелерді келтіру формасын істің өзінің құрылымы анықтайды.

Оған біздің ойымызша, көп эпизодты қылмыстық іс бойынша айыптау қорытындысының жоспарын мысал ретінде алуға болады, ол істі біз шартты түрде Казақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі сыбайлас жемқорлық туралы іс деп атайық, оны Қазақстан ІІМ-нің тергеу бөлімі тергеген.

Істің мәнісі мынадай: Қазақстан Банкінің орталық аппаратының бас басқармасы деңгейіндегі Орталық операциялық басқарманың (ООБ) бастығы Ситдиков, оның орынбасарлары Турова, Попруга және Мартынов үш жыл бойы әр түрлі коммерциялық ұйымдардың өкілдерінен, қолма-қол ақшаның тапшылығы жағдайында (ол кезде берілетін сомаға лимит болған) клиенттер есебінен қолма-қол ақша және несие бергендері үшін пара алып келген, бас пайдасы және басқадай жеке мүдделері үшін клиенттерге есептік-кассалық қызмет көрсетуді негізсіз жүзеге асырған, күшіндегі заңнаманы бұзып Қазақстан Банкінің орталық офисінде майда коммерциялық фирмаларға есепшот ашқан, орталықтандырылған несиелік ресурстарды дәлелсіз берген, қайта қаржыландырудың күшіндегі ставкасын жиі төмендеткен, сонымен мемлекетке және Қазақстан Банкісіне ақша қаражатын дәлелсіз жұмсау және несиелік ресурстарды пайдаланғандық үшін міндетті төлемдерді толық алмау түрінде зиян келтірген. Пара беруді ұйымдастырушы Қазақстан Банкінің клиенті — «Союзпрофбанк» акционерлік кәсіподақ банкі басқармасының төрағасы Летунов болған. Өз кезегінде Летунов коммерциялық сатып алуға (подкуп) беріліп, күшіндегі ережелерді бұзған, өзі басқарып отырған банктің кассасынан қолма-қол ақша, сондай-ақ несие беруге өкім жасаған, өз өкілеттігін теріс пайдаланған, ол сонымен қатар, «жалпы сипаттағы қылмыс» жасаған.

Айта кететін бір жағдай, айыптау қорытындысы, артық қайталану болмас үшін, хабарлау стилінде жасалған, яғни айыпталушылардың қылмыстық іс-әрекетгерінің эпизодтарын сипаттау іс материалдарына және ондағы бар дәлелдемелерге сілтеме жасаумен, оларды талдаумен және бағалаумен жалғасын отырған. Міне сол, біршама қысқартылған түрдегі жоспар:

Кіріспе бөлім.

  1. Ауыр зардаптарға алып келген, құқыққа қарсы әрекеттерді орындағаны үшін аса ірі мөлшерде пара алу және беру (қызмет бабын пайдаланып қиянат жасау);

1.1. ООБ Қазақстан Банкі жүйесінде басшылардың лауазымдық жағдайы. Пара алушылардың қылмыстық тобын ұйымдастыру.

1.2.  4010 млн., теңге қолма-қол ақша бергені үшін ООБ басшыларының 7 млн 885 мың теңге пара алуы.

1.2.1. ООБ басшыларының 475 млн. теңге қолма-қол ақшаны дәлелсіз беру түрінде қызмет бабын пайдаланып қиянат жасауы.

1.2.2. ООБ басшыларына 1 млн. 2885 мың теңге мөлшерінде пара беруді Летуновтың ұйымдастыруы.

1.2.3.Летуновтың қызметтік жағдайы. Қызмет бабын пайдалана отырып пара ұйымдастырғаны үшін Летуновтың құны 2150 мың теңге тұратын екі кілемді параға алуы.

1.2.4.400 млн. теңге қолма-қол ақша беру түрінде Летуновтың қызмет бабын пайдаланып қиянат жасауы.

1.3. ООБ басшыларының есепшот ашқандары, 2025 млн. теңге несие бөлгендері және кассадан 1077,5 млн. теңге қолма-қол ақша бергендері үшін 28 833 748 теңге пара алуы.

1.3.1. ООБ басшыларының есеп шоттарын заңсыз ашу, 2025 млн. теңге несие бөлу, «Союзпрофбанктен» 25 734 735 теңге ақшаны аяғына дейін толықтай өндіріп алмау, кассадан 1077,5 млн. теңге қолма-қол ақша беру түрінде қызмет бабын пайдаланып қиянат жасаулары.

1.3.2. 28 833 748 теңге мөлшерінде пара беруді Летуновтың ұйымдастыруы.

1.3.3. Летуновтың пара беруді ұйымдастырғаны үшін 15 мың АҚШ доллары және 7 млн. теңге түрінде пара алуы.

1.3.4.50 млн. қолма-қол ақша беру түрінде Летуновтың қызмет бабын пайдаланып қиянат жасауы.

1.3.5. «Славянский торговый дом» АҚ-ның несиелері бойынша 2025 млн. теңгеге банк кепілдігін дәлелсіз беру түрінде (ООБ-дан несие алу мақсатында) Летуновтың қызмет бабын пайдаланып қиянат жасауы.

1.4. «Союзпрофбанк»-тен несиелер және қолма-қол ақша бергені үшін Летуновтың қызмет бабын пайдаланып қиянат жасаумен байланысты өзінің жеке пара алуының эпизодтары.

1.4.1. Несиелер бөлгендік үшін Летуновтың пара алуы және соған байланысты оның қызмет бабын пайдаланып қиянат жасауы.

1.4.1.1. «Асель» фирмасына 131 млн. 405 мың теңге несие бөлгені үшін Летуновтың құны 1865 мың теңге тұратын «Волво-740 ОБ» автомобилін пара түрінде алуы.

1.4.1.2. «СТД» АҚ-ға 725 млн теңге несие бөлгені үшін Летуновтың құны 14,5 млн. теңге тұратын «Волво-740» автомашинасын пара түрінде алуы.

1.4.1.3. «Славянский торговый дом»-ды 565 млн. теңгеге зиян шектірген 1105 млн. теңгені дәлелсіз босату түрінде Летуновтың өз қызмет бабын пайдаланып қиянат жасауы.

1.4.1 А.Летуновтың 3750 мың теңге пара алуы.

1.4.2. «Союзпрофбанк» кассасынан лимиттен тысқары қолма-қол ақша бергені үшін Летуновтың пара алуы.

1.4.2.1.Банк кассасынан 175 млн. теңге бергені үшін Летуновтың 28,6 доллар пара алуы.

1.4.2.2.Банк кассасынан 35 млн. және 72 500 000 теңге қолма-қол ақша беру түрінде («Павада» ЖТТТК-ге) Летуновтың қызмет бабын пайдаланып қиянат жасауы.

1.4.2.3. Банк кассасынан 125 млн. теңге бергені үшін Летуновтың 25 882 АҚШ долларын параға алғаны.

1.4.2.4. Банк кассасынан 125 млн. теңге беру («Валентино» ЖШК-ге) түрінде Летуновтың өз қызмет бабын пайдаланып қиянат жасауы.

1.5. ООБ кассасынан 1 млрд. 200 млн. теңге қолма-қол ақша бергені үшін құны 1 550 000 теңге тұратын «ВАЗ-21063» автомашинасы түріндегі параны Мартыновтың өзінің алуы.

1.5.1. ООБ кассасынан 1 млрд. 200 млн. теңгені дәлелсіз бөлу түрінде Мартыновтың өз қызмет бабын пайдаланып қиянат жасауы.

1.6. Айыпталушылар әрекеттеріндегі пайдакүнемдік бағыттылықты көрсететін басқа да дәлелдемелер.

1.6.1. Р.Ф.Турованың есебіндегі ақша қаражатының түсімін және қозғалысын талдау.

1.6.2. В.И.Попруга отбасының есебіндегі ақша қаражатының түсімін және қозғалысын талдау.

1.6.3. Ситдиковтың табысын және материалдық жағдайын талдау.

1.6.4. Мартыновтың табысын және материалдық жағдайын талдау.

1.6.5. Летуновтың жеке басы жайында қосымша мәліметтер. 2. Коммерциялық банктерге, кәсіпорындарға және ұйымдарға несиелік-есептік қызмет көрсету өрісіндегі қиянат жасаушылық.

2.1. ООБ-ның лауазымды адамдарының акционерлік банктерге несие беру жөніндегі қызметі.

2.1.1. ООБ-ның лауазымды адамдарының несие беруге және оның мерзімін ұзартуға қатысуы және ондағы рөлі.

2.2. ООБ қызмет көрсететін коммерциялық банктер.

2.2.1. «Союзпрофбанк» акционерлік кәсіподақ банкі.

2.2.1..1. 11.04.1991 ж. несие шарты бойынша 2 млрд. 640 млн. теңге мөлшерінде қарызды Ситдиковтың дәлелсіз беруі.

2.2.1.2. Ситдиковтың 22.08.91 ж. шарт бойынша 2 млрд. 640 млн. теңге несиені дәлелсіз беруі және Попруганың қатысуымен төменгі есептік ставканы қолдана отырып оның несие мерзімін неше қайтара ұзартуы.

2.2.1.3.Ситдиковтың 09.11.1991 ж. шарт бойынша 2 млрд. 475 млн. теңге несиені дәлелсіз беруі және Попруганың қатысумен төменгі есептік ставканы қолдана отырып несие мерзімін неше қайтара ұзартуы.

2.2.1.4.Ситдиков пен Попруганың 22.05.1992 ж. несие шарты бойынша 750 млн. теңгені қарызға дәлелсіз беруі және төменгі есептік ставканы қолдануы.

2.2.1.5.Ситдиков пен Попруганың 12.11.1992 ж. несие шарты бойынша 1 млрд. 500 млн. теңге несиені дәлелсіз беруі және оның мерзімін ұзартуы.

2.2.1.6.Ситдиковтың Попруганы қатыстыра отырып, 06.01.1993 ж. несие шарты бойынша 1 млрд. Теңгені қарызға дәлелсіз беруі және оның мерзімін ұзартуы.

2.2.2. Кәсіпкерлік дамытудың   «Рострабанк» акционерлік коммерциялық банкі;

2.2.2.1.Ситдиков пен Попруганың 17.06.1992 ж. несие шарты бойынша 250 млн. теңге несиені дәлелсіз беруі, алдымен Турованың, сонан соң Ситдиков пен Попруганың төменгі есептік ставканы қолдана отырып оның мерзімін ұзартуы.

2.2.2.2.Ситдиков пен Попруганың 23.12.1992 ж. несие шарты бойынша 1 млрд. 250 млн. теңге несиені дәлелсіз беруі.

2.2.2.3.Ситдиков пен Попруганың 09.10.1992 ж. несие шарты бойынша 250 млн. теңге несиені дәлелсіз беруі.

2.2.2.4.Ситдиков пен Попруганың 01.04.1993 ж. несие шарты бойынша 1 млрд. 250 млн. теңге несиені дәлелсіз беруі.

2.2.3. Автомобиль өнеркәсібін дамытудың «Автобанк» акционерлік коммерциялық банкі:

2.2.3.1.Ситдиковтың 18.04.1991 ж. шарт бойынша 245 млн. теңге несие беруі және оның мерзімін дәлелсіз ұзартуы.

2.2.3.2.Ситдиковтың 04.12.1991 ж. шарт бойынша 2 млрд. 750 млн. теңге несиені дәлелсіз беруі, Ситдиков пен Попруганың оның мерзімін дәлелсіз ұзартуы.

2.2.3.3.Ситдиков пен Попруганың 13.03.1992 ж. шарт бойынша 245 млн. теңге несиені дәлелсіз беруі және Ситдиковтың оның мерзімін ұзартуы.

2.2.3.4.Ситдиков пен Попруганың 29.03.1993 ж. шарт бойынша 245 млн. теңге несиені беруі.

2.2.4. «Аэрофлот» акционерлік коммерциялық банкі;

2.2.4.1. Ситдиковтың төменгі есептік ставкаларды қолдана отырып 1992 жылғы 20 және 27 қарашадағы несие шарттарының мерзімін дәлелсіз ұзартуы.

2.2.4.2.Ситдиков пен Турованың төменгі есептік ставкаларды қолдана отырып 29.03.93 ж. шарт бойынша 2 млрд. теңге несиені дәлелсіз бөлуі.

2.2.4.3. Ситдиков пен Турованың төменгі есептік ставкаларды қолдана отырып 28.05.93 ж. шарт бойынша 3 млрд. 500 млн. теңге несиені дәлелсіз бөлуі.

2.2.5. «Автроконбанк» акционерлік коммерциялық банкі; 2.2.5.1.Ситдиков пен Попруганың 27.04.92 ж. несие шарты бойынша 600 млн. теңге несиені дәлелсіз бөлуі және оның мерзімін ұзартуы.

2.2.5.2.Ситдиковтың, Попруганың және Турованың «Автоконбанкке»7 млрд. 800 млн. теңге несиені дәлелсіз беруі.

2.2.5.2.1. Ситдиковтың, Турова мен Попруганың қатысуымен, 30.06.92ж. шарт бойынша 1 млрд. 500 млн. теңге несиені дәлелсіз беруі.

2.2.5.2.2. Ситдикова мен Попруганың 27.06.92 ж. шарт бойынша 1 млрд. 800 млн. теңге несиені дәлелсіз бөлуі.

2.2.5.2.3. Ситдиков пен Попруганың 12.10.92 ж. шарт бойынша 1 млрд. 750 млн. теңге несиені дәлелсіз бөлуі.

2.2.5.2.4. Ситдиков пен Попруганың 19.10.92 ж. шарт бойынша 1 млрд. 750 млн. теңге несиені дәлелсіз бөлуі.

2.2.5.2.5. Ситдиков пен Попруганың 23.11.92 ж. шарт бойынша 1 млрд. теңге несиені дәлелсіз бөлуі.

2.2.5.3.5. Несиелерді пайдаланғандығы үшін тоқсан сайынғы міндетті төлемдерді Ситдиковтың дәлелсіз кейінге қалдыруы.

2.2.6. «Ялосбанк» коммерциялық банкі:

2.2.6.1.Ситдиков пен Турованың 29.03.93 ж. шарт бойынша «Сретенка-банк»-ке 2 млрд. 500 млн. теңге несиені дәлелсіз беруі.

2.2.6.2.Ситдиковтың, Турованың қатысуымен, 29.03.93 ж. шарт бойынша 1 млрд. 500 млн. теңге қарызды дәлелсіз беруі.

2.2.7. Саланы дамытудың Теология и разветка недр» («Геолбанк») акционерлік коммерциялық банкі:

2.2.7.1. Ситдиковтың, Попруганың қатысуымен 1991 жылғы 16 және 18 желтоқсандағы несие шартының мерзімін ұзартқанда төменгі есептік ставкаларды қолдануы.

2.2.7.2.Ситдиковтың, Турова мен Попруганың қатысуымен 1992 жылғы 10 және 13-наурыздағы несие шарттары бойынша орталықтандырылған несие қаражатын дәлелсіз беруі.

2.2.7.3.Ситдиковтың 1992 жылғы 10 және 13 наурыздағы несие шарттарға төменгі есептік ставкаларды қолданып, дәлелсіз мерзімін ұзартуы.

2.2.7.4.Ситдиковтың 03.04.92 ж. шартқа төменгі есептік ставкаларды қолданып, дәлелсіз мерзімін ұзартуы.

2.2.7.5.Ситдиков пен Турованың 05.03.93 ж. несие шарты бойынша 2 млрд. 500 млн. теңге төменгі есептік ставкамен дәлелсіз қарызға беруі.

2.3. ООБ қызмет көрсететін кәсіпорындар:

2.3.1. Коммерциялық кәсіпорындардың есеп шартын ашу және оларға несие беру.

2.3.2. Кәсіпорындарға несие беру жағдайы және тәртібі.

2.3.3. Лауазымды адамдардың коммерциялық кәсіпорындардың есеп шотын ашудағы рөлі және оған қатысуы.

2.3.4 «Содействие-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

2.3.4.1. Ситдиковтың, Попруганың қатысуымен, 13.03.92 ж. шарт бойынша 50 млн. теңге қарызды дәлелсіз беруі және Ситдиковтың келісімімен Турованың оның мерзімін ұзартуы.

2.3.4.2. Ситдиковтың, Попруганың қатысуымен, 16.02.93 ж. шарт бойынша 750 млн. теңге еш нәрсемен камтамасыз етілмеген қарызды дәлелсіз беруі.

2.3.5. «Универсал» шағын жөндеу-құрылыс кәсіпорны: 2.3.5.1.28.12.91 ж. несие шарты бойынша 250 млн. теңге қарызды Ситдиковтың дәлелсіз беруі және Попруганың қатысуымен неше қайтара оның мерзімін ұзартуы.

2.3.5.2.Ситдиковтың, Турованың қатысуымен, 29.03.93 ж. несие шарты бойыпша 1 млрд. 500 млн. теңге қарызды дәлелсіз беруі.

2.3.6. «Иксит» жобалау-құрылыс кәсіпорыны ЖШС:

2.3.6.1. Ситдиковтың, Попруга мен Турованың қатысуымен, 11.01.93 ж. шарт бойынша 250 млн. теңге несие негізсіз беруі.Ситдиковтың, Попруга мен Турованың қатысуымен, 19.05.93 ж. шарт бойынша 1 млрд. 500 млн. теңге несиені дәлелсіз беруі.

2.3.7. «Интер-Интеллект» бірлескен кәсіпорыны: 2.3.7.1.Ситдиковтың 18.05.92 ж. шарт бойынша 90 млн. теңгені төменгі есептік ставкамен беруі.

2.3.7.2.Ситдиков пен Попруганың 04.11.92 ж. шарт бойынша 250 млн. теңгені төменгі есептік ставкамен беруі.

2.3.8. «Ком-Би» акционерлік жабық қоғамы:

2.3.8.1. Ситдиков пен Попруганың 26.02.92 ж. шарт бойынша 25 млн. теңге несиені дәлелсіз беруі және оның мерзімін ұзартуы.

2.3.9. «Финэкс» акционерлік қоғамы:

2.3.9.1. Ситдиковтың 29.10.91 ж. шарт бойынша 750 млн. теңге несиені дәлелсіз беруі және Попруганың қатысумен оның мерзімін неше рет ұзартуы.

  1. Лауазымдық жалғандық

3.1.Ситдиковтың «Интер-Интеллект» БК-нің несие құжаттарын қолдан жасауы.

3.2.Ситдиков пен Попруганың «Союзпрофбанк» АКБ-ның несие құжаттарын қолдан жасауы.

3.3. Ситдиков пен Турованың «Аэрофлот» акционерлік коммерциялық банктің несие құжаттарын қолдан жасауы.

  1. Летуновтың атылатын қару мен оның оқ-дәрілерін иемденуі және сақтауы.

5.Айыпталушылар:

5.1. Ситдиковтың

5.2. Турованың

5.3.Попруганың

5.4.Мартыновтың

5.5.Летуновтың жасаған қылмыстарын саралау.

  1. Айыпталушылар мен қорғаудың алдын ала тергеу кезіңде ұстаған позициясы, тағылған айыптың мәні бойынша берген жауаптары. Жеке басты сипаттайтын мәліметтер. Жазаңы ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар.

6.1. Қорғаушылардың позициясы.

6.2. Ситдиковтың позициясы, жеке басының мінездемесі.

6.3. Турованың позициясы, жеке басының мінездемесі.

6.4. Попруганың позициясы, жеке басының мінездемесі.

6.5. Мартыновтың позициясы, жеке басының мінездемесі.

6.6. Летуновтың позициясы, жеке басының мінездемесі.

  1. Айыптау:

7.1.Ситдиковты айыптау.

7.2.Туровты айыптау.

7.3.Попруганы айыптау.

7.4.Мартыповты айыптау.

7.5.Летуновты айыптау.

Қорытынды.

Тіркеме.

Айыптау қорытындысының мұндай егжей-тегжейлі жоспары былай қарағанда, қажетсіз сияқты. Бірақ оны мұқият оқып шықсақ, тергеушінің бұл іс жүргізу актісін жасауға, эпизодтардың қисынды реттілігін алдын ала ойластыруға әбден дайындық жасағанын көруге болады, одан ол баяндағанда ешнәрсені тастап кетпеуге және айыптау қорытындысын жасау мерзімін және оның көлемін едәуір қысқартуға мүмкіндік алған (4 том). Сонымен қатар, жоспардан мынаны анық байқауға болады (әсіресе, несие беру және мерзімін ұзарту бөлімінде): егер тергеуші қосымша материалдарды — есеп шоттарды және карточкаларды пайдаланбаған болса, ол соншалықты көп эпизодтарда Ситдиков пен оның орынбасарларының қылмысқа қатысу дәрежесін айқындай алмаған болар еді.

Толық жоспар жасап тергеу тобының басшысы айыптау қорытындысын жасаудағы өз жұмысын ғана емес сонымен қатар іс материалдарын зерттеудегі соттың да, мемлекеттік айыптаушының да жұмысын жеңілдеткен. Айыптау қорытындысында жүзеге асырылған жоспар кейін оның мазмұнына айналған, оның көмегімен сот тергеуінің кез келген сатысында керекті материалдарды, мәліметтерді табуға мүмкіндік туған. Тіптен, айыптау қорытындысының өзінде бұл жоспар таңдама жасалынып қойған дәлелдемелерге қайта соқпастан сілтеме жасауға мүмкіндік берген.

Жоспардың өзінше кіріспесі ретінде үсынылып отырған цитаты айыптау қорытындысының мазмұнының 1-тармағына қатысты және оның бірінші бөліміне жатады.

Бұл цитатты сөзбе-сөз келтірейік: «Айыптау қорытындысының N1 томында баяндалған осы тарауда, 1.1—1.5.1 тармақтарда Қазақстан Орталық банкінің жанындағы ООБ басшыларының 1 577 000 рубль сомаға халық тұтынатын тауарлар түрінде және 5 766 749,6 рубль сомаға автомашиналар, зергерлік бұйымдар, ақша (рубльмен және шетел валютасында) түрінде екі параны бірлесіп алған эпизодтары, сондай-ақ тікелей байланысты және сол себепті де олардан бөлінбейтін қылмыстардың идеалдық жиынтығын — қызмет бабын пайдаланып қиянат жасауды құрайтын қылмыстардың аралас құралдары талданады (Айыптау қорытындысының 1.2.1, 1.3.1, 1.3.2 тармақтары).

Летунов, Пилюгин және оның төңірегіндегілер жасаған, пара алумен байланысты пара беру (беруді ұйымдастыру) эпизодтары осы тарауға кірген (1.2.2, 1.3.3 тармақтар).

Сонымен қатар, Летуновтың қызметтік жағдайының арқасында мүмкін болған, ООБ-нің қатысуымен банк операцияларын ұйымдастырғаны үшін «Союзпрофбанк» басқарма төрағасы Летуновтың пара алу эпизодтары (1.2.3, 1.3.4 тармақтар).

Олардың қызмет бабында жасаған қиянаттарының осы эпизодтарымен тікелей байланысты фактілері де осыған кірді (1.2.4, 1.3.5, 1.3.6, 1.3.7 тармақтар).

Айыптау қорытындысының 1.4— 1.4.2.6 тармақтарында Летуновтың өзінше жасаған лауазымдық қылмыстарды — қолма-қол ақша, несиелер бергендік үшін пара алғандығын, ол параларды алумен байланысты қызмет бабын пайдаланып қиянат жасағандығын растайтын дәлелдемелер мен олардың сипаттамасы бар.

1.5 тарауда ООБ бастығының орынбасары Мартыновтың өзінше пара алу эпизоды қаралады, сондай-ақ соған байланысты қызмет бабын пайдаланып қиянат жасауы — 1.5.1 тарауда.

1.6-1.6.5 тармақтарда айыпталушылар әрекеттерінің пайдақорлықты көздейтіндігін растайтын қосымша дәлелдемелер келтірілген, олардың ресми табыстарына сай келмейтін материалдық жағдайлары талданады.

Пара алған кінәсін (басқа да қылмыстарды) Ситдиков та, оның орынбасарлары да, Летунов та мойындаған жоқ. Тергеудің алғашқы күндерінде берген жауаптарында айыпталушы ООБ басшылары өздерінен алынған құндылықтарды, оның ішінде пара заттарын өте төмендетілген бағамен Қазақстан Банкінде жүргізілген сауда-саттықта алғандығын айтқан. Кейін олар, пара беруді ұйымдастырушы Летунов та жауап беруден бас тартқан.

Айыпталушылар мен қорғаушылардың алдын ала тергеудегі позициясын айыптау қорытындысының 6-тарауында (N3 томның 6-6.6 тармақтары) жан-жақты және өрбітіліп зерттелген. Тергеудің тұжырымы бойынша, айыпталушылардың алғашқы және кейінгі дәйексіз жауаптары, артынан жауап беруден бас тартып тергеумен айқасуы — олардың жұмысына кедергі жасап бақты.

Төменде айыпталушылардың алдын ала тергеуде берген жауаптары айыптау қорытындысының тиісті тараулары мен тармақтарында, басқа дәлелдемелердің контексінде ұдайы келтіріледі және бағаланады.

Басқа бір мысал келтірейік. Ақтөбеде 14 қылмыскерден тұратып топ әшкереленген, олар зауыттан радио бөлшектерін ұрлап, сауда қызметкерлерімен ымыраға келіп ұрлағандарын Орал, Қызылорда, Шымкент, Тараз және Алматы қалаларында сатқан.

Айыптау қорытындысының жоспарында эпизодтарды сипаттау мына сызба бойынша жүргізілген:

  1. Топты ұйымдастыру.
  2. Ұрлау көздері.
  3. 3. Сауда қызметкерлерімен қылмыстық байланыс орнату және ұрлағандарды тасымалдау.
  4. Сату: Орадца, Қызылордада, Шымкентте, Таразда,Алматыда.
  5. Қылмыскерлердің өзара есеп айырысуы.

Тергеу кезіңде осындай тәртіппен жинақталған материалдар 23 томдық қылмыстық іске топтастырылған. Сонымен қатар көлемді қылмыстық істер бойыпша айыптау қорытындысының жалпы жоспарын тарауларға, тармақтарға бөліп тастаған дұрыс, себебі жоспар неғұрлым егжей-тегжейлі болған сайын, айыптау қорытындысын жасау да оңай және тез болады. Мысалы, Теміртау қаласының қоймасынан жұқа болат каңылтырларды ұрлау және оларды Орал облысында сату туралы қылмыстық істер бойынша дәлелдемелер айыптау қорытындысында былайша келтірілген.

  1. Қылмыстық жалпы сипаттау: —бірінші кезең — ұрлау —екінші — ұрлағанды сату
  2. Қатысқандар. Әрқайсысының рөлі.

а) қылмыстық топты ұйымдастыру: Т. Кемеловтың Төребековпен сөз байласуы,- Төребековтың Мақсатовпен сөз байласуы, И.Кемеловтың Қожаевпен сөз байласуы:

—қатысушылардың жауаптары.

ә) жалпы сипаттама: 7 эпизодқа (әрқайсысы қысқаша).

б) Төребековтың болжауы. Теріске шығару: сандырақ (еш себепсіз біреуінен бас тартып, басқасына көшу;

— машинадан машинаға крансыз салу мүмкін емес);

— жалпы сипаттағы дәлелдемелер: Сарымсақованың, Сайлауованың, Пернебаевтың жауаптары.

в) шатырды жабатын қара қаңылтырды ұрлау:

— құжаттар: Мақсатовтың атына берілген тауар-көлік накладнойы, Төребековтың атына берілген бір реттік рұқсат (оның автомашинасының нөмірі).

—қойма қызметкерлерінің жауабы;

—Мақсатовтың жауабы және оқиға орнында оны тексеру хаттамасы;

—Кемелов пен Саматовтардың жауаптары; беттестірулер;

— сарапшы-тауартанушының қорытындысы.

г) электротехникалық болаттың жұқа каңылтырларын қораппен ұрлау:

—Кемелов пен Саматовтардың жауаптары.

—заттай дәлелдемелер (қораптың қабы, дайындаған зауыттың реквизиттері);

—зауыт директорының хабары: 8 қорап Теміртау қоймасына жіберілген;

—қоймадан 7 қорап жіберіліп қойған: кестемен беру, дәлелдемелермен түсіндіру (құжаттар, материалдық жауапты адамдардың жауаптары, заттай дәлелдемелер);

—кеңседе жалғыз қалды — Саматовтар ауласындағы: кестеден түсінікті.

  1. Ұрлауға мүмкіндік берген мән-жайлар:

—есепке алынбаған артықтары: металды таразыға тартпастан (машиналардың 80%-ын), буып-түйгенге шегерместен теориялық салмағы бойынша жіберу;

— кескенді есептен шығаруды (списание) есепке алмау;

— кіргізіп-шығару жүйесіндегі кемшілік;

—жетіспегеннің орнын басқа атаудағы және номенклатуралық топтардағы артық металмен жабу;

Дәлелдемелер: ревизия актілері, сарапшы-бухгалтердің қорытындысы, басшылардың қоймашылардың, вахтерлердің жауаптары.

  1. Орал облысына апарып сату. Шалбаевтің рөлі:

—Өксекбаевтың, Коновтың, Потаповтың, Құлбаевтың, Деминнің, Голотаяның, Сыздықовтың; Сотниковтың, Катованың, Дәуеновтың, Жолдасовтың, Шейннің (сатып алушылардың) жауаптары;

—Кемеловтарды тану үшін ұсыну хаттамалары;

— Т. және И. Кемеловтардың, Шалбаевтың жауаптары; —иемденген болатты қарау хаттамалары;

—сарапшы-тауар танушының қорытындысы. Сатуға сонымен қатар ұрлауға да қатысқандар Саматовтар және Шалбаев. Ұрланған болаттың мөлшері, қораптардың зауытта буып-түйілуі (тек ұрлау), Саматовтардың ауласына мұқият жасыру. Жасырын алып шығу: (жиһаз сияқты етіп). Тапқаңды бөлу:

— айыпталушылардың жауаптары;

— жүк таксиін жүргізушілердің жауаптары, бұл жауаптарды оқиға орнында тексеру хаттамалары, Кемеловтарды тану үшін ұсыну хаттамалары;

— сатып алушылардың жауаптары;

— сатып алынған болатты қарау хаттамалары;

—сарапшы-тауартанушы мен сарапшы-бухгалтердің қорытындысы; —Кемеловтарды тінту (құпия қуысын) хаттамасы.

 

 

1.3 Айыптау қорытындысының мазмұны

 

Айыптау қорытындысының мәтіні айыпталушының тегін, есімін, әкесінің есімін көрсетуден басталады. Сонан кейін олардың әрқайсысына қатысты анкеталық мәліметтер келтіреді (туған күні мен жері, тұратын және тіркелген жері, азаматтығы, білімі, отбасы жағдайы және отбасы құрамы, жұмыс немесе оқу орны, әскери қызметке қатыстығы, соттылығының бар-жоғы, өзін куәлендіретін құжат).

Айыпталушының жеке басы туралы дәлелдемелерге негізделген болуы керек. Тегі, есімі, әкесінің есімі, жасы және басқа да анкеталық мәліметтер айыптау қорытындысында істе бар материалдар негізінде келтіріледі. Бұл бір жағдайларда — төлқұжат немесе жеке басты куәлендіретін басқа құжаттар, басқа жағдайларда — тану хаттамалары, дактилоскопиялық және сот-медициналық сараптаманың қорытындылары.

Соттылық туралы мәліметтер арнаулы тексерудің анықтамаларына ғана емес, іске тіркелген үкім көшірмелеріне де негізделуі тиіс. Бұл сотта қылмыстың рецидивтік сипаты бар ма деген мәселе шешілетін болғанда маңызды (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 18-бабы). Соттылық туралы мәліметте бұрын қасақана жасалған қылмыс қана, соттылық ескіру мерзімінің өтуіне, рақымшылық актісіне және т.б. байланысты жабылмаған жағдайда ғана көрсетіледі.

Айыпталушының отбасының құрамы, оның жұмыс орны мен тұратын жері жайында дәл мәліметтер болуға тиіс. Тұратып жерді анық көрсету тиген залалды өндіріп алуды жүргізетін сот орындаушылары үшін аса қажет.

Егер іс бойынша бірнеше айыпталушы жауапкершілікке тартылса, олардың фамилиясының орналасу реттілігі, өдетте, жасаған қылмыстарының ауырлық дәрежесіне немесе топ ішінде атқарған рөліне қарай анықталады. Бірінші — ұйымдастырушылар, неғұрлым ауырырақ қылмыс жасаған адамдар тұрады.

Мысалы, жұқа қаңылтыр болатты ұрлау туралы істі тергегенде қылмысқа қатысқандардың рөлдерінің былайша бөлінгендігі анықталады: тікелей ұрлаушы шофер Төребеков екен (бұл жағдайда ол материалдық жауапты адам); жекелеген эпизодтарда ол металды экспедитор Мақсатовпен бірлесіп ұрлаған; ұрлағандарын олар алдын ала келісім бойынша ерлі-зайыпты Кемеловтерге беріп отырған, олар ұрланған болатты өздерінің танысы Шалбаевпен бірге Орал облысында сатқан;

Кемеловтың өтініші бойынша ерлі-зайыпты Саматовтар металды алып кеткенге дейін сыйақыға өз аулаларында жасыра тұрған, болаттың ұрланғандығын және сатылатындығын олар білген.

Неғұрлым тәжірибелі және жоғары тергеушілер жазған көптеген айыптау қорытыңдыларымен танысу, анкеталық мәліметтерден басқа, айыпталушыларға қысқаша мінездеме де бере кету керек деген ойға қалдырады. Іс материалдарына міндетті түрде негізделген бұл мінездеме, айыпталушының қылмыстағы рөлінің сипаттамасымен жиынтықта соттың жазалау шарасы туралы мәселені неғұрлым дұрыс шешуіне ықпал жасайды.

Мысалы, ҚК-нің 52-бабының 3-бөлігі жазаңы тағайындағанда жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін және айыптының бас ерекшелігін ескеруді міндеттейді. Айыптының бас ерекшелігін ескерудің қажеттілігін заң сонымен қатар, осы қылмыс үшін көзделгенге қарағанда жеңілірек жаза, шартты түрде соттау тағайындаумен байланыстырады (ҚК-нің 55, 63-баптары).

Сонымен, жазалау шарасы туралы мәселені заң айыпталушының жеке басының сипаттамасымен тікелей байланыстырады. Бұл ой ҚІЖК-нің 117-бабы 1-бөлігінің 5-тармағында анығырақ көрсетілген, онда қылмыстық іс бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлардың қатарына айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар да жатқызылған.

Сондықтан заңнамада, дәлелдемелерге жүгіне отырып айыпталушыға айыптау қорытындысында міндетті түрде мінездеме беру қажеттігі айтылған. Бұл жағынан алғанда, адамның қоғамға құндылығын немесе керісінше, оның қоғамға қарсы бағыттылығын артық сөзсіз растайтын істегі фактілер арқылы анықтау — нағыз мінездеме болып табылады.

Бір топ жалған ақша жасаушылардың ісі бойынша айыптау қорытындысын бұған мысал етіп алуға болады. Онда басты айыпталушыға мінездеме берілген: «Әлиев ұзақ уақыт бойы қылмыс жасап келген. Алғашқыда ол үш жеңіл автомобиль ұрлаған, жалған құжаттар жасап, оларды сатып жіберген. Он жылға бас бостандығынан айыруға сотталғаннан кейін Әлиев қамау орындарынан неше мәрте қашқан. Соңғы жолы қашқанда ол өзімен бір камерада отырған он бір тұтқынды бірге қашуға көндірген. Қабылданған шаралар нәтижесінде қашқындардың барлығы ұсталған.

Бас бостандығынан айыру орныңда жүріп-ақ Әлиев жаңа бір қауіпті қылмыс жасауға даярланған: арнайы әдебиетпен танысқан, жалған ақша дайындау үшін қажетті құрал-жабдықтарды табу мүмкіндігін анықтаған және де жалған ақша жасауға көмектесе алатын және оны өткізе алатын адамдарды іздестірген.

Әлиевтің пиғылын қамаудағы Қоразбаев былай сипаттайды: «Біз лагерде бірге отырған кезден бастап-ақ онда жалған ақша жасауға ниет болған. Мені, сондай-ақ Виктор Савачкин мен Өсер Табақовты сол мақсатта пайдаланғысы келді».

Шартты түрде мерзімінен бұрын босанған Әлиев Ғалымовпен және Савачкинмен сөз байласқан, алдымен жалған құжаттар, кейіннен жалған ақша шығара бастаған. Өзінің қылмыстық мақсатына жету үшін ешнәрседен тайынбаған Әлиев қылмыс жасауға екі баланың анасы — өзінің әйелін тартқан. Ғалымовпен қоса, бұрын сотталмаған тағы да он төрт адамды қылмыстық жолға түсірген».

Дәлелдемелермен сипатталған мұндай мінездемені сот қылмыскерге берілетін жазаңың түрі мен мөлшерін анықтауда орынды ескерді.

Кейбір тергеушілер, айыпталушылар саны көп істер бойынша айыптау қорытындысын жасағанда, олардың мінездемелерін арнайы тарауда, анкеталық мәліметтерді көрсеткеннен кейін береді. Біздің ойымызша, мұндай шешімді қолдауға болады, себебі ол айыпталушылардың жеке басындағы өзгешілікті көрсетеді, әрбір айыпталушының қоғамға қаншалықты қауіпті екендігін соттың дұрыс пайымдауына көмектеседі.

Кейде құқық бұзушының жеке басы туралы ұғым қылмыстық топтың құрылу себептерін, қылмыс жасаудың себептері мен тәсілдерін түсіндіру тұрғысынан алғанда соншалықты маңызды факторға айналады, айыпталушыға мінездеме бермеуге тіптен болмайды.

Алматы қаласы ПББ-ның БТБ-ы тергеушілерінің бірі жасаған айыптау қорытындысынан мысал келтіріп көрелік:

«Тұрақты табыс көзі жоқ адамдардан қылмыстық топ құрылып, олар өздерінің жиналатын жері ретінде II Алматы вокзалы мен «Заңғар» алаңын таңдап алғандығын жүргізілген алдын ала тергеу анықтады. Бұл жерлерде олар кешкі және түнгі уақыттарда жолығып арақ ішеді, алаяқтық әрекеттер, ұрлық, тонау, азаматтарға қарақшылықпен шабуыл жасауға өзара келіседі, сондай-ақ жеңгетайлықпен айналысады. Олардың көпшілігі сөз ауруын таратушылар болған». Айыптау қорытындысында айыпталушылардың мінездемелерін баяндағанда шектен шығып кетпеудің екі жағдайын ескерту қажет.

Мысалы, кейбіреулердің ойынша — айыпталушының мінездемесі айыптау қорытындысының ең еркін жазылатын бөлімі. Әрине, адамды сипаттап жазғанда (қылмыстың нақты мән-жайларын сипаттағанға қарағанда) тергеуші өзін заң терминологиясынан еркіндеу сезінеді. Айыптау қорытындысының бұл бөліміндегі стиль мен сөз саптау ерекшелеу келеді. Дегенмен, бұл айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайларды баяндауда заң канондарынан, әсіресе, қорытынды құжат үшін маңызды жағдай — әрбір тұжырымды іс материалдарымен дәлелді етуден алшақ кетуге болады дегенді білдірмейді. Айыпталушының мінездемесіндегі жауап алғандағы әрбір сез бен жинақталған дәлелдемелерге сүйену керек (іс парақтарына сілтеме жасалып). Әйтпесе, айыпталушы мінездемесінің заңдық маңыздылығы, оның қоғамға қауіптілігін бағалағанда және оған сот жазалау шарасын анықтағанда түкке тұрмай қалады. Шектен шығудың біреуі осы.

Шектен шығудың екінші түрі — әділдіктің болмауы. Құқыққа қарсы іс-әрекеттің объективтік жағын сипаттап, оны қылмыс деп атағанда, бұл әрекетке (әрекетсіздікке) өте теріс баға беріледі. Айыпталушы бөтеннің мүлкін «алдым» деп айтса, тергеуші ұрлады, тонады, иемденді, т.б. терминдерді қолданады. Былайша айтқанда, тергеуші қылмыстың нақты мән-жайын сипаттағанда оған басқадай рең беруге тырыспайды, қараны қара деп атайды. Бірақ, тергеуші сол еліктеген бойы қылмыстың субъективтік жағын да, субъектісін де сол жолмен сипаттап шығуы мүмкін. Айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайларды сипаттағанда өкінішке орай, қателер жиі жіберіледі: біріншіден, адамның тек теріс жақтарын көрсету формасында (сондағы принцип: қылмыс жасаған адамның жақсы жағы болмауға тиіс); екіншіден, мінездемеге қатысы бар мәліметтерді керсетпеу формасында (сондағы принцип: қылмыс фактісінің өзі-ақ айтып тұр).

Мұндай көзқарастың заңдық және басқа да салдарларымен бірге психологиялық сипаттағы салдарларын атап өткен жөн. Оны түсіну үшін біз іске айыпкердің, қылмысты алғаш жасаған айыпталушының көзімен қарап көрейік. Тергеу кезіңде өзін қалай ұстағанымен, жасаған іс-әрекетіне қандай көзқараста болғанымен, айыптау қорытындысының мазмұнын жете қанық түсіне алмағанмен, ол тергеушінің тұжырым-дарының ішінен әділдікті іздейді. Егер оның қандай да бір жақсы жағы айтылмай кетсе, соның өзі оның көңіліне қаяу түсіреді, ол мемлекеттік органдардың әділдігіне сенімін жоғалтады, оларды сыйлаудан қалады.

ҚІЖК-нің 207-бабы 1 -бөлігіне сәйкес айыптау қорытындысында одан әрі, айыптаудың мәнісі, қылмыс жасалган жер және уақыт, оның тәсілі, себебі, мақсаты, салдары және осы қылмыстық іс үшін маңызы бар басқа да мән-жайлар баяндалады.

Әңгіме көп эпизодты істер жайында болса, қылмыстың жасалған орны мен уақыты айыптау қорытындысында жинақы көрсетілуі мүмкін: Қазақстан облыстарының бірқатар қалаларында (атап өтіледі), осындай кезеңде (көрсетіледі). Бірақ әрбір жеке эпизодтарда орын мен уақыт жайында дәл мәліметтер болатындығын да ескеру керек. Қылмыс жасалған жерді төптіштеп жазу керек. Тек елді мекен, көше, үй, пәтер немесе ұйымның аты ғана көрсетілмеуі керек, оқыған адам қылмыстың кандай жағдайда жасалғандығын толық елестете алатындай етіп жазылады. Қылмыстың жасалған уақыты өте дәл көрсетілуі керек, егер тергеумен анықталған болса, минутына дейін көрсеткен жөн.

Мүмкін болғанынша, қылмыс жасалған жер және уақыт жайындағы мәліметтер қылмыс оқиғасының баяндамасына, былайша айтқанда, оның динамикасына кіргізіледі. Осы мақсатта, айыпталушы жасаған әрекеттер сол жасалған ретімен сипатталады, оқиға орнындағы жағдайдың жеке эпизодтарымен байланыстырылады.

Қылмыстық — іс жүргізу заңының қылмыстық себебін, тәсілін және салдарын сипаттау жөніндегі талаптарын орындауға қатысты жинақталған тәжірибеге әзірше көңіл тола қоймайды. Мұның себебін -тергеушілердің бұл аталған факторларға жете баға бермейтіндігінен, қылмыс жасаған адамның іс-әрекетінің қаншалықты ауыр және оның қоғамға қаншалықты қауіпті екендігін анықтау үшін ол фактылардың атқаратын рөлін толық түсіне алмағандығынан іздеу керек.

Ал ҚК-нің 54-бабы, жазаңы ауырлататып мән-жайлар қатарына, қылмысты жасаудағы себептерді де жатқызады, мысалы, ұлттық, нәсілдік және діни өшпенділік, заңды әрекет жасаған адамнан өш алу, жасалған басқа қылмысты жасыру немесе оның жасалуын жеңілдету, т.б. қылмыс себептеріне жатады. Сонымен қатар, ҚК-нің 53-бабы, қылмыс жасаудағы кейбір себептерді жазаңы жеңілдететін мән-жайларға жатқызады. Мысалы, қылмыстық ауыр тауқымет жағдайында немесе біреуге жан ашығандық себепті, күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесінде не материалдық, қызметтік немесе басқадай тәуелділік жағдайында жасалса; қылмысқа жәбірленушінің заңсыз және әдепсіз қылығы себеп болса. Бұл жерде әңгіме қылмыстың себептері жайында екені белгілі.

Ал оның салдарлары дегеніміз — жәбірленушіге, қылмыс жасалғаннан кейін дәрігерлік және басқадай көмек көрсету, қылмыс нәтижесінде келтірілген мүліктік залалдың және моральдық зиянның орнын өз еркімен толтыру, жәбірленушіге түсірген дене жарақатын емдеуге бағытталған басқа да әрекеттер.

Қылмыстың себептері, тәсілдері және салдарлары кінәні ауырлататын немесе жеңілдететін мән-жайлар ретінде аталмағанның өзінде, жаза тағайындау кезіңде ескеріледі, себебі бұл біріншіден, қылмыс құрамының субъективтік және объективтік жақтарының ажырамас бөлігі, екіншіден, қылмыс субъектісін сипаттайтын елеулі элемент.

Қылмыстың себебін жазғандай, оны жасаудың тәсілі де айыптау қорытыңдысында мұқият жазылады. ҚК-нің көптеген баптарында ол қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесімен және саралануымен байланысты, мысалы, аса қатыгездік, адамды басқаларға қауіпті тәсілмен өлтіру (96-баптың 1-бөлігінің «д», «е» тарм.), жәбірленуші қорлау немесе қинау (104-баптың 2-бөлігінің «в» тарм.), азаптау (107-бабының 2-бөлігінің «д» тарм.).

Айыптау қорытындысында қылмысты жасаудың себептері мен тәсілін сипаттап жазу жөніндегі іс жүргізу заңдарының талабы формальды емес, көңіл аударатын талап екенін тергеуші естен шығармауы тиіс. Себебі қылмыстық әрекет жасауға себеп — оның субъективтік жағының нағыз мәні, ал тәсіл — оның объективтік жағының нағыз мәні болып табылады.

Қылмыстың объективтік жағының маңызды сипаттамаларының бірі -оның салдарлары. Айта келгенде, тек солар ғана қылмыскердің мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерге не жекелеген адамдардың мүдделеріне келтірген зиянын неғұрлым айқын көрсетеді. Мүмкін, сондықтан болар, заң шығарушы көптеген жағдайларда жазалау шараларып, тіптен жазаңы қолдану қажеттігінің өзін қылмыстың салдарларымен байланыстырады.

Айыптау қорытындысын жасағанда тергеушінің бұл салдарларды назардан тыс қалдыруы біздің ойымызша, үлкен қателік. Бірақ бұл қателік өкінішке орай, жиі кездеседі, салдарлар қылмыстық заңның тиісті нормасында айтылған мағынада берілмейді, салдарларға қатысы бар дәлелдемелер, олар тіптен айыптау қорытындысында жинақталған болса да келтірілмейді, себебі салдарлар туралы мәселе көптеген тергеушілерге дәлелдеусіз-ақ түсінікті болып көрінеді.

Мұндай кемшіліктерге қатысты көптеген мысал келтіруге болады, айталық: экономика өрісіндегі қылмыстар туралы істер бойынша айыптау қорытындысында ұрланған сома ғана аталады, ал ары қарай бір рет айтылды ғой дегендей ол мөлшер көрсетілмей-ақ сараланады, мысалы, ҚК-тің 178-бабы 3-бөлігінің «б» тармағымен (ірі мөлшерде жасалған тонау).

Әңгіме бұл жерде заңға жармасын қалуда ғана емес, ең бастысы жасалған қылмыстың салдарларын тергеушінің заң тұрғысынан (бухгалтерлік емес) бағалауында, сондай-ақ қылмысты кейіннен саралаудың тазалығында және дәлелділігінде. Шынында да, бір қылмыстың саралаушы белгілері, кейбір жағдайларда, әр түрлі салдарлар болуы мүмкін. Мысалы, бөтеннің мүлкін қасақана жойғанда немесе бүлдіргенде (ҚК-нің 187-бабы) адам өлімі де, «өзге ауыр зардаптар» да, едәуір зиян келтіру де болуы мүмкін. Бұл салдарлардың қай-қайсысын болмасын тергеуші көрсетіп қана қоймайды, оларға заңдық тұрғыдан баға бере отырып, олардың мәнісін толықтай ашады.

Бұл ұсынысты, әсіресе, лауазымдық қылмыстар туралы істер бойынша айыптау қорытындысын жасағанда ұмытпау керек. Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, оны асыра пайдалану және салақтық (ҚК-нің 307, 308, 316-баптары) салдарынан азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделері елеулі бұзылса, онда ол қылмыс болып табылады.

Қандай формада келтірілгеніне қарамастан, елеулі зиянға айыптау қорытындысында түсініктеме берілуге тиіс.

Қылмыс салдарларын дәлелдемелермен дәйектілеудегі кемшілік жағын айтатын болсақ, айыптау қорытындыларында бұған қатысты да көптеген мысалдар бар. Ал тергеушілер назар аударатын бір жағдай — меншікке карсы қылмыс туралы істердегі салдарлар көбіне материалдық залалдың мөлшері, айыптау қорытындысында қолда бар дәлелдемелер арқылы расталынуы тиіс, ол дәлелдемелер: жәбірленушілермен азаматтық талапкерлердің көрсетулері; тауарларға төлқұжаттар және чектер; кіріске алу, шығынға жатқызу және басқа бухгалтерлік құжаттар; ревизиялау және инвентеризациялау актілері, сот-бухгалтерлік сараптаманың қорытындысы және т.б. Денсаулыққа зиян келтіру туралы істер бойынша айыптау қорытындысында салдарларға көбіне зиянның сипаты мен дәрежесі жатқызылады; бұл жерде олар аталып қана қоймайды, сонымен қатар дәлелденуі тиіс: адамға түскен дене жарақатын сипаттайтын барлық жинақталған дәлелдемелер жүйеге келтіріліп зерттелуге тиіс. Олар: ауру тарихынан үзінді, көшірме, жәбірленушінің, медицина қызметкерлерінің, көріпілердің, қылмысты көргендердің жауаптары, куәлендіру хаттамасы, сот-медициналық сарапшының қорытындысы, т.б.

Осы қылмыс үшін жауапкершілік көзделген қылмыстық заңның бабын, бөлігін тармағын (ҚІЖК-нің 207-бабы 1-бөлігінің 3-тармағы) көрсетіп айыптау қорытындысын баяндау кемінде екі талапты қанағаттандыруы тиіс.

Біріншіден, ол адамды айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы қаулыда қылмыс туралы айтылғандармен іс жүзінде де, заң жүзінде де сәйкес келуге тиіс. Ешқандай қайшылық болмауы керек. Бұл ережені сақтамау, сөзсіз, прокурордың қылмыстық істі қайтаруына өкеп соғады.

Екінші талаптың мәнісі мынада: үкім шығарған кезде соттың айыптау қорытындысының ауқымын кеңейте алмайтыны сияқты, тергеуші де айыптау қорытындысын шығарғанда адамды айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы қаулының шеңберінен шыға алмайды. Бұл дегеніміз — айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы қаулының мағынасын үлғайтқанда адамға таңылған іс-әрекеттің көлемі немесе ауырлығы артпауға тиіс.

Бұл аталған қаулы нақты айыпталушыға қатысты айыптау қорытындысын жасағанда оның заңдылық іргетасы болып табылады.

Сондықтан да мұндай қаулы жасағанда оны өте мұқият ойланып құрастыру керек. Жасалған қылмысты саралайтын қылмыстық заңның нақты тармағымен, бөлігімен, бабымен салыстыру кажет. Егер бұл ұсынысқа мән бермесе, тергеуші кейде айыпталушыны іс материалдарымен таныстырғаннан кейін, айыптау қорытындысының бұл тарауын жасағанда, қылмыс кұрамының кейбір тіптен маңызды элементтерінің адамды айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы қаулыда қылмыстық заңдағыға қарағанда басқаша жазылғандығын байкайды. Бұл айыптаудың өзгертілуін және толықтыруын керек етеді (ҚІЖК-нің 210-бабы), алдын ала тергеу мерзімін созады, ол тиісті салдарларға әкеп соғады.

Сонымен, айыптау қорытындысының бұл бөлімі, адамды айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы қаулыға және сол заңдық саралаумен дәл сәйкестендіріліп жасалуға тиіс.

Егер іс бойынша қылмыстық ізге түсу бірнеше адамдарға қатысты жүзеге асырылатын болса, іс-әрекетті баяндауда және саралауда айырмашылықтың бар-жоғына қарамастан, айыптау формуласы олардың әрқайсысына бөлек баяндалады. Бұл ереже, мүмкін, қазақ тілінің стильдік ерекшелігіне біршама қайшы келер, бірақ құқықтық талаптарға жауап береді.

Осы талаптарды орындау үшін айыптау қорытындысында егер айыпталушыға бірнеше іс-әрекет таңылған болса, әрбір іс-әрекеттің саралануын айқын ажыратып жазу керек. Практикада көптеген тергеушілер бұл кеңеске мән бермейді: олар алдымен айыпталушыға кінә болып тағылған барлық эпизодтарды баяндайды, сонан соң барып қылмыстық заңның көзделген нормаларын атайды. Баяндаудың мұндай жүйесі іс материалдарымен танысушы адамның жасалған қылмыстың заңдық саралануын түсінуіне қиындық тудырады. Мемлекеттік айыптаушы, қорғаушы, сот та оңай түсіне қоймайды. Ең бастысы — айыпталушының түсіне алмай басы қатады, ол өзінің қорғануға деген құқығын дұрыс пайдалана алмайды.

Әңгіме бір адамға таңылған қылмыстық әрекетгердің нақты жиынтығы жайында болса, ол әрекеттердің әрқайсысын оңай-ақ бөлек-бөлек саралауға болады және мұндай саралау қорытынды бөлімде, эпизодты баяндаумен қоса жүреді. Дегенмен, дылмыстық заңның эпизодтарда көрсетілетін нормаларының кейін жинақталып, барлығының бірге аталғаны дұрыс.

Кейде сот ісін жүргізуге қатысушылардың іс материалдарымен танысуын жеңілдету мақсатында тергеуші эпизодтарды айыптау формуласының өзінде нөмірлейді және саралауға көшкенде қандай эпизодтарыпың жиынтығының қылмыстық заңның қай нормасымен көзделгенін көрсетеді. Мұндай әдіс әсіресе, айыпталушының іс-әрекетінде айқын да, идеалды да жиынтық болғанда пайдалы.

Айыптау қорытындысының келесі тарауы айыптауды растайтын дәлелдемелер тізілімі болъш табылады. Біздің ойымызша оны құрастыру мұндай дәлелдемелерді мұқият және ойланып талдаумен тікелей байланысты.

Ескеретін бір жағдай — ҚІЖК-нің 117-бабының 3-бөлігіне сәйкес тергеуші қылмыс жасауға мүмкіндік туғызған мән-жайларды анықтауға міндетті. Бірақ мұндай тарау айыптау қорытындысының ҚІЖК-нің тіркемесі болып табылатын үлгісінде жоқ.

Осыған байланысты біздің ойымыз — нақты қылмыстың жасалуына мүмкіндік тудырған мән-жайлар, уақыт бойынша қылмыстың өзіне бұрын пайда болғаңдықтан, белгілі бір дөрежеде оны тудырғандықтан, олардың бар екендігін растайтып дәлелдемелер арқылы бірінші көрсетілуге тиіс. Егер алдымен себеп, артынан салдар көрсетілетін болса, айыптау қорытындысы одан тек ұтады. Бірақ бұл ұсынысты тапжылтпай орындау міндетті емес себебі, кейбір жағдайларда салдарды (қылмысты) сипаттап, артынан оның себебін түсіндірген ыңғайлы.

Ең бастысы — қылмысты жасауға мүмкіндік тудырған мән-жайлар, көп ұзамай-ақ дәлелдеуді қажет ететін болғандықтан, қылмыстық іс қозғалғаннан бастап қылмыстың өзінің, нақты адамның айыбының мән-жайларымен бірге зерттелуі тиіс.

Көрсетілген мән-жайлар баяндалғаннан кейін (егер олар алдымен көрсетілсе) қылмыстық іс-әрекеттің түгелдей баяндамасын беру ұсынылады. Мұнда, атап айтқанда, қылмыстық топтың ұйымдасу және қатысушылар арасында қылмыстық байланыстың орнау процесі, қылмыстарды жасау тәсілі (әсіресе, егер ол бір типті болса) сипатталуға, бұл іс-әрекеттердің орны мен кезеңі аталуға тиіс.

Бұл тарауда кейін нақты қылмыстық эпизодтарды растайтын дәлелдемелерді көрсеткен жөн. Егер бір айыпталушы бірнеше қылмыс жасаса, айыптау қорытындысында оларды жасалған уақыты бойынша хронологиялық тәртіпте орналастырған дұрыс. Бір айыпталушы жасаған қылмыстар өздерінің қоғамға қауіптілік деңгейі жағынан әр түрлі болып келсе, онда жоғарыдағы ережені сақтамауға да болады, бұл ретте алдымен неғүрлым ауыр қылмыс, одан кейін калғандары жазылады. Егер қылмыстар әр жерлерде жасалса, онда эпизодтар қылмыс жасалған жерлердің белгілері бойынша тарауларға топтастырылады, ал тараулардың ішінде — хронологаялық тәртіпте жазылады.

Қылмысты жасауға адамдар тобы қатысқан жағдайда алдымен ұйымдастырушыларды және олардың басқаларды қылмысқа тартудағы рөлін сипаттайтын эпизодтарды баяндаған дұрыс.

Айыптау қорытындысында эпизодты эпизодтан арнайы тақырыппен бөлген жөн. Қодаров жасаған қарақшылық шабуыл туралы іс бойынша жеке эпизодтар мынадай тақырыптармен бөлінген:

  1. Тастанов пен Борисовке карақшылық шабуыл.

2.Азамат Абиловтың құжаттарын, ақшасын және аккредитивтерін ұрлау.

  1. Адамдар Хакимов пен Достымовқа қарақшылық шабуыл.

Экономика аясыңдағы қылмыс туралы іс бойынша айыптау қорытындысын біршама басқа сызбамен жазуға болады: кіріспе бөлімнен кейін бөлек тарау алынады, онда ұрлау көзіне қатысты эпизодтар топтастырылады; ұрлап алғанды сату, одан кейін ең соңында қылмыстың жасалуына мүмкіндік тудырған мән-жайлар келеді. Бұл тарауларды да, бөлек эпизодтардың аттарын да арнайы тақырыптармен бөліп тастаған дұрыс.

Заңның қорғау жағы сілтеме жасайтын құжаттар тізбесін келтіру талабын орындауға да біршама назар аудару керек.

Көптеген жағдайларда тергеуші бүған қатысты қысқаша пікір жазумен шектеледі. Мысалы, айыпталушы ретінде сүралған Иванов өзін айыптымын деп мойындады (мойындамады). Өзінің мойындағанымен қатар оның кінәлілігі іс бойынша жинақталған дәлелдемелермен расталынады, олар жоғарыда (төменде) келтірілген.

Ал айыпталушының өзін ақтау үшін келтіретін дәлелдерін, оларды тексерудің нәтижелерін айыптау қорытындысында баяндауға аса зор мән беру керек. Мысал ретінде Семей ет комбинатынан ет өнімдерін ұрлау туралы іс бойынша айыптау қорытындысынан фрагмент келтіруге болады: «Тағылған айыптың барлық негізгі тармақтары бойынша өздерін кінәліміз деп мойындағанмен, Көмекова мен Хоролич өздеріне таңылған материалдық залалдың мөлшерімен келіспеген. Ұрланғанның мөлшерімен айыпталушы Ғұламов та келіспеген. Олар автомашиналардағы еттің жетіспеуі тек ұрлаудың ғана нәтижесі емес, оларды жіберетіндердің кем салуының және тасымалдау кезіңдегі шығынның салдары деген уәж айтқан.

Құжаттық ревизия, технологиялық және сот-бухгалтерлік сараптама мынаны анықтайды: еттің салмағын жоғалтуы тасымалдау кезіңде және сақтаулы тұрғанда қалайда болады екен және тасымалданған ет салмағының әр түрлі шығуына таразылар да әсер еткен — етті автомашиналарға салғанда 25 тонналық, түсіргенде шағын таразылар пайдаланылған. Сарапшы-технолог ауа райының жағдайын, етті өңдеудің және сақтаудың технологиясын ескеріп және табиғи шығынның ең жоғарғы нормаларын қолданып, ол шығынның: автомобильмен тасымалдағанда — 1530 кг, сақтағанда — 271 кг, таразылар әр түрлі көрсеткендіктен — 1530 кг, барлығы — 3331 кг болатындығын анықтады. Сарапшы-бухгалтер де осындай тұжырым жасады. Көрсетілген ет мөлшерінің құны айыпталушылардың әрекетінен келген шығып сомасынан шегерілген».

Айыпталушылардың алдын ала тергеу материалдарымен теріске шығарылған дәлелдеріне талдауды Қодаровтың ісі бойынша жасалған айыптау қорытындысы арқылы көрсетуге болады:

«Павлодар, қаласыңда Қодаров анықталмаған қатысушылармен бірге Тастанов, Борисов, Накашидзе және Мұратовпен танысқан, оларды Чарковскаяның пәтеріне шақырған. Тастанов пен Борисовтың сеніміне кіріп және олардың ақшасы бар екендігін біліп, Қодаров пен оның серіктестері ішімдік ішкеннен кейін барлығы таксимен аэропортқа қарай жүрген. Жолда келе жатып Қодаров пистолетпен қорқытып Тастановтың төлқұжаты мен ақшасын тартып алған. Тастанов оларды қайтаруын өтінгенде Қодаров оны бірнеше рет жұдырықтап, өз серіктестерімен бірге машинаны тастап қашып кеткен.

Алғашқы жауап алуда Қодаров өзінің бұл қылмыска қатысы жоқ екенін, Павлодар қаласында ешқашан болмағанып айтқан.

Бірақ кейін ол өз жауаптарын өзгерткен, Тастановпен және Борисовпен бірге Чарковскаяның пөтерінде болғандығын, барлығының бірге таксиге мінгендігін, бірақ Тастановтың төлқұжаты мен ақшасын тартып алмағаңдығын, ешкімге пистолет оқтамағанып айтқан. Ол сонымен қатар, Чарковскаяның пәтеріне жәбірленушілер арасына кездейсоқ келіп қалдым, ал автомашинаға олармен бірге отырғаным — жол-жөнекей қала орталығына дейін жетіп алу еді деген.

Бірақ іс бойынша жинақталған дәлелдемелер тергеу барысында Қодаровтың дәлелін теріске шығарған, оның Тастанов пен Борисовқа қарақшылық шабуыл жасағандығын толық растаған.

Жауап беру кезіңде және жеке беттесуде жәбірленуші Тастанов Қодаровты бұл қылмыстың тікелей орындаушысы деп көрсеткен. Карақшылық шабуыпдың мән-жайын баяндағанда Тастанов былай деген: «Кетіп бара жатып қаладан шыққанымызда, үстінен поезд жүретін көпірдің астынан өте бере Қодаров менің тіземде жатқан пальтоның астынан маған пистолетін кезеніп, грузинше: «Қозғалсаң өлтіремін» деді. Сонан соң менің төлқұжат пен ақша жатқан калтама қолын сұғып, оның түймеленетін бауын үзіп жіберіп, төлқұжатым мен ақшамды алды». Тастанов одан кейін былай деп көрсеткен: тартып алған ақшаның бір бөлігін қайтар деп жалынғанымда Қодаров мені бетімнен жұдырықпен бірнеше рет ұрып жіберді, содан соң қылмыскерлер машинаны тоқтатты да тайып тұрды.

Жәбірленуші Борисов Тастановтың жауаптарында баяндалған мән-жайларды растап, өз тарапынан былай деді: Чарковскаяның пәтерінде ішімдік ішіп отырған кезіңде ол Тастановтың төлқұжаты мен ақшасын алып өзінің шалбарының қалтасына салған, сонан соң ақша бар қалтадан қолын алмай төсекке барып жатқан. Оның жанына келіп жатқан Қодаровтың серіктесі білдіртпей оның қолын қалтасынан суыруға әрекет еткен, бірақ онысынан ешнәрсе шықпаған. Борисовтың айтуынша, олар таксиге мінердің алдында ол ақшаны да, төлқұжатты да Тастановқа қайтарған.

Жәбірленушілер келтірген мән-жайларды қарақшылық шабуыл жасағандығы туралы солардан естіген куәлер Насыров, Мүліков, Ткаченко мен милиция кызметкерлері Халықовтың көрсетулері жанама растайды. Куә Мұратов сонымен қатар мынадай түсініктеме берген: Тастанов болған жайды айту үшін Чарковская пәтеріне қайтып оралғанда, оның ерні жарылған, айналасына қан қатып қалған.

Куә Чарковская Қодаровтың пәтерге тосыннан келдім дегенін теріске шығара отырып былай деп көрсетті: оның пәтеріне Қодаров жәбірленушіні ертіп келгенге дейін ол өзінің серіктесімен келіп, сол жерде тоқтауға онымен келіскен.

Тастановтан алған төлқұжатты Қодаровтың екі мәрте Львов қаласындағы «Львов» мейманханасына және Москва қаласындағы «Ленинград» мейманханасына тоқтағанда пайдаланғандығы алдын ала тергеу барысында анықталған.

Бұл оның Тастановқа қарақшылық шабуыл жасауға қатысқандығын әшкерелейтін мән-жай екендігін түсініп, Қодаров «Львов» мейманханасында өз атымен тұрғанып, ал Тастановтың төлқұжатын пайдаланбағандығын айтқан. Қодаровтың бұл уәждерін де іс материалдары теріске шығарады.

«Львов» мейманханасының тұратындарды тіркеу кітабын және есептік-төлемдік құжаттарын тексергенде Қодаровтың атына нөмірдің де, орынның да бөлінгені анықталған. Сонымен қатар мейманхана бухгалтериясынан тұрушы Тастановтың атындағы мекен-жай парақшасы алынған, оның мәтінін толтыруды да, қол қоюды да жәбірленушінің атынан Қодаров жасаған. Мекен-жай парақшасында жәбірленушінің анкеталық мәліметтерімен оның төлқұжатындағы деректер көрсетілген.

Анықталған фактілерді бүрмалау мақсатында Қодаров былай деп көрсеткен: мекен-жай парақшасын ол мейманханадан өзіне нөмір алған кезде төлқұжат иесінің өтініші бойынша толтырған, бірақ Тастанов үшін неге қол қойғандығын түсіңдіре алмаған.

Осы мәселе бойынша сұралған жәбірленуші Тастанов Львов қаласында ешқашан болмағанын, аталған мейманханада тұрмағанын айтқан. «Львов мейманханасының қабат бойынша кезекшісі Тастанов мен Рухадзе атына парақша толтырған адамдардың өздеріне берілген нөмірде тұрғандығын растаған.

Ал бұл төлқұжатты «Ленинград» мейманханасына орналасу үшін пайдаланғандығына келетін болсақ, оның бухгалтериясынан түрушы Тастановтың атындағы анкета алынған, онда жәбірленушінің анкеталық мәліметтері мен төлқұжатындағы деректер көрсетілген. Қолжазу сараптамасының қорытындысы бойынша бұл мекен-жай парақшасындағы мәтін толтыруды және қол қоюды Тастанов атынан Қодаров жасаған. Тастанов пен Борисовты тонауға өзінің қатысы бар екеңдігін теріске шығарып, ол өзінде пистолеттің еш уақьпта болмағанып және атылатын қаруды үйде сақтамайтындығын айтқан. Бірақ Қодаровтың пәтеріне тінту жүргізгенде, оның бепшетінің қалтасынан 7,65 мм калибрлі төрт пистолет патроны табылған. Екі патронның капсюліндегі майысқан жер, оларды пайдаланып біреудің атуға әрекет жасағандығын көрсетеді. Іс бойынша жүргізілген криминалистикалық сараптама өнеркәсіптік өндірістің патрондарының кейбір элементтері пайдаланылып үш патронның қолдан жасалғандығын және төртіншісін белгиялық кәсіпорынның шығарғанын көрсеткен. Қолдан жасалған патрондардың қарудың белгілі бір түріне — шетелдік автоматтық пистолетке шақтап жасалғандығы анықталған. Бұл мән-жай Қодаровта шетелдік пистолеттің бар екендігін жанама дәлелдейді.

Жәбірленуші Тастановтың айтуынша Қодаров оған шетелдік пистолетті кезенген. Хучуада пистолеттің бар екендігін басқа тонаушылық кезіңде жәбірленгендер де растаған. Жәбірленуші Абиловтың айтуынша, өзімен әңгімелескен кезде Қодаров өзінің пистолет алып жүретіндігін айткан және оның қай қалтада жатқандығын көрсеткен. Қодаровтың қарақшылық шабуылына ұшыраған жәбірленуші Хакимов Қодаровтан пистолет көргендігін айтқан. Бұл көрсетулердің шындығы күдік тудырмайды, себебі бұл адамдар бірін-бірі білмейді және әр кездерде сұралған».

Бұл келтірілген мысал дәлелдемелерді талдаудың иллюстрациясы бола алады. Еске сақтайтын бір нәрсе: мұндай талдама — айыптау қорытындысының болмысы, оның мазмұны және негізгі әдісі. Қылмыстың жасалған орны мен уақыты, оны жасаудың тәсілдері, себептері және салдарлары жайында сөз болса да, жауапкершілікті жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар немесе айыпталушының дәлелдерін тексерудің нәтижелері баяндалса да, қылмыстың өзі немесе оны жасауға мүмкіндік тудырған мән-жайлар сипатталса да, тергеуде дәлелдемелерді атап қана қоймауы тиіс, оларды талдауы да керек.

Дәлелдемелерді талдағанда ең маңызды не? Кейде тергеушілер өзін ақтау үшін: «Істің айыптау қорытыңдысында пайдаланылмаған бірде-бір дәлелдеме жоқ» — дейді. Әрине, алдын ала тергеу кезіңде жинақталған барлық дәлелдемелерді пайдалану (әңгіме іске қатысы бар дәлелдемелер жайында) — айыптау қорытындысын жасауда көңіл аударарлық болғанмен онша маңызды түс емес.

Оның маңыздылығы — тергеушінің жинақталған дәлелдемелерді қалай пайдалана алатындығында және өзінің басты құжатында олардың қайсысын қай жерге қоятынында. Жәй дәлелдемелер келтіріліп, оларды атап өтуде емес, олардың маңызын түсіндіруде, бірнеше дәлелдеменің жиынтығынан тұжырым жасауда, оларды алдыңғы немесе артқы тезистерге қарай ретімен тұрғызуда — міне мәселе қайда. Бұл жерде әр түрлі талқыдан, бағалық қорытындыдан қорқудың қажеті жоқ. Мәселе, тұжырымның негіздемесі (яғни оның дәлелдемемен қамтамасыз етілуі тек автор үшін ғана емес) айыптау қорытындысымен танысатын кез келген адамға да нанымды болуға тиіс.

Оқушыларға таныс Төребеков және басқалардың ісі бойынша айыптау қорытындысыңда тергеуші ұрлыкқа Төребековтың қатыстылығын ғана емес, сонымен қатар жүқа қаңылтыр болаттың Теміртау қоймасынан, Ақшаловтың қоймасынан (қатты ауырып қалуына байланысты жауап алынбаған) ұрланғандығын дәлелдеген. Ұрлау эпизодтарының біреуі бойынша дәлелдемелерге талдау келтірейік: «Төребековтың қаңылтыр металды тек бөлшектеп қана емес, зауыттан бүтіндей темір қораппен ұрлағандығын анықтады.

Мысалы, айыпталушылар Кемеловтердің алдын ала тергеу кезіңде неше қайтара айтқандарына қарағанда Төребеков ерлі-зайыпты Саматовтардың ауласына салмағы 2870 кг жұқа қаңылтыр электротехникалық болаттың бүтіндей қорабын алып келген. Ол жайында Саматова да толық айтып берген: «Бір жолы бізге Төребеков қаттамамен оралған, темір таспамен буылған темір алып келді. Ол аулаға кірді де, самосвалдың қорабын көтеріп, темірді жерге сыргытып түсірді. Салмағы өте ауыр еді. Түсіргенде жерге батып кетті. Кемелов оның биіктігін өлшеп, ол бумала канша қаңылтыр бар екендігін Төребеков екеуі есептеді. Оның бәрін мен көріп тұрдым, ешнәрсесін ұмытқан жоқпын. Ол хаттамамен біз кейін қораның ішін қаптадық».

Өз көрсетуін Саматова Төребековпен беттескенде растады.

Осыған ұқсас жауап бергенде Айша Кемелова әкелген күнді және ұрланғанның санын — 600 қаңылтыр деп дәл айтты, ал істегі ресми анықтама салмағы 2870 кг. қорапта теориялық салмағы бойынша 581 қаңылтыр болатындығын растайды. Айша Кемелованың айтуына карағаңда, ол қаңылтырдың көлемі стаңдарттан үлкендеу болған. Іс материалдарына қарасақ, шындығында, электротехникалық каңылтырдың көлемі 750×1500 мм, ал стаңдартты көлем 710×1720 мм екен.

Саматова мен Кемеловтардың Төребековтың бір қорап электротехникалық болат ұрлағаны жайындағы көрсетулері заттай дәлелдемемен — Саматованың қорасынан алынған металл қаптамамен расталынады.

Хаттамаға қойылған маркировка бойынша зауыт-шығарушы өзінің арнайы анықтамасымен электротехникалық болаттың сегіз қорабының ішінен сол қораптың Теміртау базасына жіберілгендігін, оның Ақшалов қоймасына кіріске алынғандығын хабарлаған.

Бұл партиядағы болаттың қайда таратылғанын тексергенде Төребековтың салмағы 2870 кг. қорапты сол N1 Теміртау қоймасынан ұрлағаны анықталған.

Зауыт-шығарушының және Теміртау қоймасының ресми құжаттарына сәйкес аталған қораптарда белгілі бір марка, партия нөмірі, салмағы болған.

Қоймалық есеп жүргізу карточкасы бойынша тек бір қорап болат қана ешқайда жіберілмеген, ал қалған жетеуі екі ұйымға: Теміртау жөндеу-механикалық және Іле материалдық-техникалық базаларына жіберілген, бұл кезенде мұндай болаттың жаңа партиясы қоймаға түспеген.

Алдын ала тергеу барысында аталған базалардың соңғысынан Теміртау қоймасынан келіп түскен электротехникалық болаттың қораптарының барлық үш хаттамасы табылған. Затшқ дәлелдеме ретіңде олардан зауыттың реквизиттері бар, істегі сертификатқа толық сәйкес келетін қиықтары кесіліп алынып, іске тіркелген.

Бұл заттай дәлелдемелер аталған базаңың N1 және 2 қораптарды, сондай-ақ салмағы 2149 кг. электротехникалық болат салынған қорапты алғандығын растайды.

Сонымен, электротехникалық болаттың бір қорабы ғана N1 Теміртау қоймасынан ешқайда босатылмаған болып шықты. Бұл қораптың хаттамасы Саматовтардың қорасынан алынды. Сондьщтан да бір қорап электротехникалық болатты, шатыр жабатын болат сияқты, Ақшаловтың қоймасынан Төребековтың болат зауыт шығарушыдан келіп түскен бойда ұрлағаны толық анықталды, себебі қоймалық есеп карточкасы бойынша зауыт-шығарушыдан келіп түскен электротехникалық болаттың барлығы N1 қойманың есебіне алынған, ал бір қорап болатты оған дейін Кемелов пен Шалбаев Орал облысында сата бастаған».

Тағы да қайталаған артық болмайды — айыптау қорытындысында жасалған барлық тұжырымдар іс материалдарымен расталуға тиіс. ҚІЖК-нің 278-бабының 3-бөлігінде, айыптау қорытындысының іс парақтарына сілтеме болуға тиіс деп арнайы көрсетілген. Бірақ айыптау қорытындысының тек дәлелденгендік қана емес, баяндаудың қисындылығы, жүйелілігі, бір ізділігі нанымды етеді, тергеушінің бір тұжырымы басқа біреуінен туындап отыруы керек.

Оразов және басқаларға қатысты істің айыптау қорытындысында мынадай жазу бар: «Дмитриевский мен Оразов ақша табу мақсатында, эксковаторшы Неведомыйды құрылыс жұмыстарына неше рет рәсімдеген, бірақ ол жұмысты орындамаған, ал оған ведомость бойыпша тиесілі ақшаны қылмыстық топқа қатысушылар иемденіп отырған».

Бірнеше жолдан кейін былай деп жазылған: «Іс материалдарында анықталғандай, Неведомыйға жалақы нақты жасалған жұмыс көлеміне сәйкес емес, одан едәуір көп мөлшерде беріліп отырған».

Сонымен, Неведомый құрылыста жұмыс істеді ме, істемеді ме? Міне, осы абзацтағы тұжырымдардың қайшылығы айыптау корытындысына деген сенімді жоғалтады.

Өкінішке орай, мұндай қайшылықтар көптеген құжаттарда кездеседі. Жазылуы дұрыс сияқты, бірақ қисындылық, үйлесімдік, дәлелдемелерді талдау жетіспейді. Айыптау қорытындысын жазғанда үйлесімділікке бірден қол жеткізу мүмкін емес. Бұған жіберілген қателіктерді талдаудың, айыптау қорытындысын жасау кезіңде байқалған кемшіліктерге сын көзбен караудың нәтижесінде, өз жолдастарының тәжірибесін, ғылыми-әдістемелік әдебиетте берілген ұсыныстарды пайдаланып қол жеткізуге болады.

Қылмыстық іс жүргізу заңының, айыптау қорытындысында айыпталушының жазасын ауырлататын немесе жеңілдететін мән-жайларды келтіру жөніндегі міндеттеуін орындауға да қатты назар аудару керек.

Көбіне іс каңдай да бір мән-жайды атаумен шектеледі. Мәселе — жазаңы ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды толықтай жазып көрсетуде, түсіндіруде және дәлелдемелермен негіздеуде жатыр.

Айыпталушыларды айыптау қорытындысымен таныстыру процесінде және оны сот мәжілісінде жариялау кезіңде мұндай тараудың істе көрсетілген және басқа да айыпталушыларға оң тәрбиелік ықпал болатыны сөзсіз. Мұндай тарауды оқудың залда отырғандарға қандай әсер ететінін білу қиын емес.

Екіншіден, айыптау қорытындысында заңда арнамы аталған, жауапкершілікті жеңілдететін әртурлі мән-жайларды (шын жүректен өкіну, залалдың орнын өз еркімен толтыру, т.б) атағанда тергеуші, сонымен катар оларға, басқа да заңда көрсетілген мән-жайларды: Ұлы Отан соғысына қатысқанын, үкімет наградалары бар екендігін, мүгедектігін қосын айтады.

Осылай етуге тергеуші құқылы ма? Солай ету керек пе? Керек болса, оның шегі қандай?

Біздіңше, тергеуші айыптау қорытындысында өзінің ойынша айыпталушының жауапкершілігі жеңілдететін мән-жайларды, оларға заң мән беретіне-бермейтініне қарамастан, атап өтуге құқылы. Бұл құқық ҚК-нің 53-бабының 2-бөлігінде баяндалған ережеден туындайды. Онда жаза тағайындағанда қылмыстық заңда көрсетілмеген мән-жайларды да жеңілдететін деп ескеруге болады делінген. Тергеушінің бұған қатысты пікірі, оның кез келген тұжырымы сияқты, алдын ала болып табылады, себебі ол алдын ала тергеу жүргізеді. Сондықтан ол, сот жеңілдететін деп біржола тануы мүмкін мән-жайларға соттың назарып аударуға құқылы.

Айыпталушының жазасын жеңілдете алатын мән-жайларды, тіптен олар заңда көрсетілмесе де, айыптау қорытындысында көрсетуге құқылы ғана емес, оларға дәл келтіруге міндетті деген сенім осыған негізделеді.

Осы ұсынылғандарды жасай отырып, тергеуші, неғұрлым әділдеу жаза тағайындауына септігін тигізеді. Жаза әділ болған сайын оның айыпталушыға және басқаларға тәрбиелік ықпалының тиімдірек болатынына кім де болса келіседі.

Тергеушінің ойынша жеңілдететін деп танылуы мүмкін, бірақ заңда аталмаған мән-жайларды айыптау қорытындысында баяндаудың рұқсат етілген шегін қарастырайық. Бұл шектер ақылға қонымды болуға тиіс. Заңдық қана емес, өнегелік нормаларды түсіну — алдып ала тергеу кезіңде зерттелген қандай да бір мән-жайдың іс жүргізудегі маңыздылығын бағалауға қажетті субъективтік критерийлерді жасаудағы объективтік негіздемелер. Айта келгенде, жоғарыда келтірген ҚК-нің 53-бабында баяндалған ереже осы негізге сүйенеді.

Айыптау қорытындысында жазаңы жеңілдететін мән-жайды сипаттап жазу мәселесіне келетін болсақ, онда шын жүректен өкінгеніне және қылмыстың ашылуына белсенді көмек көрсеткеніне көп орын бөлінуі тиіс. Іс материалдарын бұлай көрсету, тергеушілердің, ең алдымен бұл жеңілдетуші мән-жайлардың маңызын дұрыс бағалауының нәтижесі.

Көптеген тергеушілер, үкім шығарған кезде бұл жеңілдететін мән-жайларды кейде ескере қоймайтын соттарға риза емес. Мұндай талап, біздің ойымызша, өзінше дұрыс. Тергеушілердің өздеріне айтылатын сын бар, айыптау қорытындысының көпшілігінде бұл мән-жай арнайы бөлінбейді, ерекше аталмайды. Көбіне ол жайында таптаурын фразаларды оқуға болады: айыпталушы өз кінәсін толық мойындады, өзі жасаған қылмыс жайында егжей-тегжейлі айтып берді. Ал мұндай фразадан не түсінесің. Айыпталушы шын жүректен өкініп тұр ма, әлде айта салды ма, түсініксіз.

Өкінудің шын жүректен екендігіне және оның қылмыстың ашылуына шынында көмек еткендігіне көзін жеткізгеннен ғана тергеуші оны айыптау қорытындысында арнайы айта алады және атауға тиіс. Субъективтік те, объективтік те сипаттағы дәлелдемелер келтірудің де маңызы аз емес.

Талдық орған құс комбинатындағы ұрлық туралы істің айыптау қорытындысында қылмыс жасағанын мойындаған айыпталушы Жасақованың рөлі былай көрсетілген: «Жасақова бірден мойындауға бет бұрды, жауап алулардың және беттестірулердің бәрінде де өз жауаптарының дұрыс екендігін қорғап бақты. Талдықорған құс фабрикасындағы ұрлау жүйесін түгелдей әшкерелеудегі оның көрсетулері тергеуші үшін шешуші рөл атқарды. Айыпталушылардың ешкайсысы ұрлаудың жасырын әдістерін Жасақова сияқты толык және адал айтқан жоқ».

Баяндалғандарды растау мақсатында тергеудің айыптау қорытындысында айыпталушының берген жауабыпа сілтеме жасалған:

«Өз кінәмді мойындаймын, оны әлдеқашан түсіндім. Білемін, мені жаза күтіп тұр, бұрынғы былғаныш өмірден, жұмыстан тазарғанымды ұғыну көңіліме медеу болады. Қылмыстың ауыр жүгін бұдан былай көтермеспін. Оның бәрі артта қалды. Мені қылмысқа тартты немесе итермеледі деп ешкімді кінәламаймын. Неге барып отырғанымды түсінген болатынмын. Мен өзімді ғана кінәлаймын. Бөлкім, өзімді-өзім ұстай алмадым, ақшаға қызығып кеттім».

Шатырға жабатып болат қаңылтыр туралы іс бойынша айыптау қорытындысында айыпталушы Кемелованың шын жүректен өкінетіңдігі де осыған ұқсас баяндалған: «Бұл қылмысты ашудағы Кемелованың рөлін еркше атап өту керек. Жаратылысынан пысық, жарқын әйел, бірақ дүниеқор күйеуінің ықпалына түсіп, қылмысқа белсенді қатысын кеткен. Ұрлап әкелген болат үшін Төребековпен есеп ажырасын отырған, сатуға Орал облысына көбіне сол баратын, қылмыстық топтың басқа мүшелеріне де ақшаны сол беріп отырған. Алдын ала тергеу кезіңде қамауға алынған Кемелова өз кінәсін мойнына алып, шын жүректен өкінді, күйеуі екеуі жасаған және басқалардың өзі білетін қылмыстық әрекеттері жайында егжей-тегжейлі айтып берді. Барлық болған оқиғаны жадында жақсы сақтаған. Ең бастысы сол — оның алдын ала тергеу барысында айтқандары кейін дәлелдемелермен расталынды, қылмыстың неғұрлым толық ашылуына септігін тигізді». Ары қарай айыпталушының көрсетулерімен олардың дұрыстығын растайтын дәлелдемелер келтірілген.

Бұл істі қараған Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы жауапкершілікті жеңілдететін басқа да мән-жайлармен қоса, айыпталушылардың алдын ала тергеу кезіңде кінәлерін мойындап, өкініш білдіргендігіне көп мән береді. Мұндай мән-жайлар жазаңы жеке даралап тағайындауда негізге алынды.

Үкімде әр сотталғанға әр түрлі жазалау шарасы қолданылды. Төребековке — 8 жылға бас бостаңдығынан айыру, жазасын күшейтілген тәртіптегі еңбекпен түзеу колониясында өтеу; Кемеловке — 6 жылға бас бостандығынан айыру, жазасын күшейтілген тәртіптегі еңбекпен түзеу колониясында өтеу; Кемелова — 4 жылға бас бостандығынан айыру, жазасын жалпы режимдегі еңбекпен түзеу колониясында өтеу (барлығының мүліктері тәркіленді). Жазалау шараларының не себепті әр түрлі болғандығына үкімде дәлелдеме келтірілген:

«Жазалау шарасын белгілегенде сот алқасы, жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігімен қатар, әрбір сотталушының жеке басын сипаттайтын мәліметтерге де көңіл аударды».

Төребековке қатысты сот алқасы оның бірінші рет сотты болып отырғандығын, жақсы өндірістік мінездемесін, оның Ұлы Отан соғысына қатысқандығын ескерді. Бірақ оның өз кінәсін мойындамағандығын, қылмыс жасағанына өкінбейтіндігін де ескерді.

Кемеловке жазалау шарасын анықтағанда сот алқасы оның бірінші рет сотты болып отырғандығын, шын жүректен кінәсін мойындағанын, асырауында кәмелетке толмаған екі бала бар екендігін, комбайн зауытында ұзақ уақыт жұмыс істегенін ескерді.

Кемеловаға жазалау шарасын анықтағанда сот алқасы оның алғаш сотты болып отырғандығын, асырауында кәмілетке толмаған екі бала мен анасы бар екендігін. өз кінәсін шын жүректен мойындап, қылмысты ашуға белсенділікпен көмектескендігін, сондай-ақ ол қылмысты металды тауып кеп жүрген күйеуінің ықпалымен жасағандығын ескерді».

Мұндай мысалдар біздің беріп отырған ақыл — кеңесіміздің дұрыстығын көрсетеді. Айыптау қорытындысында «мойыңдады, қылмыстың ашылуына көмектесті» деген құрғақ фразалармен шектеліп қалмау керек, сол мойыңдаудың аркасыңда бұрын белгісіз болып келген эпизодтардың ашылғандығын, жаңа дәлелдемелердің табылғандығын қылмысқа қатысқан басқа да адамдардың әшкереленгендігін көрсету керек.

Іс материалдарымен мұқият негіздеу, жинақталғай дәлелдемелерге сілтеме жасай отырып нандыру, оларды әділ бағалау — айыптау қорытындысында жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайларды баяндағанда тергеушінің көңіл аударатын талаптары, міне, осылар.

Жауапкершілікті ауырлататын мән-жайларды сипаттағанда да осындай талаптар қойылады.

Бұл жерде, ондай мән-жайлардың бірнеше қылмысты ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) жасағандығына назар аудару керек. Мұндай ұғымдарда, әңгіме қылмысқа қатысушылар арасында тұрақты қылмыстық байланыстар жайында олардың арасында рөлдердің айқын бөлінуі, бір емес бірнеше қылмыс жасауға келісуі (қылмыстық қызмет термині осындай шыққан), және де бір басшыға, ұйымдастырушыға немесе ұйымдастырушылардың шағын тобына бағыныштылық жайында болады.

Әрине, айыптау қорытындысында бұл элементтердің барлығы аталуға және оларға негіздеме жасалуға тиіс. Көптеген тергеушілер қылмысты ұйымдастырушылардың рөліне арнайы тоқталып өтеді. Біздің ойымызша бұл практиканы кең қолдану керек, себебі, ұйымдастырушылардың қоғамға қауіптілігі қатардағы басқа қылмыскерлерге карағанда едәуір жоғары. Айыптау қорытындысында мұндай адамдардың ұйымдастырушылық рөлінің неден көрініс тапқандығын және оның қандай ауыр зардаптарға әкеп соққандығын көрсеткен тергеушілер дұрыс істейді.

Айта келгенде, айыптау қорытындысында қылмысқа қатысқандардың біреуін сол қылмысты ұйымдастырушы деп жай көрсете салу жеткіліксіз. Ол нанымды дәлелдемелермен расталынуы тиіс. Тергеушінің пікіріне ғана негізделген ондай тұжырым бұл жағдайда (басқа да барлық жағдайларда) сотта қолдау таппайды.

Мысалы, құс комбинатындағы ұрлық туралы іс бойынша айыптау қорытындысында тергеуші қылмысты ұйымдастырушы бас инженер Варфоломеев деп көрсеткен. Оны ол былайша дәлелдеуге тырысқан: «Әркімге рөл бөлініп берілген қылмыстық топты Варфоломеев басқарды. Құс соятын цехтың жұмыскерлері өзіне тікелей бағынатын болғандықтан, ол өз қызмет бабын пайдаланып ұрлыққа жалпы басшылық жасаған.

Қылмыскерлердің әшкереленбеуіне шара қолданған, инвентаризация жүргізілетін уақытты алдын ала ескертіп отырған.

Құс қабылдауга жалған құжаттар жасағандығын, бас инженердің білмедім деуі нанымсыз деп тұжырымдайды тергеуші. Бірақ сот Варфоломеевтің сөзін нанымсыз деген жоқ, ешқандай дәлелдемелерге сүйенбеген тергеушінің тұжырымын нанымсыз деп тапты. Сот Варфоломеевті қылмысты ұйымдастырушы да емес, орындаушы да емес деп таныды, ол өзіне тағылған қылмыстың бұл бөлігі бойынша ақталды, оны тек лауазымдық қылмыс үшін соттады.

Айыптау қорытындысына заң қоятын маңызды талаптардың бірі — жәбірленуші туралы, қылмыстан оған келген зиянның сипаты мен мөлшері жайында міндетті түрде мәліметтер келтіру (ЩЖК-нің 278-бабы 3-бөлігі).

Қандай айыптау қорытындысында болмасын жәбірленуші жайындағы деректер тек оның аты-жөнін көрсетумен ғана шектелмеуі тиіс, ал өкінішке орай, ондай жағдайлар жиі кездеседі. Бұл мәліметтердің көлемі қылмысты, оның жасалу себептерін сипаттау үшін олардың қаншалықты маңызды екендігіне байланысты. Жәбірленуші туралы деректерді нақты және қысқа баяндау, іс жүргізуге маңыздылығынан басқа, айыптау қорытындысының тәрбиелік мәнін арттырады, себебі ол көпшілік үшін алдын ала тергеу кезіңде әділдік принципінің сақталу көрінісі болар.

Айтылғандарды қорыта келгенде күрделі істер бойынша айыптау қорытындысының құрылымына қатысты негізгі ұсыныстарды былайша қысқа келтіруге болады.

1 .Қылмыстық іс-әрекеттің көлемін жалпы баяндауға баса назар аудару керек.

2.Қылмыстық эпизодтарды топтастыру өлшемі туралы мәселені шешу қажет. Әр қылмыстың жасалған уақыты, не оны жасаған жер, не оның қоғамға қауіптілігі сондай өлшем бола алады. Бұл өлшемдер жиі қолданылады бірақ өлшемдер тізбесі осылармен бітпейді.

Бір қылмысты ғана бірге жасап, бір қатар басқа іс- әрекеттерді өздерінде әрқайсысы бөлек жасаған адамдар тобын айыптайтын істер де кездеседі. Мұндай жағдайда эпизодтарды топтастыру қылмыс субъектісіне негізделеді.

Ең бастысы, тандап алған өлшем осы іс үшін баяндаудың жүйелі әрі қатаң жүйесін қамтамасыз ететіндей маңызды болуы тиіс.

Мұндай негізгі өлшем қылмыстық эпизодтардың топтарын ғана айқындауға мүмкіндік беретін болса, ал олардың әрқайсысы жүйелеуді керек етсе, қосымша өлшем (өлшемдер) анықталады. Мысалы, негізгі өлшем — қылмыс орны, қосымша — уақыт немесе негізгі — қоғамға қауіптілік, ал қосымша бір топта — уақыт, басқа топта — орын болуы мүмкін.

3.Эпизодтар тобын және әр эпизодты өзінше баяндағанда тақырып қойған дұрыс. Топты топтан рим цифрларымен, эпизодты эпизодтан араб цифрларымен бөлу керек.

4.Эпизодтар тобын баяндауды қысқаша кіріспеден бастауға болады, онда осы топты ерекшелейтін, сонымен қатар кіретін эпизодтар үшін ортақ белгілер көрсетіледі.

5.Әрбір жеке эпизод ҚІЖК-нің 278-бабы 3-бөлігінің талаптарына сәйкес толық суреттеледі (айыптаудың мәнісі, қылмыс жасалған орын және уақыт, оны жасаудың тәсілі, себебі, мақсаты, оның салдары және осы қылмыстық іс үшін маңызы бар басқа да мән-жайлар).

6.Қажет болған жағдайда, мысалы, қылмыстық қоғамдық қауіпсіздік өлшемі негізінде айыптау қорытындысының көрсетілген бөлігінің құрылымын жасағанда немесе эпизодтар қылмыс субъектілері бойынша топтастырылса эпизодтардың әрбір тобын суреттеу қысқаша қорытындымен аяқталады.

Бәлкім, айыптау қорытындысының әр тарауының құрылымы қорытындыны жасау барысында емес, оған дейін ойластыру керек. Егер жұмыс процесінде айыптау қорытындысының тандап алған құрылымын түзету немес толық өзгерту қажеттігі туындаса ол жұмысты міндетті түрде істеу керек.

Көбіне, іс бойынша тергеуді тергеу тобы жүргізеді. Осыған орай тергеу тобының (ары қарай — топ) айыптау қорытындысын даярлау әдісі жайында бірер сөз айту керек.

Айыптау қорытындысының алғашқы нұсқаудағы жоспарын тергеу материалдарын басқалардан гөрі жақсы білетін бір тергеуші жасайды (ол, әдетте, істі жүргізуді қабылдап алған тергеуші болады). Сонан соң бұл жоспарды және құрылымдық мәселені тергеу тобы түгел отырып талқылайды. Бір пікірге тоқталған соң олардың әрқайсысы айыптау қорытындысының белгілі бір бөлімін дайындауға тапсырма алады. Осы бөлім үшін ол толық жоспар жасайды. Сол жоспардың негізінде топ жетекшісі жалпы жоспардың ақтық нұсқасын жасайды.

Практикада бұл ұштағанның элементтері көбіне қосылып кетеді, бірақ тәжірибелі тергеушілер әдетте осы әдісті пайдаланады.

Қайталап айта кеткен жөн, айыптау қорытындысының құрылымы істің өзінің құрылымына байланысты. Бұл ретте кейбір жалпы кеңестер ғана берілуі мүмкін.

  1. Егер іс бойынша тергеуді әр түрлі елді-мекендерде жүрген тергеушілер жүзеге асыратын болса (Қазақстанның әр түрлі облыстарында жүрулері де мүмкін), олардың әрқайсысы жалпы жоспарға сүйене отырып, сол жерде орын алған қылмыс жайында айыптау қорытындысын немесе жекелеген тараулардың бөлімдерін жазады. Жинақталған материалдары айыптау қорытындысына түгелдей емес, жеке фрагментімен кіретін болса да тергеушілердің мүмкіндіктерін осылай пайдаланған дұрыс. Бәрінен де маңыздысы, сол әрбір фрагмент барлық жинақталған дәлелдемелер пайдаланыла отырып жазылуы, тергеушінің тұжырымымен үйлесім табу керек.
  2. Егер әрбір тергеушінің іс жүргізуінде бір топ эпизодтар болса, ол әрине, әрқайсысын жазып ала отырып, осы эпизодтар бойынша айыптау қорытындысында тарау немесе тарам (подраздел) жазады.

Айыптау қорытындысындағы эпизодтарды қылмыс субъектілері бойынша топтастыруға шешім жасаған күннің өзінде, әрбір тергеуші жалпы жоспарға қарай отырып, өзі тергеген эпизодтардың алдымен айыпталушылардың біреуіне, содан соң басқасына қатыстысын суреттеп жазады.

  1. Егер әрбір тергеуші айыпталушылардың біреуіне немесе бірнешеуіне қатысты дәлелдемелер жинайтындай етіп топтап жұмыс жоспарласа, егер сипаттау бөлімін жасаудың негізгі өлшемі қылмыс субъектісі болып табылса ғана, онда ол сөзсіз айыптау қорытындысының тиісті бөлімін дайындайды.

Практикада кейде мынадай да қиындықгар кездеседі: тергеу «адамдар бойынша» жүргізіледі, ал сипаттау бөлімін қылмыстық эпизодтар бойынша, оларды хронологиялық тәртіппен орналастыра отырып жасайды.

Бұл проблеманы екі жолмен шешуге болады, не бірнеше тергеушілер эпизодтарды бірлесіп сипаттайды, не алдымен қылмыстық іс материалдары қайта топтастырылады, содан соң әрбір тергеуші эпизодтар тобы бойынша тарау дайындауға тапсырма алады.

Мәселені бірінші жолмен шешу оңай болғанмен, екіншісіне артықшылық берген дұрыс: ұжымдық шығармашылық жұмыс («дөңгелек стол» тұрғысынан алғанда) талқылауда ғана ынғайлы, тікелей орындауды жалғыз адам жақеы орындай алады. Қалай болған күнде де өзара көмек керек. Осы кезде алғашқы жазғандар, конспектілер, қосымша карточкалар, айыптау қорытындысының бұрын жасалған фрагменттері көп көмектеседі.

Айыптау қорытындысының соңғы нұсқасын бір тергеушінің жазып шығуы міндетті ережеге айналуы тиіс. Егер тергеу тобының мөлшері жазып шыққан барлық тарауларды тікелей бірімен-бірін қоса салса, олар тігілген құрақ көрпедей ала-құла болады. Қисын да, бірізділік те болмайды. Топ мүшелері ұсынған фрагменттерді бір тергеуші (әдетте, істі жүргізуге қабылдаған) жинақтап, бір стильмен өндейді, сонда ғана айыптау қорытындысы қойылған талаптарға жауап береді деп есептеуге болады.

Соңында тағы бір айта кетейік, айыптау қорытындысында қылмыстық істің томдарына және парақтарына сілтеме болуға тиіс (ҚІЖК-нің 278-бабының 3-бөлігі).

Сонымен қатар жасалған айыптау қорытындысына оның жасалған жерін және уақытын көрсетіп тергеуші қол қояды (ҚК-нің 278-бабының 5-бөлігі). Егер істі тергеу тобы тергесе, айыптау қорытындысына істі жүргізуге қабылдап алған тергеуші қол қояды. Қалай десек те, біздің ойымызша, тергеу тобына кірген тергеушілердің барлығының айыптау қорытындысына қол қоюы практикалық тұрғыдан да, теориялық тұрғыдан да дұрыс емес, себебі ол ҚІЖК-нің 199-бабына дәлелсіз кең түсініктеме беру болар еді.

 

II ТАРАУ

2.1 Айыптау қорытындысына тіркеме. Тіркеме

 

ҚІЖК-нің 279-бабында айыптау қорытындысына тіркемелер анықталған, олардың ішіңде сот мәжілісіне айыптау және қорғау жағынан шақыруға жататындардың тізімі бірінші аталған. Бұл тізімге тергеушінің пікірі бойынша сотқа шақырылуы тиіс адамдардың фамилиялары кіреді. Сондықтан да тергеуші айыптау қорытындысында сілтеме жасаған адамдардың барлығы сотқа шақырылуы тиіс;

Осы тұста артық кететін екі жағдай жайында айтпауға болмайды. Біріншісі, тізімге іс бойынша сұралған адамдардың бәрін кіргізеді. Мұндай кателікті көбіне жас, тәжірибесі жоқ тергеушілер жібереді. Берген жауаптары сотталушылардың айыпты екендігін анықтауда едәуір маңызды болып саналатын адамдарды ғана тізімге іріктеп жазуды олар үйренуі тиіс.

Ал бұл ережені дұрыс орындаған болса, екінші қателік туындайды. Тізімге көрсетулері айыпты растайтын адамдар ғана кіргізіледі. Мұндай қателікті тіптен тәжірибелі тергеушілер де кейде жіберіп қояды. Оның методологиялық негізі — тергеушіні айыптау жағына жатқызу. Бұл тұрғыдан алғанда, тізімге көрсетулері айыпталушының кінәсін жеңілдететін куәлерді кіргізу жазаңың әділдігі туралы заң талабын орындау ғана емес, адамгершіліктщ тергеуші тарапынан көрініс тапқаны болар еді.

Айыпталушылардың, куәлердің және жәбірленушілердің фамилияларының бұл тізімде қалай орналасқандығында да мән бар. Олардың орналасу реттілігі жәй техникалық, формальды мәселе емес, онда елеулі маңыз бар. Ол соттың қылмыстық істің мән-жайын тезірек, дәл ұғынуына көмектеседі. Әдетте (көп жағдайларда), сот мәжілісінде, әсіресе, күрделі істерде, азаматтар айыптау қорытындысында тіркелген реті бойынша шақырылады. Сондықтан да тергеуші оны жасағаңда процесте болатып жағдайды, қандай ретпен өтетіндігін елестете алуы керек, ондағы әрбір жауап алудың маңыздылығып салмақтап және қылмыстық іс жүргізудегі мақсатты пайымдап (ҚІЖК-нің 8-бабы) тізімде фамилияларды орын-орындарына қоюы тиіс.

Барлық жағдайларда да жарамды амалды табу мүмкін емес. Кейде сот талқылауына қатысушылар жасалған қылмыс жайында бірден дұрыс түсінік алуы үшін, қылмыстың мәнісін толығырақ ашқан, өз кінәсін мойындаған адамды тізімге бірінші жазады. Кейбір жағдайларда кінәсін мойындамаған адамды бірінші қояды, ондағы мақсат — келесі, өзінің қылмыс жасағанын мойындайтын айыпталушылардың алдыңғының түсініктемелерінің жалғандығын көрсету.

Жәбірленушілер мен куәлерді айыптау қорытындысындағы баяндалу ретіне қарай сол ретпен эпизодтар бойынша орналастырған жөн. Бірнеше эпизодтар туралы жауап беретін куелерді бірінші атаған жөн. Сарапшылар соңынан көрсетіледі. Одан кейін азаматтық талапкерлер тұрады.

Айыптау жене қорғау жағынан сот мәжілісіне шақыруға жататын адамдардың тізімінде ол адамдардың тұрған жері мен (немесе) жүрген жері, істің олар жөнінде мәліметтер бар парақтары көрсетіледі.

Айыптау қорытындысы сонымен қатар, кажетті анықтамалық материалдармен қамтамасыз етілуі керек.

Тергеудің мерзімдері туралы анықтамада әдетте, қылмыс жасалған, қылмыстық іс қозғалған, айыптау қорытындысын жасаған тергеушінің істі жүргізуге қабылдап алған, айып тағылган және алдын ала тергеудің аяқталған күндері көрсетіледі.

Таңдалған бұлтартпау шаралары туралы анықтамада әрбір айыпталушыға қатысты қандай бұлтартпау шарасы қай кезден бастап қолданылғаны туралы мәліметтер болады. Айыпталушы қамауда отырған жағдайда, анықтамада қамауға алуға санкция берілген күн ғана емес, кай күннен бастап қамауда отырғаны да көрсетіледі, себебі жаза мерзімін есептеу ұсталған күннен басталады. Тергеу кезіңде бұлтартпау шарасы өзгерген болса, анықтамада ол да көрініс табуы тиіс.

Егер заттай дәлелдемелер қылмыстық іспен бірге болмаса, заттай дәлелдемелер туралы анықтама жасалады. Бұл анықтамада ол дәлелдемелер тұрған ұйымдар немесе азаматтар көрсетіледі. Мұнда дәлелдемелердің сақтаулы орнын көрсететін істегі беттерге (хаттамаларға) міндетті түрде сілтеме жасалады. Ордендер мен медальдардың сақтаулы тұрған орнын өзінше бөлек көрсету керек.

Азаматтық талап туралы анықтамада осы іс бойынша азаматтың талапкер болып табылатын азаматтар мен ұйымдар талашың сомасы, сондай-ақ істің азаматтық талапкер деп тану туралы қаулысы бар парағы көрсетіледі. Осында азаматтық талапты қамтамасыз ету үшін ақша және құндылықтар алынғаны, мүлікке тыйым салынған, т.б. көрсетіледі. Бұл мәліметтерді келтіре отырып іс парақгарына сілтеме жасау қажет.

Іс жүргізудің шығындары туралы анықтама жасағанда қылмыстық істі тергеудің мемлекетке қымбатқа түсетінін естен шығармау керек. Қылмыстық іс жүргізу заңында ондай шығындар жайында арнайы нормалар көзделген (ҚІЖК-нің 175, 176-баптары). Мысалы, алдын ала тергеуде іс жүргізу шығындары мынадай сомалардан: жәбірленушілерге, куәлерге, олардың заңды өкілдеріне, сарапшыларға, мамандарға, тілмаштарға, куәгерлерге төленген; заттай айғақтарды сақтауға және жәнелтуге, сараптама мекемелерінде сараптама жүргізуге жұмсалған және нақты қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге жұмсалған және қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген басқа да шығындардан тұрады. Бұл анықтамада барлық шығындар жайында істе бар материалдарға (атап айтқанда, қаржы органдарының хабарларына) сілтеме жасалуы тиіс.

Қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша жасалынуы міндетті осы аталған анықтамалардан басқа тағы да бөлек шығарылған және біріктірілген істер, қысқартылған іс жүргізулер, өзіне қатысты қылмыстық ізге түсу тоқтатылған адамдар, көлемі жағынан үлкен істердің материалдарының орналасуы туралы мәліметтерді айыптау қорытындысына тіркелетін анықтамада көрсету практикада бар. Мұндай жаңа анықтамалардың пайда болуы заңды құбылыс. Ол алдын ала тергеудің сапасына қойылатын жоғары талапты да, тергеушінің өз ісіне жауапкершілігінің артқандығын да көрсетіледі. Оның қайсысы болса да істі ресімдеудегі мәдениеттің өскендігінің, процеске қатысушылардың тергеу материалдарын пайдаланып әділ де, дәлелді үкім шығаруына тергеушінің көмектесу ниетін біддіреді.

Айыптау қорытындысының мазмұны да, оның формасы — баяндалу стилі де, тілі де осындай ниетті білдіріп тұруы керек.

 

Қорытынды

 

Айып тағылғаннан кейін тергеу жалғаса береді, ал бұл кезде жинақталған дәлелдемелер айыптауды өзгерту немесе қылмыстық ізге түсуді ішінара тоқтату қажет екендігіне әкеп соғуы мүмкін (ҚІЖК-нің 210-бабы).

Айыптауды өзгертуде әр түрлі сипат болуы мүмкін: тағылған айыптың мазмұнын құрайтын нақты мән-жайларға, оны заң тұрғысынан бағалауға қатысты болуы, айыпталушының әрекеттерін саралауға ықпал етуі мүмкін. Алдын ала тергеу кезіңде айыптауды өзгерту қылмыстық жауапкершілікті жеңілдету бағытында да және ауырлық немесе нақты мән-жайлары едәуір басқаша қылмысты жасағандық үшін айып тағуды қолдану бағытында да болуы мүмкін.

ҚІЖК-нің 210-бабының 1-бөлігіне сәйкес, егер алдын ала тергеу жүргізу кезіңде тағылған айыпты өзгерту үшін немесе оны толықтыру үшін кажетті негіздемелер пайда болса тергеуші ҚІЖК-нің 206-бабына сәйкес, адамды айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы жаңа қаулы шығаруға және оны ҚІЖК-нің 208-209 баптарындағы тәртібінде айыпталушыға үсынуға міндетті.

Егер алдын ала тергеу барысында тағылған айыптың кейбір түстары расталмаса, тергеуші өзі қаулысымен, қылмыстьщ ізге түсудің тиісті бөлігін тоқтатады, ол жайында айыпталушыға, оның қорғаушысына, сондай-ақ прокурорға хабарлайды (ҚГЖК-нің 210-бабының 2-бөлігі).

Қылмыстық — іс жүргізу заңында «айыптаудың бір бөлігі» деген ұғымға анықтама берілмеген. Осыған байланысты ҚІЖК-нің 210-бабы 2-бөлігінің талаптарын іске асырғанда мынадай сұрақ туындайды: айыптаудың кез келген бөлігі, оның ішінде таралуымен байланысты бөлігі расталмағанда, қылмыстың саралануын өзгертпей-ақ қылмыстық ізге түсуді тоқтату туралы қаулы шығару керек пе? Заңда сонымен қатар, қылмыстық ізге түсудің қандай да бір бөлігінің қандай жағдайда тоқтатылғандығы расталмаса оның жаңа қаулыны ұсынуға әкелетіндігі көрсетілмеген. Заң әдебиетінде бұған қатысты әр түрлі ұсыныстар берілген. Бұл мәселені практикада шешудің де бірізділігі жоқ.

Айыптауға тиісті өзгертулер енгізу тәртібін анықтауға жекелеп қараудың негіздерін қылмыстық іс жүргізу заңының өзінен табуға болады, онда бұл мәселеге әр түрлі түсініктеме берілген (мысалы, ҚІЖК-нің 210-бабының 2-бөлігінде, 301-бабы).

Бұл нормаларды салыстырып талдау, «айыптауды өзгерту» ұғымына қатысты заң шығаруларда келісілмеген. Егер ҚІЖК-нің 210-бабының 2-бөлігі қылмыстық ізге түсуді оның расталмаған бөлігіне қатысты тоқтатуды міндеттесе, ҚІЖК-нің 301-бабына сәйкес айыптауды прокурордың өзгерткенін сот алдын ала тындау хаттамасында көрсетеді.

Айыптауды өзгерту жағдайын қылмыстық ізге түсуді, оның белгілі бір бөлігі бойынша тоқтатудан ажырату үшін, расталмаған айыптаудың дербестігі сияқты критерийді қабылдауға болады. Егер басқа жағдайларда бұл айыптауға қатысты дербес іс жүргізуге әбден болатын болса, қылмыстық ізге түсу тоқтатылады. Бір айыптаудың қандай да бір бөлігі ғана түсіп қалған жағдайда қылмыстық ізге түсуді тоқтату барлық уақытта бірдей қылмыстық істің қысқаруына әкеп соқпайды. Қылмыстық ізге түсу толық тоқталғанда қылмыстық ізге түсуді тоқтату және қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы бір уақытта шығарылады (ҚІЖК-нің 37-бабының 7-бөлігі).

Сонымен, егер айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы қаулыда бір емес, бірнеше дербес айыптаулар (мысалы, ұрлық және тонау) болса және олардың біреуі расталмаса, біздің ойымызша, қылмыстық ізге түсуді айыптаудың осы бөлігі бойынша тоқтату туралы қаулы шығару керек. Егер түгелдей айыптау емес, оның бір бөлігі (мысалы, қылмыстық әрекеттің кейбір эпизодтарына қатысқандығы расталмаса) түсіп қалса, айыптау формуласына тиісті өзгерту енгізу қажет.

Қылмыстың істі қысқарту туралы қаулы шығару арқылы айыптауды жоққа шығара отырып, тергеуші қылмыстық іс жүргізу заңының тиісті нұсқауларын басшылыққа алуы тиіс және қабылдаған шешімін дәлелді ету үшін солардың біреуіне сілтеме жасайды (ҚІЖК-нің 37-бабы).

Бұрын тағылған айыпқа өзгерту енгізуді алатын болсақ, қылмыстық ізге түсуді тоқтатумен қатар, бұл мәселені айыпталушының заңды мүддесі арқылы шешу керек. Егер бұрын тағылған айыптардың біреуін алып тастау саралауды өзгертуге әкеп соқпаса не қаулының қорытынды бөлімінен оған қате кіргізілген қылмыстық заң нормаларын алып тастау ғана болса, онда қылмыстық ізге түсуді тоқтату туралы қаулымен айыпталушының танысқаны жеткілікті. Бұл ретте егер айыпталушы немесе тергеуші қажет деп санаса, тағылған айыптағы өзгертуге байланысты айыпталушыдан жауап алынуы мүмкін. Барлық қалған жағдайларда бұрын тағылған айыпқа өзгеріс енгізіп, оны ҚІЖК-нің 210-бабына сәйкес қайта ұсыну керек.

Осыған байланысты бірқатар мәселелер туындайды. Біріншіден, жаңа айып деген не? Ол бұрынғы тағылған айыпты қамти ма, әлде онда кейінгі толыктырулар мен өзгертулер ғана көрініс таба ма? Екіншіден, өзгертілген және толықтырылған айыптау арасындағы айырмашылық неде? Үшіншіден, тергеуші айыптауды өзгерткен және толықтырған барлық жағдайда айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы қаулы, одан туыңдайтын барлық салдарларымен қайта шығарыла ма?

Бұл мәселелердің дұрыс шешім табуының маңызы зор, себебі айыптаудың алдын ала тергеу кезіңде өзгеруі жиі кездеседі.

Практикаға қарайтып болсақ, айыпты өзгерту мен толықтырудың өзара тығыз байланысты екенін көреміз. Бірақ егер айыпты толықтыру оның мазмұнын өзгертетін болса, нақты мән-жайларды немесе оған заңдық баға беруді баяндауда жіберілген қателіктер мен дәл еместіктерді түзетуге қатысты өзгерту, айыпты толықтырумен байланысты болмауы мүмкін. Бұл жағдайда тағылған айыптың нақты мән-жайы сақталады, бірақ қылмыстық заң нормаларыпың біреуін немесе бірнешеуін алып тастауға, оларды қосуға немесе біреуін өзгертуге байланысты олардың заңдық саралануы өзгереді. Жаңа мән-жайлардың айқындалуы жаңа қылмыс үшін айыптауға, бір қылмыстағы айыпты екінші қылмыстағы айыппен алмастыруға әкеп соғуы мүмкін. Немесе бұрынғы айыптау айыпталушының жаңа әрекеттеріне қосылып, бұрын тағылған фактілермен жиынтықта, саралаушы белгі ретінде біртұтас қылмыс құрауы немесе бірнеше рет қайталанғандықты беруі мүмкін. Бұрын тағылған айыпқа, сонымен қатар, таңылып отырған қылмыстың өзгертусіз қалатын құрамының негізгі элементтерін сипаттайтын нақты белгілеріне жататып мән-жайларға қатысты түзетулер енгізілуі мүмкін. Айыптауға енгізілген толықтырулар мен өзгертулер бұрып тағылған айыптағы саралауға әсер етуі мүмкін, не ол сол қалпында қалады. Саралау өзгергенде айыптау ауырырақ жағына да, жеңілірек жағына да өзгеруі мүмкін.

Айыпты өзгертудің және толықтырудың жоғарыңа аталған қай жағдайында тергеуші айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы жаңа қаулы шығаруға міндетті.

Біздің ойымызша, бұл мәселені шешкенде тағылған айыптың барлық мүмкін болатын өзгертулері мен толықтыруларын екі негізгі топқа бөлу керек:

—саралаудың өзгеруіне әкеп соғатыңдар;

—оның тек нақты фабуласына жататындар.

Тағылған айыпқа бірінші топқа жататын өзгертулер мен толықтырулар енгізгенде, ауырлау немесе жеңілдеу заңның қолданылатындығына қарамастан, барлық жағдайларда айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы жаңа қаулы шығару керек. Бұл жағдайлардың кез келгенінде айыпталушы сол кезеңге қарай өзіне берілген құқықты жүзеге асыруға мүмкіндік алуы керек, ол үшін енгізілген өзгертулердің нәтижесінде тағылған жаңа айып, оның жағдайын нашарлататын болса да немесе жеңілірек қылмыс туралы заңның қолданылуы қарастырылған немесе айып жеңілдетілген болса да, айыпталушы оларды білуге тиіс. Жаңа саралау жеңілдеу қылмысты көздеген жағдайда да айыпталушыны қорғану құқығынан айыруға болмайды. Мысалы, айыпталушы денсаулыққа зақым келтіргенін мүлде жоққа шығарады, ал оның әрекетін саралауды ҚК-нің 103-бабынан (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) ҚК-нің 104-бабына (денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіру) өзгерту, айыпталушы енді қарсылық білдірмейді, ңайта айып тағудың қажеті жоқ деген түсінік бермеуі тиіс.

Екінші топты, яғни тағылған айыпты саралауға әсер етпейтін, тек оның нақты жағына ғана жататын өзгертулер мен толықтыруларды алатын болсақ, онда жаңа қаулы шығару мәселесі өзгертулер мен толықтырулардың қаншалықты маңызды екендігіне қарай шешіледі. Бұл жерде, біздің пікірімізше ҚІЖК-нің 301-бабында белгіленген өлшемді алдын ала тергеуге де әбден колдануға болады. Алдын ала тындауда айыпты өзгерту сияқты, тергеушінің айыпты өзгертуі немесе толықтыруы да, айыпталушының нақты жағдайын нашарлатуға да, оның қорғану құқығын бүзуға да тиіс емес. Сонымен, егер өзгертулер мен тольщтырулар бұл құқықтарды іске асыру үшін маңызды болса, айыпты қайта тағу керек.

Кейде маңыздылар қатарына тек таңылған іс-әрекет құрамына ықпал ететін өзгертулер ғана жатқызылады. Мұндай түсіндірмемен келісуге болмайды. Айыпталу-шыға таңылған қылмыс құрамының негізгі белгілері мен бұрын тағылған айыптың негізгі мазмұны сақталғанда, өзгертулер айыпталушыға қорғану кезіңде керек болады, сондықтан ол білуге тиісті мән-жайларға қатысты болады. Мысалы, ұрланғанның мөлшерін айқындау немесе ұрлаудың жаңа эпизодтарын кіргізу (немесе біреуін екіншісімен алмастыру) заңдық баяндауды өзгертпейді бірақ айыпталушының тағылған айыптан қорғану құқығы тұрғысынан алғанда маңызды, себебі оның жауапкершілік дәрежесін күшейтуі мүмкін.

Айыпталушының жағдайының нашарлап кету мүмкіндігі айыпты толықтырудың немесе өзгертудің маңыздылығын анықтайтын бірден-бір белгі емес. Кейбір жағдайларда мұндай мүмкіндік оған қауіп төндірмейді, бірақ айыптаудың фабуласын өзгерту айыпталушы міндетті түрде білуге тиіс мән-жайларды да қамтиды. Олардың қатарына бірінші кезекте, қылмыс жасалған жер мен уақыт жатады, олар көп жағдайларда қылмыс құрамын саралаушы белгілер болып табылмайды. Бірақ айыпталушыға оған Шымкентте немесе Семейде іс-әрекет жасағаны үшін айып тағылғанының бөрі бір емес. Жасалған қылмыстың орны мен уақыты алиби ұсыну мүмкіндігімен тіке байланысты, ал қылмысты жасау тәсілі туралы мәліметтерді анықтау, бұл адамның қылмыс жасағанына күдік тудыруы мүмкін. Мұндай жағдайларда тергеуші кайта айып тағуға міндетті. Сонымен айыптаудың баяндалуы оған, айыпталушының қорғану құқығын жүзеге асыруы тұрғысынан маңызды мән-жайларды кіргізуге байланысты өзгертілген немесе толықтырылған барлық жағдайларда, олардың заңдық бағалауға және іс-әрекетті саралауға ықпал ететін-етпейтіндігіне қарамастан, тергеуші айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы қаулыға тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізуі және ҚІЖК-нің 209-бабының талаптарын орыңдауы тиіс.

Осы баяндалғандарға қатысты алсақ, ісін прокурор қосымша тергеу жүргізу үшін тергеушіге қайтарған адамдарға жаңа айып тағу мәселесі де шешімін табуы керек. Егер қосымша тергеу жүргізудің нәтижесінде іс-әрекеттің саралануы өзгерсе не айыпталушыңан жауап алынып, айыптың баяндалуына маңызды өзгерту енгізілсе, айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы жаңа қаулы шығарылуы тиіс. Басқа жағдайларға ондай қажеттілік туындамайды. Айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы жаңа қаулы, өр уақытта, бұрынғы тағылған айыптың орнына шығу керек пе, әлде кейбір жағдайларда, онымен бірге шығуы керек пе деген сұраққа заңда тікелей нүсқау жоқ. Айыпты толықтыру өзінше бөлек қылмыс үшін айып тағумен немесе айыпқа жаңа дербес эпизодтарды кіргізумен байланысты болады. Былай қарағанда, бұрын тағылған айыппен қоса айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы жаңа қаулы шығарумен шектелуге болатын сияқты. Бірақ мұңдай тәртіпке жол беруге болмайды. Жаңа қаулыда барлық айыптаулар, оның ішінде жаңа эпизодтар мен мән-жайлар ғана емес, қылмыстық заңның өзгеріске ұшырамаған нормалары бойынша бұрын тағылған айыптар баяндалуға тиіс. Мұны мына жағдаймен түсіндіруге болады: бір істе бір адамды айыптаушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы бірнеше қаулының болуы оның өзін не үшін айыптайтындығын білу құқығын жүзеге асыруына жағдай тудырмайды, тағылған айыптан қорғануын қиындатады, тергеу бөлімі бастығының, айыптау қорытындысын бекіткен прокурордың және соттың бағдарын бұзады. Сондықтан да жаңа қаулыда айыпталушыға тағылған фактілер түгел қамтылуға тиіс, ол ҚІЖК-нің 206 және 209-баптарыпың талаптарына қатаң сәйкестікпен шығарылуы және үсынылуы керек. Бұл ретте бұрын тағылған айыпты өзгерткеңдіктен немесе толықтырғандықтан шығарылған жаңа қаулыға, оны шығаруға негіз болған өзгертулерге сілтеме жасалынуы тиіс. Мұндай дәлелдеме айыпталушыға, оның қорғаушысына, тергеу бөлімінің бастығына, прокурорға және сотқа жаңа айып тағудың себептерін түсіндіреді, олардың дәлелділігін талдауды жеңілдетеді.

Егер айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы жаңа қаулы бұрынғы тағылған айып толықтай алынып, бұл бөлікке қатысты қылмыстық ізге түсу тоқталған жағдайда шығарылса, онда бұрынғы қаулының өзгертілгені көрсетілмейді, (мысалы, айыпталушының ұрлықка қатысқандығы расталмады, бірақ тінтіген кезде атылатын кару табылады, сол себеші оған қаруды заңсыз сақтағаны үшін айып тағылады).

Айыптауды өзгертудің және толықтырудың қылмыстық іс жүргізу заңында белгіленген тәртібінен басқа, заң әдебиетінде алғашқы айыптан кейбір фактілерді (эпизодтарды, әрекеттерді) немесе қате қолданылған нормаларды (оның бөліктерін, тармақтарын) алып тастаған жағдайда, сондай-ақ іс-әрекеттің саралануын (сол нақты белгілерде немесе белгілі бір фактілерді алып тастағандықтан) санкциясы жеңілдеу заңға өзгерткенде, олардың «қарапайым» процедурасы ұсынылады. Кейбір ғалымдар мұндай жағдайда айыптауды өзгерту туралы заңда көзделмеген арнайы қаулыны шығарумен, кейін оның көшірмесін айыпталушыға тапсырумен шектелуді ұсынады.

Бірақ мұндай ұсыныста, біздің ойымызша қылмыстық іс жүргізу заңында белгіленген тәртіппен салыстырғанда артықшылық жоқ. Айыпталушыны өзі не үшін айыпталатындығын білу ғана емес, өзіне тағылған айып бойынша түсініктеме беру құқығынан айыратын (ҚІЖК-нің 69-бабы) бұл тәртіп, тергеуші алдында туындайтын міндеттерді де еш жеңілдетпейді, себебі ол арнайы дәлелд қаулы шығаруға; оны айыпталушыға үсынуға және бәлкім, түсініктеме бергісі келсе, одан жауап алуға тиіс.

Бұрын тағылған айыпты өзгерту тәртібін жеңілдету, көзделген заңнан шегіну, біздің ойымызша, заңдылықты нығайту талаптарына жауап бермейді және айыпталушы ретінде жауапқа тартудың дәлелділігін арттырмайды.

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Брайнин Я.М.Уголовный закон и его применение. —М., 1967. -С.165
  2. Зуйков Г.Г. Использование данных о способе совершения преступлений для раскрытия убийств. Вопросы борьбы с убийствами.М., 1969. — С. 79-80.
  3. Карнеева Л.М. Тактические приемы допроса обвиняемых. Груды ВШМВД СССР. — N32. — М., 1971. — С. 171-180.
  4. Ратинов А.Р. Психологические основы расследования преступлений: диссертация на соискания ученой степени доктора юридических наук. Т. 2. — М., 1969. — С. 566). 22
  5. Ларин А.М. Работы следователя с доказательствами. — М., 1966.-С.10-11.
  6. Бюллетень Верховного Суда РСФСР. — 1967. — №2. — С.8-9.
  7. Фаткулмен Ф. Изменение обвинения. М., 1971. — С.66-67.