АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Экономикалық өсу, оның типтері мен факторлары

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

 

 

 

 

 

 

 

 

«Экономикалық өсу және макроэкономикалық тепе- теңдік теориялары

Экономикалық өсу, оның типтері мен факторлары»

 

                                               

 

 

 

 

Р Е Ф Е Р А Т

 

орындаған:

тексерген:                                                                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

 

Кіріспе

 

  1. I. Экономикалық өсудің теориялары. Мультипликатор және акселератор эффектісі

II. Экономикалық дамудың циклдық теориялары. Артық өндіру және жеткіліксіз өндіру экономикалық дағдарыстың теориялары

III. Экономикалық цикл. Циклдың кейнстік, неокейнстік және монетарлық тұжырымдамалары

  1. Қазіргі циклдық дамудың ерекшеліктері. Ұзын толқындар

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экономиканың өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан экономикалық теория «экономикалық өсу» категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді.

         Экономикалық өсу деп нені түсіндіруге болады?

         Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің сандық әрі сапалық артуы және олар екі топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады. Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типі негізінде дамиды.

         Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типінде өнім шығаруды екі есеге арттыру үшін, жұмыскер саны және өндірістік қорлары екі есе ұлғаюы қажет.

         Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс күшін және өндірістік қорларды дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге болады.

         Практикада бұл ұлғаймалы өндірістің типтерін белгілі арақатынаста  немесе бірін- бірі толықтыратын жағдайда кездестіреміз. Қазіргі жағдайда, ҒТР жағдайында, өндірістің интенсификациялануының негізінде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өнімділігінің өсуі, ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтерілуі негізінде жүзеге асады.

         Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып табылады, осы мақсатқа ол күрделі қаржы ретінде жұмсалады. Алайда рыноктық механизмнің сұранымы мен ұсынымы жағдайында мұның өзі жеткіліксіз.

         Сұранымның қалыпты жағдайындағы экономикалық өсудің экстенсивті типін алатын болсақ, мұнда ерекше қиындық туа қоймайды. Экономиканың жеткілікті қарқынды дамуы сол кезге дейін жүзеге асуы мүмкін қоғам қай уақытта экстенсивті өсудің шектеулі кедергілерімен жолыққанша. Ондай кедергілерге табиғи ресурстардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз.

         Әдетте, бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген, қоймалы емес пайдалы қазбаларды қосу есебінен жабылады және бұл ресурстарды қымбаттатады. Өңделген кезінде ресурстар құнының бірлігі нәтижесінде түпкі өнімнің өсуін өте аз береді. Оның тиімділігінің төмендегенінде экономикадағы пропорциональдылық өзгереді және экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды.

         Сұранымның өсу жағдайында табиғи ресурстар мүмкіндігі мәселесі одан әрі қиындай түседі, сондықтан экономикалық өсу бірқатар факторларға байланысты:

  • табиғат ресурстарының саны мен сапасына;
  • еңбек ресурстарының саны мен сапасына;
  • капитал ресурстарына;
  • қолда бар технологияға.

         Бір сөзбен айтатын болсақ, экстенсивті дамудың өзіндік экономикалық шектеулері бар. Мұндай жағдайға тап болған қоғам өзінің бағыт- бағдарын өзгертуге тырысады. Экстенсивті дамудың қайнар көзінің жойылуы қоғамды интенсивті өсу мүмкіндіктерін қарастыруға итермелейді. Демек техникалық процестің ресурсты  сақтау түрлеріне бағыт- бағдар жасау: оларға –материалды сақтау, энергияны сақтау және қорды сақтау жатады. Барлық қоғам масштабындағы экономикалық өсу тауар мен қызмет көрсетудің жылдық көлемінің ұлғаюымен байқалады. Сондықтан экономикалық өсуді өлшеудің көрсеткіші: жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) немесе жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) немесе ұлтық табыс (ҰТ) болып табылады. Экономикалық өсу абсолюттік және салыстырмалы мөлшерде (алдағы кезеңдегі мөлшерге пайыз ретінді) өлшенеді. Мысалы, осы жылы реалды ЖҰӨ 210 млн. теңге құраса, ал алдыңғы да -200 млн. теңге болған, онда абсолюттік тұрғыдағы өсімі 10 млн. теңге, ал салыстырмалы тұрғыда -5 % құрады.

         Жекелеген уақыт мерзімінде экономикалық өсу жылдық өсу қарқынымен анықталады. (ЖҰӨ-нің өсу қарқынын анықтау үшін осы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерін алдағы жылға нақты ЖҰӨ мөлшерінен шегеру қажет. Сол айыпманы алдағы жылғы нақты ЖҰӨ -ге жатқызып, нәтижесін пайыз түрінде көрсетеді).

         Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) біраз жылғы қарқынды өсу сипаттамасы көрсеткіштерін тізе отырып, оның тенденциясын ашуға, яғни экономикалық дамудың бағытын анықтауға болады.

 

Экономикалық өсудің теориялары.

Мультипликатор және акселератор эффектісі

 

         Өндіріс қарқынын жеделдетуге қол жеткізу үшін, Батыс елдерінің әртүрлі мектеп өкілдері экономикалық өсудің моделі мен формулаларын жасап, алдағы уақытқа болжау құрды.

         Өсу формуласының негізінде Кейнстің «мультипликатор» теориясы жатыр. Ол кейінірек «акселерация» теориясымен толықтырылды.

         Мультипликатор- көбейткіш, ал акселератор- бұл дайын өнім сұранымының өсуіне деген интенсивті өсушілік коэффициенті. «Мультипликатор» ұғымын ағылшын экономисі Кан 1931-ші жылы ендірген, кейінірек Дж. М. Кейнс өзінің «Еңбекпен қамту, өсім және ақшаның жалпы теориясы» (1936) кітабында дамытты. Бұл ұғымды А. Хансен, Р. Харрод, Дж. Хикс, П. Самуэльсон, Н. Калдор және басқалары өз еңбектерінде қарастырды.

         Мультипликатор- бұл қолда бар күрделі қаржының өсуі кезіндегі ұлттық табыстың қанша есе өсетіндігін көрсетеді.

         Мысалы, жаңа жолды салуға күрделі қаржы 5 млн. долл. тең делік. Орташа табыс жылына 1000 долл. болатын алғашқы кезде 1000 адамды жұмысқа тартады. Бірақ жолды салуға белгілі көлемде ірі жабдықтар мен материалдар қажет және оларды өндіруге жұмыс атқаратын 1200 адам керек. (сол бұрынғы жылдық табыс бойынша) болды. Жұмысты атқаратындардың (жұмыстылықтың) өсуі тұтыну зататрына сұранымды өсіре түседі. Сөйтіп келесі кезекте олардың өндірісінің ұлғаюына алып келіп, 800 адамды қосымша жұмысқа тартады.

         Демек, инвестициямен тікелей байланысты 1000 жұмысшыны жалдау нәтижесінде, жұмысты атқаратындардың түпкі жиынтығын 3000 адам жалпы 15 млн. долл. табыспен құрайды немесе алғашқыдан 3 есе көп деген сөз. Бұл жағдайда мультипликатор 3-ке тең.

         Акселератордың іс- әрекеті мультипликатормен байланысты: мультипликатор инвестицияның көбеюімен ұлттық табыстың өсуін (оның өсуі еселенеді) қарастырады; акселератор (дайын өнім сұранымының өсушілігіне инвестициялық сұраным өсушілігінің коэффициенті)- ұлттық табыстың өсуі инвестицияның өсуіне алып келеді. Кезегінде бұл барлық жүйені қозғалысқа лаып келеді. Экономикалық өсудің біртекті, бір бағытта іс-әрекет жасайтын мультипликациондық процесі пайда болады. Акселерация принципін алғашқы рет 1913- ші жылы француз экономисі А. Афтальон (1874-1956) және 1919 жылы американ экономисі Дж. М. Кларк ұсынған. Кейінірек ол Р. Харрод, Дж. Хикс, П. Самуэльсон еңбектерінде одан әрі дами түсті.

         Мультипликациондық эффекті масштабын болжау үшін Дж. Кейнс ендірген тәуелділіктің мәні зор: тұтыну шығындары мөлшері мен осы дейгейдегі табыс- «орташа тұтынуға бейімділік»- арасындағы тәуелділік.  Орташа тұтынуға бейімділікті («АРС»- арқылы белгіленеді) экономикалық ғылымда «психологиялық фактор» ретінде түсіндіреді. Себебі адамның тұтыну тауарларын сатып алу ниетін көрсетеді. Тұтынуға бейімділік дегеніміз- ұлттық табыстың тұтыну бөлігінің (С) баолық ұлттық табысқа қатынасы (Y) яғни

         тұтыну                     С

АРС=————-  немесе  ——

                                                      табыс                       Y

         және «шектеулі тұтынуға бейімділік» (МРС) дегеніміз кез- келген тұтынудағы өзгерудің табыстағы өзгеруіне қатынасының көрсетілуі, яғни

        тұтынудағы өзгеру                         ДС                            

МРС=  ——————————   немесе ——-   

                                             табыстағы өзгеру                     ДY

Бұдан басқа да, ДЖ. Кейнс жинақтау мөлшері мен сол кездегі табыс деңгейі арасындағы тәуелділікті ендірді, орташа жинақтауға бейімділік және шектеулі жинақтауға бейімділік.

     Жинақтауға бейімділікті бірден- бір психологиялық фактор ретінде түсінеміз. Ол адамның ниетін сақтауды білдіреді. Орташа жинақтауға бейімділік (АРS) ұлттық табыстың жинақтау бөлігінің (S) барлық ұлттық табысқа (Y) қатынасымен анықталады, яғни

 

         жинақтау                  S

АРС=————-  немесе  ——

                                                      табыс                       Y

 

         Шектеулі жинақтауға бейімділік (MPS) жинақтаудағы кез –келген өзгерудің сондағы табыс өзгеріне қатынасын көрсетеді, яғни

 

         жинақтаудағы өзгеру                 ∆S

АРС=—————————-  немесе  ——

                                           жинақтаудағы табыс                 ∆Y

         Осы тәуелділіктер шекті мультипликациялық эффектіні бағалауға ықпал жасады.

         Қазіргі Батыстық неоклассикалық экономикалық мектебінің өкілдері экономикалық өсудің тым күрделі көп факторлы моделін ұсынады. Нақтыласақ, көп факторлы Кобба-Дуглас функциясын айтамыз.

Оның формуласы мынандай:

мұндағы Q- өнім;

               L- еңбек;

               K- капитал;

               S- жер.

 

Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері

         Экономикалық өсу экономиканың бір қалыпты оң қозғалысын және оның әлеуметтік- экономикалық прогресін көрсетеді. Мұндай прогрестің жалпы критериі өндіргіш күштердің даму деңгейі болып табылады. Экономикалық прогрестің қозщғаушы күші қайшылық болады. Өндіріс пен тұтыныс арасындағы қайшылық жалпы негізгі және қозғаушы күш болып табылады. Тұтыныстар өндірісті ынталандырады, екінші жағынан өндірістің өзі жаңа тұтыныстарды қалыптастырады- сөйтіп осылай қайталана береді. Бұл қайшылық –оның қоғамдық түріне тәуелсіз ең жалпылама және өндіріс дамуының табиғи негізі. Кез- келген қоғамда тұтынысты дәріптеу эконмикалық заңы бар. Жыл сайын тұрғындардың саны өседі және олардың тұтыныстары да өсіп отырады. Олардың тұтыныстарын қанағаттандыру үшін экономика материалдық және рухани игіліктерді қамтамасыз етуі қажет. Осыдан байқалатындығы, экономикалық жүйе осы мәселені қандай дәрежеде шеше алатын мүмкінділігіне қарай оның өміршеңдігі анықталады. Ескеретін жай, қоғам ресурстары шексіз емес, сондықтан экономикалық өсудің интенсивті типі қолайлылау. Себебі, материалдық игіліктер мен қызмет көрсетудің артуына ғылыми- техникалық жетістіктердің негізінде, еңбек өнімділігінің өсуі есебінен қол жеткізіледі. Әрине, бұл барлық өндіріс факторларын тиімді қолданудың нәтижесінде ғана жүзеге асады.

         Экономикалық өсудің қазіргі типінің өзіндік ерекшелігі бар. Оның артта қалуы ХХ- шы ғасырдың 50-ші жылдары басталған ғылыми- техникалық революция дамуының сәйкестігімен байланыстырылады. Экономикалық өсу сапалық жаңа дәрежеге көтерілді және ҒТР жағдайында өндірістің интенсификациялау негізінде жүзеге асады.

         ҒТР-ның қазіргі дәуірі технологиялық революция айдарымен жүзеге асып (70-80 жылдары басталды), ол мынаны байқатады:

  • еңбекті сақтандыратын технологияны кеңінен қолдану, яғни робототехниканы кеңінен қолданатын жұмыскерсіз технология, сондай-ақ машинасыз технологияны қолдану- өнімді машинаны қолданбай- ақ дайындау (мұндай технологияларға мынаны жатқызамыз: плазмалық, электронды- сәулелік, радиациалық, биологиялық және басқа технология түрлері);
  • ресурсты сақтау технологиясы, шикізат пен материалды кешенді өңдеу арқылы аз қалдықты және қалдықсыз технологияны қолдану, шикізат элементтерін атмосфераға жіберуді, ағынды суға және қоқыс, үйінді тасталуын жою, яғни қорщаған ортаны ластамау.

         Жаңа жағдайда өндіріс нәтижесіне баға беру өзгереді: бірінші орынға сандық мәселе емес, шығарылған өнімнің сапасы көтеріледі.

         Экономикалық өсудің жаңа сапалық белгісі өндірістің прогрессивті құрылымының құрылуымен, ғылымды қажет ететін салалардың үлес салмағының артуымен түсіндіріледі. Олар ҒТР нәтижелерін ендіруді және қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

         Қазіргі жағдайда ғылым ролінің өзгеруімен экономикалық өсу жаңа сапалық дәрежеге көтерілді. Ғылым қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналуы ақталып келеді. Жоғарыда аталған барлық жағдайлар экономика қозғалысына, экономикалық дамуына жаңа сапалық сыйпатбереді.

         Экономика өсуінің қайнар көзі- экономикалық ресурстар, экономикалық мүдделер мен ынталандыру жатады. Олар атқаратын қызметтің көлемін ұлғайтуға және сапасын арттыруға белгілі уақыт кезеңінде барынша мүмкіндік жасайды.

         Экономикалық даму — әлемнің барлық елдерінің алдында тұрған басты проблема. Германия және Жапонияның Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі даму тарихы олардың экономикасының түгелдей дерлік қирағанын көрсетеді. Қазір осы елдер тұрақты экономикалық дамудың үлгісі болып отыр. Экономикалық өсу- бұл ұлттық өнімнің сандық көбеюі және сапалық тұрғыдан жетілуі.

         Әрбір елдің үкіметі экономикалық өсу қарқынын ішкі ақша жинауды және инвестицияларды көтермелеу, шетел инвесторларын тарту, меншік құқықтарын сақтау және т.б. жолдармен арттыруға ұмтылады. Капиталдың шоғырлануы оның табыстылығының төмендеуімен қосарлана жүреді. Басқаша айтқанда, экономика неғұрлым көп капиталға ие болса, ол алға қарай аз қайтарыммен өседі. Сондықтан жиналған ақша үлесінің көбеюі алғашқы кезеңде жылдамырақ дамуға әкеледі де, содан кейін экономика капитал мен еңбек өнімділігі артуының ең жоғары деңгейіне жеткенде баяулай бастайды.

 

 

 

 

 

           
     
 
   
 
   
 
     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Нарықтық экономикаға тұрақсыздық, көтерілу және құлдырау қасиеттері тән, ол экономикалық кезеңді қалыптастырады және эономиканың кезеңділігін анықтайды.

         Экономикалық кезең (цикл)- бұл бір экономикалық дағдарыстың басынан екіншісінің басталуына дейінгі кезең, ол экономикада кезең- кезеңмен қайталанатын өрлеу және құлдыраулармен сипатталады. Экономикадағы кезеңділіктің негізгі себептерінің бірі ретінде көптеген экономистер тұтыну мен инвестициялардың өзара қатынастарының ауытқуын атайды.

         Экономикалық өсудің кезеңдік ауытқуын Кейнсиан мектебі акселерат принципімен және мультппликационды-акселерациондық механизмнің әрекетімен түсіндіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Экономикадағы кезеңдік ауытқуларға әсер ететін факторлар сыртқы және ішкі  болып бөлінеді.

         Сыртқы факторлар— халықтың санының өзгеруі, технологиядағы түпкілікті өзгерістер, соғыстар және саяси оқиғалар.

         Ішкі факторлар— тұтыну, инвестициялау, үкіметтің қызметі (қазынагерлік және монетарлық саясат арқылы).

         Қазіргі даму кезеңіне экономиканың кезеңдік сипатының кейбір ерекшеліктері тән:

  1. Кезеңнің мерзімдерінің қысқаруы (орташа 3-5 жыл);
  2. Дағдарыстардың әлсіреуі (ЖҰӨ-нің төмендеу тереңдігінің азаюы);
  3. Кезең құрылымының өзгеруі (кейбір фазаларының түсуі) немесе олардың уақытша байқалуы. Осы өзгерістерге себепші негізгі фактор экономиканы мемлекеттік реттеу болып табылады.

         Дағдарысқа қарсы саясат— бұл мемлекеттің экономикалық белсенділіктің дағдарыс алдындағы құбылуын реттеу және экономикалық дағдарыстардың дамуына жол бермеу жөніндегі шараларының жиынтығы.

         Тоқырау және өрлеу— мемлекеттің ерекше бақылауында болатын кезеңдер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақстан- 2030» стратегиясында көрсетілгендей, республиканың гүлденуін қамтамасыз етуде ұзақ мерзімдегі басымдылықтардың арасында «жоғарғы деңгейдегі шетел инвестициялары мен ішкі жиналған ақшасы бар ашық экономикаға негізделген экономикалық өсу»  ерекше маңызды болып саналады. Қазақстанда экономикалық өсу келесі міндеттерді жүзеге асырумен тығыз байланысты:

  • мемлекеттің белсенді ролі жағдайында экономикаға араласуын шектеу;
  • қатал қазыналық және монетарлық шектеулерді жүргізу;
  • шетелде қаржылық инвестициялар стратегиясын жасау;
  • жеке меншікті нығайту және заңды қорғау;
  • аграрлық сектор мен әлеуметтік саладағы жекешелендіруді аяқтау;
  • энергетикалық және басқа табиғи ресурстарды әзірлеу;
  • либерал инвестициялық саясатты дайындау;
  • еңбекті көп қажетсінетін өндірістерден капиталды, технологияны, ғылымды қажетсінетін өндірістерге көшу, яғни индустриалды технологиялық стратегияны дайындау;
  • өндірісті әртараптандыру;
  • болашағы мол (бәсекеге жарамды) салаларды дамыту.

         Экономикалық өсудің көрсеткіштік өлшемдері ЖҰӨ және ЖІӨ болып табылады (тек нақты сипаттары). Халықаралық деңгейде салыстыру үшін ЖҰӨ және ЖІӨ-нің халықтың жан басына шаққандағы көрсеткіші пайдаланылады. ЖҰӨ (ЖІӨ)-нің бірдей көлемінде оның халықтың жан басына шаққандағы шамасы тұрғындардың санына тәуелді болады. Мысалы, ЖҰӨ Индияда Швейцарияға қарағанда 70 есе көп, бірақ халықтың жан басына шаққанда ЖҰӨ Швейцарияда Индияға қарағанда 60 есе асып түседі. Қазақстанда ЖҰӨ халықтың жан басына шаққанда 1997ж.-1445,9; 1998ж.-1468,8; 1999ж.-1127,4; 2000ж.-1230,2 АҚШ долларын құрады.

 

 

Экономикалық дамудың циклдық теориялары

Артық өндіру және жеткіліксіз өндіру экономикалық дағдарыстың теориялары

 

Қазіргі нарықтық өндіріс бір қалыпты әрі үзіліссіз есемтігімен айқындалады. Өндірістің экономикалық өсуі және бір қалыптылығы үнемі оның құлдырауымен қосақтасып отырады. Экономикалық дағдарыс- бұл өндіріс көлемінің кенеттен төмендеуі. Өндіріс көлемі төмендеуінің алға шартына эконмикадағы қорлану диспропорциясын жатқызамыз. Осы салдар түптеп келгенде өндіріс  пен тұтыныстық арасындағы негізгі пропорцияны бұзады.

         Қазіргі нарықтың маркетингтік зерттеулерді фирма, корпорациялардың кеңінен қолданылғандығына қарамастан, олардың ешқайсысы өзінің өндірістік және коммерциялық қызметінің барлық салдарларын дәл есептей алмайды.

         Біріншіден, бұл тауар және ақша қайшылығымен байланысты екендігі белгілі. Қай кезде ақша айналым құралы ретінде қолданылғанда, онда айырбас процесі Т-А-Т екі қарама- қарсы актіге үзіледі: 1) сату  Т-А, 2)сатып алу А-Т болмақ. Тауарды сату деген сол мезгілде басқаны сатып алуды көрсетпейді: сатып алу кештеу басқа жерде болуы мүмкін немесе тіпті болмауы да мүмкін – ақша жинақтау құралы ретінде қолданылады. Алайда тауар өндірушілер өзара бір-бірімен байланысты. Мысалы: егер мата өндіруші келесі тоқыма партиясын сатып алуды кейінге қалдырса, онда тоқыма өндіруші мақта мақта өдірушімен есептесе алмайды, ал ол мақта  жинайтын комбайнды берушілермен, олар болса машина жасаушылармен (құрастырушылармен) есептесе алмайды және т.б..Бұндай   жағдай жай тауар өндірісен ғана тән болғанмен, бұл құбылыс қазіргі жаппай өндірісте де кездесуі мүмкін. Сату мен сатып алу актісіндегі үзілістер де төлем төлемеу шынжырының туу пайда болуының нақты мүмкіндігі жатыр және сондықтан өндіріс құлдырауы пайда болады.

         Екіншіден, бағалы қағаздардың тауар нарықтарындағы бағалардың үзіліссіз тербелуі осы рыноктағы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорцияның тұрақты пайда болуын байқатады. Егер осы диспропорциялар ұзақ сипатқа ие болса, онда өндіріс  пен тұтыны саясында да  ұсыныс масштабының сұранымға өзгеруіне алып келеді.

         Үшіншіден –бұл капиталдың артық қорлануы. Өндірістің ұлғаюы төлем сұранымымен салыстырғанда тым артық болып кетеді. Сондықтан да экономикалық дағдарыстарды  әдетте артық өндіру дағдарысы деп те атайды.

         Экономикалық дағдарыстар динамикасы артық өндірудің ХІХ-шы ғасырдағы құбылысы 1825 жылдан бастап үнемі әрбір 8-11жылдан соң пайда болып отырған:1825 ,1836, 1847, 1857, 1866, 1873, 1882, 1891.

Ал, ХХ-жылға дейін қысқара бастады: 1900,1907, 1917, 1921 ,1929-33, 1937-38.

әсіресе дағдарыстар арасындағы мерзім екінші дүниежүзілік соғыстан соң айқын байқала бастады: 1945 ,1953, 1957, 1960, 1969, 1973, 1979, 1981.

Егер екінші дүниежүзілік соғысқа дейні экономикалық дағдарыстар негізінен әлемдік сипатқа ме болса, экономикалық дағдарыстардың бір мемлекетте пайда болуы мұң екен, сол мезетте өзінің орбитасынак әлемдік қауымдастықтағы көптеген елдерді үйіріп алады. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң экономикалық дағдарыстар негізінен ресми сипатқа ие болады. Мәселен, ХХ-шы ғасырдың екінші жартысында артық өндірудің әлемдік экономикалық дағдарысы үш-ақ рет байқалды: 1958, 1974, 1980 жылдары, ал ХІХ-шы ғасырда бұдан 3 рет артық болды.

         Артық өндіру экономикалық даңдарыстары екі қызметті атқарады: бұзушылық және сауықтырушылық. Сөйтіп өндіріс пен тұтынушы арасындағы қалыптасқан диспропорцияны бұзуды. Өндірісмына жағдайда тоқтайды: бағаның төмендеуі оның қызметінің пайдасыздығына ұрындадырады және ол кәдімгі пайданы таппайды да. Шығар жол біреу ғана- өндірістік қорларды жаңалау : машина, күрделі жабдықтарды және аз шығын кірісу қажет.

         «Бәсекелестік күрес,әсіресе техникадағы шешуді төңкерістер кезінде, ескі еңбек құралдарын оның табиғи өлуіне дейін  жаңасымен ауыстырудыталап етеді. Катастрофа , дағдарыстардың басты қояр нәрсесі- кәсіпорындағы ірі жабдықтарды кең қоғамдық масштабта мерзімінен ертерек жаңалауға итермелейді».

Өндірістің және оның негізгі капиталының жаңару мерзімі – бұл кезекті дағдарыстың  материалдық негізін жасау мерзімі  болып табылады.

ТМД елдерінде 1990— ыншы жылдары экономикалық дағдарыстың жаңа типі пайда болды – бұл өндіруі жетпеген дағдарыс. Себеп КСРО-ның құлауына байланысты бұрынғы одақтас республикалардың өзара экономикалық байланыстарының үзілуі және жаңадан егеменді мемлекеттердің көрсетуінше, өндіруі жетлмеген экономикалық дағдарыстың алғы шарттары КСРО-ныі құлдыруаынан ұзақ жылдардың өзінде басталған. Сол кездің өзігнде жанар-жағар және шикізат салаларының өндірісінде құлдырау байқалған: көмір мен мұнай, темір рудасын өндіру қысқарған, шойын мен болат балқыту кеміген. Бұл экономикалық ұдайы өндіріс мүмкіндіктерінің тығырыққа тірелгендігін көрсетті және ол жағдайда ауыл шаруашылығында байқалды. нәтижесінде соңғы 20 жылда астық, картоп, көкөніс басқа да өнімді өндіру көлемі өзгеріссіз қалып, елдегі  тұрғындар саны шамамен 20%-ға артты.

         Мәселенің бұлай күрделенуі әскери шығындарға қаражаттың мол жұмсалуы мен және тұрғындардың ақшалай табысының кәдімгідей өсуімен байланыстырылады. Тіпті 1990-шы жылы тұрғындардың ақшалай табысы 17% өсіп, ал тауар мен қызмет көрсетуді қанағаттандыра алмаған сұраным 238 млрд. рубьлге жетті. Қазақстан  жалпы одақтық халық шаруашылығы кешенімен тығыз интеграцияда болғандықтан , бұл жерде де өнеркәсіп  өндірісінің қысқаруы белең алды. Ақшалай табыстың өсуі, өнеркәсіп өндірісінің қысқаруы тауар мөлшерімен қамтамасыз етілмейді. Қанағаттандырылмаған сұраным республикада 1990-шы жылы  16,5млрд. рубльден аысп кетті немесе  76% -дан  астам жылдық тауар айналымымен ақылы қызмет көрсетуді құрады. Өндірістің құлдырауы соңғы 4-жылда да жалғасты. Мәселен,  1995  және 1997-ші  жылдары Республикада өндіріс құлдырауы жалғасып, 1990 –шы жылғы деңгейдң 40%-на жетті.

 

Экономикалық цикл. Циклдың кейнстік, неокейнстік және монетарлық тұжырымдамалары

 

Экономикалық цикл- бұл дағдарымстар аравсындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады. Фазаның  бірінші (бастапқы) циклы- өндіріс құлдырауының дағдарысы. Дағдарыс құбылысының болуы сұраным төлем қабілеттілігімен салыстырғанда тауарды артық өндірумен түсіндіріледі.

Дағдарыс кезеңінде өткерілмеген өнімсаны тез ұлғайып жұмысшылар босатылады, жұмыссыздық ұлғайып, несие- ақша кәсіпорындар құлдырап,жойыла бастайды. Экономикалық  циклдың келесі фазасы депрессия («depressia» — латын сөзі, төмендеу, тереңдеу дегенді білдіреді.). Бұл фазада өндірістің құлдырауы тоқталады. Жайлап болса да запастағы тауарлар өткеріледі және еркін ақша капиталы пайда болады.

Келесі фаза – тірілу, бұған тән нәрсе өндірісті ұлғайту , демек пайда бар деген сөз. Ол кезегінде өндірістің дамуынын ынталандырады. Циклдың кезекті фазасы- өрлеумен алмасады.

         Өрлеу өнім өндірудің қарқындылығымен сипатталады және ол дағдарыс алдындағы деңгейден жоғары, жұмыссыздық тартылады, қарыз капиталы ұсынымы ұлғаяды және банк пайызының (%) нормасытөмендейді.

Нарық жағдайында өндіріс қозғалысының циклдық себептеріне экономикалық теорияда  қалыптасқан бірнше теориялық көзқарастар бар.

         Мәселен, К.Маркс артық өндірудің циклдық дағдарысының реттіліпен қайталану себептерін тұрақты капиталдың оқтын-оқтын жаппай жаңаруымен қарастыраған.

         Ағылшын экономисі Дж.Кейнстің ойынша, цикл фазасының алмасуы күрделі қаржы мөлшерімен байланысты, ол пайда мөлшері мен пайыз мөлшері («шекті тиімділік») пайыз мөлшеріне дейін төмендесе, онбда ол мынаған алып келеді кәсіпкердің өндірісті дамытуға қаржы салу ниеті жойылады.

         Қазіргі Дж.Кейнстің ізбасарлары – «неокейнстіктер» — мәселен американ экономиксі – Пол Самуэльсон былай дейді: нарықтық экономиканың циклдық сыйпаты ұлттық табыстағы тұтыну үлесінің төмендеуімен және акселератор жеделдету іс-әрекетімен түсіндіріледі. Олар күрделі қаржы тербелісінің амплитудасына және оның уақыт бойынша үлестірілуіне оң немесе терісәсер етіп, өндірістің өсуінен оның қысқаруына бет бұрыс жасайды.

Американ экономиксі Милтон Фридмен басқарған «монетаристік мектеа» өкілдері «неокейстіктерден» айырмашылығы олар нарықтық экономиканың циклдықдамуының басты себептерін ақша факторынан іздейді. Ақша сұранымы арасындағы алшақтық және тұрлаусыз ақшаұсынымы нарықтық экономика тұрақсыздығының себебі болып табылады.

         Монетаристік метептің негізін қалауші Милтон Фридменнің ойынша, дағдарыстар мемлекеттің ақша саясатын нашар жүргізуінен туындайды. Сондықтан мемлкеттің араласуы ақша массасын шектеу мен тұрақтандыруға бағытталуы қажет. Осы ойларын Милтон Фридмен өзінің «АҚШ-ның монетарлық саясаты» еңбегінде баяндаған. Бұлжұмыс1963-ші жылы шыққан болатын.

         Нарықтық экоомиканың цитклдық дамуын жою жолдары немесе жұмсартуды жоғарыдағы аталған әртүрлі мектеп өкілдерінің ойлары мынаған әкеледі: мемлекет антициклдық   бағдарламаларға қатысуы немесе экономиканы тікелей реттеуі қавжет.

         Мәселен, Ф.Энгельстің пайымдауынша, нарықтық анархияны «өндірісті  қоғамдық- жоспарлы реттеу» арқылы жоюды алға тартады. Дж.Кейнстің пайымдауынша, стихиялы нарықтық экономика олқылықтарын мемлекеттің араласуы арқылы жоюға болатындығын айтады. Мемлекет өндірісінің құлдырауын жеке күрделі қаржыландыруды өзі ынталандыруы болдырмауы үшін қажет.

 

Қазіргі циклдық дамудың ерекшеліктері. Ұзын толқындар.

 

Қазіргі кезде циклдық дамудың өзіндік ерекшеліктері бар. Олар екінші дүниежүзілік соңыстың, ғылыми –техникалық революцияның әсерінен және мемлекеттің экономикалық ролінің өсуімен және мемлекеттің экономикалық ролінің өсуімен туындаған. Экономикалық дағдарыстар тым жиіледі және тереңдей түсті, соныме қатар депрессия фазасы ұзақтығының ұлғаюымеен ерекшелінеді. Мұндай құбылыстар 1974-1975-ші және 1980-1982 –ші жылдардағы экономикалық дағдарыстар кезеңінде байқалды. Бұл құбылыстар көптеген индустриалды – дамыған елдердің  экономикасын қамтыды.

Дағдарыс кезеңі сыйпатында жаңа құбылыс –инфляция пайда болды. Дағдарыс құбылысының инфляциямен қосылуы стагфляция деп аталады  ҒТР жағдайында , әлемдік қауымдастықтағы көптеген елдерде экономиканың салалық құрылымында өзгерістер болуда.

Бір жағынан макроэкономиканың ғылым сіңіргіш жаңа салалар- прибор құрау, робот құрау қарқынды дамуда, екінші жағынан дәстүрлі салалар- көмір, металлургия, тоқыма және т.б. құлдырады, бұл олардың техникалық, технологиялық артта қалуымен түсіндіріледі. Осылай құлдырау құбылыс құрылымдық  дағдарыс  деп аталады.

Циклдық теорияны жасауда айрықша орынды Николай Дмитриевич Кондратьев (1892-1938жж) алады. Ол Петербург униаверситетінің түлегі, кейіннен сонда професор болған. Экономика институты ғылыми кеңесінің мәжілісінде 1926-шы жылы 6 –шы ақпанда жасаған «Коньюктураның үлкен циклдары » баяндамасы оған әлемдік атақ әкелді. Зерттеудің толық нәтижесі осы атпен 1928-ші жылы шыққан кітапта баяндады. Экономикалық циклдардың 7-11 жылға созылатындығы белгіліболса, бұдан басқада   48-55 жылға созылатын ұзақ циклдардың бар екендігі белгілі бола бастады. Мәселен, Н.Д. Кондратьев мынандай үлкен циклдарды қарастырады. Ол (цикл) қоғамдық өндірісті технологиялық базасының радикалды өзгеруімен және оның құрылымдық қайта құрылуымен түсіндірілді.

Әдетте циклдарды классификациялағанда екі критери қолданылады: ұзақтығы немесе циклдың мерзімділігі :оны қозғаушы циклдар , бұл соңғысы оны жүзеге  асыруды гензисі мен механизмін алдын-ала анықтайды. Осы критерийлерге сәйкес циклды классификациялаудың белгілі айқындамалары қабылданған:

  1. 1. Н.Д.Кондратьевтің циклдары немесе ұзақтығы 40-60 жылға созылған ұзын толқынды циклдар. Оның басты қозғаушы күші – технологиялық өндірістегітехнологиялық базаның радикальды өзгеруі және оның құрылымдық қайта құрылуы.
  2. Белгілі американ экономиксі С.Кузнецтің (1901-1983жж) циклдары және олардың ұзақтығы 20 жылмен шектеледі. Ал қозғаушы күштері — өндірістегі ұдайы өндіріс құрылымының жылжуы боп табылады (бұл циклдер көбінесе ұдайы өндірістік немесе құрылыс болып та аталады).
  3. 3. Жеке шаруашылық циклдары. Бұл 1 жыолдан бастап 12 –і жылға дейінгі кезеңі қамтиды және инвестициялық белсенділіктің тербелісіне байланысты өмір сүреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. Жалпы экономикалық теория У.К.Шеденов , Ақтөбе, 2004ж
  2. Экономикалық теория негіздері Л.Әубәкіров Алматы, 1998ж7