Павлодар облысында жел электр стансасын салу жоспарланып отыр. Бұл мәліметті «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жариялады.
Станса Ақмола облысымен шектесетін Екібастұздан 100 шақырым жерде салынбақ. Шетелдік іскерлердің қолдауымен жүзеге асатын жобаның құны – 15 млрд теңге.
«Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның басқарма төрағасы Алмас Мәдиевтің айтуына қарағанда, салынатын жел электр стансасының қуаттылығы 50 МВт. Жобаны бірлесе іске асыруға білек сыбана құлшыныс білдіріп отырған бірнеше компания бар. Олармен жылдық 5-7 пайызбен 8-10 жылға ұзақмерзімдік лизинг желісін ұсынатын меморандумға қол қойылып та үлгерді.
Несі бар, жақсы бастама. Соңғы жылдары айқын сезіле бастаған электр қуаты тапшылығының орнын осылай толтыруға әрекет жасасақ, оның тиімділігі ел экономикасына да оң әсер етері сөзсіз.
Гүлнар Тәжиева
|
http://www.aikyn.kz